Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет7/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

Бақылау сұрақтары

3 Лекция

Лекцияның жоспары:


  1. Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері

  2. Бейіндік оқытудың жүйесі

3)Бейіндендірудің мектепішілік және сырттай формалары

1) Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері

Қазіргі заман жағдайында маманды еңбек нарығы қалыптастырады. Ең бастысы өз бетінше шешім қабылдай білу, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттері негізгі құндылық болып табылады. Мектептің жоғарғы сатысын жаңартудағы басты идея білім беру дараландырылу, функционалды және тиімді болу қажет. Ол мектептің жоғарғы сатысына қатысты білім беруді өзгерту стратегияларының басты мәнін анықтайды және осы стратегиялардың негізгі ұстанымдары мыналар:

- өзінің құқығы мен міндеттерін анық сезінетін, бүгінгі күннің мүмкіндігі мен шикізатының шамасын білетін, әлеуметтік кеңістікте таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;

- біртіндеп бағдарды білім, білік және дағдылар жүйесінен оқушының түрлі жағдайларда мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функциональді және негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау;

- оқушының білім беру траекториясын дараландыру, оқушының танымдық зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту.

Жоғарғы мектептегі бейіндік оқытудың басым бағыттарының бірі бейіндік оқытуды енгізу оқушылардың жеке білім алу сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бейіндік білім беру - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануы жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқу әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды енгізудегі басты мақсат - оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу. Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.

Бейіндік білім беруге көшу кезінде мынадай міндеттер жүзеге асырылады:

- жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену үрдісіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді терең оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- мектепте білім беру үрдісінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;

- білім беру мазмұнын жаңарту және оның әрекеттік құрама бөлігін (жобалау-зерттеу және коммуникативтік біліктерді игеру) күшейту негізінде білім алу үдерісінің практикалық бағдарлануын іске асыру;

- оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.

Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысындағы бейіндік оқытуға көшуге жағдай жасау үш бағытта жұмыс жүргізуді көрсетеді:

- ұйымдастыру жағдайын жасау;

- бейіндік оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық кадрларды даярлау;

- бейіндік оқытудың әдістемелік базасын қалыптастыру.

Бейіндік оқыту ҚР жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады. Білім беруді бейіндендіру алған терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлауға қабілетті, өзін-өзі таныта алатын, дамыта алатын және жылдам өзгермелі әлем жағдайында өз бетімен адамгершілік-жауапты, дұрыс шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаттарына жетуге бағытталған.

11-12-ші сыныптарда білім беру үрдісіне қойылған мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру мынандай ұстанымдар бойынша құрылады:

- білім беру үрдісіндегі тұлғалық-бағдарлы, әрекеттік, құзыреттілік және денсаулық сақтау тәсілдерін жүзеге асыру;

- өзара байланысты әрекеттерді және мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын мақсатты ұйымдастыру;

- оқушының өз әрекетінің бейіндік бағытына қатысты өзін-өзі анықтауы;

- оқу әрекетінің формаларын дараландыру, өнімсіз және өнімді әрекеттерді сәйкестендіру, оқытудың белсенді әдістері мен жеке жұмыс әдістерін тұрақты қолдану;

- оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағдарлау, оқу жобаларын негізгі құзыреттіліктерді дамыту мен қалыптастырудағы қол жеткізген нәтижелерді көрсету тәсілі ретінде міндетті түрде орындау;

- оқушының өзінің оқу әрекеті мен оның нәтижесіне өзіндік талдау жасауға, өзіндік бағалауға жағдай жасау;

- білім беру мазмұнының практикалық бағыттылығы, вариативтілігі, саралануының құралы – жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі танытуы және кәсіби өзін-өзі анықтауы.

Көрсетілген ұстанымдарды іске асыруда төмендегі педагогикалық құралдар, оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары мен оның нәтижесін бағалау қолданылуы тиіс:

- қазіргі жоғарғы сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыратын, негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпал ететін ақпараттық және педагогикалық технологиялар;

- жасөспірім жасына біршама сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастыру формалары (лекция, семинар сабақтары, әңгімелесу, практикум, сынақ, оқу-зерттеушілік, жобалау-шеберлік, топтық және жеке оқу сабақтары, кеңес алу т.б);

- оқу үрдісін оқушының жеке білім алу траекториясын қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларының құрылымдық негізінде модулін құру;

- оқушының орта жоғары кәсіби білім алу икемделуіне қажетті, зерттеушілік және оқу-жобалау білігін дамыту мен игеру мүмкіндігін туғызатын жобалау тәсілі;

- оқушының жеке пәндер бойынша білімін диагностикалау ғана емес, оның алынған нәтижелерді өзіндік талдауы, өзіндік бағалауы, қорытынды жасауы, жеке білім алу траекториясының ерекшелігі байқалатын оқу жетістіктерін бағалау әдістері (портфолио, жобаның тұсау кесері ж.т.б);

- мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін мұғалім мен оқушының түзету жұмыстары негізінде мониторинг жүргізу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет