Тоңазытқыштарды тұрғызу және реконструкциялау шартты аймақта, көзделген саланың даму жоспарын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Жобалаудың басты мақсаты заманауи тоңазытқыштарға қойылатын талаптарға және шарттарға сәйкес өндіретін кәсіпорынды жасай алатын техникалық құжаттама дайындау. Тоңазытқыштардың жобасы жалпы жаңа өндірістік кәсіпорындарға жобалау шарттарына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға реконструкциялау және техникалық қайта жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес жасалады.
Әдетте жобалауды орындау жобалаушы құрылымдарға жүктеледі.
Жоспарды құрғанда олар жобаланушы кәсіпорынның алдыңғы қатарлы техникалық деңгейін және жоғары экономикалық тиімділігін, сонымен қатар іске қосылған бұл тоңазытқыштардың техникалық жоғары деңгейлігін, өндірістік еңбек және өнім сапалылығы көрсеткіштерінің жоғары болуын, ал еңбек шарттары тұрғысынан жоғарғы талапқа сай болуын қамтамасыз етуі тиіс. [1-3, 5, 6, 24, 27-30, 32].
Тоңазытқыштарды жобалау жобаның экономикалық лайықтылығын және жобалаумен тұрғызудың шаруашылық қажеттілігін дәлелдейтін техникалық- экономикалық (ТЭД) дәйектемелер негізінде жүзеге асады.
Құзырлы орынның бекітілген ТЭД негізінде, тапсырыс беруші жобалаушы ұйымға тапсырыс береді. Жобалаушы ұйым жобалауға қатысты тапсырмаларды орындауда тікелей қатысуы шарт.Тапсырмада жобаланушы объектке қатысты шарттар мен талаптар көрсетіледі. Жобалауға қатысты тапсырма құзырлы орынмен бекітіледі.
Тапсырма негізінде жобалаушы ұйым кәсіпорынның жобасын жасайды. Тоңазытқыштарды жобалау бір немесе екі сатылап жүргізілуі мүмкін.
Бір бөлімінде тұрғызылуына типтік жобаны қолдану қажет болатын немесе қайта қолануға тиімді жеке жобалар қолданылатын нысана жобаланады. Сондай-ақ бір сатылы жобалау техникалық қиындығы жоқ кәсіпорындарды жобалағанда қолданылады. Бір сатылы жобалауда техно- жұмысшы жоба жасалады.
Екі сатылы жобалау көлемді, күрделі өндірістік комплекстерге, сондай-ақ құрылысты салудың ерекше күрделі шарттары бар, жаңа игерілмеген өндірістік технологиялары бар тоңазытқыш кәсіпорындарға қолданылады. Екі сатылы жоба жасау 2 кезеңнен тұрады: 1) техникалық жоба және 2) жұмыс сызбалары.
Достарыңызбен бөлісу: |