Лекция №1 Тақырыбы


Орталық жүйке жүйесін қоздыратын улы өсімдіктер



бет5/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Орталық жүйке жүйесін қоздыратын улы өсімдіктер.
У тамыр – Вех ядовитый – Cicuta virosa L. – Көленкелі, ылғалды жерде өсетін көп жылдық өсімдік. Әсіресе өзен, көл арықтардың батпақты жағалауларында жиі кездеседі. Кей жерлерде қалын болып өсіп, өте ерте көктейді. Республикамыздың барлық жерлерінде кездеседі.
Биіктігі 1 м болатын жуан, жылтыр, қуыс сабағы бар; ұзын сапты екі – үш қанатты жапырақты; ұсақ, ақ түсті, шатыр тәрізді жинақталған гүлі; жуан, етті, тауықтын жұмыртқасы тәріздес, жақсы жетілген тамыры бар өсімдік. Тамыры топырақтың бетіне шығыңқырап тұрады. Улы зат – азотсыз цикутотоксин. Ол өсімдіктің барлық бөлігінде де кездеседі. Әсіресе тамыры улы болып келеді. Жас тамырда 0,2%- ға, ал кепкен тамырда 3,5 %- ға дейін цикутотоксин болады. Тамырдың улылығы әсіресе жазғытұрым және күзде күштірек болады.
Улану малды көктемде құнарсыз, шөбі әлі өсіп жетілмеген жайылымға жайғанжа жиі кездеседі. Өсімдіктің 2-3тамыры сиырларды, ал 1тамыры қойларды уландыруға жетіп жатыр.
Цикутотоксин майлы ортада жақсы сіңеді, сондықтанда организмде жылдам тарайды, әсіресе жүйке жүйесінің орталығына басымырақ әсір етеді. Бас миға әсер еткенде денеің бұлшық еттері тартылады, қатты қозғандық байқалады. Дем алу орталығының салдаунан уланған мал тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Өлген малды сойып қарағанда өлексе құрғақ, қан ұйымаған, қара-қошқыл түсті. Тері астында, кілегей қабықтарда, кейбір ағзалардың сыртқы қабықтарында қанталанғандық байқалады. Өкпелер, ми қабы, ішкі бездер қызарып ісінген, кейбір жерлері қанталаеған.
Негізгі клиникалық белгілеріне уланғун малдың тынышсыздануы, қатты қозуы жатады. Бұлшық еттері дірілдейді, асқазан мен мес қарын газға толық керіледі. Ауыз қуысынан сілекей ағады, жиі-жиі зәр, нәжіс бөлінеді. Бұлшық еттердің дірілдеп тартылуы бас жақтан басталып барлық денеге тарайды. Кейде уланған мал бір тұрып, бір жығылып жантаоласады. Эпелепсияның клиникалық белгілері анық білінеді. Осындай жанаталастан кейін уланған мал әлсіреп барын тынышталады да, көпке дейін орынан тұра алмай жатып қалады. Дем алысы, тамыр соғысы жиілейді, бірақ әлсіз болады. Эпилепсия кезінде төмендегені байқалады. Шошқалардың ерекшелігі олар құсады. Бұл құбылыс оларды аман алып қалуға себебін тигізеді.
Уланудың барысы көбінесе жіті түрде болады да, мал жанталасып, қиналған кезде өліп кетуі де мүмкін.
Улануды анықтау үшін уланған мал туралы толық деректерді жинаудың маңызы өте зор. Әсіресе мал жайлымында у тамырдың бар – жоғын білу керек. Одан кейін негізгі клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагнозын анықтауға болады.
Емі. арнайы уға қарсы қолданылатын антидот жоқ. Организиді удан тазалау керек. Ол үшін асқазанды немесе месқарынды суға марганец қышқыл калий ерітіндісін қосып (1:1000) жуады. Қиын жағдайда месқарынды кесіп, руминотомия жасайды да, оның ішін тазалайды. Ауыз қуысы арқылы сіңіргіш танин, белсендірілген көмір заттарын береді. Хлоралгидрат ерітіндісімен клизма жасайды. Ондай әдіс салдануға қарсы жақсы әсер етеді. 5-10% тұз қышқылын ауыз қуысы арқылы беруге болады. Венаға гемодез, цититон, ал еттерінің астына лобелин жібереді. Ұйықтату арқылы емдеу әдісін де қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет