Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


)Бейінді оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы



бет11/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция

2)Бейінді оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы

Қазіргі таңдағы оқушыларды бейіндеп оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау; жалпы және кәсіби білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері бойынша: базалық жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстарынан (элективтер) әртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті таңдау курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби сынақтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.

Қазіргі таңда білім беру кеңістігіндегі инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектептің жоғары сатысын бейінді оқытуға көшіру болып табылады. Ол өз алдына оқушылардың қызығушылықтарын, икемдері мен қабілеттерін толығырақ ескеретін білім беру үрдісінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырудағы өзгерістері негізінде саралай және даралай оқытуды қарастырады.

Бейінді оқытудың негізгі идеясы – оқушыларға таңдау мүмкіндігін беру болып табылады. Негізгі мектеп бітірушісі жоғары сыныптардағы бейінді оқыту жағдайында оқу бағытын таңдауға мүмкіндік алады. Бұл таңдауды оқушылар өздігінен және саналы түрде жасаған кезде ғана бейінді оқыту өз мақсаттарына жетеді. Оқушы өзінің іс-әрекетінің бейінін таңдауға дайын болу қажет, бұл жағдайда негізгі мектептегі бейіналды дайындықтың маңызы зор.

12 жылдық мектепке бейіндік білім беруді енгізудің басты мақсаты - оқытылушылардың кәсіби бағыт алуын және өз жолын табуын қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіптік таңдауды, саналы түрде жүзеге асыруы үшін оларға қажетті ресурстарды қалыптастыру мүмкіншілігін беру [4].

Бейіндік білім беруге көшу кезінде келесі міндеттер іске асырылуы қажет:

- түлектердің еңбек және білім рыноктарына кіру процестеріне мектептің назарын күшейту арқылы жалпы орта білім берудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың жекелеген пәндерді таңдап алу бейімі бойынша жалпы орта білім беру көлемінде тереңдеп оқу мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

- мектептегі білім беру процесінің вариативтілігін және жеке адамға бағыт алуын қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;

- оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі курстарды таңдауға және икемді жеке білім бағдарламаларын құруға мүмкіндік беру;



- білім мазмұнын жетілдіру негізінде білім беру процесін іс жүзінде бағыттауды және оның әрекеттік құраушысын (жобалау- зерттеу және коммуникативтік қабілеттерді игеру) күшейтуді іске асыру;

  • оқушыларды әлеметтендіру мүмкіншіліктерін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіби жоғары білім бағдарламаларын игеруге анағұрлым тиімді дайындау.

Бейіндік оқытудың моделі: кез келген модель (1 сурет) өзінің құрамына инвариантты құраушы – бейіналды даярлықты қамтиды. Бейіналды оқыту – бір-бірімен тығыз байланысты екі құрылыммен сипатталады: химиядан негізгі жалпы білім беру (I концентр, 8-10-шы сыныптар) және элективті курс пәндері бойынша бейналды даярлық (10-шы сынып). Бірінші концентрдің білім беру бағытының мақсаты: негізгі мектептегі білім алушылардың өзін-өзі анықтауына жағдай жасау.

Бейінді оқытудың моделі өзіне химиядан бейіналды даярлықты (8-10-шы сыныптар) және сонымен қатар жалпы орта білім (11-12-ші сыныптар, II концентр) мен элективті бейіндік курстарды (11-12 сыныптардың бейіндік дайындығы) қамтиды.





II Бейіндік оқыту




(11-12 сыныптар)





I Бейіналды даярлық






(8-10 сыныптар)


Сурет 1. Бейіндік оқытудың моделі


Бейіналды даярлықтың мақсаты «Оқушыларды бейіналды даярлау және жоғары сыныптағыларды бейіндік оқыту тұжырымдамасында» көрсетілген. «Окушыға өзін-өзі анықтай алуына жағдай жасау, жалпы білім беру мектебінің сыныптарында, кәсіби мамандандырылған мекемелерде де бейіндік оқуды таңдауларын қамтамасыз ету» мәселесі де тұжырымдамада айтылады. Соған сәйкес оқушының бейіналды даярлығына келесі талаптар қойылады: түрлі бейіндік оқуды таңдаудағы өзінің қабілетін объективті түрде бағалай алуы; қызығушылығы мен қабілеттілігіне сәйкес бейіндік оқуды таңдай алуы; таңдаған бейін бойынша оқу мотивациясының жоғарғы деңгейінің қалыптасуы. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін бейіналды дайындықты іске асыру моделі жасалды «1 сызба». Бейіналды дайындықты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады: бейіналды дайындықты психологиялық-педагогикалық; теориялық-әдіснамалық; ғылыми-әдістемелік; құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет