Лекция 1 Трансформаторлар


Синхронды машинелердың құрылысы



бет51/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.2. Синхронды машинелердың құрылысы. Синхронды генератор мен синхронды қозғалтқыштар құрылысы жағынан бірдей болғандықтан, олардың құрылыстарын бірге қарастырамыз. Синхронды машине (генератор мен қозғалтқыш) үшфазалы орамалы статордан және тұрақты қоздырғыш орамасы бар ротордан тұрады.


1.2.1. Синхронды машиненің статоры. Синхронды машиненің статоры конструкциялық құрылымы жағынан үшфазалы асинхронды қозғалтқыштарының статоры мен бірдей (2.2.1).


1.2.2. Синхронды машине статорының орамасы. Синхронды машиненің статорының орамасы үшфазалы ЭҚК жүйесін индукциялауға (үшфазалы синхронды генератор) немесе тұрақты айнымалы магнит өрісін туғызуға арналған (үшфазалы синхронды қозғалтқыш). Ол үшфазалы асинхронды қозғалтқыш статорының орамасымен бірдей (2.2.3) дегенмен, синхронды генераторлардың раторы орамасы тек "жұлдызша" сұлбасымен жалғасады. Синхронды генератордың орамасы "үшбұрыш" сұлбасмен қосылуы ісжүзінде қолданылмайды. Себебі, статор орамасын "үшбұрыштап" қосқанда онда сызықтық кернеу болады, ал "жұлдызшалап" қосқанда фазалық кернеуде болады, ол сызықты кернеуден есе аз. Демек, орамаға оқшаулатқышы жұқа өткізгішті қолдануға болады. Ол қуаттылығы бірдей машинелердің тұрқына әсер етеді. Одан басқа, егер синхронды генератордың статоры орамасын "үшбұрыш" сұлбасы бойынша жалғаса, мұндай жағдайда статор орамасында ЭҚКке индукцияланатын магнит ағынының сәл ғана симметрясыздығынан өз-өзіне тұйықталған орамада, генератордың бос жүріс жұмысы кезінің өзінде шамасы 3 есе гармоникалық құраушы пайда болып, теңестіруші тоқ өтетін болады, ол қосымша шығынға соқтырып генератордың қуаты төмендейді. Статор орамасын "жұлдызша" сұлбасы бойынша жалғағанда фазалардың орамалары ажыратулы болғандықтан, жүктемесіз жұмыс кезінде теңестіргіш тоқ болмайды. Синхронды генератордың үшфазалы орамасын "жұлдызша" сұлбасмен жалғағанда, одан бірмезгілде, шамасы жағынан екі түрлі кернеу алуға болады: сызықтық және фазалық ( ). Синхронды генератордың үшфазалы орамасын "үшбұрыш " сұлбасы бойынша жалғағанда, синхронды генератор бір шамадағы кернеулі электр энергиясының көзі болады: сызықтық кернеу фазалық кернеуге тең болады (Uc =Uф ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет