Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары



бет18/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek
19.12.20Құрама жем., 19.12.20Құрама жем.
2. Буландырғыштар
Буландырғыш жылуалмастырғыш аппаратында аралық суықтасымалдағыш затын жылу алмасу негізінде басқа тоңазытқыш затымен суытады.

Буландығыш аппаратының құрылысы қаптамалы шықтандырғыштар сияқты құбырлар шоғы арасында тоңазытқыш заты қайнаса, құбырлар ішінде аралық суықтасымалдағыш заты айналымда жүреді.

Буландығыш аппараттары аралық суықтасымалдағыш затын суыту түріне байланысты: ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Буландығыш аппараттарының жабық түрі түтік–қаптамалы болады. Аралық суықтасымалдағыш заты буландырғыш аппарат ішінде насостың күшімен ағады.

Ашық буландырғыштарда тоңазытқыш зат жүретін құбыр шоғы аралық суықтасымалдағыш заты құйылған бакке батырылып тұрады. Бұл аппаратта аралық суықтасымалдағыш затының қозғалысы араластырғыш қондырығысы көмегімен жүзеге асады.

Ашық буландырғыштарды панельді етіп жасайды. Ашық панельді буландырғыштар тік төртбұрыш бак сияқты жасалынып, оған панельді буландырғыш секциялар орналастырылады. Ашық панельді буландырғыштар сұйық бөлгіш қондырғысымен бірге құрастырылады (6 –сурет).

Суықтасымалдағыш зат ретінде мұзды суды қолданған жағдайда ашық панельді буландырғышты буландырғыш–аккумуляторлар ретінде пайдалануға болады, ол сүт өндірісінде тоңатытқыш машинасына түсетін жылулық жүктемелердің әртүрлілігін реттеуге қолданады.

Ашық панельді буландырғыштарды көбінесе жеміс- жидек сақтау қоймаларын салқындататын тоңазытқыш машиналары құрамында пайдаланады. Себебі тоңазытқыш машиналарында қолданылатын тоңазытқыш заттары улы болғандықтан жеміс- жидек сақталынатын қоймаға қатынасы болмауы керек.

6 –сурет. Аммиакті ашық панельді буландырғыш


Казіргі уақытта біраз сүт кәсіпорындарында тоңазытқыш зат ретінде аммиакты қолданатын буландығыш аппараттарының жабық түтік–қаптамалы: ИТГ-63, ИТГ-125, ИТГ-200, ИТГ-315, ИТГ-630 және хладондарды (мысалы R-22) қолданатын буландығыш аппараттарының жабық түтік–қаптамалы: ИТР -12, ИТР -35, ИТР -70, ИТР -210 қолданысқа ие. Бұрынғы советтер одағы кезінде салынған жеміс-жидектер сақтау қоймаларында, сыймдылығына қарай, аралық суықтасымалдағыш зат (натрий хлордың судағы ерітіндісі) суыту үшін ашық панельді буландырғыштардың мынадай түрлерін қолданған 40 ИП, 90 ИП, 120ИП, 240 ИП және 320 ИП жөн.

Тоңазытқыш техникасының жылуалмастырғыш аппараттарының бұл түрін қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар жасап шығаруда. Солардың бірі жоғары тиімді панельді –пленкалы буландырғыштар модельдерінің BUCO және BWP сериялары 7 –сурете көрсетілген.

7 –сурет. Панельді –пленкалы буландырғыштар
Ауа суытқыш аппараттары. Ауа суытқыш аппараттарында (батареяларында) тоңазытқыш заты аппарат ішіндегі құбырда қайнайтын болса, мұндай суытқышты тікелей қайнау суытқыш аппараты деп атайды. Ал егер тоңазытқыш зат аппарат ішінен тыс жерде орналасқан құбыр ішінде қайнайтын болса мұндай суытқыш аппаратын аралық суытқыш аппараты деп айтады. Ауа суытқыш аппаратында орналасқан құбырдың сыртқы бетін тегіс немесе пластиналы етіп жасалынады. Қазіргі уақытта ауа суытқыш аппараттарында кеңінен қолданылатын құбырлардың сыртқы беті пластиналы немесе каналды пластиналы болып келеді. Ауа аппаратқа желдеткіштің көмегімен беріледі. Ауа суытқыш аппаратында ауа мен ауаны суытатын беттің температураларының айырмасы 120С дейін жетеді.

Ауа суытқыш аппараттары секция–модульді етіп құрастырылып постаментті және аспалы болып екіге бөлінеді. Қазіргі уақытта ауа суытқыш аппараттарын жасайтын кәсіпорындар бұл аппараттардың әр түрлі сериялы бірнеше модельдері шығарылады. Мысалы 8 –суретте Ресейде ООО «Премимум - Мастер» кәсіпорыны шығаратын сериясы GLE деп аталатын аспалы ауа суытқыш аппараттарының ALFA және LAVAL модульдері көрсетілген.

Аспалы ауа суытқыш аппараттарының бір-бірінен айырмашылығы олардың жылу алмасу аудандарымен ауа ағынының бағыттарында және ауа желдеткіштер санымен диаметрлеріне байланысты. Ауа суытқыш аппараттарының жылу алмасу аудандары үлкейген сайын ауа желдеткіштер саны көбейіп қуаттылығы артады. Бұл ауасуытқыш аппараттарында ауа желдеткіштердің айналу жылдамдығын реттеуге болады. Ауасуытқыш аппараттарында орналасқан құбырдың сыртқы бетіндегі мұздарды ыстық тоңазытқыш затының буымен немесе суымен мұзды еріту жүйесі қарастырылған.

8 –сурет. Аспалы ауа суытқыш аппараттары


Аспалы ауасуытқыш аппараттары сүт зауытында және ет комбинаттарында өнімдерді суыту және мұздату үшін қолданылады. Осы өндірістердегі тоңазытылған заттарды ұзақ уақыт сақтау үшін сақтау қоймаларындағы ауаны суыту үшін панельді батареялар қолданған тиімді. Аспалы ауасуытқыш аппараттарын жиі қолданатын өндірістің бірі бұл жеміс-жидек сақтау қоймалары. Бұл қоймаларда аспалы ауасуытқыш аппараттары көмегімен жеміс-жидектерді сақтау қоймаларындағы ауа температурасын сақтаудағы тұрған өнім түріне байланысты 0°С-тан 6°С –қа дейін суытады.

Қазіргі уақытта көптеген өнеркәсіптерде аспалы ауасуытқыш аппараттарымен бірге постаметті ауасуытқыш аппараттары қолданылады. Постаметті ауасуытқыш аппараттарын тамақ өнеркәсібінде етті, балықты, құс еттерін және сүт өнімдерін мысалы, балмұздақтарды және сары майды тез мұздату үшін қолданылады. Тамақ өнімдерін мұздату бөлмелеріне қойылатын постаметті ауасуытқыш аппараттары арнайы жоғары қысымды және ауа шығынын көп қажет ететін ауа желдеткіштермен қамтамасыз етілген (9 –сурет) .



9 –сурет. Постаметті ауасуытқыш аппараттары
Постаметті ауасуытқыш аппараттарында суытылып шығатын ауа суыту бөлмесіне горизонтальді бағытта беріледі.

Соңғы жылдары тамақ өнеркәсіптерінде тамақтарды тез суыту немесе мұздату үрдістері кеңінен қолданып келеді. Оның себебі тамақтарды тез мұздатқанда тамақ құрамындағы су молекуларының байланысы бұзылып үлгермейді. Мұндай тамақ өнімдерінің басқа да әдістермен тез мұздатылған тамақ өнімдеріне қарағанда сапасы жоғары болады. Тамақ өнеркәсібінде мұздату бөлмелеріндегі ауаны суыту үшін ауасуытқыш аппаратының бұл түрін қолданудың тиімділігіне:



  • аз орын алуы;

  • ауа мұздату бөлмесіне көлденең бағытта беріліуі;

  • ауа температурасы мұздату бөлмесінде бір келкі болуы.

Қазіргі уақытта шағым өнеркәсіп орындарында суыту немесе мұздату бөлмелерінің ауасын салқындау үшін кіші хладонды шатырлы және қабырғалық қызыл мыстан жасалған батареялармен жабдықталған кіші тоңазытқыш қондырғылары пайдаланылады. Ал тұрмыстық тоңазытқыштарда жалпаққұбырлы буландырғыштар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет