«Ой мен ойын» танымдық сайысы 1-кезең: «Көп сөйлеме»



Дата02.11.2019
өлшемі48,8 Kb.
#51017
Байланысты:
ой мен ойын
ой мен ойын
«Ой мен ойын» танымдық сайысы

1-кезең: «Көп сөйлеме». Әрбір қатысушы физика, математика және информатика пәндерінен берілген сөздерді 30 сек ішінде бейнелейді.      Ұпай саны 10



2-кезең: «Бетпе -бет» (Естіп қойма !) (Топ басшылар сайысы.Топ басшының құлағы жабулы тұрады.Қолын артына ұстап тұрады.  Ал қалған  қатысушылар берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады, қай топ бірінші айтады соған ұпай қосылады) Ұпай  саны-10

3-кезең: «Суреттер сөйлейді». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Ойыншылар кезекпен – кезек мақалды суреттеп қалған қатысушылар мақалды табады.

Ұпай саны 20

4-кезең: :  «Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі магнитті тақтаға  бір жағына сурет,екіншісіне сандар соларды сәйкестендіру керек.

5-кезең: «Полиглот». Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 30 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие болады.

Жүргізуші:

Құрметті  ұстаздар физика, математика және информатика пәндері бойынша  ұйымдастырылып отырылған «Ой мен ойын » атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызға қатысатын ұстаздарымызды ортаға шақырып, « Тәтті сый» әдісімен кәмпит түстеріне байланысты топтарға бөлеміз. Осы топтарға әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасын сайлаймыз.



1.

2.

3.



4.




Жүргізуші:

Ойнымызды бастайық.



1 – кезеңі «Көп сөйлеме». Бұл кезеңде команда басшылары жарысады, яғни физика,математика информатика пәндерінен берілген сөздерді 30 сек ішінде бейнелеу керек.      Ұпай саны 10

1 топклавиатура, күн, термометр, лампочка, монитор, от, кітап, ток, таразы, сызғыш, жол, тышқан, диск,  шкаф.

2 топ :қалам, үстел, флешка,принтер, мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, телефон, тақта, циркуль

2-кезең: «Бетпе -бет» (Естіп қойма !) (Топ басшылар сайысы.Топ басшының құлағы жабулы тұрады.Қолын артына ұстап тұрады.  Ал қалған  қатысушылар берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады, қай топ бірінші айтады соған ұпай қосылады) Ұпай  саны-10

Интернет, құлаққап, физика, миф, сызғыш, ұстаз, инстаграмм, лайк, ньютон, формула,фейзбук, сабақ, математика, президент, семинар



Жүргізуші:

3-кезең: «Суреттер сөйлейді». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Әр топтың ойыншылар кезекпен – кезек мақалды суреттеп қалған қатысушылар мақалды табады.   Ұпай саны 20



1 топ

1.Екі қошқардың басы


Бір қазанға сыймас.

2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды

3. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

4. Қарға қарғаның көзін шұқымас.

5.Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты»

6.«Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді»

7.«Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме»,

8. Мысыққа ойын – тышқанға өлім»



2 топ

1.   Ұстаны соққан пышағынан таниды.

2.    Өтпес пышақ қол кесер.

3.    Шеберді шеге қағысынан таны.

4.    Жігітке  жетпіс өнер де аз.

5.   Қыс азығын жаз жина.

6.   Боранды күні ит пен бала құтырады.

7.   Адам көркі шүберек,

Ағаш көркі жапырақ.

8.  Ұста пышаққа жарымас,


Жүргізуші:

4-кезең:  «Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі магнитті тақтаға  бір жағына сурет,екіншісіне сандар соларды сәйкестендіру керек.  Ұпай саны- 10



1.Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қай жылы тойланды?   (2016 жыл)
2.Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қай жылы болды?    (2017 жыл)
3.«Қазақстан-2050» стратегиясы«Мәңгілік ел» қай жылы енгізілді? (2012)
4.Атырау(Гурьев) облысының құрылған жылы?   (1938 жыл)
5.100 нақты қадам- (2015 жыл)
6.Президент күні қай жылдан бастап тойланды?           (2013 жыл)
7.Құрманғазы ауданының құрылған жылы?      (1928 жыл)
8.Президенттің алғашқы сайлауы қай жылы өтті?         (1991 жыл)
9.Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қай жылы енді?(2017 )

10. «Қазақстан -2030» стратегиясы қабылданған жыл? (1997)

Жүргізуші:

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте»,- дей келе сайысымыздың 5- кезеңі « Полиглот» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 30 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие боласыздар.

«Полиглот»


  1. Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан        (процессорпроцессор, processor)

  1. Жұрттың бәрі оны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді     (күн, солнце, soone)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам қағазсыз         (компьютер, компьютер,computer)

  1. Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)

  1. Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер                     (от, огонь, fier)

  1. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың         (тышқан, мышка, mouse)

  1. Өшіргенді жинаған,

Уақытша сақтаған                    (себет, корзина, box)

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (тоқ, токenergy)

  1. Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған                    (ізкескіш, сканер, scanner)

  1. Сұлудың сұлуы

Бойында жоқ жылуы                (ай, луна, moon)

Жүргізуші:

Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділ-қазылардан топтардың қорытынды ұпай  сандарын сұраймыз.


1991

2017

1997


1 топклавиатура, күн, термометр, лампочка, монитор, от, кітап, ток, таразы, формула, жол, тышқан, диск,  шкаф, сызғыш,

2 топ :қалам, үстел, флешка,принтер, мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, циркуль, телефон, тақта,тышқан,компас,

физика

Интернет, құлаққап, физика, миф, сызғыш, ұстаз, инстаграмм, лайк, ньютон, формула, фейзбук, сабақ, математика, президент, семинар

С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі



«Ой мен ойын»

( танымдық сайыс)

Физика пән мұғалімі: Бисенова Т.



2018-2019 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет