Қолғанат бiрiккен сөзi қол және қанат сөздерiнен қалыптасқаны белгiлi. Ал осы екi сөздiң арасындағы байланыс салалас па? Бiр қарағанда қол адамның дене мүшесi, қанат құстың сондай дене мүшесi, қолы сияқты. Бiрақ қазақ тiлiнде қол сөзi көмекшi деген мәнде екiншi сөзбен анықтауыштық қатынаста сабақтаса байланысып, қол бала тiркесiнде қолданылуы қолғанат бiрiккен сөзiндегi де әуел баста қол сөзi анықтауыштық қатынаста қанат сөзiне бағына байланысқан деп қорытуға мүмкiндiк бередi. Бұл – бiр. Екiншiден, ағайын сөзi аға және iнi сөзiнен жасалғаны күмәнсiз емес. Өйткенi iнi сөзi қалай йын түрiне айналып кеттi? Сөз соңындағы i дауыстысы қалай түсiп қалды. Үшiншiден, бiр ғана бiрiккен сөздiң өзгеше байланыста және құрамда, яғни негiзгi жасалу заңына қайшы түрде жасалуы да күмән тудырады. Солай болған күннiң өзiнде де ол – заңдылық емес.
Бiрнеше сөздiң бiрiгiп, тiркесiп барып күрделi сөз қатарына өтуi нәтижесiнде бiрiккен сөздердiң де, тiркестi сөздердiң де компоненттерi арасындағы синтаксистiк байланыс өшiрiлiп, олар тұтасып кетедi де, сөйлемде бiр сөз мәнiнде жұмсалып, бiр ғана синтаксистiк қызмет атқарып, өзi байланысқан сөзге бiрдей қатысты болады.