Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


)12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет2/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
3)12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу жұмысымен танысу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр:

1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушы-лардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.


  1. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдері-нің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

  2. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұғымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

7. Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы.

8. Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі.

9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан экспери-менттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.



Сайып келгенде, алты жасар баланың оқу-әрекетінің компонент-терін (зейін қойып тыңдау, тапсырма орындау, түсінігін айтып беру, сұрақтар мен тапсырмалардың мәнін түсіну, сызбалар мен суреттер арқылы белгілеу т.б.) орындауға дағдыландыру мәселелеріне толық көңіл бөлінді.

12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай денгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.

Мектепке баланы алты жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым.

Он екі жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалар-дың оқуға дайындық деңгейін анықтау басшылыққа алынады. Ол бойынша «Әлеуметтік зерттеу», «Ата-аналар туралы мәліметтер», «Ата-аналардың педагогикалық бірлігі», «Ата-аналарға арналған сауалнама», «Медициналық зерттеулер, «Балалардың денсаулық құжаты», «Балалар-дың физиологиялық қызметі туралы мәлімет», «Тестілер». Осыларды жинақтай келе, оқушының психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. Онда Р. Кеттел тестісі арқылы сөз, мотив, жеке бастың қарым-қатынасы, тұлғаның ерекшелігі ескерілді.

Білім сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымы және т.б. Бірақ оқулық, оқу орны бұдан сырт қала алмайды.

Сөз соңына айтарымыз, әлі де эксперимент жүргізілуде. Алда жоспарлы, мұқият зерттеуді қажет ететін мәселелер оқу материалдары-ның тиімділігін анықтау әлі де зерттей түсуді қажет етуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет