Лекция №1 Тақырыбы


А зық қызылшасымен улану – Отравления кормовой свеклой



бет13/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
кож лекция

А зық қызылшасымен улану – Отравления кормовой свеклой. Көптеген өсімдіктер, әсіресе олар азотты тыңайтқыштар қолданған жерде өскенде, өзінің өсу барысында бойына нитраттарды жинайды. Ондай өсімдіктердің қатарына бидай, қара бидай, сұлы, жоңышқа, азық және қант қызылшалары, күнбағыс, жүгері және т.б. жатады. Азықтың құрамында 0,6-1,5 % мөлшерінде нитрат болғанда мал уланады. Егер нитрат 1,5 %-дан көп болса, онда уланған малдың өліп кетуі мүмкін. Пісірілгеннен кейін баяу суытылған қызылшаны жеген малдардың улануы жиі кездеседі. Ондай жағдай азық қызылшасын дайындап берудің технологиясын дұрыс сақтамағанда, пісірілген немесе буланған азық 55 сурет Азық қызылша қызылшасын өте баяу суытып бергенде, шошқалардың арасында көптеп уланғандық байқалады. Себебі, мұндай жағдайда бактериялардың әсерінен азық қызылшасындағы нитраттардан нитриттер түзіледі де, олар көп мөлшерде жинақталады.
Бұл нитриттер қанға түскенде оның құрамындағы оксигемоглобинді метгемоглобинге айналдырады да, гемоглобиннің организмде оттегін тасымалдау қабілетін жойып жібереді. Тіндерде оттегі жетіспегендіктен организмде аноксия құбылысы пайда болады. Онымен қоса нитриттер орталық жүйке жүйесін салдандырады, ондағы қан тамырларының өзегі кеңейеді, қанның қысымы төмендейді. Пісірілген азық қызылшасы 5-6 сағат тұғаннан кейін улы болып шығады. Ал 12 сағатта оның улылығы ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Шошқалар улану үшін оның 0,16-0,2 г/кг мөлшері жетіп жатыр.
Клиникалық белгілері. Уланған шошқаның жалпы жағдайы жабырқаңқы, азықты қабылдамайды, қатып қалғандай бір орнында тұра береді немесе төсенішті қазып, оған кіргісі келетіндей әрекет жасайды. Тынышсызданады, бұлшық еттері дірілдейді, құсады, сілекей ағады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған, суық. Тұмсығының айнасы, құлақтарының үші көгерген. Көбінесе жата береді, тұрғызғанда шатқаяқтап, әрең тұрады. Қатты уланған шошқалар 15-30 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. Өлер алдында дене қызуы төмендейді. Жаңа туған торайлар қосымша диспепсиямен ауырады.
Өлекседегі өзгерістер. Қанның түсі қарайған, ұюы нашарлайды. Өкпелері ісінген, қоңыр түсті. Асқазан мен ішектердің кілегей қабықтары қабынып қанталаған. Асқазанның жынынан азот қышқылының иісі сезіледі. Бауыр мен бүйректердің көлемі ұлғайған, қанға толы, әр жерлері қанталаған. Қуық зәрге толған.
Емі. Емдеудің ең басты мақсаты метгемоглобиннің түзілуін болдырмау, қанда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциясын қалпына келтіру. Ондай дәрілік затқа метилен көгі жатады. Ол үшін 2 г метилен көгін 10 мл спирт ректификатта ерітеді де, оған 90 мл физиологиялық ерітіндіні қосады. Осылай дайындалған ерітіндіні 2 %-ды ерітінді ретінде 1 мл/кг мөлшерінде құлақтың тұсына тері астына немесе құлақ венасына жібереді. Шошқаларды құстыру үшін терінің астына апоморфинді жібереді. Калькийферол, токоферол ерітінділерін тағайындайды.
Сақтандыру шаралары. Мал азығының құрамындағы нитраттардың мөлшерін ауық-ауық анықтап отыру қажет. Азық қызылшасымен азықтандырғанда оны дайындау технологиясына зер қойған дұрыс. Оны пісірген уақытта жылдамырақ қайнатып, толық пісіру керек. Ол үшін қайнағаннан кейін 30 минуттай қайнатады. Қайнатып-пісіру процесі 3 сағаттан ас пауы керек. Ұзақ уақыт суытуға болмайды. Осындай әдіспен дайындалған азық қызылшасын сол күні, уақытында малға беріп үлгеру керек. Қайнатылатын азық қызылшасын күні бұрын топырақтан тазалап, жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет