Лекция №1 Тақырыбы


Лекция 6 Тақырыбы: САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН ЖӘНЕ МИКРООРГАНИЗМДЕРМЕН



бет16/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Лекция 6
Тақырыбы: САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН ЖӘНЕ МИКРООРГАНИЗМДЕРМЕН
ЗАҚЫМДАНҒАН АЗЫҚТАРМЕН УЛАНУЛАР

Қорда сақталатын мал азықтарының зең және басқа да саңырауқұлақтардың түрлерімен зақымданатыны жиі кездесетін жағдай. Ондай ортада әртүрлі микроорганизмдердің де өсетіні сөзсіз. Міне, осындай мал азықтары көптеген жағдайларда малдардың улануының көзі болып табылады. Мұндай зақымдану өсіп тұрған өсімдіктерде немесе дайындалып, қорда сақталатын азықтарда жиі кездеседі. Бұл азықтардың зиянды әсерлерін төмендегідей жағдайлармен түсіндіруге болады:



  1. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің даму барысында улы заттар түзіледі;

  2. Олардың әсерінен бүлінген өсімдіктердің бөліктерінде шіру процесін қолдайтын қоздырғыштар дамып, өздерінің улы заттарын бөледі;

  3. Организмге түскен кейбір зең саңырауқұлақтары ағзалар мен тіндерде тоғышарлық етеді де, олардың негізгі қызметтерін бұзады.

Саңырауқұлақтардың әсерінен мал организмінде туындайтын ауруларды микотикалық аурулар деп атайды. Олар микоздар және микотоксикоздар болып бөлінеді.
Микозда мал организміне азықпен түскен саңырауқұлақтар ағзалар мен тіндерде өсіп, көбейеді де, организмге жергілікті және жалпы әсер етеді. Ал микотоксикозда олар ағзалар мен тіндерде тоғышарлық етпейді, олардың бөліп шығаратын улы заттары әсер етеді.
Малдар үшін қауіпті саңырауқұлақтардың қатарына зең, тотық, қаштауыш саңырауқұлақтары, стахиботрис және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет