Сақтандыру шаралары. Малды күтуге қатысы бар адамдар улы шөпті ажырата білулері керек. Ол үшін күні бұрын дайындалған гербарийлердің көмегі жақсы. Өсімдігі бар жайылымды жердегі у тамырды жою жұмысын ұйымдастыру қажет.
Жусан – Полынь – Artemisia L. – биіктігі 30-60 см, ақ түсті жібек тәрізді түгі бар, сұр-жасыл түсті көп жылдық өсімдік. Ланцет тәрізді жапырақтары бар, сарғыш түсті шар тәрізді шоғырланған гүлді. Жусан барлық жерде улы болып келеді. Оның улылығына сыртқы ортаның жағдайы әсер ететді. Жусанның бірнеше түрлері бар: таврия жусаны, теңіз жусаны, Майер жусаны, Ганзен жусаны, ащы жусан. Солардың ішінде теңіз жусаны улылырақ болып келеді. Өсімдіктің барлық бөліктері де улы. 200-300 г құрғақ жусан жылқыны өлтіріп жіберуі мүмкін. Мал азығындағы шөптің құрамында 2 % жусан болғанда уланудың созылмалы түрі дамиды.
Улы затты өсімдіктің құрамында 0.5-2% мөлшерінде болатын эфир майы және саптонинге ұқсас лактон таурицин . бұл заттар жүйке жүйесінің улы заттарының қатарына жатады. Жүйке жүйесін қоздырады, көп мөлшерде эпилептикалық салданудың ауыр түрін туғызады. Оған қосымша таурициннің әсерінен құсу, іш өту, жүрек қызметінің бұзылуы байқалады. Улану жусан аш малдың организміне түскенде жиі болып тұдырады.
Улану жіті және созылмалы түрінде тіркеледі. Организмге түскен мөлшеріне және малдың аш-тоқтығына байланысты ауыр және жеңіл түрлерін ажыратуға болады. Негізгі клиникалық белгілеріне: тынышсыздану, эпилепсияға ұқсас салдану, тоникалық ө клоникалық тартылулармалдың тынышталуымен кезектесіп отырады. Уланған малда үрей пайда болады: сәл, әлсіз тітіркендіргішке қатты реакция береді. Басында ерінің,беттін еттері тартыла береді де, артынан ірі бұлшық еттердің дірілдеп –қалшылдауы байқалады. Жылқылар алдынғы кедергіге қарамай алдыға ұмтылады, алдынғы аяқтарымен қабырғаға шапшиды, қиналады, жақтың бұлшық еттері қарсылып қалады, аяқ бұлшықеттері тартылады. Көздерінің қарашығы ұлғайып, малдың дем алысы нашарлайды. Тісін шықырлатып, басын еденге ұрғылайды. Алдыңғы аяқтарынмен суда жүзу қимылына сәйкес қимыл жасайды, тұруға талпынып, ұмтылады. Бірақ тұра алмай қайта құлайды. Терлейді, ден қызуы көтеріледі. Нәжіс жалқаяқты, қанда билирубин анықталады. Жеңіл түрінде клиникалық белгілері де онша қатты болмайды. Ондай жағдайда уланған малдың жазылып кетуі мүмкін. Барлық жерлерде кездесетін ащы жусанның құрамында ащы зат –абсинит және эфир майы бар. Аз мөлшерде орталық жүйке жүйесіне қоздырады, ал көп мөлшерде естен тандырады, салдандырады. Ащы жусанды сиырлар мен қойлар жақсы жейді. Аз мөлшерде диасталық азық ретінде пайдалы да. Бірақ сүт беретін малдың сүті ащы дәмді болады.
Емі. салдануға қарсы кілейгелі қайнатпаға хлоргидрат қосылып клизма қояды. Жүректің жұмысын жақсарту мақсатында терінің астына кофеин, камфора ерітінділерін жібереді. Ас қорыту жүйесін тазалайтын әдістерді қолданады. Терінің астына 0,3-0,4 г мөлшерінде пилокарпинді жібергеннің нәтижесі жақсы. Жылқының бас жағына суық компресс қоюға болады. Ауыз қуысы арқылы суға марганец қышқыл калийді, соданы қосып беруге болады: 3-6 л суға 15-30 г марганец қышқыл калий мен 60-100г соданы ерітеді.