В.А. Богородский географиялық орналасуын алып, 7 топқа бөлген. (1953 ж Введение в татарское языкоделение в связи с другими языками. Казань.)
Солтүстік – шығыс: саха, тува, қарағас (тофа).
Хакас (абакан): хакас тілі мен диалектілері.
Алтай: алтай тілі мен диалектілері.
Батыс – сібір тобы: Чулым, Барабин, Түмен, Тобыл татарлары.
Еділ (Волга) Орал тобы: татар, башқұрт.
Орта Азия тобы: өзбек, ұйғыр, қазақ, қарақалпақ, қырғыз.
Оңтүстік – Батыс тобы: түрік, түрікмен, әзербайжан.
С.Е. Малов тарихи тұрғыдан топтаған алғаш ғалым. Ол түркі тілдерін көне элементтерді құрамында сақтауына қарай4 топқа бөлген: (М: рт, лт, нт, дыбыс бірлестігі: алты, алтуи, арт, өрт, елт, т.т.)
Ең көне түркі тілдері: бұлғар, ұйғыр (сары ұйғыр), чуваш, якут тілдері.
Көне түркі тілдері: оғыз (көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тілі), тофалар, тува, ұйғыр (көне ұйғыр жазуы), хакас, шор тілдері.
Жаңа түркі тілдері: әзербайжан, гагауыз, куман, қыпшақ, половец, салар, түрік, түрікмен, ұйғыр (қытай немесе шығыс түркістан ұйғырларының тілі), өзбек, шағатай, чулым тілдері.
Ең жаңа түркі тілдері: башқұрт, қазақ, қарақалпақ , қырғыз, құмық, ноғай, ойрат (таулы Алтай), татар, чуваш, якут тілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |