2. Асинхронды қозғалтқыштың магниттеуші күштері. Асинхронды қозғалтқыштағы электрлік процесстерді талдауға магнит ағындарының орнына оған пропорциянал болатын орама орамдары санының тоққа көбейтіндісін І˝ω пайдалану қолайлырақ. Мұнда ауа саңылауы шеңберінің бойын қуалай қозғалатын магниттеуші күш қисығының шарықтау шегі сол ораманың фаза симметриясының сұлбалары әрқашанда дәл келеді, бұл кезде тоқ амплитудалық мәніне жетеді. Асинхронды қозғалтқыштың магниттеуші күші статоры және ротор орамаларының магниттеуші күштерінен F1 мен F2 құрылады.