X жазғы олимпиадалық ойындар.
Лос-Анжелес 1932 жыл. XI жазғы Олимпиадалық ойындар. Берлин 1936 жыл.
Жоспар
Х жазғы Олимпиадалық ойындар.
ІІІ қысқы олимпиада ойындары.
1.ХІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.Архитектор Вернер Мархтың сызбасымен салынған стадион.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Олимпиадалық ойыншыларды 1932 жылы мұхиттың арғы жағындағы Лос-Анжелес қабылдады. Арнайы спортшыларға 700 үйден тұратын олимпиадалық ауыл салында. Ойындардың, спорттың ары қарай дамып жатқанын 32 олимпиадалық рекорд оның 20-сы әлем рекорды дәлелдеді. Жүзуден Жапондықтар көрермендерді таң қалдырды. Олиммпиадалық идеяның дұрыс екендігін 1,2,3-орындарда әртүрлі ұлттың тұрғанына қарап қуана айтуға болар еді. Олимпиадалық ауылда әр ұлттың, мемлекеттік спортшылары бір-бірімен араласып соның нәтижесінде бір-біріне деген достық құрмет нығайя түсті.
Осы жылы ІІІ қысқы олимпиадалық ойындар Лейк-Плэсид (АҚШ)-та өтті.Бұл олимпиядада коньки тебуден Америкалықтар ешкімге жүлдені бермей келген европалықтардан басым түсті. Хоккейден Канадалықтар үшінші рет қатарынан олимпиадалық чемпион атанды.
1931 жылы көктемде Барселонада өткен конгресте XI олимпиадалық ойындар Берлинге берілді. Сүйтіп Берлинде тез арада жүз мың көрермен сиятын стадион салуды бастады. Стадион құрлысында Вернер Мархтың қызметі көп болды. Ол объектілердің орналасуын өте үнемді және қолайлы пайдаланды. Стадион бітіп барлық снамалардан өткеннен соң Вернер Мархты алтын медальмен марапаттады. Стадион ,жүзу бассейіні, хоккей алаңы, спорт залы трибуналарына 150000 адам сияды. Сонда жалпы есепте стадионға 250000 адам сиятын болды. Берлиндегі олимпиадалық ойында 50-мемлекеттен спортшылар қатысты. Неміс спортшылары 30-алтын, 26-күміс, 30-қола медальдарына ие болды. Ядро лақтыруда Ханс Вэльк, найза лақтырудан Герхард Штэк, молот лақтырудан Карл Хейн көзге түсті.
Бұл олимпиадалық ойындарының ең атақты спортшысы болып Америкалық Джесси Оуэнс болды. Ол жеңіл атлетиканың 4-түрінен алтын алып 4-де олимпиада рекордын жаңартты. 4х100м Эстафета жүгірісінде Джесси Оуенс өзінің жолдастары мен бірге әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар Жаңа Зеландиялық Ловлок 1500 м арақашықтыққа жүгіруде әлем рекордын жаңартты. Оның көрсеткіші 3 минут, 47 секундты, көрсетті, көрермендердің назарын марафон жүгірісінде өздеріне аударды. Олар 1 – және 3-ші орындарға ие болды.
№ 6 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |