Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері
12 жыл ҚН негіздері лекция
Кестеден көрініп тұрғандай қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының базалық компоненттерінің айырмашылықтары бар. Атап айтқанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген. Ал, жаратылыстану-математикалық ба-ғыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жос- парын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген, яғни мүнда "Өнер" блогы және осы блок негізінде оқытыла-тын өнер пәні жоқ. Жоғарыдағы оқу қүралдарындағы жаратылыстану-матема-тикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарлары зерделенген соң, сыныптың нақты бағдарын анықтау керек. III. Сыныптың бағдарын немесе бағдарларын анықтау дегеніміз оқушылардың білім алу бағытын ары қарай тарыл-тудың, нақтылаудың, жүйелеудің 2-ші кезеңін жузеге асыру дегенді білдіреді. Егер сынып қоғамдық-гуманитарлық бейімдеп оқыта-тын болса, лингвистикалық, филологиялық, филология-тарихи, тарихи-құқықтық, тарихи-қоғамдық ж.т.б. бағдар-лардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін. Егер сынып жаратылыстану-математикалық пәндерді бейімдеп оқытатын болса, онда сынып математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, фи-зика-технологиялық, биология-химиялық, география-био-логиялық, биология-экологиялық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.
жүктеу/скачать 0,9 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |