Лекция 1 Тақырып: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері Экономикалық теория пәні



бет3/5
Дата21.10.2022
өлшемі477,51 Kb.
#154237
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
427421.pptx
3 лабка (2), ИТАЛИЯ
Институционализм- ХХ ғ. 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол - экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларын жатқызады.
Экономиканың негізгі элементтері болып табылады:
1.Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2.Шынайы табиғат- ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3.Жасанды табиғат- адамның қолымен жасалған барлық құралдар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі.
Экономикалық категория дегеніміз - экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.
Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Табиғи заңдарға қарағанда, экономикалық заңдар тек қана жақындаса келе әрекет етеді; түрлі үрдістер мен заңдылықтардың күресі арқылы көрінеді. Экономикалық теория құрылымы төмендегі 1.1.1- сызбада көрсетілген.
1- сызба. Экономикалық теория құрылымы
Экономикалық теория - бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
2-сызба.Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрлері
Экономикалық зерттеу пәні - экономикалық субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы - адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі - экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі - адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет