1.2.2. Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады. Қаңылтырлар гистерезис құбылысынан болатын магниттік және электрлік шығындарды азайту үшін арнайы электротехникалық болаттардан жасалып, құйынды тоқтың өтуіне кедергіні арттыру үшін лакпен оқшауландырылады, ол туралы 1-бөлімде "Трансформаторлар" қарастырылған ротордың қаңылтырлары цилиндр түрінде пресстеледі, оның қажет пішінде ұзына бойында ойығы болады. Роторды білікке мықтап отырғызып шпонкамен бекітіледі, ол жүктеме кезінде айналып кетпеу үшін сақтандырады. Айналған кездегі ортадан тепкіш күштердің әсерінен, ротордың ойықтары статордың ойығынан қарағанда жабықтығы жоғары болғандықтан, оның орамаларына әсер етеді. Қысқа тұйықталған роторлар үшін ойықтың жабық түрлерінде қолдануға болады (2.3-сурет). Қозғалтқыштың жұмыс кезіндегі шуын азайту және оның іске қосу сипаттамасын жақсарту мақсатында ойықты тайқылығын да (қиғаштығын) пайдаланады.
Қысқа тұйықталған ротордың ойықтарының саны Znр асинхронды қозғалтқыштардың жұмысын нашарлататын зиянды сәттерді азайту үшін, статор ойықтарының санымен Znр сәйкес келуі тиіс және мына шарттар сақталуы тиіс:
(2.3)
мұндағы к- кезкелген оң сан; р- статор ормасының жұп полюстері саны. Ойықтары қиғаш болса статор мен ротордың ойықтары санының қатынастарын таңдау кеңейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |