Лекция 1 Трансформаторлар


Бірфазалы конденцаторлы қозғалтқыш



бет48/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша
Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша
2.4. Бірфазалы конденцаторлы қозғалтқыш. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштардың жұмысшы және жұмысқа қосу сипаттамалары үшфазалы асинхронды қозғалтқыштікіне қарағанда нашар. Негізгі себебі магнит өрісінің эллипсойда тәрізді айналуы. Оларды жақсарту үшін әртүрлі іске қосу құрылғыларын-резисторларды, индуктивті шарғы немесе конденсатор қолданады. Бірақ олардың көмегімен істі түбегейлі шешуге қол жеткен жоқ. Екі орамалы олар кеңістікке біріне бірі 90 электр градусқа ығыса орналасқан конденсаторлы электрқозғалтқыштардың жұмысшы және жүргізу сипаттамалары едеуір жақсы. Орамалардың біріне конденсатор жалғайды, ол басқа ораманың тоғын уақыт жағынан 90 градусқа таяу бұрышқа ығыстырады.(2.25-сурет).
Статор тізбегіне тұрақты жалғанған қонденсаторлардың болуы бір фазалы қозғалтқыштың жұмысшы және жүргізу сипаттамалары негізінде магнит ағынының айналуын эллисойдан, шеңбер тәрізді айналуға жақындатуы есебінен жақсартады. Бір фазалы конденцаторлы қозғалтқыштың кемшілігі, сиымдылығы есептеулі конденсатор қозғалтқыштың белгілі бір жүктелуі кезінде ғана магнит өрісінің шеңбер тәрізді айналуын қамтамасыз ете алады. Басқа жүктемелердің кезкелгенінде магнит ағынының айналуы бұзылады да ПЭК-нің, Соsφ мен айналдыру моментінің шамасы азаяды.
Бір фазалы конденсаторлы қозғалтқыштың қалыпты жұмысшы қасиеттеріне ұқсап тұру үшін, оның білігіндегі жүктеме өзгергенде конденсатордың сыйымдылығы да өзгеріп тұруы тиіс, ол іс жүзінде қиын.
Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар жоғарыда көрсетілген салалардан басқа, автоматика, есептеу және көбейту техника жүйелерінде кең таралған. Мұндай машиналардың қуаттылығы Ваттың бөліктерінен ондаған Ваттқа дейін жетеді және асинхронды шағын машиналар делінеді. Оларға атқарушы қозғалтқыштар, тахогенраторлар, бұру трансформаторлары, синхронды байланыс (сельсиндер) машинелері жатады. Олардың құрылысын, жұмысын және өлшемдерін есептеу, пәннің арнайы 5.1 "шағын мәшинелер" бөліміне жатады.

Бақылау сұрақтары:


1. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы деп нені түсінеміз және олардың графикалық көрінісі?
2. Асинхронды қозғалтқыштың салыстырмалы біліктегі жиналған жұмысшы сипаттамаларының артықшылығы?
3. Жүктелмеген асинхронды қозғалтқыштарды пайдалануға неге болмайды.
4. Бірфазалы асинхронды қозғалтқышты пайдалану аймағы.
5. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыш роторы орамаларының ең аз саны және оны қалай атайды.
6. Статоры бар орамалы бірфазалы асинхронды қозғалтқышта жүргізу моменті неге болмайды.
7. Бірфазалы асинхронды қозғалтқышта айнымалы магнит өрісін туғызу шарттары.
8. Бірфазалы асинхронды қозғалтқышта айнымалы магнит өрісінің қандай түрі пайда болады және неге?
9. Бірфазалы асинхронды қозғалтқышта айналдыру моменті ненің себібінен және қалай пайда болады?
10. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы үшфазалынікінен неге нашар?
11. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамаларын қалай және ненің көмегімен жақсартуға болады?
12. Бірфазалы конденсаторлы қозғалтқыш дегеніміз не?
13. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың айналу бағытын қалай өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет