10-дәріс
1. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы.
2. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар.
2.1. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыш құрылысы жағынан үшфазалы қозғалтқышқа ұқсас, айырмашылығы статорға үш орама емес, екі орама салынады.
2.2. Бір фазалы электрқозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі.
2.3. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың эквивалентті алмастырма электрсұлбасы.
2.4. Бірфазалы конденцаторлы қозғалтқыш.
1. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы.
Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы дегенде желідегі кернеу U1 және оның жиілігі тұрақты болғанда оның білігінде тұтынатын тоқтың активті қуаттың Р1 моментінің М шарықтауын, ротор білігінің айналу жылдамдығы n2, сырғуды S, ПЭК ( ) мен Cosφдің, жұмысшы дипазонда жүктеменің өзгеруін Р2(2.19-сурет) айтады:
І1,Р1, М,n2,S,ŋ,Cosφ=ƒ(Р2),U1=Cosφ мен ƒ1=Соnst (2.132) болғанда.
Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасын,инженерлык тәжірбиеде жеткілікті дәлдікпен, эквивалентті алмастырма электр сұлбасы арқылы (1.17-сурет) олардың өлшемдері белгілі болса, (2.7.1–сурет) айтылған әдістеме бойынша, есептеу жолымен анықтауға болады. Сырғанаудың мына шектегі S=(0,2…1,2)Sн бірнеше мәндерін алып, тең аралық ∆S арқылы есептеу мына ретпен жүргізіледі. Асинхронды қозғалтқыштың орнын басудың эквивалентті электр сұлбасынан Ом заңы бойынша желіден тұтынатын тоқты І1 анықтайды:
, (2.133)
мұндағы Ů1=U1lj0 –асинхронды қозғалтқыштың қалып сызықтық кернеуінің кешені (бастапқы фазалық бұрышы шартты түрде нөлге тең Ψ1=0 деп алынған І1 мен φ1 дің алынған) мәнінен қозғалтқыштың желіден тұтынған активті электр қуаты Р1 есептеп шығарылады.
(2.134)
Қозғалтқыш білігінде дамитын қуат Р2=P1-ΣPтм анықтау үшін, барлық шығын қосындысын ΣP анықтау қажет. Ол үшін асинхронды қозғалтқыштың синхронды жүктеусіз жұмыс кезінде тұтынған магниттену тоғын І0 және ротор орамасының келтірілген тоғын І2" алдын ала есептеп алу керек:
, (2.135)
мұндағы Z0 =Z1+ZҰ = (R1 +Rсm) + ј (х1 +хм) =Z0е-jφο орамасына келтірілген ротордағы тоқ 2.17- суреттен алып анықталады.
(2.136)
содан кейін қозғалтқыштағы электр шығынын есептейді статор орамасының мысындағы электр шығыны (2.110): ротор орамасының мысындағы алюминий электр шығындары:
= (2.137)
статор болаттарындағы электр шығындары
(2.138)
Ротор болатындағы электр шығындарын жұмысшы жүктемесі кезінде ротор болатынан аса магниттену жиілігінің аздығы үшін
Рс2 0 деп қабылдап оны елемеуге болады, үстеме Рү және механикалық Рмех шығындары біріктіріп Рқос қосымша шығын деп (2.116) алуға болады:
Рқос Рмех+Рү (0,018…0,008)Р1 (2.139)
Асинхронды қозғалтқыштың барлық шығыны (2.117):
ΣР = Рм1+ Рм(А)2+Рс1+Рү
қозғалтқыш білігіндегі механикалық қуат (2.116)
Р2 = Р1- ΣР
Асинхронды қозғалтқыштың ПЭК (2.18)
Асинхронды қозғалтқыш роторының айналу жылдамдығы ай/мин (2.10) n2 =n1(1-S) немесе рад/с (2.12)
ω2 = .
Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі айналдыру моменті (2.120)
Алынған мағлұматтар бойынша жұмыс сипаттамасы тұрғызылады
І1/І1н ,Р1/Р1н ,М2/М2н , η және Соsφ біліктегі қуаттың Р2 функциясында, қатынастық бірлікте:
(2.140)
жұмысшы сипаттамасын талдауға ыңғайлы болу үшін η пен Соsφ деп басқа барлық өлшемдері қалыпты мәндеріне тең базистік шамада салыстырмалы бірлікпен алады.
2.20-суретте қысқа тұйықталған шығын қуатты асинхронды қозғалтқыштың жинақта жұмысшы сипаттамасы көрсетілген. Жұмысшы сипаттамасын талдау мынадай жинақтаған қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі жүктеме жүктемесіз жұмыстан қалыпты жұмысқа дейінгі аралыққа өзгерсе:
айналу жылдамдығы n2 тұрақты дерлік шамада қалады;
моменттің М ұлғаюы түзу сызыққа жуық;
білікке жүктеме түспеген кезде (жүктемесіз жұмыс) қозғалтқыш тұтынатын тоқ І1 бір қалыпты мәнінің (35..40)% құрайды: І1хх=(0,35..0,4)Ін;
ПӘК (η), біліктегі жүктеме 50% жеткенде, шырқау шегіне дейін жетіп тез өседі және ісжүзінде одан ары өзгермейді;
қуат коэффициенті соsφ дің өсуі соsφхх =0,1 ден бастап, қалыпты жүктеленген кезде қалыпты мәніне жетеді, асыра жүктелген кезде аздап өзгереді;
сырғанау S жүзінде түзу сызықпен өседі;
қалыпты сырғанау Sн шамасы қозғалтқыштың қуатына тәуелді өзгереді және Sн = 0,05…0,01 шегінде ауытқиды.
2.22-сурет. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың қорытынды ортақ жұмысшы сипаттамасы.
|
2.23-сурет. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың қуаттылығына қалыпты сырғанаудың (S) тәуелділігінің қорытынды қисықтары.
|
Сырғанау шамасы қозғалтқыштың қуаттылығының өсу ретіне қарай көрсетілген. Эксплуатациялаушылардың назарын аударуы керек ететін өзіндік ерекшеліктерге жүктеме болмағанның өзінде анық тұтыну тоғының үлкен болуы. Қуаты аз қозғалтқыштардағы бос жүріс тоғы қалыпты тоқтың (40…45) %іне жетуі Іхх=(0,4…0,5)Ін, ал қуат коэффиценті өте төмен. Сондықтан асинхронды қозғалтқыш қалыпты жүктемемен пайдалануы керек, сонда Соsφ дің ηге көбейтіндісі шырқау шегінде болады. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу бағытын өзгерту статор орамасының кезкелген екі фазасын желіге ауыстырып қосу арқылы атқаруға болады (екі фазаны ауыстыру).
Достарыңызбен бөлісу: |