Лекция 1 Трансформаторлар


Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар



бет46/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша
Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша
2. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар. Бір фазалы қозғалтқыштар үшфазалы желі жоқ жерде: тұрғын үйлердегі, кеңселердегі, қонақ үйдегілерді және т.б. түрлі тұрмыстық электрқондырғыларды жүргізуге пайдаланады.


2.1. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыш құрылысы жағынан үшфазалы қозғалтқышқа ұқсас, айырмашылығы статорға үш орама емес, екі орама салынады. Мұнда статор орамасының орындалуы әртүрлі болуы мүмкін. Егер тарамалы ойықты статор болса, онда орамалар ойықтарға салынады, ал айқын полюсті статорда орамалар шарғы түрінде орындалады. Статордың бір фазалы орамасы орам саны әртүрлі екі орамаға бөлінеді. Кеңестікте бір-біріне қарағанда геометриялық ығысқан. Орам саны көп орама жұмысшы деп, орамы аз орама жұмысқа қосушы делінеді. Жұмысқа қосу орамасы қозғалтқышты жүргізу кезінде ғана қосыладады. Әдетте, бір фазалы электрқозғалтқыштардың роторы қысқа тұйықталады.

2.2. Бір фазалы электрқозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі. Асинхронды электрқозғалтқыштың роторы статор орамасы айналмалы магнит өрісін жасағанда ғана айналысқа түседі. Ол үшін статорда екі орама болуы керек, олар кеңістікке геометриялық жағынан кейбір бұрышқа ығысқан болуы, ал бұл орамалардан өткен тоқ бірінен бірі уақыт жағынан ығысқан болуы тиіс.


Іс жүзінде орамалардың және олар арқылы өтетін тоқтың ығысуына қол жеткізу үшін жұмысшы ораманы статор ойығының 2/3 ал жүргізу орамасы ойықтардың қалған 1/3 бөлігінде орналасады. Осылайша жұмысшы және жүргізу орамалары кеңістікте ығыса орналасады, ал орам санының әртүрлілігі-омдық және индуктивті шашырандылық кедергілерінің шамалары бірдей болмауы автоматты түрде олар арқылы өтетін тоқтар арасында фазалық ығысуға әкеледі:
(2.141)
Бір фазалы электрқозғалтқышты статорының орамаларында пайда болған айнымалы магнит өрісі үшфазалы электрқозғалтқыштың үшфазалы статор орамасында пайда болған магнит өрісінен мөлшері жағынан ғана емес түрі жағынан да айырықша. Жалпы жағдайда ол дөңгелек емес, эллипсойдалы болғандықтан ол бірфазалы синхронды қозғалтқыштың қуаттылығы мен ротордың бір қалыпты айналуына да кері әсерін тигізеді. Жүргізуші орама жұмысшы ретінде ажыратылып тұрғандықтан, жұмысшы ораманың тоғы үзік-үзік магнит өрісін туғызады, оның ротор магнит өрісімен өзара әрекеттесіп бірфазалы қозғалтқыштардың эллипсойдалық айналатын магнит өрісін туғызады.




2.24-сурет. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштың орнын басудың эквивалентті электр сұлбасы.

.
2.25-сурет. Бір фазалы конденсаторлы асинхронды қозғалтқыштың электр сұлбасы.

Бір фазалы қозғалтқыштың эллипс бойымен айналатын магнит өрісі біріне-бірі қарсы айналатын екі магнит өрісінен тұрады, оларды шамасы әртүрлі реттілігі тура және кері тоқтарға байланысты. Кері реттегі электр кедергісі өзінің магнит ағыны жиілігіне (х1=2ƒL) тура пропорцианал индуктивті құраушысы есебінен тура реттегі электр кедергісінен артық болғандықтан, кері реттегі тоқ және ол тұғызатын магнит ағынының шамасы тура ретіндегі тоқ пен магнит ағынынан аз болады. Қозғалтқыш тура реттегі магнит ағысы бағытына қарай айналады. Бір фазалы қозғалтқыш білігінің айналу бағытын өзгерту жұмысшы немесе жүгізу орамаларының қысқышын өзара ауыстырып жалғау арқылы атқарылады (орамалардың бірінің ұшын ауыстыру).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет