Лекцияның жоспары Неге бейімді - бағдарлы оку жүйесіне көшуіміз керек?
Жалпы, бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз не?
3)Бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек?
1)Неге бейімді - бағдарлы оку жүйесіне көшуіміз керек?
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы бойынша бекітілген "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналган Мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің III сатысы бейімді - бағдарлы оқыту жағдайына көшпек. Және де бұл мәселе, кейін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшкенде емес, 11 жылдық білім беру аясында 2006-2007 оқу жылынан бастап іс жүзіне асырылмақ.
Кез-келген жаңа нәрсені толық түсіну, оны жүзеге асыру барысында бүған дейінгі тәжірибелерден байқағанымыздай мәселені басқаша түсіну немесе дағдылы жағдайдан шыққысы келмеу сияқты жағдайлардың болатыны сөзсіз. Оның үстіне аталған маңызды мәселе жайлы қазақ тілінде ақпараттың тым мардымсыз болуы (ресми қүжаттардан басқа, бейінді оқытуды методологиялық, педагогика-психологиялық, әлеуметтік-социологиялық тұрғыдан талқылаған мақалалар немесе іргелі еңбектер бұл күнге дейін көпшілік талқысына ұсынылған жоқ да бұл жағдайға өз көлеңкесін түсруде. Осы жағдайларды ескере отырып аталған мемлекеттік мәселе жайлы өз білгенімді, тұжырымдамаларымды көпшілік талқысына салып отырмын.