Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Қазақ тіліндегі есім баяндауыштар



бет94/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Қазақ тіліндегі есім баяндауыштар. Баяндауыш қызметінде етістіктер жиі жұмсалады. Одан кейінгі қатарда есімдер тұрады. Есімдердің баяндауыш қызметінде көп жұмсалатыны – зат есімдер. Есімдер де етістік сияқты баяндауыш қызметінде жіктік жалғаулары арқылы байланысады. Мысалы: Мен студентпін.
Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында тек жіктік жалғауы емес, көптік, септік, тәуелдік жалғауларының да өзіндік мәні бар. Мысалы: Алпамыс биыл алтыда.
Есім баяндауыштың жасалу жолдары:

  1. Зат есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалып, әр түрлі тұлғада қолданылады.

Көптік тұлғада: Осының барлығын ұйымдастыратын – студенттер.
Тәуелдік тұлғада – Бәріміздің тамашалайтынымыз – осы сәбидің сүйкімді қылығы.
Септік тұлғада – Біздің ауылымыз қаланың маңында.

  1. Есімдіктердің барлық түрі баяндауыш қызметінде жұмсала алады. Мысалы: Оның кітапханадан алған кітабы әлденеше. Ауылды басқаратын осылар.

  2. Үстеулер де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Күн әлі ерте. Мұғалімнің сыныпқа кіргені жаңа еді. Жарыста ол менен әжептеуір кейін. Мұндай шешім қабылдау ертерек.

  3. Еліктеуіш сөздер де баяндауыш қызметінде жұмсалып, есім баяндауыш жасайды. Мысалы: Айналаның бәрі салдыр – гүлдір.

  4. Баяндауыштар сапалық есімдерден де жасалады. Сапалық есімдер \сын есім, сан есім\ әдетте бастауыштан кейін тұрып, зат есімдердің әр алуан сындық, сандық сапасын білдіріп, баяндауыштық қызметте жиі жұмсалады. Мысалы: Аспан ашық. Қар қалың. Білгенің - бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет