Баяндауыш, оның жасалу жолдары мен түрлері. Баяндауыш – бастауыштың жай – күйін, оқиғаның қай жақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
Бастауышқа тән белгілер:
Баяндауыш баяндауышпен грамматикалық жақ жағынан байланысып, сөйлемдегі ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін білдіріп, іс – әрекетін, қимылын, жай-күйін, заттың сындық сапасын, өлшемін, мөлшерін, мезгілін т.б. көрсетеді.
Баяндауыш бастауышпен жіктік жалғауы арқылы, яғни грамматикалық жақ көрсеткіші арқылы және жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Баяндауыштың сұрауы оның қай сөз табынан жасалғанына байланысты болады.
Сөз табының ішіндегі баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, оларды мынадай басты – басты негізгі үш топқа бөлеміз:
Етістік баяндауыштар.
Есім баяндауыштар.
Құрама баяндауыштар.
Етістік баяндауыштар – дара немесе күрделі етістіктен жасалған баяндауыштар. Етістіктер түрлі тұлғаларда тұрып, жіктік жалғаулы немесе жалғаусыз тұлғада баяндауыш бола алады. Баяндауыштық тұлға тиянақты, тиянақсыз болып жіктеледі. Етістік баяндауыштың Не істеді? Қайтті? Не қылды? Не істемек? деген сұраулары етістіктің тұлғалық ерекшелігіне қарай жауап береді.
Есім баяндауыштар зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, етістіктен, үстеуден, еліктеуіш сөздерден болады. Олардың әрқайсысының өзіндік жасалу жолдары бар. Есім баяндауыштың сұраулары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Қандай еді? Қанша еді? Нешеу еді? Кімдікі? Ненікі? Қандай? Қанша? Қалай?
Баяндауыштың тағы бір тобы есімдер мен етістіктердің, модаль сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Олар қазақ тіл білімінде құрама баяндауыштар деп аталады. Мысалы: Ол жолдасына уәде берді. Көктем мезгілін жақсы көремін. Құрама баяндауыштың бірінші сыңары зат есім, сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен, еліктеуіш сөздерден жасалады. Мысалы: Қайсардың қарны ашты. Асқар сағатына қараса, сағаты түнгі тоғыз болып қалған екен. Бірінші сөйлемде құрама баяндауыш зат есім мен етістіктің тіркесуі арқылы жасалса, екінші сөйлемде тоғыз деген сан есімболып қалған екен деген етістікке тіркесу арқылы құрама баяндауыш жасалған.
Баяндауыштың грамматикалық тұлғасы – жіктік жалғауы. Жіктік жалғаулы сөздер тиянақты тұлғалы баяндауыш болып табылады.Сондай – ақ, баяндауыштың тиянақсыз тұлғалары да бар, олар – шартты рай тұлғалы, көсемше тұлғалы, есімше тұлғалы етістіктер. Бұл етістіктер сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы қызметінде жұмсалады. Баяндауыштық қызметі жіктік жалғауындай болмағанымен, көбінесе баяндауыш болатын сөзге жалғанатын қосымшаның бірі –нікі, -дікі, - тікі. Мысалы: Мына дәптер менікі.