Лекция 1 Трансформаторлар



бет38/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

мұндағы


к01 = ку Łк рŁкс (2.32)
w1 –статор орамасы фаза шарғысындағы тізбектеп жалғанған орам санының қосындысы. Орама коэфициенті қысқарған ку ораманың тарату кр және статор ойықтарының қиғаштық коэффициентті кс көбейтіндісімен анықталады. Оларды мына өрнектермен анықтайды:
; ; (2.33)
мұндағы у–секция қадамы: - статор полюске бөлінуі; q–полюс пен фазаға бөлінген ойықтар саны; -көрші ойықтарда орналасқан электрлік градуспен көрсетілген (2р/ Z1п) орама орамдарындағы ЭҚК-тің уақыттық бұрышының жылжуы (ауысуы); – статордың ішкі бетін құрайтын сызық пен ойық сызығы арасындағы қиғаштық бұрышы.
Индукцияның шамасы стандартталғандықтан, ал магнит ағынын анықтау үшін магнит кедергісінің мөлшерін есептеп шығару керектігінен сонда ЭҚК (2.31) теңдеуін индукция арқылы көрсету тиімді:
E1=4,44W1ƒ1k01BδQ1 (2.34)
мұндағы Q1 – статор темірінің ұзындығы мен ені шектелген ауа саңылауының қимасы. Статор орамасында трансформатордағы сияқты негізгі магнит ағынымен қоса шашыраңқылық магнит ағыны бар. Ол онда өзіндік индукциялау ЭҚКін индукциялайды:
(2.35)
оның әрекеттік мәні, электр тізбектері теориясына сәйкес кешенді түрде мына түрде көрінеді:
Ė1δ = јİ1х1 (2.36)
мұндағы L1δ статор орамасындағы шашырату индукциялығы, сан мәні темір өзекшесіз, ораманың индуктивтігіне тең; х1 - статор орамасы фазасының индуктивті шашырау кедергісі оны ЭТН курсынан белгілі өрнекпен есептеп шығарады:
Х1=2 ƒ L1δ (2.37)
Шашыраудың индуктивті кеднргісі Х1 асинхронды қозғалтқыштың жұмыс тәртібіне тәуелсіз, тұрақты шама деп саналады.

1.2. Асинхронды қозғалтқышы роторының орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күші. Асинхронды қозғалтқыш роторының орамасында статор орамасындағы сияқты негізгі Ф магнит ағынынан және ротор тоғы мен түзетін шашыраңқы ағыннан индукцияланатын ЭҚК болады. Негізгі магнит ағыны Ф-ке қарағанда ротор орамы кейбір сырғанаумен айналатындықтан, онда негізгі магнит ағынынан индукцияланған ЭҚК тың жиілігі ƒ2 желінің жиілігінен ерекшеленіпқана қоймай сырғанаудың (жүктеменің) өзгеруіне қарай өзгеріп те отырады. Негізгі магнит ағынынан ЭҚКтің әрекеттегі мәнін мына теңдеумен көрсетуге болады:


E2S=4,44 k02 ƒ2 Ф (2.38)
мұндағы w–мен k02 орама саны мен ротор орамасының орамалық коэффициенті ƒ2 ротор орамасындағы статор орамасының жиілігіне байланысты ЭҚК-тің жиілігі, мына өрнекпен өрнектеледі:
ƒ2= ƒ1ּS (2.39)
Егер айырма (n1-n2) сырғу жылдамдығы n, S десек, онда
n1 – n2 = n1 S (2.40)
(n1-n2)нің орнына 60 ƒ2/р-ны, ал n1 łS орнына 60 ƒ2/р-ны қойсақ (2.39) теңдеуді аламыз ƒ2= ƒ1S (2.39) болғандықтан ротор ЭҚК-нің негізгі магнит ағынының сырғанау функциясына тәуелділігі былай жазылады:
E2S=4,44 ƒ2SW2K02 Ф (2.41)
одан
E2S=SЕ2 (2.42)
мұндағы
E2S=4,44 •W2ƒ2K02 (2.43)
мұнда: Е2 –ротордың тежелгенде орамада индукцияланғанған ЭҚК, бұл кезде асинхронды қозғалтқыш кернеу трансформаторына ұқсайды. (2.43) өрнекте магнит ағыны Ф-ны индукциямен ауыстыру тиімді, себебі оның шамасы стандартталады, сондықтан ЭҚКтің Е2 сандық мәнін анықтау айтарлықтай жеңілдейді:
E2 = 4,44 W2ƒ1K02 BδQ2 (2.44)
мұндағы Q2 –ратор темірінің ұзындығымен және енімен шектелген ауа саңылауының қимасы, ратор орамасында шашырау магнит ағынымен индукцияланатын өзіндік ЭҚК статор орамасындағы өзіндік ЭҚК теңдеуі мен бірдей болады:

Ė(2S)δ =-jİ2X2S (2.45)
мұнда:
X2S=2 ƒ2SL2δ (2.46)
мұнда X2S ротор орамасындағы сырғу шамасына тәуелді шашырау кедергісі; L2δ – ротор орамасының шашыранды индукциялануы. Сан жағынан ол темір өзекшесі жоқ ораманың индукциялауына тең.
(2.46) да 2 ні 1s алмастырсақ мынадай теңдеу аламыз:
Х2S = 2 ƒ1SL2δ (2.47)
Ротор тежелгенде, ондағы n1=0, aл S= 1
Болса ротор орамасының шашыраңқы индукция кедергісі х2 арқылы өрнектеледі:
Х2 = 2 ƒ1 L2δ (2.48)
мұндағы х2-ротор орамасындағы шашыраңқы индукция кедергісі ратор тежелген кезде (S=1,0) сырғанаудан тәуелсіз тұрақты шама деп есептелінеді. (2.47) теңдеуі (2.48)-ні ескере отырып, былай өзгереді:
Х2sS = Х2S (2.49)
(2.49)-теңдеуді ескеріп жазатын болсақ, ротор орамасының шашырау тоғынан пайда болған ЭҚК- тің әрекеттік күшінің мәні мына түрге келеді:
Е(2S)δ=-ј І2 х2 S (2.50)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет