Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет43/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Жүктеме сағат







10-сынып

11 -сынып

апталық

жылдық







ЧУ

Филология

Базаль.қ 8

"«.ш*пййе*йг-8

16 1

272







1

Ана тілі

1

1

2

34







2

Әдебиет

2

2

4

68







3

Қазақ тілі / Орыс тілі

2

2

4

68







4

Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті

1

1

2

34







5

Шет тілі

2

2

4

68







II

Математика және информатика

5

5

10

170







6

Математика

4

4

8

136







7

Информатика

1

1

2

34







111

Жаратылыстану

10

10

20

340







8

Физика

3

3

6

102







9

Химия

3

3

6

102







10

Биология

2

2

4

68







11

География

2

2

4

68







IV

Қоғамтану

3

3

6

102







12

Дүниежүзі тарихы

1

-

1

34







13

Қазақстан тарихы

1

1

2

34







14

Қоғамдық білім негіздері

1

1

2

34







15

Қүқық негіздері

1

-

1

34







V

Технология

2

2

4

68







16

Технология

2

2

4

68







VI

Дене шынықтыру және АӘД

4

4

8

136







17

Дене шынықтыру

2

2

4

68







18

Алғашқы әскери дайындық

2

2

4

68




*

Инвариантты оқу жүктемесі Қолданбалы курстар:

32 Мектеп ко 3

32 мпоненті 3

64 6

2176 204







Әдеп және психология Тандау курстары

1 3

1 3

2

6

68 204













39

39

78

2652




Демек, мемлекет оқытудың бейімін ұсынады ал мектеп әрбір 10-шы сынып үшін осы ұсынғандардың біреуін ғана таңдай-ды және де мемлекет оқытудың бағдарын анықтамайды, оны әрбірЮ-сынып үшін оқыту бейімінің аясында мектеп өзі анық-тайды.

Сонымен бірге сынып өзі таңдаған оқытудың бейімі ауқымында оқытудың бір бағдарын немесе екі, үш бағдарын алуы мүмкін.



Егер сынып бір ғана бағдарлы болса, ондай сыныпты мо-нобағдарлы сынып, ал бірнеше бағдарлы болса полибағдар-лы сынып деп атайды (Сызба №1).

ізба №2.
















0

Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Жүктеме сағат










10-сынып

1ІСЫНЫП

апталық

жылдық




і

Филология

12

10

12

*Ш~, \€ГС 748







Ана тілі

2

2

2

136







Әдебиет

2

3

2

170







Қазақ тілі / Орыс тілі

2

2

2

136







Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті

2

1

2

102







Шет тілі

4

2

4

204







Математика және информатика

4

4

4

272







Математика

3

3

3

204







Информатика

1

1

1

68




I

Жаратылыстану

4

4

4

272







Физика




1

1

68







Химия




1

1

68




0

Биология




1

1

68




1

География




1

1

68




г

Қоғамтану

4

6

4

340




2

Дүниежүзі тарихы




1

1

68




3

Қазақстан тарихы




2

1

102




4

Қоғамдық білім негіздері




2

1

102




5

Құқық негіздері




1

1

68







Өнер

2

2

2

136




6

Өнер

2

2

2

136




1

Технология

2

2

2

136




7

Технология

2

2

2

136




II

Дене шынықтыру және АӘД

4

4

1

272




8

Дене шынықтыру

2

2

2

136




9

Алғашқы әскери дайындық

2

2

2

136




й

Инвариантты оқу жүктемесі Қолданбалы курстар:

32 3

32

рірйжент*^,-3



64 6

2176 204







Әдеп және психология аңдау курстары

1

Оқушы колы 3

1

пбненті 3



2 6

68 204




13Лекция

Бейіндік оқытудың отандық және шетелдік тәжірибелері

Лекцияның жоспары

1)Бейіндік оқытудың отандық және шетелдік тәжірибелері

2)Шетелдегі 12 жылдық білім беру мекемелеріндегі білім беру жүйесі

3)Бейіндік мектептің құрылымы
1)Бейіндік оқытудың отандық және шетелдік тәжірибелері

Бейіндік оқыту және бейіналды дайындық мәселесімен отандық педагог-ғалымдарымыз, М.Ж.Жадрина, Е.А.Ушуров, Р.С.Омарова, К.У.Қонақова, С.Д.Мұқанова, М. Р.Көпжасарова С.А.Тәжібаева және т.б. айналысуда.

Оқыту үрдісіне элективті курстарды ендіру мәселелерінде А.А.Кузнецов, Е.Я.Аршанский, О.С.Габриелян, В.А.Орлов, Д.С.Ермаков, Г.Д.Петрова, К.А.Сарманова, Д.М.Қазақбаева, С.Д.Муканова, А.Е.Касенова, А.С.Звягин және т.б. еңбектерінің маңызы зор.

Оқыту үрдісінің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен А.Е.Голмшток, Е.А.Климов, Л.И.Божович, Е.П.Ильин және т.б. айналысты.

Еліміздегі оқытудың дифференцияциялану және тұлғаға бағытталу көзқарастары А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Ж.А.Қараев және т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылады.

Химия пәні бойынша мектептегі білім беру үрдісін жаңа қөзқарас тұрғысынан Қ.А.Аймағамбетова қарастырса, химиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік талдауды И.Н.Нұғыманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, У.М.Маканов, С.Ж.Жайлау, жасады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мәселесінде Н.К.Ахметовтың, ал бейінді оқыту жағдайларындағы мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты анықтауда К.А.Сарманова, К.О.Шайхеслямова еңбектерінің маңызы зор.

Аталған авторлардың еңбектерінің және негізгі мектеп химиясы бойынша ұйымдастыру ерекшеліктеріне арналған бірқатар зерттеулерді талдау нәтижесінде, бейіналды дайындық мәселесінің кең аспектілі және көп жоспарлы екендігі байқалды. Бірақ, вариативті компоненттің оқу курстары қазіргі заман ғылыми зерттеулер өрісінен тыс қалып отыр, сонымен қатар негізгі пәндермен салыстырғанда олардың арнайы бағыттылығы ескерілмеген. Бұл сұрақтың теориялық тұрғыдан жеткіліксіз жасақталуы мектептің білім беру практикасында элективті курстарының оқушыларға бағдар беру нәтижелерінің жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Соның салдарынан оқу жоспарына элективті курстарды ендіріп, оның мазмұны мен құрылымын химия пәнімен тығыз байланысты қарастыру мәселесі туындап отыр.

Қазақстанда тәжірибе эксперимент жұмысы Алматы қаласының «Жаңа Ғасыр» №175 мектеп-гимназиясында, Көкшетау қаласының №17 мектебінде, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Мерей» лицейінде, Көкшетау университетінің жанындағы лицейде, Ақмола облысының Зеренді ауданына қатысты Шағалалы орта мектебінде жүргізілген. Экспериментке 454 оқушы қатысып, солардың ішінде элективті курс таңдағандары 229 оқушы болған.

Қазіргі таңда білім реформасы әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүргізіліп жатыр. Мұнда басты назар білім берудің бейінді жіктеу проблемасына аударылады [6].

Көптеген Еуропа елдерінде (Францияда, Голландияда, Шотландияда, Англияда, Швецияда, Финляндияда, Норвегияда, Данияда және т.б.) негізгі жалпы білім беретін мектептегі барлық қатысушылар 6-сыныпқа дейін тең дәрежеде білім алады. Ал оқудың 7-жылында оқушы өзінің ары қарайғы жолына таңдау жасауы қажет. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғастырудың екі түрлі нұсқасы ұсынылады: «академиялық», келешекте жоғары дәрежеде білім алуға жол ашатын және «профессионалдық», жай және бейінді дисциплина негізінде қарапайым оқу жоспарымен оқытады. Сондықтан еуропа елдерінің көптеген оқымысты-педагогтары негізгі мектептегі мұндай бағытты дұрыс деп санамайды.

АҚШ-да бейінді оқыту оқудың соңғы екі немесе үш жылында жүзеге асырылады. Қатысушылар бейіннің үш түрін таңдай алады: академиялық, жалпы және алдын - ала арнайы бағытта дайындайтын профессионалдық. Ондағы білім беру вариативтілігі түрлі таңдамалы оқыту курстары аумағында жүзеге асады. Сондықтан ең алдымен өз балаларына бейіндік бағытта жоспар құрған ата-аналардың ұсыныстары есепке алынады.
2)Шетелдегі 12 жылдық білім беру мекемелеріндегі білім беру жүйесі

Шет ел тәжірибелерінің анализдері елдердегі жоғарғы сатытағы жалпы білім беру мекемелерінде мынадай белгілерді атап көрсетуге мүмкіндік береді:



  1. Барлық дамыған елдердегі мектептің жоғарғы сатысындағы жалпы білім бейіндік болып табылады.

  2. Ережеге сай, бейінді оқыту мектептегі оқу жылының соңғы үш, кейде екі жылын қамтиды.

  3. Бейінді мектепте оқуын жалғастырып жатқан қатысушылардың саны барлық елдерде өсіп келеді және қазіргі уақытта 70% кем емес.

  4. Жіктелу бағытының мөлшері онша үлкен емес. Мысалы, ағылшын тілді елдерде екеуі («академиялық» және «академиялық емес»), Францияда үшеуі («жаратылыстану-ғылыми», «филологиялық», «әлеуметтік-экономикалық») және Германияда үшеуі («тіл-әдебиет-өнер», «әлеуметтік ғылымдар», «математика-нақты ғылымдар-технология»).

  5. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курстардың) саны негізгімен салыстырғанда аз. Олардың арасында міндетті қатарда жаратылыстану ғылымдары, шет ел тілдері, математика, дене шынықтыру орын алады.

  6. Ережеге сай, жоғарғы бейінді мектеп білім беру орталығының жеке түрі ретінде белгіленеді: Францияда – лицей, Германияда – гимназия, АҚШ – «жоғарғы» мектеп.

  7. Жоғарғы бейіндік мектепті бітіргені туралы аттестат беріледі. Оның иегері қосымша бір жыл оқығаннан кейін ғана жоғары оқу орнына түсе алады. Жоғарғы дәрежелі оқу мекемелерінде құқықты кейбір шектер қою арқылы береді, мысалы, Францияда медициналық және әскери вуздарға арнайы емтиханнан өту негізінде қабылданады

Ресейлік мектеп қатысушыларды дифференциалды оқыту жөнінде аз тәжірибе жиған жоқ. Мектепте алғаш дифференциациялы оқытуға 1864 жылы қадам басылды. Бұйрық жеті сыныпты гимназияның екі типін қарастырды: классикалық (мақсаты – жоғарғы оқу орнына дайындау) және реалды (мақсаты – арнайыланған оқыту орындарына дайындық).

Бейіндеп оқыту идеясы жаңарту Министрі П.Н.Игнатьевтің басқаруымен 1915-1916 жылдардағы білім беру реформасы процесіне дайындық кезінде жаңа импульс алды. Ұсынылған құрылыс бойынша 4-7 сыныптар үш топқа бөлінді: жаңа гуманитарлық, гуманитарлы-классикалық, реалды.

1918 жылы білім беруші жұмысшылардың Бүкілроссиялық съезі болды және мектептің жоғарғы сатысындағы бейіндік оқытудың құрылысын қарастыратын біріңғай еңбек мектебінің орны жасалынды. Орта мектептің жоғарғы сыныбында үш бағыт анықталды: гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық.

1957 жылы Педагогикалық білім академиясы физика-математикалық және техникалық; биолого-агрономиялық; әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық деп үш бағытта жіктемені жүргізуді ұсынған экспериментті жүргізу инициаторы ретінде қатысты. 1966 жылы орта жалпы білім беретін мектептің жұмысын ары қарай жақсарту мақсатында оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, білім беру құрылысын жіктеудің екі түрлі формасы келтірілді: 8-10 сыныптарда факультативті сабақтар және осы уақытқы дейін дамып сақталып келген пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптар. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың аяғында Ресейде ары қарай білімін жоғары оқу орнында жалғастыру мақсатымен оқушылардың таңдаған білім аясында тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін орындардың жаңа түрлері (лицей, гимназия) пайда болды. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы арнайыландырылған көркемөнер, музыкалық, спорттық және т.б. мектептер өмір сүріп, дамып жатты.


3)Бейіндік мектептің құрылымы

Бейіндік оқыту жекелей – бағдарлы оқу процесінің жағдайына бағытталған. Мектептің жоғарғы сатысында білімді жаппай қайта құру, оқушы білімінің барынша индивидуалды, функционалды және әсерлі болуына негізделген және де 15-16 жылдарға қарай жасөспірімдерде болашақ мамандықтары төңірегінде негіз қалыптасады.

Сонымен қатар әлеуметтік зерттеулер жоғарғы сынып оқушыларының басым көпшілігі басты сабақтардың тек негізін ғана, ал болашақ мамандықтары үшін қажет сабақтарды тереңдетіп оқығысы келетіндігін көрсетіп отыр. Мұны көптеген дамыған алдыңғы қатарлы елдердегі білімді тәжірибелеу реформасы дәлелдеп отыр. Бұл елдерде жоғарғы сыныптардағы оқу түрі бейінді. Басты назар оқытудың бейінді дифференциясы проблемасына аударылады.

Бейінді оқытуға өтудің бастапқы сатысындағы ең маңыздысы бейінді оқыту ұйымының үлгісін, оның құрылысы мен профилактикалық бағытын анықтау.

Бейінді оқытуды жоспарлау мен жүргізуде ең негізгісі болып, бейінді оқыту пәндері мен элективті курстарды, оқытылатын оқулықтарды, оларға әдістемелік нұсқаулықтарды дұрыс таңдау мен бейінді мектептерге болашақ мұғалімдерді дайындау болып табылады. Бейінді оқытатын мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер міндетті түрде соған сай білімдерін жоғарылатып, сәйкесінше сертификат алулары тиіс. Сонымен бейіналды пәндер мен элективті курстарды өтетін мұғалімдер ең жоғарғы дәрежелі аттестациядан өтулері қажет (мысалы 15-ші).

Құрылымы мен белгілі бір профилактикалық бағытын анықтаудан басқа бейінді оқытуды ұйымдастарудағы басты мәселе, инвариантты және бейінді оқыту мен элективті курстардың (таңдау бойынша курстар) мазмұнын анықтау болып табылады, себебі, қатысушылардың лимит шамасы санитарлы нормалармен шектелген және әрі қарай олардың көлемін кеңейтудің қажеті болмай тұр.

Мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқытудың қолайлы жүйесіне жағдай жасау үшін түрлі оқу пәндерінің комбинациясы қарастырылады. Жүйе құрамына келесідей оқу типтері кіреді:

1) базалық жалпы білім беру курсы;

2) бейінді оқыту курсы;

3) элективті курстар (таңдаулы курстар).

Базалық жалпы білім беру курстары барлық қатысушыларға міндетті болып саналытынын ескеру қажет. Олар әрбір профильдің инвариантты компонентін құрайды. Математика, орыс тілі, шет ел тілдері, дене шынықтыру, сонымен қатар интеграциялық курстар: қоғамтану – жаратылыстану-ғылыми, технологиялық профильдер үшін, жаратылыстану – гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық профильдер үшін.

Бейінді жалпы оқыту курстары – ол әрбір нақты профильді оқытудың бағыты мен олардың мазмұнының деңгейін анықтайтын пәндер. Мысалы жаратылыстану-ғылыми профиліндегі бейінді пәндер – физика, химия, биология, гуманитарлы бағытта - әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі және шет ел тілдері, әлеуметтік-экономикалық профильде – құқық, экономика, тарих пәндері болып табылады. Нақты оқыту профилін таңдаған оқушылар үшін бейінді оқыту пәндері міндетті болып келетінін ескеру қажет.

Жалпы білім және бейіндік пәндерге білім стандарттарының талаптарының орындалуы Ұлттық біріңғай тестілеудің нәтижесімен анықталады.

Элективті курстар (таңдау курстары) – таңдау арқылы оқытылады, сондай-ақ бейіндік мектеп оқушыларына қатысуға міндетті болып табылады. Элективті курстар вариативті компоненттердің базистік оқу жоспары негізінде құрылады. Элективті курстарға (таңдау курстарына) бірыңғай ұлттық тест жүргізілмейді.


14 Лекция

Бейіндік мектепте химиядан элективті курстарды жүргізу әдістемесі

Лекцияның жоспары
1) Бейіндік оқытудағы элективті курстардың сипаттамасы

2) Химия пәнінен ұсынылатын элективті курстардың түрлері



  1. Элективті курстардың мазмұны бойынша жіктелуі




  1. Бейіндік оқытудағы элективті курстардың сипаттамасы

Оқушылардың бейіналды және бейінді даярлығының негізгі формасы ретінде таңдау бойынша курстары – элективті курстарды атауға болады. Бейіналды оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ бейін бағытын саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Элективті курс (латын тілінен аударғанда «electus» - таңдамалы) – бұл оқушылардың тілегі бойынша таңдап алынған, мектеп оқушыларының жеке білімдік ынталарына сай келетін, мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімнің кеңеюіне әрі терендеуіне жағдай жасайтын міндетті оқу курстары. Элективті курстарды оқып үйрену, қолданбалы білімді, дағдыларды және өмірдің белгілі бір саласына қажет, таңдап алынған бейіндік пән қолданылатын қызметті игеруге бағытталған [22].

Мұндай курстар қазіргі заманғы білім беру тәжірибесінде, бейіндік оқытудағы 8-9 сыныптарда өтілген және 10-11 сыныптарда да сыннан өткен.

10-11 сыныптар үшін элективті курстар әр бейіндік оқыту түрлерінде оқу жоспарында бекітілген элективті курстардың жиынтығын мектеп өзі анықтайды. Элективті курстар келесі функцияларды атқарады:

1) бейіндік оқыту пәнінің қондырмасы, яғни ол пәнді толық тереңдетіп оқытуға дайындау.

2) жалпы білім беру жүйесіндегі ең төмен деңгейде оқытылатын базалық пәндердің бірінің мазмұнын жетілдіру. Бұл бейіндік оқытуда немесе біріңғай мемлекеттік емтиханға таңдалған пән бойынша бейіндік деңгейде дайындалуға аралас оқу пәндерінің оқытылуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

3) жеке тұлғаның шығармашылығындағы танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру.

Элективті курстарды сипаттауға келетін болсақ, оқушы курстар жиынтығынан өзіне қажеттісін және қызықтысын таңдап ала алады. Бұл таңдауды жасай салысымен, сол курс нормативті деп саналып, оқушы оған міндетті түрде қатысуы керек. Бейіндік мектептегі элективті курстар қысқа мерзімді болып келеді, бірақ сағат көлемі бойынша (максимум 72 сағат) тоғызыншы сыныптарға ұсынылатын таңдамалы курстардың мөлшерінен үлкен (максимум 35 сағат).

Жоғарғы сыныптардағы элективті курстар, оқушылар бейін түрін таңдап қойған соң және нақты бір бейін түрін оқуға кіріскен кезде ол курстар жүйелі болуы тиіс (аптасына 1-2 рет), ұзақ (36 сағат), және ең маңыздысы ол 9-сыныптағы бейіналды дайындық курсындағыдай емес, алдына мүлде басқа мақсат қоюы тиіс. 10-11 (11-12) сыныптардағы элективті курстардың маңызы мақсаттары ретінде білімді тереңдету, арнайы таным мен дағдыны қалыптастыру, таңдаған бейін түрі бойынша жаңа білім және ғылым облыстарымен танысу т.б. айтуға болады.

Бұл 9-сынып пен 10-11 сынып аралығындағы таңдамалы курстардың басты айырмашылықтары болып табылады, ал олардың жоспары және безендірілуіне байланысты қойылатын шарттары ұқсас болып келеді.

Орта мектептің элективті курстарының жоспарын жасағанда, оқушылардың оқу сарынын, олардың таңдауларын ескере отырып жасаған жөн. Бұл біріңғай мемлекеттік емтиханға оқу пәні бойынша дайындық, базалық деңгейде оқытылатын пәндер бойынша білім мен біліктілікке ие болу, практикалық есептердің шешімін табу, табысты карьераның бастауы болуы мүмкін.

Элективті курстар (таңдау курстары) сондай - ақ бейіндік мектеп оқушыларына қатысуға міндетті болып табылады. Элективті курстар вариативті компоненттердің базистік оқу жоспары негізінде құрылады. Элективті курстарға (таңдау курстарына) БҰТ жүргізілмейді.

Элективті курстар қысқа мерзімді болады және әртүрлі бағыттағы қосымша білім бағдарламаларына негізделеді. Мектеп немесе басқа білім беру ұйымдары ұсынатын элективтік курстардың саны оқушы таңдауға тиіс курстардың санынан артық болуы тиіс.

Элективті курстар негізгі бейіндік пәндерді игеруге көмек беріп, толықтырады, бейіндік стандарттарға жетуге септігін тигізеді.

Мысалы, «Математикалық статистика» экономика профиліндегі элективті курсы экономика профильдік пәнін игеруге көмек береді. «Химиялық технологиялар», «Практикалық химия», «Ауылшаруашылығындағы химия», «Өсімдікті өсірудегі химия», «Мал шаруашылығындағы химия», «Күнделікті өмірдегі химиялық заттар», «Химиялық заттар - құрылыс материалдары», «Химия және қоршаған орта», «Экология» элективті курстары ішкі бейіндік мамандықтарды оқытуға қызмет етеді және жаратылыстану ғылымы бейініне ұсынылуы мүмкін. Элективті курстар саны бейін құрамында білім алушылармен анықталады және оқушылар таңдайтын курстардың үлкен болуы тиіс. Жобамен базалық білім алу, бейіндік пәндердің және элективті курстардың оқу жоспарындағы қатынасы 50:30:20 болып келеді.

Оқушы түрлі жалпы білім алу, бейіндік пәндер мен элективті курстардың жиынтығын таңдай отырып, өзіндік жеке тұлғалық білім алу траекториясын құрады, профессионалды түрде өзіндік анықталады.

Элективті курстар өзінде әлеуметтік және тұлғалық маңыздылықты және актуалдық қажет, ол профессионалды білім мен тұлғалық дамуға қажет. Олар базалық және бейіндік пәндерді қолқалап, игеру аймағын кеңейтуі қажет, ішкі бейіндік мамандықтарға жағдай жасауы қажет. Таңдау курстары дамытушылық потенциалын иемденуі қажет, әсіресе базалық жалпы білім пәндеріндегі алатын білімдерін кеңейту мақсатында әмбебап бейінді таңдаған оқушыларға тиісті. Сонымен қатар элективті курстар жалпы оқыту, интеллектуалды және профессионалды қабілеттерінің және негізгі хабардарлық білімдерінің дамуына септігін тигізуі қажет. Элективті курстардың мазмұнын таңдауда жоғарыда келтірілген талаптар негізгі болып табылады.

Элективті курстардың мазмұнын таңдауда олардың пәндік мазмұны базалық және бейіндік курстардың мазмұнымен бірлесуін есепке алу қажет. Сонымен қатар, элективті курстардың мазмұні ішкі бейіндік мамандықтарды оқытуға және болашақ мамандық үшін қабілет пен білімдердің қалыптасу ерекшеліктерін білдіреді.

Элективті курстардың оқыту әдістері мен түрлерін таңдау кезінде тәртіптік ара-қатынастарға көп көңіл бөлінуі тиіс, ол өз кезінде жан-жақты білімнің қалыптасуына септігін тигізеді.

Білім беру барысында проблемалық іздену және ғылыми сипаттарға көңіл бөлу қажет, ол оқушылардың белсенділігін арттырады, түрлі оқу-ақпараттық қайнар көздермен өзіндік жұмыс жасау үлесі көп болуы тиіс.

Элективті курстарды зерттеуден күтілетін нәтиже болып келесі сұрақтарға жауап беру болып табылады:

а) мектепте тұлғалық білім траекториясын құруға және болашақтағы жемісті профессионалдық мәнсаптың болуына қандай білім, дағды, тәжірибе алынады;

б) қандай қызмет түрлері игерілуі тиіс, қабылдау үшін қандай бағалықтар ұсынылады.

Әрбір курста білім алу нәтижесін анықтау қажет, олар мына түрде құрылуы мүмкін: «Оқушы білуі тиіс (хабардар болуы), дағдылануы, тәжірибелі болу». Әрбір элективті курстардың бағдарламасында оқушылардың жетістіктерінің деңгейін көрсету тиіс, және де жетістіктер деңгейін бақылайтын жүйе ойластыру қажет. Қатысушылардың қорытынды сынақ жұмыстарына бағалар балл бойынша да, сонымен қатар «сынақталды» не «сынақталмады» түрінде қойылуы мүмкін. Сонымен қатар элективті курстардағы жетістіктер параметрлері базалық пәндер талаптарымен сәйкестендірілуі маңызды.

Бейіндік оқыту жүйесінде элективті курстарды өткізу үшін оқыту-методикалық жинақ даярлау қажет, ол өзінде келесі элементтерді қамтуы тиіс: аннотация, бағдарлама, оқытушыларға методикалық ұсыныстар (сабақты құрастыру, хрестоматия), тақырыптық жоспар, қатысушыларға өзіндік жұмыс жасауға тапсырмалар. Бейіндік оқытуда методикалық қызметтің ұйымдастырылуы толық қамтамасыз етілмегендіктен, бейіндік пәндер мен элективті курстардың барлық түрлеріне жоғарыда келтірілген оқыту-методикалық жинақты құрастыру маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне әртүрлі сала ғалымдарынан авторлық коллективті тез арада құру қажет (бейіндердің ерекшеліктерін қамтамасыз ету үшін), және 10-11 (11-12) бейіндік мектеп кластарына методикалық жүйе құрастыру үшін методист ғалымдармен алдыңғы қатарлы оқытушылар құрамын құру қажет [9].

Бейіндік оқытуға көшу барысында алғашында методикалық көмек беру мақсатында педагогика ғылымдарының докторы Нуртаев Г.К мен РИПКСО профессоры Сарманов К.А мен элективті курсқа бағдарлама және «Практикалық химия» - атты оқулық дайындалды.


2) Химия пәнінен ұсынылатын элективті курстардың түрлері

Қазіргі кезде бейіналды курстардың нақты белгіленген типологиялары жоқ, көбінесе ғалымдар оларды үш типін ерекшелеп көрсетеді: пәнаралық, пәндік және бағдарлау.


1 кесте

Элективті курстың түрлері



Элективті курстың түрлері


Пәндік элективті курстар



Пәнаралық элективті курстар

Бейінді элективті курстар

Пәндік элективті курстар бір оқу құралының оқыту материалы негізінде құралған, пәнаралық – 2-3 пәннің оқу материалына, бағдарлық оқыту болса, оқушыны мамандық әлемінде өз орнын табуына, оған «Мен қандаймын? Мен нені қалаймын? Мен не істей аламын?» деген сұрақтарға жауап беруіне көмектеседі. Мұндай элективті курстарын іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі:



  • пәндік сынақтарды өткізу; оқушының бұл бағдарға қатысты мүмкіндіктеріне баға беру, таңдалған пәнді тереңдетілген деңгейде игеруге дайындығын анықтау;

  • бағдар іс-әрекетттерінің құрам бөліктерімен танысу;

  • базалық пәндік білімді кеңейтіп, толықтыру, таңдау бойынша емтиханға дайындалуына жағдай жасау;

  • оқушыларды берілген бағдарға сәйкес келетін іс-әрекет түрлерімен таныстыру.

Жоғарыда аталған курстарға қойылатын негізгі талаптардың бірі – олардың қысқа уақытта өткізілуі, ең тиімді ұзақтығы – бір тоқсан (8-18 сағ.).

Пәнаралық элективті курстар химия және басқа да жаратылыстану-ғылыми пәндердің: биология, физика, география, экология т.б.мазмұнды материалдары негізінде беріледі. Осындай курстар, мысалы: «Химия, физика және биологияның қиылыстары» (В.Р.Ильченко), «Химия және қоршаған орта» (Н.В.Ширшина), «Бейорганикалық заттардың ағзаның тіршілігіндегі ролі» (Г.А.Шипарева), «Космос химиясы» (В.Г.Денисова) және т.б.

Қызықты пәнаралық курстар химиядан алыс жатқан, мысалы, тарих, өнер, шет тілдері, әдебиет, экономика және т.б. пәндер материалдары негізінде құрылады. Мынадай курстарды мысалға келтіруге болады: «Химия, тарих, өнер: тоғысулар және әсерлесулер» (И.М.Титова), «Ағылшынша химия» (В.А.Кузьменко), «Химия – ғылыми фантастикалық шығармалардың негізі» (О.С.Габриелян), «Сарамандық жұмыс қанша тұрады?» (Т.Я.Деглина) және т.б. Бұл курстардағы мән берілетін нәрсе оқушыларға бейіндік емес пәндердің оқытылуы, соның ішінде химия гуманитарлық пәндер және экономика пәндерін жатқызуға болады. Мұндай курстарға көбіне химияға қызығатын емес, гуманитарлы пәндерге немесе экономикаға қызығатын оқушылар қатысады. Бұл жерде олар өздерінің сүйіп оқитын пәндерінен алған білімдерін қолдана отырып, дәстүрлі емес тәжәрибе алады, болашақ кәсіби деңгейдегі білімдері туралы мағлұматтарды толықтырады. Мұндай курстардың міндеттері:


  • оқушылардың білімін жаратылыстану математикалық бағытта жалғастыруына бейімдеу;

  • оқушылардың икемдерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту;

  • әлемнің интегративті бейнесін қалыптастыру.

Бейінді элективті курстар оқушылардың кәсіби бағытталуын және бейінді таңдаудағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Осындай курстардың жарқын мысалы ретінде «Өз жолыңды тап» (Г.К.Селевко), «Сенің кәсіби карьераң» (С.Н.Чистякова, О.Н.Павловская) сияқты және т.б. программалар болып табылады. Олардың алдына келесі міндеттер қойылады:

  • оқушылардың қазіргі заман мамандықтар әлеміне бейімделуі үшін негіз болуы;

  • типтік іс-әрекет түрлерімен іс-жүзінде танысу;

  • кәсіби сынақтарды ұйымдастыру.




  1. Элективті курстардың мазмұны бойынша жіктелуі

Бұл курстар таныстырушы сипатқа ие болғандықтан, қысқа уақытта өткізіледі және жиі ауыстырылып отырылады. Бір курстың ең тиімді ұзақтығы – бір тоқсан.

Ал мазмұны бойынша (сызба 2) элективті курстар былайша жіктеледі



ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ ТҮРЛЕРІ




Химияны тереңдетіп оқуға бағытталған жоғары деңгейдегі элективті курстар





Меңгеруге тиісті міндетті бағдарламаға кіретін негізгі химия курсының жеке тақырыптарын тереңдетіп оқытуға арналған жоғары деңгейдегі арнайы элективті курстар



Меңгеруге тиісті міндетті бағдарламаға кірмейтін негізгі химия курсының жеке тақырыптарын тереңдетіп оқытуға арналған жоғары деңгейдегі арнайы элективті курстар




Қатысушыларды химиялық білімді қабылдаудың қажетті жолдарымен және әдістерімен таныстыруға бағытталған элективті курстары





Түрлі химиялық есептерді шешудің әдістерін меңгеруге бағытталған элективті курстар




Сызба 2. Элективті курстардың мазмұны бойынша жіктелуі
Химия пәнінің мұғалімі ең алдымен пәндік элективті курстармен жұмыс жасауы қажет, сондықтан да дәл осы курстарға оқырман назарын аудару қажет. Әдістемелік әдебиеттерде мұндай курстар жеткілікті деңгейде ұсынылған және мазмұндары да кеңінен берілген.

Пәндік элективті курстарды негізгі мектеп үшін бірнеше түрге бөлуге болады. Тоғызыншы сыныптар арасында, оқу жылының басында алынған сұраулар бойынша білім берудің үш түрлі тобын бөліп көрсетуге болады.

Бірінші топты оқуын 10-сыныпта жалғастыратын қатысушылар құрайды, онда химия бейіндік пән болып табылады. Бұл топтарға жаратылыстану-ғылыми бағытта бейінді оқыту сыныптарындағы элективті курстар: «Химия пәнінен эксперименттік есептер шығару», «Бейорганикалық синтезге кіріспе», «Өндірісте бейорганикалық заттарды алу әдістері», «Квадрат жақшадағы қосылыстар» т.б. ұсынылады.

Екінші топты оқуларын оныншы сыныпта жалғастыратын және химия мұнда бейіндік емес болып саналатын оқушылар тобы құрайды. Оларға оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыратын курстар: «Химия тіршілікте», «Жарнама сюжетіндегі химия» т.б. элективті курстар ұсынылады.

Үшінші топты бастапқы және орта кәсіби білім жетілдіру ғимараттарында білімін жалғастырушы оқушылар құрайды. Бұл топқа химияның пәндермен және мамандықтармен байланыстыратын курстар ұсынылады. Олар кәсіби училищелер мен колледждерде оқытылады, мысалы: «Химик - лаборант мамандығымен танысу», «Материалтану және химия», «Агрономның химиялық құпиялары», «Автомобиль өндірісіндегі заттар және материалдар» және т.б. Мұндай типтегі курстарды пәндік - ориентациялық деп атауға да болады, себебі бір оқу пәнінің материалын қамти отыра оқушыларды мамандықтар әлемімен таныстырады.

Курстарды бұлайша жіктеу, оқушы кез келген элективті таңдай алмайды деген сөз емес. Бейіналды элективті курстардың мазмұны әр тоғызыншы сынып үшін қол жетімді болуы тиіс, ал оларды меңгеру не игеру оқушының өзіне байланысты. Бұл курстарды оқушы таңдауы бойынша жыл бойы оқу барысында өзгерте алады. Мысалы, оқу жылының басында оқушы 10-сыныпта оқимын деп, ал сонан соң ойын өзгертіп, білімін қандай да бір колледж немесе училищеде жалғастыра алады. Басқа да ситуациялық жағдайлар орын алуы мүмкін: оқу жылының басында оқушы колледжді таңдап, кейін келе ойынан айнып, білімін оныншы сыныпта жалғастыруын қалайды. Сондықтан да бейіналды оқытудың элективті курстары әр топқа бөлек берілуі және мемлекеттік стандартқа сүйене отырып басқа да материалдармен толықтырылуын қадағалау керек.

«Жалпы білім берудің жоғарғы деңгейіндегі бейіндік оқытудың концепциясына» сай, бейіналды элективті курстардың басты мақсаты – оқушыларды болашақ бейін және мамандық таңдауларына үйрету.

Бейіндік курстар, бейіналды курстарға қарағанда тереңірек және оқушылардың пәндік білімдерінің дамуына, оларды қорытынды аттестациялауға дайындау, болашақ мамандықты өз мүмкіндіктеріне сәйкес таңдауды үйрету.

Бейіндік мектептерде пәндік элективті курстар оқушылардың топтарына байланысты жіктеледі. Мұнда топтарға оқушылар алдын-ала бөлінгендіктен, элективті курстарды өткізу оңайырақ болады. Жоғарғы мектеп оқушыларына элективті курстар 3 топқа бөлініп оқытылады.

Бірінші топқа, химия пәні бейіндік болып табылатын бейіндік сыныптың оқушылары құрайды. Оларға келесі курстар ұсынылуы керек: «Термодинамиканың химиялық негіздері», «Аналитикалық (физикалық-коллоидтық) химияға кіріспе», «Нанохимияның бастауы» және т.б. Бұл курстар жоғарғы сынып оқушыларының химия ғылымдарының әртүрлі бағыттарына қызығушылығын арттыру үшін ғана емес, сонымен қатар ары қарайғы химиялық білім берудің мүмкін болатын бағыттарын демонстрациялау үшін қлданылады.

Екінші топқа – бейіндік емес сынып оқушылары (гуманитарлық, лингвистикалық және т.б.) жатады. Практиканың мәліметтері бойынша, екінші топтың оқушылары жүктемелерінің көп болуына байланысты химиядан элективті курстарды өте сирек таңдайды. Осының есебінен бұл оқушыларға бейіндік курстарды таңдау үшін және қорытынды емтиханға дайындық ретінде қосымша курстар ұсынылады. Мұндай курстар базалық және бейіндік деңгейде химиялық білім берудің стандарттарының арасындағы айырмашылықты толықтырады. Олар былайша аталуы мүмкін, мысалы: «Органикалық химиядан таңдамалы сұрақтар», «Жалпы және бейорганикалық химиядан таңдамалы сұрақтар», «Химия пәнінен емтиханға дайындық» т.б.

Үшінші топқа - әмбебап оқыту бағытындағы оқитын оқушылар жатады. Оларға бірінші және екінші топтың курстары ұсынылуы мүмкін және олардың болашақ кәсіби таңдауларын ескере отырып, мына төмендегіше курстар: «Химия және жеңіл өнеркәсіп», «Химия және шаштараздық өнер», «Химия және СМС» және т.б. ұсынылуы ықтимал.

Осы аталған үш курстың барлығына ортақ қолданбалы сипаттағы курстар таңдалып алынуы мүмкін: «Тағамдық қоспалар: пайдасы мен зияны», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Химия ас үйде» және т.б.

Элективті курстардың маңызы, ол оқушылардың проекциялық шығармашылығын арттыруға ықпал жасайды. Бұл дифференциалдық оқудың жоғары формасы, яғни оқытушы мен оқушының арнайы дайындығын қажет етеді. Берілген жағдайда мұғалім жетекші және кеңесші ретінде, ал оқушы (екі не үш оқушы) жеке проектіні жоспарлайды және орындайды.

Проекттер тақырыптары мұғалім мен оқушының қалауы бойынша таңдалынады. Мұнда мынадай жалпы тақырыптар кең тараған: «Химиялық элементтің ашылу тарихы», «Күнделікті өмірдегі заттар және материалдар», «Иістер химиясы», «Судың құрылымы, оның биологиялық активтілігінің негізі» және т.б.

Қазіргі жағдайда элективті курстардың көпшілігі әдістемелік бағдарлама және библиографиялық тізіммен берілген. Одан бөлек әдістемелік кеңестер мен жеке сабақтарды өтудің жоспарлары берілген. кітапханада оқулықтың болмауынан бұл мұғалімнің сабаққа дайындалуын едәуір қиынға соқтырады, және сабақ дайындығына көп уақыт жоғалтады [10].

Бейіналды дайындық мақсаттарына, бейіналды элективті курстардың міндеттері мен атқаратын қызметтеріне орай, оларды пән бойынша (сынаушы), пәнаралық және бейімдеуші деп үш жеке топқа бөлмей, бір-бірімен тығыз байланысты тұйық тізбек ретінде қарастыру жөн деп санаймыз. Пәндік элективті курстарды 8-ші сыныпта (бейіналды дайындықты ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде) пәнге деген қызығушылықты ояту үшін ұйымдастырған абзал. Ал 9-шы сыныпта – бейіналды дайындықтың соңғы сатысында – пәндік- бейімдеуші, яғни пәнге қатысты белгілі бір іс-әрекет түріне жаттықтырушы, біліктер қалыптастырушы практикалық бағытты курстар жүзеге асырылуы тиіс. Бұл курстарды пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асыру тиімді.
15 Лекция

Элективті курстардың бағдарламасы

Лекцияның жоспары


  1. Элективті және факультативті курстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері

  2. Элективті курстарға және олардың бағдарламаларына қойылатын жалпы талаптар

  3. Химиядан 11 сынып оқушыларына арналған «Тұрмыстық химия» элективті курсының бағдарламасы




  1. Элективті және факультативті курстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері

Таңдамалы пәндер шетел білім беру жүйесінде де қолданылған және қазір де қолданылуда. Кеңес мектептерінде де элективті дифференциация курстарын енгізу 1960 жылдары ұйымдастырылған (№710 мектеп). Бұл жылдары Мәскеуде «альтернативті сабақтар» жоғарғы, төмен сыныптарда өткізілген. Әр оқушы мұндай сабақтың біреуін немесе бірнешеуін таңдауы тиіс. Бұл сабақтардың басты мақсаты – төменгі сыныптардағы оқушылардың таным көзқарастарын арттыру керек болса, ал жоғарғы сыныптарда осы қызығушылық танымдарын қанағаттандыру болып табалады.

«Альтернативті сабақтар» кең тарамады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми – методикалық әдебиеттердегі элективті курстарды факультатив сабақтармен теңестіреді, ал ол 1966 жылдардан бастап тәжірибе жүзінде барлық елдерде ұйымдастырылған.

Элективті және факультативті курстарды салыстырып, қарастырып көрейік.

Бірінші кезекте екі курстың да мақсаттарының ұқсастықтары назар аудартады. Факультативтік курстардың мақсаты «білімді тереңдету, қызығушылықты арттыру, оқушының бейімделуін, кәсіби орнын табуына ықпал ету». Элективті курстардың айырмашылығы сол, ол әр курстың бағытына қарай нақтыланып таңдалынып отырады.

Факультативтік және элективті курстардың ұқсастығы, ол мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік қорытынды бақылаудың болмауы. Мемлекеттік стандарт бойынша оқу және оның қорытындысы бойынша қорытынды бақылау алынады. Одан бөлек, элективті курстардың автолары дәстүрлі бесбалдық жүйені сабақтарда қолданбауды ұсынады. Оқушылардың факультатив сабақтарында алынатын білімдері мен дағдылары дәстүрлі бағамен бағаланбауы тиіс екені бізге белгілі.

Мазмұнына байланысты факультатив сабақтар да, элективті курстар да оқушылардың оқу пәндерінен бөлек болуы тиіс және олардың көшірмесі болмауы керек. Бұл екі курстың да ұқсастығы, бұлар оқушылардың қызығушылықтары және қалауы бойынша таңдалып алынады.

Элективті және факультативті курстар несімен ерекшеленеді, айырмашылықтары қандай?

Факультативті курстар – бұл барлық оқушылар үшін міндетті емес оқу сабақтары екені белгілі, ал элективті курстар – 9-11 сыныптар үшін міндетті оқу компоненті болып табылады. Оларды оқушы өзі таңдап алады.

Факультатив және элективті курстардың тағы бір айырмашылығы – олардың уықытының әртүрлі ұзақтығында. Факультатив курстары әртүрлі бағдарламамен бір жылға жасалады (минимум 34 сағат). Элективті курстардың бір жылға созылуы сирек кездеседі, бұл бейіналды дайындық курстарына тән. Бұл курстарда бағдарламаларды барынша қамтып (6-8 ден 34 сағатқа дейін), бір-екі айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға созылады. Бұл түсінікті жағдай, өйткені 9-сынып оқушылары өздерінің ары қарайғы оқуларын жалғастыруды ойлау бағытында болғандықтан, олар өздерінің мүмкіндіктерін әртүрлі курстарда сыннан өткізуі керек. Бұл жерде оқушылар бір жарты жылдықта элективті курстардың басқасын таңдау мүмкіндігіне ие болуы керек, өйткені бұл жастағы оқушылардың таңдауы, қызығушылықтары тұрақсыз болады. Бейіндік оқытудың элективті курстарының уақыты ұзағырақ болуы мүмкін (68 сағатқа дейін). Осылайша, элективті курстар, факультатив сабақтарына қарағанда қысқы мерзімді болуы мүмкін.

Факультативті курстар, ережеге сай сабақ кестесінен тыс, 7-8 сабақ ретінде немесе сабақтан бос уақытта, мысалы, бес күндік жұмыс күні болатын болса сенбі күндері өтіледі. Ал элективті курстар базистік жоспарлардың компоненті ретінде сағат санына кіреді және басқа сабақтармен бірдей дәрежеде өтіледі. Бір сыныптың оқушыларына немесе параллель сыныптарға бір пәннен бір ғана факультатив ұсынылуы мүмкін. Бірақ элективті курстар барлық оқушылар таңдайтын болғандықтан және курстардың мерзімі әртүрлі болғандықтан, олардың саны көптеу болуы мүмкін. Нормативті құжаттарда және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі элективті курстардың артық көлемін ұсынудың қажет екендігі айтылады. Артық мөлшер таңдалып алынатын сабақ түріне байланысты болады. Сондықтан да бейінді дайындық пәніне 3-5 курс ұсынылуы абзал.

Осы айтылғандарды мына салыстырмалы кестеден көруге болады.
2 кесте

Элективті және факультативті курстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары




Факультативті курстар

Элективті курстар

Ұқсастықтары

Мақсаты: білімді тереңдету, қызығушылық, оқушылардың бейімделуін және дағдыларын жетілдіру. Олардың кәсіби таңдау жасауына ықпал ету.

Оқушылардың жеке қызығушылықтары негізінде өздері таңдайды

Мемлекеттік стандарттың болмауы

Айырмашылықтары

Оқушылардың бір бөлігі ғана таңдайды

Әр оқушы таңдау жасайды

Сабақтар оқу кестесінен тыс 7-8 сабақтарда өтіледі

Оқу кестесіне басқа да сабақтар сияқты енгізіледі

Қатысу міндетті емес

Қатысу міндетті

Мерзімі минимум 34 сағат. Сабақтар бір жыл бойына жоспарланады

Мерзімі 6-8 ден 72 сағатқа дейін, 1-2 айға, тоқсанға жарты жылдыққа есептелінуі мүмкін

Бір сабақтан бір курс ұсынылуы мүмкін

Әр пән бойынша артық мөлшерде курстар ұсынылуы мүмкін




  1. Элективті курстарға және олардың бағдарламаларына қойылатын жалпы талаптар

Бейіналды және бейіндік оқытудағы таңдамалы курстар келесі потенциалды мүмкіндіктерді пайдаланып, қатысушылардың білім алуына жағдай жасайды: негізгі және қосымша оқу әдебиеттерін , сонымен қатар басқа да мәліметтерді өз бетінше меңгеруге; қатысушылардың білім лауазымына оқу бейнефильмдері, электронды тесттер, телекоммуникациялық заттар арқылы информациялық қолдау; шығармашылық курстар, эвристикалық қорытынды жұмыс өткізу; адаптациялық жұмыс орнындағы әлеуметтік және профессионалды тәжірибе.

Таңдамалы курстарға қойылатын жалпы талаптар:



  • Ең басты қажетті талаптың бірі – толыққандылық. Таңдамалы курстар нақты білім беру аумағында барлық қамтылған бейін түрінде жан-жақты қарастырылып таныстырылуы тиіс;

  • Ұсынылған курс вариативті сипатта болуы қажет, яғни қатысушылар еркін түрде өзіне ұнаған курсын таңдау үшін, әрбір бейін түрінен олардың саны артық болуы керек;

  • Сонымен қатар курстың мазмұны қызықтырарлықтай болуы тиіс. Әрине бұл деп отырғанымыз, курсты шоуға айналдыру емес, бірақ ғылыми мазмұнға ие материалдар қатысушыларды қажеттілігімен, табиғилығымен, ерекшелігімен қызықтыруы қажет;

  • Курсты өту уақыты ұзақ болмауы керек. 8-16 сағаттан аспағаны жөн;

  • Таңдамалы курс бағдарламасын дайындау және сабақты жүргізу жоғары квалификациялы оқытушы кадрлармен қамтамасыз етілуі тиіс;

  • Таңдамалы курс негізіндегі оқу сабақтары жоғары деңгейде өткізілуі қажет;

  • Келесі оқу жылында ұсынылатын курс және берілетін білім жүйесі жайында мәлімет бере алу үшін, таңдамалы курстарды қатысушыларға оқу жылының соңында ұсынған жөн [12].

Элективті курстың бағдарламасы бірқатар талаптарға сай келуі тиіс. Бағдарлама оқулықтардың көмегімен логикалық түрде құрылымдай салатын зат емес. Ол – көпжылдық еңбек пен білімнің нәтижесі. Бағдарлама жай қағаз түрінде болмайды және болмауы тиіс. Бағдарламаны құру – аса күрделі, жауапкершілігі мол ғылыми жұмыс. Соның көмегімен мұғалім білім деңгейін көтеріп, ойын толықтырады.

Бағдарлама оқу процесінде маңызды қызмет атқарады: 1) жоспарлау; 2) бақылау; 3) ғылыми.

Негізгі мектеп үшін таңдамалы курстардың және орта мектеп үшін элективті курстардың құрылымдары ұқсас:


  • титул парағы;

  • түсіндірме хат;

  • мазмұн;

  • оқу материалын жоспарлау;

  • әдістемелік кеңестер;

  • әдебиеттер тізімі.

Элективті курс бағдарламасының элементтеріне қойылатын шарттардың әрқайсына тоқталайық:

Титул парағы, ұйым туралы мағлұматтар жиынын құрайды, онда курстың жоспары жасалған. Титул парағы өзіне мыналарды қамтиды:



  • білім беру ғимаратының аты;

  • бағдарламаны кім және қашан жасағаны туралы мағлұмат;

  • элективті курстың аталуы;

  • бағдарлама есептелген сынып;

  • бағдарламаны жасаған адамның аты-жөні және лауазымы;

  • қаланың аты;

  • бағдарлама жоспары жасалған жыл.

Түсіндірме хат, келесі ақпаратты қамтуы тиіс:

- берілген элективті курстың мақсаттары мен бағалылығы;

- оқу және оқудан тыс жұмыстардың байланысын ескере отырып, мазмұнның құрылымын жасау және іріктеу;

- оқу процесінің жалпы сипаттамасы, ұсынылатын әдістер, формалар және оқыту құралдары.

- бағдарлама мәтініне техникалық түсіндірмелер жасау, яғни шартты белгілерді сипаттайтын болу керек.

Түсіндірме хаттың көлемі аз болуы керек, мұнда берілген элективті курс туралы мұғалім және оқушы толық мағлұмат білу үшін ақпараттар жиыны болуы керек. Мына түсіндірме хатты мысалға алайық:

«Өмір химиясы» атты элективті курсы орта (толық) мектептегі бейіндік деңгейде химия және биология курстарын оқитын оқушыларға арналған.

Химия курсындағы биологиялық маңызды заттардың және жалпы биология курсында «Жасуша» бөлімін оқытуда алынған білімдерін жетілдіру, жүйелеу бұл курстың негізгі мақсаты болып табылады. Берілген элективті курстың мазмұны осымен түсіндіріледі.

«Өмір химиясы» атты элективті курсты оқытудағы маңызды танымдық, дүниетанымдық идеяларына қоршаған ортаны танып-білу, материя қозғалысының биологиялық және химиялық түрлерінің өзара байланыстылығын түсіндіру жатады.

Берілген курсты жүзеге асыру үшін таңдап алынған әдістер, ұйымдастыру түрлері орта мектептегі оқыту әдістері және ұйымдастыру түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Алайда оқытудың формаларын және әдістерін таңдауда, мазмұнның биология және химия пәндері бойынша бейіндік деңгейде оқитын оқушыларға белгілі екенін ескеруіміз қажет. Бұл мұғалімге оқушылардың жеке танымдық шығармашылығының үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Мұны семинар түріндегі сабақтарда, (мысалы кіріспе, 1-3 тақырыптардың сұрақтарын қарастырғанда) диспуттерді (мысалы, қорытынды сабақтарда). Қажетті ақпараттардың көзі ретінде жалпы білім беретін орта мектептердегі биология және органикалық химия бейінін оқытудағы оқулықтар болуы мүмкін. Бұдан бөлек оқу құралдары, ғылыми-ақпараттық басылымдар, жалпы ақпарат құралдарының хабарламалары.

Элективті курс бағдарламасының практикалық бөліміне басты назар аудару қажет. Практикалық сабақтардың келтірілген тематикасы мысал ретінде қарастырылған және мұғалімнің жұмыс жасауының нақты шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін. Жалпы білім беретін орынның, оқушылардың қызығушылықтарына және мұғалім танымы мен қызығушылықтарына байланысты да өзгеріс енуі мүмкін. Мұнда берілген оқу құралында және оқушыларға арналған әдістемелік нұсқауларда, «Өмір химиясы» атты элективті курсы үшін практикалық сабақтардың мазмұндары берілген.

Оқудың кейбір жетістіктеріне жету үшін мыналар қажет:



  • ақпарат көзі ретінде бірнеше әдебиеттер, соның ішінде интернетті де пайдаланып рефераттық жұмыстар орындау;

  • алынған білімді компьютерлік техника көмегімен визуалдау (Power Point презентациялары, Macromedia Flash анимациялық роликтері, веб-беттер және т.б.).

Айтылған форма түрлері оқушылардың шығармашылықтарының өнімдері болғандықтан, оларды бағалау кезінде олардың пәндік құрылымын ғана емес, яғни олар бұл мәліметтерді көптеген әдебиеттерді пайдаланып алатындықтан, ол тапсырманы орындаудағы басты мақсаттары мен мазмұнының сәйкестігіне де назар аудару қажет.

Мұндағы оқушы мен мұғалім үшін қойылған мақсаттар әртүрлі екендігіне назар аударайық. Оқушының алдына мақсат қоюы – элективті курстың жарнамасы деуге де болады. Мысалы:

Мен «Тірі және өлі табиғаттағы ерітінділер» элективті курсын ерітінділер туралы теориялық білімді толықтыру үшін ғана емес, және де мыналарды білу үшін:


  • заттар ерігенде не байқалатынын;

  • неге бір заттар суда жақсы ериді, енді біреулері мүлде ерімейді;

  • сағыздың ауыз қуысындағы қышқылдық-негіздік балансты қалай қалпына келтіретіндігі;

  • татуировкадан қалай құтылуға болады...

түсіну үшін

  • мен үшін ауаның және су қоймалардың ластануы несімен қауіпті екендігі;

  • неліктен бір литр су мен бір литр этил спиртінен екі литр ерітінді алынбайтындығын;

  • неге сутегінің асқын тотығы қанды тоқтатады;

  • су тасты қалай қайрайды...

үйрену үшін

  • заттарды уақытты және күшті аз жұмсап ерітуді;

  • әртүрлі заттардың ерітінділерімен жұмыс жасай алуы;

  • өзімнің болашақ балаларым үшін суды қалай сақтау керек екендігін;

  • ерітінділердің тек сұйық күйінде емес, газ тәрізді және қатты бола алатындығын түсіндіру;

  • жарнамалы хабарландыруларда және телевизиондық роликтердегі жалған ақпараттарды тани алуы...

Негізгі мектеп үшін таңдамалы курстардың және орта (толық) мектеп үшін элективті курстардың мазмұндары бір сызбанұсқада өрнектеледі. Онда уақытты әр сағатқа бөлу және тақырыптардың рефераттық мазмұндары берілген. Алайда әртүрлі бағдарламалардағы бұл бөлімнің толықтырылуы әртүрлі болады, өйткені негізгі мектептегі таңдамалы курстар мен орта мектептегі элективті курстар мазмұндары бойынша ерекшеленеді.

9-сыныптың таңдамалы курсының мазмұны оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуы және олардың оқу сарынын жетілдіру керек. Бұл оқушылардың орта мектептегі бейіндік оқыту түрін таңдауына көмектеседі.

Курстың мазмұны мынадай болуы мүмкін:


  1. базалық оқу пәнінің қандай да бір бөлімінің кеңейтілген, тереңдетілген нұсқасы («Мұхиттар», «Халықаралық қатынастар», «Механика» және т.б.);

  2. берілген пәнмен қоса жүретін ғылым немесе мамандыққа кіріспе (астрономия, археология, журналистика және т.б.);

  3. бір немесе бірнеше пәндердің әртүрлі бөлімдерінің байланыстылығы.

Бұл курс тек бір шығармашылыққа негізделген болса (физикадағы, химия, биологиядағы тәжірибелер, ақпараттың негізгі көздерімен жұмыс) және жалпылаудың анықталған бір түріне бағдарланып жасалса жүзеге асады.

Жоғарғы сыныптағы элективті курстардың мазмұны оның типіне байланысты. Өздеріңіз білетіндей, элективті курстар пәндік және пәнаралық болып бөлінеді. Пәндік элективті курстарды бірнеше топқа бөлуге болады:



  1. Жетілдірілген деңгейдегі курстар, бұл әртүрлі оқу пәнін бағыттау және тереңдетуге арналған курс (бұл элективті курсты таңдағанда пәнді бейіндік ғана емес, тереңдетілген деңгейде оқу жүзеге асады);

  2. Берілген бағдарламаларда міндетті деп саналатын пәндердің жеке бөлімдерін тереңдетіп оқитын курстары;

  3. Міндетті бағдарламаларға кірмейтін пәннің жеке бөлімдерінің тереңдетіліп оқытылуы;

  4. Қолданбалы элективті курстар, мұнда оқушыларды алынған білімдерін практикада қолдану жолдарымен және әдістерімен таныстыру, олардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылықтарын арттыру жүзеге асады;

  5. Табиғат тануды оқытудың әдістеріне арналған курстар;

  6. Ғылым, техника, өнер, аңыз тарихы туралы курстар;

  7. Әртүрлі есептерді шығару әдістерін оқыту курстары (математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық т.б.), физикалық, химиялық, биологиялық эксперимент негізінде есептер құрастыру және шешімін табу.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспары қамтиды:

  • бөлім тақырыбы;

  • әр тақырыпты меңгеруге кететін сағат саны;

  • білім беру түрі.

Әдістемелік нұсқаулар, элективті курстардың бағдарламалық міндетті емес бөлігі болып табылады және олар қысқа мазмұнды болып келеді. Оған кіретіндер:

  • әр бөлім немесе тақырып бойынша маңызда компонент мазмұны;

  • қабылдау және білім беру, тәрбиелеу процесі организациясының сипаты, білім беру формасы;

  • дидактикалық материалдар.

Элективті курстардың бағдарламаларымен жұмыс жасау барысында мұғалімдерге қойылатын шарттарға емес, осы әдістемелік ұсыныстарға назар аударған жөн.

Ұсынылатын әдебиеттер, бағдарламаның соңында біріңғай тізім немесе мұғалім мен оқушы үшін бөлек берілуі мүмкін. Мұндай тізімді құрастыру үшін, ол әдебиеттердің мектепте жан-жақтылығына мән беру керек. Мұғалім немесе оқушының, аз тиражымен басылып шыққан XX ғ. 50 жылдары жарық көрген әдебиетті табуы қиынға соғуы анық.

Дәстүрлі оқу курстарының бағдарламаларына оқушының дайындық деңгейіне байланысты шарттар және бағалау мен оқушы іс-әрекетін бақылауға арналған ұсыныстар енеді.

Элективті курс сабақтарын ұйымдастыру кезінде оқытудың тек дәстүрлі әдістерін қолдану жеткіліксіз, қазіргі заман білім беру жүйелері мен оқыту технологиялары қажет екендігі бүгінгі күні баршаға мәлім.

Бейінді элективті курс әдістемесін жасау кезінде, оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерінің ашылуына, олардың өздігінен жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінді. Сабақта оқушыларға базалық курстан таныс сұрақтар қолданылып, оларды толықтырып, тереңдету арқылы білімдерін кеңейту мәселесіне баса көңіл аударылды. Оқушылардың оқуға деген жағымды мотивациясын тудыру үшін терең ой толғаныстарын қажет етпейтін материалдарды қолданып, логикалық ойларын дамытып, салыстырмалы түрде жауап беруге итермелейтін материалдарды пайдаланудың тиімділігі педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәлелденді. Көздеген нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін күрделілігі әртүрлі материалдар мен тапсырмалар қолданылып отырды.

Курс мазмұнын меңгерту барысында оқушыларға үнемі проблемалық сұрақтар қою және өзіндік жұмыстар орындату жағына баса көңіл бөлінді. Проблемалық жағдаяттарда сұрақтарға жауап іздеу арқылы оқушылардың осы саладағы қазіргі заманның басты мәселелерімен танысып, көзқарастары кеңейюі негізінде оқытудың тәрбиелеуші потенциалы жоғарылады. Оқу мотивациясы күшейіп, «химия» саласынан өз қабілеттерін тексеру мүмкіндігі артты.


3)Химиядан 11 сынып оқушыларына арналған «Тұрмыстық химия» элективті курсының бағдарламасы
Түсінік хат

«Тұрмыстық химия» элективті курсы негізгі мектептің 11 сынып қатысушыларына арналған және 17 сағатқа есептелген. Оқытылатын тақырыптар күнделікті қоршаған өмірден алынған, олар тура мысалдармен қатысушыларға экономикалық және экологиялық тәрбие беріп, химияның жеткен жетістіктері мен тұрмыстағы химизация проблемаларымен таныстырады. Бағдарлама теориялық материалдармен қоса практикалық сабақтарды да қамтиды. Практикалық ізденістерге шамамен жарты сағаты жұмсалады. Қатысушылардың пәнге деген қызуғышылығын және танымдық белсенділіктерін арттыру үшін жасалатын жұмыстар қарапайым үй жағдайында қайталауға арналған. Қатысушылар химиялық заттардың тұрмыста және күнделікті өмірде қолданылуын жетік білу мақсатында әр сабақта химиядан қажетті ақпараттар мөлшерін кеңейтіп отырады.

Курстың мақсаты. Оқушылардың химияға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін негіздеу, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға химиялық тұрғыдан көзқарас қалыптастыру және алдағы уақытта мамандығын дұрыс таңдай білуіне көмектесу.

Оқыту түрі. Әңгіме, қосымша әдебиеттермен жұмыс, лабораториялық жұмыстар, экскурсия, семинар, өзіндік жұмыстар

Бақылау түрі. Реферат қорғау, іскерлік ойындар, проектілер қорғау, лабораториялық жұмыстарды қорытындылау
Элективті курсты өту барысында қатысушылар

білуі қажет:

•тұрмыстағы химиялық заттарды қолдану ережесін, тұрмыстағы химиялық заттармен уланып немесе күйіп қалған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережесін;

•минералды сулардың шығу тегін, алу жолдарын және емдік қасиеттерін;

•тұрмыста қолданылатын қайнатылған тұздың, ас содасының және басқа да тұздардың қасиетін, таралуын және қолданылуын;

•сырлауға арналған материалдармен, жууға арналған және косметикалық заттармен, парфюмериялармен жұмыс істеу ережесін;

•тамақтың химиялық құрамын, дұрыс дайындау ережесі мен сақтау ережесін;

•дәрілік препараттарды қолдану ережелерін, тұрғылықты жеріміздегі дәрілік өсімдіктердің түрлері мен қолданылуын.


жасай алулары қажет:

•тұрмыстық химиялық заттармен жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;

•судың құрамы мен қасиеті жайындағы білімге сүйене отырып, ас тұзының, ас содасының, калий перманганатының, нашатыр спиртінің қандай жағдайда және не үшін қолданылатынын түсіндіру;

•тұрмыстық химикаттарды олардың нұсқаулығы бойынша қолдану;

•порфюмериялық және косметикалық тауарларды өздерінің индивидуальді ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс қолдану;

•астық тағамдары мен консервілерді дұрыс дайындау және сақтау;

•дәрілік препараттарды дұрыс қолдану және оларды табиғи компоненттерден дайындай білу (дәрілік өсімдіктерден).

Әр тақырыптың және тараудың соңында нәтиже қорытындысын тек оқытушы ғана емес, сонымен қатар оқушылар да шығара алады (қатысушылардың өзін-өзі бағалау).

Курс мазмұны


Тақырыптары

Сағат саны

Сабақтың түрі

Кіріспе

1

Дәріс

I. Химия ас үйде

3

Дәрістер, семинарлар, практикалық және лабораториялық жұмыстар

II. Химия дәріханада

4

Дәрістер, семинарлар, практикалық және лабораториялық жұмыстар

III. Химия және тазалық

2

Дәрістер, семинарлар, практикалық және лабораториялық жұмыстар

IV. Химия және сұлулық

3

Дәрістер, семинарлар, , практикалық және лабораториялық жұмыстар, әңгімелесу

V. Химия және өнеркәсіп

2

Дәрістер, семинарлар,

лабораториялық жұмыстар



VI. Қорытынды

2

Рефераттар дайындау, іскерлік ойындар, проектілерді қорғау

Күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Қорытынды

1

Дәріс «Қоршаған ортадағы химия-тұрмыс химиясы. Техника қауіпсіздігінің ережесі»

I. Химия ас үйде

2

Дәріс «Тағамның химиялық құрамы. Ақуыз, май және көмірсулардың тағамдық бағалығы. Минералды заттар: макро- және микроэлементтер»

3

Практикалық жұмыс «Астық тағамдардағы ақуыз, май және көмірсуларды анықтау»
«Балмұздақпен тәжірибе»

«Шоколадпен тәжірибе»



4

Шай, кофе. Тамақтану гигиенасы

Лабораториялық жұмыс «Возгонка әдісімен шайдан кофеиннің алынуы»



II. Химия дәріханада

5

Дәріс «Химия және медицина. Дәрілік препараттар, оларды қолданудағы проблемалық жағдайлар»

6

Практикалық жұмыс «Дәрілік препараттармен химиялық тәжірибелер»
«Фараон жыланы»

«Бриллиант көгімен тәжірибе»

«Бор қышқылына сапалық реакция»

«Отсыз түтін»



7

Дәріс «Йод: ашылу тарихы, қасиеттері, биологиялық ролі, физиологиялық әсері»

Лабораториялық жұмыс «Йод буының алынуы»



8

Дәріс «Наркомания және таксикоманияның адам денсаулығына әсері. Темекінің адам өміріне тигізер зияндылығы»
Лабораториялық жұмыс «Темекі түтіні құрамындағы ауыр металдар иондарын анықтау»

III. Химия және тазалық

9

Дәріс «Кір жуатын заттарды таңдау. Кір жуатын машиналарды пайдалану»

Лабораториялық жұмыс «Сабын дайындау және онымен тәжірибе жасау»



10

Дәріс «Ағартқыш заттар. Жиһаздарды күту. Ыдыс тазалығы және оларды жуатын препараттарды таңдай білу»

IV. Химия және сұлулық

11

Дәріс «Косметика және порфюмерия. Дене гигиенасы»

12

Дәріс «Қолды, бетті тұрмыс химиясының препараттарымен күту. Шаш күтімі, сусабындарды дұрыс таңдай білу»

13

Практикалық сабақ «Шаштаразшымен және косметологпен сабақ»

V. Химия және жеңіл өнеркәсіп

14

Дәріс «Бояуға арналған материалдар, мата мен киімді бояу»

15

Дәріс «Желім. Оның түрлері»
Лабораториялық жұмыс «Резиналық сағыздың қаситеті»

VI. Қорытынды бақылау

16-17

Рефераттар мен проектілерді, іскерлік ойындарды тапсыру. Бақылау жұмысын алу.


Реферат (проектілердің) тақырыптары

  1. Ас тұзы: қолдаймыз және қарсымыз

  2. Жасанды тағамдар

  3. Сүтті тағамдардың құрамы және пайдасы

  4. Ароматты заттар

  5. Медицинадағы полимерлер

  6. Тұрмыс химиясының препараттарымен улану

  7. Шашқа қандай бояуды қолданған дұрыс?

  8. Аяқ киімді және сырт киімдерді күту

  9. Желім және оның түрлері

  10. Бал – адам организміндегі орны


Пайдаланған әдебиеттердің тізімі

  1. Пархоменко М. 12–летка.Шаги эксперимента/М.Пархоменко// Казакстанская правда-2009-25марта.- С5

  2. Концепция профильного обучения на старшей ступени общего образования [Текст] // Официальные документы в образовании. – 2002. – №27. – с. 3–12.

  3. Негізгі мектеп оқушыларын бағдарлы оқытуға көшіру кезінде қолданылатын диагностикалық аппарат // «Педагогикалық оқу орындарында құзіреттілік тұрғыдан білім беруді жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Орал, 2007. 193–196 бб. ( Болатова А.Ж. авторлық бірлестікте).

  4. Артюхова, И.С. Проблема выбора профиля обучения в старшей школе [Текст] / И.С. Артюхова. // Педагогика. – 2004. – №2. – с. 28–33

  5. Элективные курсы для предпрофильной подготовки учащихся в 8-9 классах. 2-е изд.- М.:Глобус, 2007.-206с.

  6. «Химия адам өмірінде» элективті курсының бағдарламасы // «Шоқан тағылымы–12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2007. – 346–349 бб. (Шоқыбаев Ж.Ә., Болатова А.Ж. авторлық бірлестікте).

  7. Бағдаралды дайындық мәселесін шешу жолдары // Химия мектепте. – 2008. – №2. – 8–11 бб. (Шоқыбаев Ж.Ә., Болатова А.Ж. авторлық бірлестікте).

  8. Оқытудың дифференциациясы – бағдарлы оқытудың негізгі мәселелерінің бірі // Қазақстан мектебі. – 2009. – №1, – 34 – 36 бб.

  9. Арынов Х. Реформа образования отличается социальной направленностью / Арынов Х// Учитель Казахстана-2004.29 апреля.-С2

  10. Жадрина М. 12 жылдық оқуға өтудің мәселелері мен шарттары. Алматы: Бастауыш мектеп. 2002. №4. 5-7 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет