Лекция 29.
Сурдопедагогикадағы интеграция мәселелері
Кохлеарлық имплантация
Бүгінгі күні білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және еңбек қабілеті шектелген адамның қоғамға интеграциясы (бейімделуі, қатысуы, сініп кетуі), оған дамуындағы ауытқулармен мүмкіндіктерінің шектелуін толықтыратын (компенсациялау) жағдайларда, әлеуметтік өмірдің барлық түрлері мен формаларына (білім алуды да кіргізеді) қоғамның басқа мүшелерімен бірге және бірдей қатысуына құқық пен шынайы мүмкіндіктің берілу процесі мен нәтижесін білдіреді. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру жүйесіндегі интеграция минималды шектейтін альтернативаның (б.а.тандаудың) мүмкіншілігін білдіреді: білімді арнайы (түзеу) білім беру мекемесінде немесе, бірдей мүмкіншілігі болса, жалпы білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру мекемесі, мектеп және т.б.) алады.
Интеграция «нормализация (қалыптастыру)» (Nirje, 1976) концепциясына негізделеді, оның негізіне мүмкіндіктері шектелген адамдардың өмірі мен тұрмысы олардың мекендейтін қоғамындағы өмір жағдайлары мен барысына жақындатылған болуы қажет деген идеясы салынған.
Балаларға қолданғанда ол келесіні белгілейді.
1. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар бала бәріне жалпы қажеттіліктерге де ие, олардың бастысы – мейірімділік пен дамытуды белсендіретін жағдайдың қажеттілігі.
2. Бала, қалыптыға максималды дәрежеде жақындатылған, өмірді кешуі керек.
3. Бала үшін жағымды жер болып оның отбасы, үйі саналады және жергілікті өкілдердің міндеттері – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар өз отбастарында тәрбиеленуіне ықпал ету, саналады.
4. Барлық балалар оқи алады, сондықтанда даму бұзылыстары қандай да күрделі болмаса да, оларға білім алу мүмкіндігі берілуі қажет.
«Нормализациялау (қалыптастыру)» принциптері бүгінгі күні халықаралық құқықтық актілер қатарымен бекітілген: Бала құқығы Декларациясымен, Ақыл-ой дамуында ауытқулары бар адамдардың құқығы туралы Декларациясымен, Мүгедектер құқығы туралы Декларациясымен.
Адам цивилизациясының даму тарихында қоғамның өмір сүру мүмкіндіктері шектелген адамдарға деген қатынасы олармен қатынас жасау формаларында, манерасында (үлгісінде ) және әлеуметтік сипаттамада оларға бөлінетін орынмен көрінетін (білінетін). Кейде бұл көріністерді қазіргі адамдардың көзқарастарында, көріністерінде, ой-пікірлерінде байқауға болады. Осындай орындардың немесе модельдердің қысқаша сипаттамасына тоқталайық (Wolfensburger, 1969).
«Ауру адам». Осы модельге сәйкес мүмкіндіктері шектелген адамдар – ауру адамдар. Осыған орай, адам емдеу объектісі болып қарастырылады. Бұл адамдарға медициналық күтімнің маңыздылығын жоққа шығармай, келесіні көру керек, білім беру шеңберінің контекстінде мүмкіндіктердің шектелу табиғаты оқудағы және әлеуметтенудегі қиындықтармен байланысты. Сондықтан осындай адамдарға білім беру бағдарламалары тек күтім мен емдеуді ғана қарастырмай, сонымен қоса оқыту мен дамуды да қарастыруы қажет. Мүмкіндіктері шектелген адамды ауру адам деп санайтын қоғам, оны білім беру процесінен шығарып тастап, оған тек медициналық диагностиканы, емдеуді және күтімді бере алады. Қоғам дамуының белгіленген кезеңі үшін прогрессивті болып, бұл модель бұзылған дамудың себептері мен салдарының клиникалық зерттеулерінің ғылыми түрде зерттелуінің дамуын ынталандырды және салдарынан адамның мүмкіндіктерінің шектелуі байқалынатын кейбір аурулардың алдын алу мен емдеу әдістерін қарастырды. Бірақ қазіргі жағдайда бұл модель жеткіліксіз, өйткені оның өзі ерекше қажеттіліктері бар адамның мүмкіншіліктерінің шектеушісі болып саналады.
«Дамымай қалған адам (недочеловек)».Дамуында ауытқуы бар адам осы модельге қатысты жетілмей қалған ағза (жәндік) ретінде қарастырылып, деңгейі бойынша малға тенелген. Осының салдарынан мүмкіндіктері шектелген адамдарға деген адамгершілігі аз өмір сүру жағдайларын туғызу мен адамшылығы аз қатынасты қолдану болды. Бұл қоршағандармен өзара әрекеттесуге кедергі жасайтын жасанды шектеулерді туғызуда көрінеді.
«Қоғамға қауіп» моделі». Дамуында ауытқуы бар жандардың кейбір категориялары (кемақылдылар, саңыраулар, психикалық аутқулары барлар) қоғамға қауіпті деген көзқарас болды. Білімсіздік бұл адамдар тек ауру көздері болып қана емес, сонымен қоса «бас айналдыруы», «пәлені шақыруы», материалды және моральды зиян келтіруі мүмкін деген көзқарастарды туғызды. Осының салдарынан қоғам өзін бұндай потенциалды «қауіптан» сақтау үшін келесі шараларды қолданды: қоғамнан алыс жерде орналасатын, олардағы күтімнің қатаң болуымен интернаттарды, өсіріп сақтайтын жабық мекемелерді ашты. Бұндай жағдайда оқыту жеткіліксіз немесе мүлдем болған жоқ.
«Аяушылық объектісі» моделі. Бұл модель адам тұлғасының дамуына, оның өздігінен өзін көрсетуге, орнын табуға деген ынтасына талқандаушы әсер етеді. Осы модель шеңберінде мүмкіндіктері шектелген адамға есеймейтін балалық жаста қалатын кішкентай балаға сияқты қатынас жасайды (көбіне бұл көзқарас зиятында ауытқуы бар балаларға таралады). Бұл модельде басты міндет болып мүмкіндіктері шектелген адамның білім алуы мен дамытуын қамту емес, оны қоғамнан бөліп, оған қатыстырмай, тек қоршаған ортадағы «жамандықтан» қорғау, оған мекендейтін жағымды жағдай туғызу, саналады.
«Ауыртпалық қайырымдылық объектісі» моделі. Дүниенің бір қатар елдеріндегі күрделі экономикалық жағдайлар мүмкіндіктері шектелген адамдарға деген тұрақты жағымды экономикалық саясатты ұстауға мүмкіндік бермейді. Оларды асырауға жұмсалатын шығын экономикалық ауыртпалық ретінде қарастырылады, шығынды атқарылатын көмектің мөлшерін қысқарту арқылы азайтуға тырысады.
«Даму» моделі. Бұл модель мүмкіндіктері шектелген адамдарда білім алуға және дамуға деген қабілеттерінің бар екендігін қарастырады. Осы модельге сәйкес мүмкіндіктері шектелген баланың толық дамуына қоғам жауапты; осындай балалардың дамуына жағымды жағдай жасау және түзету-педагогикалық көмек беру қоғамның міндетіне кіреді. Мүмкіндіктері шектелген адам осы модельге сәйкес қоғамның басқа да мүшелері сияқты бірдей құқық пен жеңілдіктерге ие: өмір сүру, оқу, өз мекен-жайында жұмыс істеу, өз үйінде тұру, достарды тандау және олармен достасу құқығы, қоғамным сүйікті мүшесі болу құқығы, барлығы сияқты болу құқығы. Бұндай модельдің жүзеге асырылуы «нормализация (қалыптастыру)» принципімен сәйкес болуында мүмкін.
30 жылдық шетел тәжірибесінің даму тарихын талдау интеграцияның сәтті болуына қажетті келесі жағдайларды анықтауға көмектеседі:
Тұлға құқығын гарантиялы сақталуын қамтитын демократиялық қоғамдық құрылыс;
Қаржымен қамту, білім алуда ерекше қажетіліктері бар балаларға тән арнайы білім беру қызметінің ассортиментің кеңейту және жалпы білім беретін мектеп құрылымында ерекше жағдайлар жасау;
Интеграциялық процестердің күшпен жүруі емес сипаты, жалпы және арнайы білім беру жүйесімен берілетін, білім беретін және түзетуге бағытталған қызметтерді тандау мүмкіндігі, альтернативтердің болуы;
Қоғамның толығынан, оны құрастырушы қабаттардың, жеке адамдардың интеграциялық процестерге, өмір сүрі мүмкіндіктері шектелген адамдармен бірге тұруға және әрекеттесуге дайындығы.
Халықпен, әр адаммен интгерацияны қабылдау – бұл бүкіл қоғам тәрбиесінің ұзақ процесі. Бұл жаңа ұрпақтың ерте жасынан өсіріп, оларға интеграция көзқарасының бір бөлігі болуын қалыптастыру қажет.
Қазіргі уақытта Ресейде интеграцияның екі формасы дамуда: интернальді және экстернальді.
Интернальді интеграция – бұл арнайы білім беру жүйесінің ішіндегі интеграция.
Экстернальді интеграция – арнайы мен жалпы білім берудің өзара әрекеттесуін көздейді:
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сыныптар, педагогикалық қолдау (толықтырып оқыту) сыныптары.
2.Соңғы жылдары Қазақстанда (2007ж) микрохирургиялық операциялар жасалуда – кохлеарлық имплантант еңгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |