12 жылдық білім беру жүйесінің негізі – бейіндеп оқыту
Лекцияның жоспары
Мектептің 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуі және ондағы химияның орны
2) Бейінді оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы
3) Бейіналды даярлықтың мақсаты мен міндеттері
1) Мектептің 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуі және ондағы химияның орны
Жаңа мың жылдықтың басында мектепте білім беруді тағы да бір жылға ұзарту жөніндегі сұрақтар талқылана бастады. Дамыған елдердің, АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай елдерінің білім беру жүйелері модельдерін алып қарайтын болсақ, бұл елдерде негізінен 5 немесе 6 жылдық бастауыш білім, 3 немесе 4 жылдық орта білім және 3 жылдық бағдарлы немесе кәсіптік білім беру моделі қабылданған. Орта білім берудің осындай модельдерінде 6 жастан мектепке баратын балалардың психологиялық-физиологиялық өсу ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, 9 жылда жалпы орта білім беруді аяқтауға болатындығы ойластырылып және соңғы 3 жылда заман талабына сай жақсы кәсіптік-техникалық білім беріп, 18 жасқа толған жастардың еңбекке еркін араласуларына, яғни олардың қалаған кәсіптерін толық игеріп, өз беттерінше еңбек ету мүмкіндіктеріне ие болуларына жағдай жасау қажеттілігі негізінде қабылданған. Сонымен бірге, жастардың келешекте өз білімдерін жалғастыруларына мүмкіндіктерінің болуы да ойластырылған. Ал тек терең университеттік білім алғысы келетін жастарға, сол ғылым бағыты бойынша соңғы 3 жылда жақсы бағдарлы білім берілуі керектігі ескеріліп, жүзеге асырылған.
12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына мүмкіндік береді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу; оқушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді. Оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау.
Қазақстан Республикасында 2005-2012 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және отандық 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында бейінді оқытудың үш бағыты анықталған: оның біріншісі, жаратылыстану-математикалық, екіншісі, әлеуметтік-гуманитарлық, үшіншісі, технологиялық. Бұл бағыттардың мазмұны арнаулы бейіндік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушысының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мектеп желісінің ерекшеліктеріне және кадрлық құрамына қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық – баланың тек қана білім алып ғана қоймай, бейіні мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының танымдық қабілетінің деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін арттырып, ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын дәрежеге қол жеткізеді. Бұл үрдіс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкеледі. Әрине, бұл құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етері сөзсіз. Дегенмен әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты, бұл да өз шешімін береді деген үміт үлкен.
12 жылдық мектептің 11-12 сыныптарында бағдарлы және кәсіптік білім беру қарастырылған. Бірақ бұл жан-жақты ойластырылмаған, өте күрделі мәселе.
12 жылдық мектептің мазмұны бойынша білім берудің басқа барлық сатыларының, тіпті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны да міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Бұл жұмысты атқару үшін ғылыми және білім беру мекемелері, оқытушылар мен әдіскерлер жұмылдырылады.
Жалпы 12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің бірқатар себептері болды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау. XX ғ. соңғы онжылдығында оқу уақытының ұзақтығы қатысушылардың денсаулығына біршама ауырлықтар әкелді. Содан оқу материалының бұрынғы көлемін сақтап, пән бойынша оқу сағатының санын азайту, үйге берілетін тапсырмалардың көбейіп, оқушылардың тез шаршауына әкеліп соқтырды.
Концепция авторларының пікірінше міндетті 10-жылдық және толық 12-жылдық орта мектепке көшу, резервті пайда болған уақытты рационалды қолдану, оқу материалының көлемін қысқарту, сонымен қатар денсаулықты сақтау технологиясын қолдану жолымен күнделікті оқу ауырлығының төмендеуіне шарт жасайды.
Жалпы білім сапасын жоғарылату.
Жалпы білім беруді жалғастырудың халықаралық стандарты. Халықаралық практикада мектепте 12-жылдық білім беруге қол жеткізеді. Көптеген дамыған елдерде жалпы орта білім 12-14 жылда қамтылады. 12-жылдық жалпы білім беру жүйесі барлық Орталық және Батыс Еуропа елдерінде, сонымен қатар Балтық, Молдовия, Украина, Белоруссия, Өзбекстан елдерінде жүргізілген.
Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар. 2001 жылы 10 жылдан кейін қатысушылар санының 21 млн-нан 13-14 млн-ға күрт төмендеуі әлеуметтік-экономикалық құлдырауға әкеп соқтыруы мүмкін, әсіресе, біріншіден білім сферасында. 12-жылдық мектепке көшу демографиялық құлдыраудың алдын алады.
Мектептегі білім беру түрін үш деңгейлі етіп қалдыру ұсынылды.
Бірінші баспалдақ – бастауыш білім (міндетті), 1-4-ші сыныптар.
Екінші баспалдақ – негізгі жалпы білім (міндетті), 5-10-шы сыныптар. Дәл осы баспалдақта ұйымдастырушылардың ойынша толықтыратын оқу жылы енгізіледі.
Он жылдық негізгі мектеп білім алуда базалық болып табылатын орта (толық) білім беретін немесе арнайы кәсіптік мектепке қатысты толық аяқталған білім болып саналады, оқушылардың белгілі бір бейін түріне бағытталуына жағдай жасайды.
Үшінші баспалдақ – орта (толық) жалпы білім, 11-12-ші сыныптар.
Мектептің үшінші баспалдағында (жоғарғы) білім беруді бейінді жіктеу негізінде құру жоспарланды (мысалы, келесі бейін түрлері бойынша: жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, физика-математикалық, көркем-эстетикалық және т.б.).
Осындай жолмен, 12-жылдық орта мектептің педогогикалық қызметі қазіргі модельдерден толыққандылығымен, вариациялық, деңгейлі және бейінді жіктемесімен, аймақтық, индивидуализациялық бағыттылығымен ерекшеленер еді.
12-жылдық мектепте орта (толық) білім берудің құрылысы мен мазмұны концепциясымен бірге он екі жылдық білім берудің пәндік концепциялары да жарық корді.
Концепцияда 12-жылдық мектепте химияны оқытудың үш сатысы белгіленген: пропедевтикалық, негізгі және бейіндік.
Пропедевтикалық сатыда концепция авторларының пайымдауынша, химиялық білім он жылдық негізгі мектептің 1-ші және 7-ші сыныптары аралығында беріледі. Бұл сатыда қатысушылар химия төңірегінен алғашқы білімді «Табиғаттану», «Қоршаған орта», «Жаратылыстану» сияқты интеграциялық курстарды және биологиядан, химиядан, физикадан жүйелі курстарды оқу барысында алады.
Негізгі сатыда химияны он жылдық мектептің 8-10 сыныптарында өтеді. Осы сатыдағы химиялық білім барлық құқықтық-ұйымдық форманың барлығындағы мемлекеттік жалпы білім беру мекемелеріне міндетті болып табылатын химия курсын оқу барысында нақтыланады. Негізгі мектепте мектептің жоғарғы сатысында пәнді бейінді оқуды жалғастыру үшін негіз қалыптастыру қажет. Он жылдық негізгі мектепте химияны меңгеруге аптасына 2 сағаттан үш жыл бөлінеді.
Бейіндік сатыда химияны меңгеру мектептің жоғарғы сатысында 11-12-ші сыныптарда жүргізіледі. Пәнді оқыту дифференциалды түрде екі вариантта жүргізіледі – базалық және бейіндік деңгейде.
Достарыңызбен бөлісу: |