Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


) Бейіндендірудің мектепішілік және сырттай формалары



бет9/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

3) Бейіндендірудің мектепішілік және сырттай формалары

Бейіндендіру мектепшілік және сырттай болуы мүмкін:

- мектепішілік бейіндендіру мектептің өзіндік ресурстарына сүйеніп таңдалады;

- материалдық-техникалық жағдайына, кадрлық құрамы мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қарай оқытудың бір бағытын жүзеге асыратын жоғары сатыдағы бір бейіндік мектеп;

- оқытудың бірнеше бағытын жүзеге асыратын жоғары сатыдағы көпбейінді мектеп. Бірнеше сыныптардың қатар болуы оқушының сұранысына қарай бейіндік сыныптар ашуға мүмкіндік береді;

- жалпы білім беретін мектептердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептердегі бейіндік сыныптар;

- сырттай бейіндендіру;

- ресурстық орталық (РО) – материалы мен кадрлық потенциалы жеткілікті, ресурсын бейіндік оқытуды жүзеге асыратын басқа мектеп қолдана алатын білім беру ұйымы. Бұл форманы жүзеге асыруда жалпы орта білім беретін бірнеше ұйымдар оқушыларды бейіндік оқытуды сапалы жүзеге асыратын сәйкес ресурстарға ие, сол аймақтың қуатты бір білім беру ұйымының айналасына біріктіріледі.

Аталған форма шеңберінде бірнеше жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары РО-тың білім беру бағдарламасына енген бейіндік және элективтік курстарды игереді.

РО-тар мектептің, жоғары оқу орындарының (ЖОО), колледждің немесе білім беру орталықтарының жанынан ашылуы мүмкін. ЖОО-мен ынтымақтастықта және жоғарғы сатыдағы кредиттік технологиялық элементтерді енгізу жағдайларында жеке пәндер тереңдетілген деңгейде оқытылуы мүмкін, сондай-ақ жоғары кәсіби бағдарламалары кіріктіріледі. Оқушылар өзінің қалауына қарай бейіндік таңдауда немесе элективті пәндер бойынша кредит алуына және жоғары оқу орнында одан әрі қарай пайдалануына болады.

Ауылдық жерлерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың формалары:

- ауыл мектебіндегі бейіндік сынып. Бұл форма шеңберінде қысқа мерзімді бейіндік және элективтік пәндер қарқынды қолданылады. 10-12 сынып оқушыларынан түрлі жастағы бейіндік топтар құрылады;

- ауылдық мектеп оқушыларын бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған аудан орталығы базасындағы мектеп-интернат;

- шалғайдағы шағын комплектілі мектеп оқушыларының тұрып оқуына арналған интернат типіндегі пансионат. Бейіндік оқытуды жеткілікті қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Жоғарғы сыныптардағы оқыту таңдаған бейінге байланысты аудан орталығындағы мектепте немесе РО-та жүзеге асырылады;

- кадрлық-материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік әлеуеті кіріктірілген ауылда базалық және бейіндік оқытуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Білім кеңістігі білім беру ресурсы бар, тіпті ресурсы жеткіліксіз жекеленген шағын комплектілі мектептің ресурстарын біріктіреді. Балалар отбасынан бөлінбей үйренген өмір сүру ортасында білім алатын болады.

Кешкі және сырттай оқитын мектептер бейіндік мектептер, РО-тар базасында, ЖОО; ОблБАЙ жанынан ашылады. Білім беруді басқару органдары немесе білім беру мекемелері бейіндік оқытудың сырттай формасын жүзеге асыратын кез-келген білім беру ұйымдарымен келісім шарт жасауына болады.

Жалпы білім мектептерінің жоғарғы сатысындағы оқу-тәрбие үрдісінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру экспериментінен келесі нәтижелер, мақсаттар мен міндеттер күтіледі.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру білім сапасын арттыруға, мектепте психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған. Олар:

- оқушыға арналған әлеуметтік және тұлғалық мәні бар білім беру нәтижесінің деңгейін көтеру;

- оқушының оқу әрекетіне қызығушылығын күшейту;

Бүгінгі күні мектептің жоғарғы және орта сатыларында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен әдістері бір-бірінен өзгешелігі көп емес. Сыныптық-сабақтық жүйеге тән. Кейбір мектептерде дәстүрлі оқыту формалары мен қатар, ЖОО-на тән оқыту формалары – лекциялық сабақтар, семинар түріндегі сабақтар, бақылау түрі ретінде сынақ қабылдау сияқты түрлері қолданылады.

Жоғарғы сынып оқушыларының арасында өзара ықпалдастық сипаты бойынша бүгінгі күнге дейін оқытудың фронтальды формасы сақталуда. Онда топтық жұмыспен бірге аздаған жекелей жұмыстар да бар. Дегенмен, соңғы уақыттарда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас стилі басшылық жасаудан гөрі кеңес беруге, бақылау жасауға біртіндеп ауысып отыр. Жоғары сыныптардағы қарама-қайшылық бір жағынан, баланың жас ерекшелігімен, екінші жағынан әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен, үшіншіден, білім беру үрдісін ұйымдастырудың жас ерекшелігі мен қазіргі социумның өзгешелігіне байланысты.

Жоғарғы сынып оқушыларына тән жас ерекшелік:

- әлеуметтік өзін-өзі анықтаудағы үдемелі талабы;

- болашаққа бағдары: өмір сүру тәсілін, кәсібін, адамдар тобын таңдауы;

- әрекеттерде прагматикалық қызығушылық рөлінің артуы (әсіресе соңғы жылдары).

Мектептің жоғарғы сатысында оқу-тәрбие үрдісінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру экспериментінің мақсаты мектеп түлегінің бойында оның өзін-өзі оқу, кәсіби және әлеуметтік жағынан анықтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Білім беруден күтілетін нәтиже ретінде мектепті бітірушінің түрлі жағдайларда өз бетімен шешім қабылдай алуына мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктер болып есептеледі:

- мәселенің шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);

- ақпараттық құзыреттілік;

- коммуникативтік құзыреттілік [16].

Адам өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі – мамандық таңдау кезеңі болып табылады. Мамандықты дұрыс таңдау адамның кейінгі өміріне айтарлықтай ықпал етеді. Дұрыс таңдалмаған мамандық адамның жеке басына ғана емес, тұтас қоғамға кері әсерін тигізеді. Американдық ғалымдардың зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мамандықты дұрыс таңдау кадрлардың тұрақсыздығын 2-2,5, кадрларды оқытуды 1,5-2 есеге дейін азайтса, еңбек өнімділігін 10-15 % арттырады.

Жалпы, жасөспірім мамандыққа бейімделіп, оны таңдау кезінде 3 факторды ескергені жөн:

1. Өзінің жеке бас ерекшелігін, қабілеттері мен мүмкіншіліктерін, қызығушы-лығы мен қажеттілігін;

2. Мамандықтың жалпы адамға қоятын талабын;

3. Жоғарыда айтылған екі фактордың бір-бірімен өзара үндестігі мен сабақтас-тығын;

Адамның кәсіби өсу жолын ғалымдар былай бөліп көрсетеді:

1. Баланың қызығушылығы мен қабілеттерінің дамуы 0-14 жас аралығында;

2. Өз күшін байқап көру, сынға салу немесе өзін-өзі зерттеу 14 пен 25 жастың аралығында;

3. Кәсіби білім алу мен қоғамдағы өз орнын анықтау және ұстанымын нығайту – 25 пен 44 жас аралығында;

4. Бірқалыпты кәсіби жағдайдың қалыптасуы – 45 пен 64 жастың аралығы;

5. Кәсіби белсенділігінің төмендеуі – 65 жастан жоғары қарай.

Бұдан шығатын қорытынды, адамның мамандық таңдап, өзін байқауы, сынға салуы 14 пен 25 жастың аралығына дөп келеді екен. Ал, енді Е.А. Климов бастаған ғалымдар тобы адамның кәсіби өсу жолын былайша сипаттайды:

1. Ойынға дейінгі кезең – 3 жасқа дейін;

2. Ойын кезеңі 6-8 жас;

3. Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңі – 6-8, 11-12 жас аралығы;

4. Таңдау кезеңі - 11-12, 14-18 жас аралығы.

5. Кәсіби дайындық кезеңі - 15-18, 16-23 жас аралығы;

6. Кәсіби шыңдалу кезеңі – 16-23 жас және одан да жоғары.

Тәжірибе көрсеткендей, адам өміріндегі ең маңызды кезең – мамандыққа таңдау жасайтын жасөспірімдік, өтпелі кезеңге дәлме-дәл келеді екен. Сондықтан дұрыс шешім қабылдап, өз таңдауына орай мамандық таңдауда жасөспірімдерге кеңес беру, жол көрсету қажеттілігі өзінен-өзі туындайды. Мамандыққа бағдар беру – 12 жылдық оқытудың басты міндеттерінің бірі. Бағдарлы білім 11 жылдық оқыту жүйесіндегідей жоғары сатыда емес, негізгі мектептен бейіналды даярлық болып басталады.

4 Лекция





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет