3.Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинасы
Жылулық есептеуді жүргізу үшін мына деректер қажет: Q0- суық өнімділігі; Тs- суытылатын дененің температурасы; Тқ.о.- тоңазытқыш машинаны орналастыратын жердің ауа температурасы.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша температура айырымдарын қабылдап, керекті (Т0,Тс,Тса,Тас) температураларды анықтаймыз. Берілген және қабылданған деректерге сүйене отырып, айналманы Т-S, lg P-i диаграммаға түсіреміз. Бір сатылы аммиакты машинаның схемасы және оның айналмасы Т-S және lg P-i диаграммаларда келтірілген (26- сурет).
Айналманы диаграммаға түсіру үшін схемада келтірілген өзекті нүктелерде тоңазытқыш заттың параметрлерін білу қажет. Оларды былай анықтаймыз:
1. Т-S диаграммада Т0 изотермиясын анықтамыз. Ол ылғалды бу аймағында көлденең түзу болады. Ылғалды бу аймағында таза сұйықтар үшін қайнау температурасы мен қайнау қысымы бір деңгейде жатады. Сондықтан координата осінен қайнау қысымын (Р0) анықтаймыз.
2. Тоңазытқыш заттың сұйылу температурасы: Тk=Tо.+ΔТ. Ылғалды бу аймағында сұйылу температурасы арқылы сұйылу қысымын (Рк) анықтаймыз.
3. 1- нүкте – тоңазытқыш заттың буландырғыштан шыққан күйі. Ол- қаныққан құрғақ бу. Параметрі: Р0- қаныққан бу. Осы екі параметрі арқылы 1-нүктені диаграммаға түсіреміз.
4. 1' нүкте – тоңазытқыш заттың буының сығымдағыш сорып алардағы күйі. Оның параметрлері:
.+ΔТ (2.55)
Осы параметрлер бойынша 1'- нүктені диаграммаға түсіреміз.
5. 2-нүкте – тоңазытқыш заттың сығымдағыштан шыққан күйі. Ол сығымдағышта Р0–ден Рк–ға дейін қысылады. Параметрлері: Рк -1'-2- адиабаталы қысу процессі. Адиабата мен Рк изобараның қиылысқан нүктесі.
6. 3-нүкте –тоңазытқыш заттың шықтандырғышта суытылып, қаныққан сұйыққа айналып, шығардағы күйі. Параметрлері: Рк, қаныққан сұйық.
7. 4-нүкте тоңазытқыш заттың арнайы жылуалмастырғышта аса суытылып шыққан күйі. Параметрлері: РкТ4=Т w1+ΔT.
8. 5-нүкте – тоңазытқыш заттың Рк- ден Ро- ге дейін дросселденген күйі. Параметрлері: Р0, 4-нүктеден түсірген изоэнтальпия. Дроссельдеу процессінде энтальпия өзгермейді, сондықтан ол процесс i=const сызығымен жүреді. Осы сызықтың Р0- қысыммен қиылысқан нүктесі 5-нүкте болып табылады.
Сонымен барлық өзекті нүктелерді диаграммаға түсіріп, оларды өзара қосып бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын аламыз. Айналма 27- суретте T-S диаграммада (б) және lgP-i диаграммада (в) келтірілген.
Енді диаграммадан тоңазытқыш зат қандай күйде болса да, оның кез-келген параметрін анықтауға болады. Тоңазытқыш заттың өзекті нүктелердегі параметрлерін алдын-ала кестеге түсірген жөн. Содан соң, айналманың негізгі сипаттамаларын анықтауға болады.
Меншікті массалық суық өнімділігі
, кДж/кг (2.56)
26- сурет. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның схемасы және Т-S пен lg P-i диаграммалары: I-сығымдағыш; II-конденсатор; III- арнайы жылуалмастырғыш; IV- дроссельдік вентиль; V- сұйық бөлгіш;
VI-буландырғыш.
Меншікті көлемді суық өнімділігі
, кДж/м3 (2.57)
Тоңазытқыш заттың жалпы мөлшері
кг/с (2.58)
Сығымдағыштың сорып алатын будың көлемі
м3/c (2.59)
мұндағы: - сорып алатын будың меншікті көлемі.
немесе
м3/c, (2.60)
Сығымдағыштың сызған көлемі
м3/c , (2.61)
немесе
м3/c (2.62)
мұндағы: λ-сығымдағыштың беру коэффициенті. Сығымдағыштың беру коэффициенті сығымдағыштың қысу дәрежесіне байланысты анықталады.
Сығымдағыштың сызған көлемі ( ) бойынша сығымдағышты таңдап алуға болады.
Бір кг тоңазытқыш затты қысуға жұмсалған адиабаталық жұмыс
, кДж/кг (2.63)
Сығымдағышта жұмсалған адиабаталық қуат:
, кВт (2.64)
Шықтандырғышқа түсетін жылулық салмақ (шықтандырғыштан суға берілген жылу)
(2.65)
Арнайы қойылған жылу алмастырғыш аппаратына түсетін жылулық салмақ
Qж. а= G (i3-i4) , кВт (2.66)
Айналманың тоңазыту коэффициенті
(2.67)
Айналымын жылулық есептеу нәтижесінде барлық жылуалмастырғыштардың жылу алмасу ауданы анықталады. Сығымдағыштардың параметрлері, тұтынатын қуаты, сызған көлемі т.б. сипаттамалары анықталынды. Осы анықталған шамаларды қолдана отырып жылуалмастырғышты, сығымдағышты іріктеп, таңдап алуға немесе жобалауға болады. Шықтандырғыштың жылу алмасу ауданы арқылы оған қажетті су мөлшерін анықтауға, одан кейін су насосын таңдап алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |