3) 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрлымдық-мазмұндық моделі
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрлымдық-мазмұндық моделі мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады: атап айтсақ, жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағытталуы. Мұнда оқытудың сабақтастығы мен әрбір оқыту сатысының даралығы басты назарда болады.
Материалддық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуметі мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:
-бір бейінді мектеп-бір бейінді оқытуды іске асырады;
-көп бейінді мектеп-бірнеше беінді оқытуды ұйымдастырады;
-жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицеейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді оқыту сыныптары ашылады;
-өңірлік ресурстық орталық-материалдық және кадрлық әлеуметі жеткілікті басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы болып табылады. Ресуртық орталықтар жоғары оқу орындарының, колледждердің немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін;
(Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталық-айналасындағы мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық әлеуметін кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете алатын, қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.)
-сырттай оқытатын және кешкі мектептердегі бейіндік оқыту еліміздің ЖОО, облыстық біліктілікті арттыру институттары жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:
-ауыл оқушыларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған мектеп-интернет;
-интернет типіндегі пансионат-шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық жағдайына қарай аудан орталықтарындағы орта мектептерде ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекттік бағдарламасында және ҚР 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында бейінді оқытудың үш бағыты анықталған: жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық. Аталған бағыттардың мазмұны арнаулы бейіндік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мектеп желісінің ерекшеліктеріне және кадрлық құрамына қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар. Жаңа оқу жылынан бастап, әрбір облыс орталықтарында, қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде бейіндік оқытуды сынақ-тәжірибеден өткізуге арналған эксперименттік алаңдар-бейіндік мектептер белгіленіп, экспериментті жүргізудің бағдарламасы әзірленуде. Қазақстандық білім беру жүйесінде оқушының білімін тек қана 5 балдық шкаламен бағалау көп уақыттан бері қалыптасып қалғанымен, білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгеріс, білім мазмұнын жаңарту процесі оқушының білімін бағалау жүйісін де түбегейлі өзгертуді талап етеді. Осыған орай тәжірибелі өзгертуді талап етеді. Осыған орай тәжірибелі ғалымдардың, озат тәжірибелі педагогтардың қалыптасуымен оқушының білім алу әрекетіндегі оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесінің жобасы әзірленуде. Сондай-ақ Орталықтың ғылыми қызметкерлері Білім сапасын бағалау ұлттық орталығымен бірлесе отырып, шетелдік тәжірибелерді де зерделеуде.
Жаңа бағалау жүйесінің негізгі мақсаты оқушының оқу әрекетіндегі алған білім-білігімен бірге өмірлік дағдыларының қалыптасуын жан-жақты қарастыруды көздейді.
Бұған дейін оқушының еңбегі алған білім көлеміне қарай бағаланып келсе, енді оның білім алу процесіндегі жетістігі жас және жеке ерекшелігіне байланысты, өмір сүрген ортасына бейімделуіне, жинаған тіжірибесіне қарай икемделуіне, құзырлылық негізінде қалыптасқан қабілетіне, білім мазмұнын рухани қажеттілігіне қарай игере білуіне орай бағаланатын болады.
12 жылдық оқыту жүйесіне байланысты айтылып жатқан сан алуан пікірлерді саралай келсек, халық арасында түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе бала жасына байланысты болып отыр. Қазіргі оқыту жүйесінде бала мектепке 7 жастан бастап, орта мектепте 16-17 жасында аяқтайды, ал 12 жылдық жағдайында да солай. Бала 6 жастан мектепке барса, 16-17 жасында мектепті бітіреді. Яғни мұндағы бала жасында байланысты өзгеріс-оның мектепке бір жыл ерте баруында.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық-баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдаралып шығуы. Яғни 11-12-сыныптардағы білім мазмұнын оқушының жоғары оқу орынының алғашқы курртарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту проценсі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының қоршаған ортасына деген қатынасын өзгертетін, танымдық қабілетінің деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесінің тереңдігін байқататын, ақпаратты қабылдап, талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізеді.
Бұл процесс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын енгізуді талап етеді. Сөйтіп әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты зат тәжірибе енгізілетін болады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты білім жүйесіндегі мазмұндық-құрлымдық өзгерістер жоғары оқу орындарының білім стандарттарының өзгеруіне ықпал ететін сөзсіз.
Сонымен он жылдық білім негізгі білім сатысы болып есептеледі. 10-сыныпты бітірген оқушы өз қалауымен арнаулы орта оқу орындарында және бастапқы кәсіптік білім беретін ұйымдарда білім ала алады. Одан әрі білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруына болады.
Ал 11-12-сыныптарда өзінің білімін жоғары оқу орындарында таңдаған мамандығына сәйкес жалғастыруды көздеген оқушы оқи алады.
12 жылдық білім берудің тұжырымдалық негіздері, білім мазмұны, бағалау жүйесі, т.б. білім беру жүйесінің өзекті мәселелері елімізде ғалымдардың, жалпы педагог қауымның арасында жан-жақты талқылануы.
Заман талабынан туындаған тың мазмұнды білім жүйесінің қоғам үшін қажеттігін елімізде төрт жылдан бері 104 мектепте жүргізіліп келе жатқан эксперимент нәтижесі көрсетіп отыр. Экспериментке қатысқан педагогтардың жыл сайын қайта даярлаудан өткізіліп, оқытудың жаңа технологияларына сәйкес әзірленген әдістемелікпен уақытында қамтамасыз етіп отырамыз.
12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты ұйымдастырылып жатқан іс-шараларды атап өтетін бошлсақ: біріншіден, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі және жоспарлы жүйелі және жоспарлы өтіп жатыр. Республикалық бюджеттен трансферт есебінен арнайы қаржы бөлініп, жылына 3000-нан астам педагог кадрлар қайта даярлануда. Екіншіден, экспериментке қатысушылардың 12 жылдық біліб беру мәселелері бойынша пікірлерін ортаға салып талқылау мақсатында түрлі деңгейдегі: аймақтық, республикалық, халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылуда. Үшіншіден, шетелдік озат тәжірибелердің ұтымдылары талқыланып, таңдалып, қазақстандық білім беру жүйесіне икемделуде. Сөйтіп 12 жылдық оқыту жүйесіне көшкен елдердің ғалым-сарапшыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, кеңестер алынуда.
Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келесі мәселелерді шешуге т нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алуына кепіл бола алады.
№6 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |