Өнімдерді суыту- криоскопиялық температураға дейін суықпен өңдеу процессі.
Аса суыту- ылғал кристалдардың қатынасынсыз криоскопиялық температурадан төменгі температурада өңдеу. Қоршаған ортаның температура тәртібі және өнімнің жылуфизикалық қасиеттеріне байланысты тұрақты және тұрақсыз болып келеді.
Баяу мұздату- өнімнің негізгі массасы қатты суытылған күйінде, ал беткі қабатында ылғал кристалдарының бөліктерімен іске асатын процесс. Өнімдерді сақтау ұзақтығы суытылған түрімен салыстырғанда 2-2,5 есе жоғарылайды.
Мұздату- өнім құрамындағы су бөліктерінің кристалдануы және өнімнен жылудың бөлінуі. Бұл өнімнің тоңазытқышта ұзақ сақталуымен анықталады.
Қатты мұздату- мұздатылған өнімнің бөлігінен жылу бөлінгеннен соң берілген деңгейге дейін температураны төмендету.
Жылыту- салқындатылған өнімнің температурасын қоршаған ортаның температурасына дейін жылыту.
Еріту- өнімнің құрамындағы мұз кристалдарын жылу арқылы еріту. Процесс соңында өнімдегі температура 00С жетеді, ал мұз кристалдары еріп, ұлпа ылғалды сіңіреді. Еріту мақсаты- өнімнің құрамындағы ұлпа ылғалдығын толығымен сіңіру және алғашқы қасиетін қалпына келтіру.
Суықпен өңдеу ұзақтығын минут, сағат, тәулікпен есептейді және өнімнің сапасы және олардың сақтау кезіндегі сақталғыштығын анықтайды.
Суықпен сақтау- өнімдерді суықпен өңдегеннен кейін камерада берілген тәртіппен сақталуы. Суықпен өңдеу және сақтау тәртібі бұл өнімнің сапасына әсер ететін параметрлер мен тәртіптердің (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, ауа құрамы, буып түю, процестің ұзақтығы) жиынтығы. Суықпен сақтау кезінде өнімнің салмағын жоғалтпауына ерекше мән береді, қатаң сақтау тәртібін және қосымша әдістерді қолдану арқылы іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |