Лекция № 13,14. Тоңазытқыштың салқындатылатын бөлмелерінің жылу техникалық есептеулері
Жоспары:
1. Жылу ағындарды есептеу
1. Жылу-бу оқшаулағыш ғимаратты есептеу
2. Тоңазытқыш ғимараттарының негізіндегі топырақты үсуден сақтау
Жылу ағындарды есептеу
Тоңазытқышты оқшаулау конструкциясы келесі талаптарға сай болуы шарт:
- Тиімді болуы;
- кедергінің жоғарында және айналадағы ауа арасындағы қажетті температураның алмасуын қамтамасыз ету;
- тоңазытқыштың барлық төбесіне жылу-бу оқшаулағыш ұабаттың үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- жылу оқшаулағыш материалдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету;
Тұрақты жылу оқшаулағыш қасиеті бар тоңазытқыш ғимаратында кедергі жасау тиімді жылу оқшаулағыш материалдармен қоса сұйықтық түрінде ылғалдың енуіне жол бермейтін және су буларының жылу оқшаулағышқа енуін қысқартатын, сенімді гидро-бу оқшаулағыш конструкциясын тиімді қолдану арқылы іске асырылады. Салқындатылатын бөлмелердің жылу оқшаулағыш кедергілері ғимарат үстіне тегіс үздіксіз болуы шарт.
Кедергілерді ылғалдан сақтау бірнеше іс-шаралардан тұрады:
- кедергінің жылы төбесіне конденсаттың түзілуін болдырмау шартынан анықтауға болатын кедергінің жылу берілуге қарсылық мәнімен қамтамасыз ету R0 мәнінен кем емес, кедергінің жылу берілуге жалпы қарсылық мәнімен қамтамасыз ету R0 мәнінен кем емес;
- Жылырақ орта тарапынан үздіксіз тиімді гидро-бу оқшаулағыш қабат жасау ( су буларының үлкен суммарлы қысымы жағынан);
- анкерлер, болттар және басқа элементтердің бу оқшаулағыш қабаттардан өту жолдарын герметизациялау.
- жылу оқшаулағыш материалдарды бекіту барысында тік төбелерді өз арасында жолақты немесе нүктелі жабыстыру арқылы оқшаулау (плитаның бірінші қабатын оқшауланған төбеге жапсыруды бірқалыпты клей қабатымен жапсыру ұсынылады).
Кедергінің конструктивті бөлігінің және оқшаулағыштың ортасында орналасқан, тексеруге, жөндеуге, қайта қалыптастыруға болмайтын бу оқшаулағыш жабындыны жоғары тиімділіктегі шашыратып жағылған заттардан тұратын рулонмен немесе мастикамен жасаған дұрыс.
Ішкі тараптан қаланған кірпіш төбе бу оқшаулағышты жағуға дайындалуы тиіс. Осы мақсатпен ішкі қабаттың жоғарғы жағы 50 маркалы цемент ерітіндісімен тегістеледі. Қаңқаны жылу оқшаулағышқа бекіту үшін кірпіш қабырғаларға ағаш тығындылар мен анкерлі болттар, немесе цинктелген арматурлы сымнан «мұрт» қосу қажет.
Қаңқаны жылу оқшаулағышқа бекіту үшін темір бетонды панельдерге соңынан арнайы төсегіш детальдер қарастыру қажет.
Жылу оқшаулағыш жабындылар ережеге сәйкес үстінен құрғақ күйде қаланады. Жылу оқшаулағышты астынан жабыстыру үшін темір бетонды жабындыға оны бекітуге арналған детальдер салынады. Жылытылатын едендердің жылу оқшаулағышын –200С немесе одан төмен температуралы бөлмелерде тиімді плиталы заттардан жасау ұсынылады. Жылытқыш едендердің конструкцияларын гидро-бу оқшаулау үшін жоғарығы деңейде суға төтеп беруші материалдар қолдану ұсынылады (изол, полиэтиленді жапқыш және т.б.).
Жыртқыштармен зақымдалған жылу оқшаулағыштың үстінен бөлме тарапынан болат сымдардан жасалған 12х12 мм бөлімді сетканың еденнен 1м биіктікке бекітілуін қарастыру қажет. Сетка еден конструкциясына ендірілуі қажет.
Жылытқыш еденді бөлмелердегі колонналарды – 100С оданда төмен температурада оқшаулау лайықсыз. Ауаның – 100С температурасынан төмен және жылытқыш плитаны орналастыру тереңдігі еденнен 1,2 м кем емес колонналарды қалыңдығы 50мм ПСБ-С пенопласт плиталарымен және бірдей термикалық қарсыластықтағы материалдармен 1,0 – 1,5 м биіктікке оқшаулаған лайықты.
Достарыңызбен бөлісу: |