Лекция 1 Трансформаторлар


-дәріс 1. Асинхронды қозғалтқыштың орамаларында индукцияланатын электрқозғаушы күштері



бет37/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

8-дәріс


1. Асинхронды қозғалтқыштың орамаларында индукцияланатын электрқозғаушы күштері.
1.1. Асинхронды электр қозғалтқыш статоры орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күштері.
1.2. Асинхронды қозғалтқышы роторының орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күші.
2. Асинхронды қозғалтқыштың электрлік тепе-теңдігінің теңдеулері.
2.1. Асинхронды қозғалтқыш статоры орамасының электр тепе-теңдігінің теңдеуі.
2.2. Асинхронды қозғалтқыш ротор орамасының электрлік тепе-теңдік теңдеуі.
3. Асинхронды қозғалтқыштың орынын басатын эквивалентті электр сұлбалары.
3.1. Асинхронды қозғалтқыштың эквиваленті алмастыру электр сұлбаларының параметрлері және оларды анықтау әдістері.


1. Асинхронды қозғалтқыштың орамаларында индукцияланатын электрқозғаушы күштері. Асинхронды қозғалтқыштың магнит өрісі статор мен ротор орамаларының магнит өрістерінің бірігіп өзара қарым қатынасынан жасалады. Жоғарыда көрсетілгендей олар бірдей жылдамдықпен айналады және бір-біріне салыстырғанда өзара қозғалмайды. Асинхронды қозғалтқыштың магнит өрісі трансформатордағы сияқты, негізгі және шашырау өрісінен құрылады, жасалған кейбір кемшіліктерді есепке алмасақ бұлар өзара ажыратылған және бір біріне тәуелсіз деп саналады, мұнда негізгі магнит ағыны, электр магниттік индукция заңы бойынша статор мен ротор орамаларында индукциялық ЭҚК ал шашырау ағыны-өзіндік индукцияның ЭҚК ні индукциялайды, ал шашырау кедергісіндегі кернеудің ІŁХδ азаюына ұласады.


1.1. Асинхронды электр қозғалтқыш статоры орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күштері. Бізге Э.Т.Н курсынан белгілі, үш фазалы симметриялы электр желісіне қосылған үшфазалы орама магнит өрісі амплитудасының біржарым еселік мәніне тең шамасы өзгермей бірқалыпты айналатын бір фазалы магнит ағынын Ф1m жасайды (2.7). Магнит ағыны Ф өз айналасында статор орамасы фазасының катушкасына мөлшерінің өзгеруіне косинусойдалы тәуелділікпен енеді және онда синусойдалы түрдегі ЭҚК индукцияланады.
(2.28)
мұндағы
(2.29)
; ал ω1 =2ƒ екенін ескере отырып асинхронды қозғалтқыш статоры орамасындығы фаза катушкасында индукцияланған ЭҚКтің осы кездегі жұмысшы мәнін аламыз:
Е1= 4,44 wкω1Ф (2.30)
мұндағы wк - статорфазасындағы тізбектеп жалғанған орама бөлімдерінің орам саны, ƒ1- статор фазасының орамасы, әдетте, қысқа қадамды және өзінің фазалық аумағындағы ойықтарында бір қалыпты орналасқан бірнеше шарғылардан тұрады. Магнит орамада индукцияланған ЭҚКтің мөлшері аз (2.30) теңдеуі бойынша есептелгеннен аз болады, оны статор орамасының коэффициентін к01ді енгізу арқылы ескереді. Сонда:
Е1 = 4,44 w1 ƒ1к01Ф (2.31)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет