же де пом (теннис),
ағылшындық суль (футбол) кеңінен тарады. Әскери ойындарға дуалға шығу,қорғандарды алу, әртүрлі қиындықтардан өтуден тұрды.
Спорттық түрлеріне семсерлесу, атпен шабу, садақ ату, ұзындыққа секіру, найза лақтыру болды. Семсерлесуді үйрету үшін әдейі семсерлесудің ұстазын шақырды.
Көңіл көтеру мен спорттың бір түрі ретінде серілер аңға шығатын еді. Олар сұнқар, итпен, атпен және жаяу аң аулады.
Серілердің әскери-дене дайындығын тексеру үшін серілердің турнирлерін ұйымдастырды. Турнирлер көп серілердің сайысы, жекпе жек сайысы болып бөлінді. Көп сайысы үлкен аланда өтетін және олар әскери соғысқа ұқсайды. Жекпе-жек сайысына серілер бір бірімен шайқасатын. Турнирлерді өткізу бай феодалдың үйленуі, семьясында бала дүниеге келуі, серілердің үйленуі кезінде болды. Сайыстың алдында серілер ант беруі керек еді. Германия, Франция, Англия, Испанияда серілердің сайысы көп болып тұрды.
ХҮІІ-ХІХ ғ. буржуазиялық революциясы феодалдық құрылысты жеңіп капиталистік құрылымды бекітті. Бұл құрылыс Европа мен Америкада өндірістік және мәдениеттің жылдам дамуына алып келді. Осы өзгерістер дене тәрбиесінің, спорттың дамуына да ықпалын тигізді. Буржуазиялық құрылыста әскери және саяси дайындықты нығайту үшін соған лайықты адамдарды тәрбиелеу керек болды. Бұндай азаматтарды дайындау үшін буржуазия алдынғы қатардағы әдістер мен формаларды құрды, соның ішінде дене тәрбиесінен де.
Ұлттық-буржуазиялық гимнастика және спорттық ойындар дене тәрбиесінің пайда болуы мен дамуы.
Өнеркәсіптің, ғылым мен техниканың және әскер жағдайының өсуі, жастарды тәрбиелеумен оқытуды жақсарту керектігіне алып келді. Буржуазиялық мемлекеттерде отаршылық агрессиясының кең құлаш алуы әскердің ролін күшейтті. Жаңа әскер техниканың және тактиканың өсуі халықтың көп мөлшерде дайындығын талап етті. Бұл гимнастикалык және спорттық-ойындардың пайда болуының басты себебі болды. Бұл процеске дәрігерлердің зерттеулері, анатомдардың, физиологтардың және
педагогтардың еңбектері белгілі мөлшерде ықпал етіп, дене жаттығуларын және ағзаны шынықтыруға дене дамуын жақсартуға жастарды шақырды.
Гимнастикалық системалар Европаның (Германия, Швеция, Франция т.б.) мемлекеттерінде ілгерлеушілікпен құрыла бастады. Бұл мемлекеттердің соғыс саясатының дамуына ықпал жасады.
XIX ғасырдың басындағы Наполенның соғыстарындағы әскерінің көпшілігі, кәп мөлшерде дене дайындықтары жақсы жетілген резервтерді қажет етті.
Гимнастикамен айналысу сол кездегі соғыс әдістерін, қимыл қозғалыстарды қалыптастыруда және де саптық командаларды нақты орындауға үйретті.
Жаңа уақыттың бірінші кезеңінде "Гимнастика" деген түсінікке тек әртіүрлі снарядтардағы жаттығулар ғана емес, сондай-ақ жүгіру, секіру, күресу, шаңғымен сырғанау, қорғану және шабуылдау кіретін еді.
Достарыңызбен бөлісу: |