2.Ландшафтыны құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жергілікті –жер –қоныс – фация деген жүйеге жіктеледі.
Жер бедері мен топырақ жамылғысын түзетін жыныс құрамында, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын территориялық табиғат кешенін фация деп атайды.
Фация ландшафт құрылымының морфологиялық және айырмашылық бірлігін құрайтын кірпіш іспеттес. Ол –бөлшектенбейтін географиялық кешен. Өсімдік жамылғысы фацияның шекарасын межелеуде үлкен рөл атқарады. Табиғи жағдайда фацияны құрайтын құрамдас бөліктердің динамикалық тепе-теңдігі бұзыла қоймайды, ол В.Н.Сукачевтің биогеоценозымен дәл келеді. Ал адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған немесе адам әрекетіне байланысты пайда болған фациялар әр түрлі биоценоздарды қамтып, биогеоценозға дәл келмеуі мүмкін. Адам әрекетіне байланысты фациның топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі, микроклиматы, су режимі тез өзгереді де, жаңа сапаға ие болады. Бірақ адам әрекетінен пайда болған туындылы фациялардың тұрақтылығы ұзаққа бармайды, табиғи жа-күйін түрлендіруші әрекеттер тоқталған соң, бұрынғы динамикалық тепе-теңдігін қалпына келтіру бағытына көшеді.
Фация жер бедерінің тұтас пішінін де, бір ғана элементін де қамтиды. Жер бедері пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін лесс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердегі шөптесінді шабындық өскен тауаралық жазықтарды (Мыңжылқы, Кеген, Қарқара, Асы жайлаулары) жатқызуға болады. Ал көп фациялы жер бедері пішінінде жыра да, сай да, өзен аңғары да мысал бола алады. Бұлардың кез келгенінің табынында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық жағдайлар әр түрлі болғандықтан, әр түрлі биоценоздармен сипатталатын фациялар қалыптасады. Демек, ауқымы жағынан фация үлкен аймақты да, шағын өңірді де алып жатуы мүмкін.
Фацияның қалыптасуында жер бедері пішіні элементінің сипаты, салстырмалы биіктігі, беткей көрінісі мен қиялылығы, жыныстық құрамы үлкен рөл атқарады. Жер бедерінің пішініне қарай тегіс, ойыс, дөңес деп бөледі.
Тегіс жерде ауа айналымы, жылу режимі біркелкі таралады, жер бетіне түсетін ылғал жер астына терең сіңеді де, жер асты суының деңгейі төмен жатады. Ол топырақ пен өсімдіктер жамылғысының ылғал баласына қатыспайды. Фацияны қалыптартырушы зат және энергия алмасу процестері дербес сипатта дамиды. Жер құнары, бір жағынан, топыраққа сіңген сумен шайылып, органикалық заттардың түзілуіне жұмсалып кемісе, екінші жағынан, элювийлі жамылғының үйілуіне байланысты қордалы қорын толықтырып отырады. Осылай жер құнарының динмикалық тұрақтылығы сақталады.
Ойысты жерде ылғал, жылу балансының кірісі мен минералдық заттар қорының жиналуы мол болады. Осыған байланысты шөлді, шөлейтті және далалы жерлердегі кішкентай ғана ойысты жерге оазисті фациялар қалыптасады.
Дөңесті жер фациялардың территориялық бөлшектеуіне әсер етеді. Ең кішкентай деген төбенің өзі атмосфераның жер беті қабатындағы ауа қозғалыстарының бағытын, жылдамдығын, ылғал мен жылу балансының таралуын өзгертеді. Жаз айларында төбенің ық жағымен салыстырғанда, жел жақ беткейіне ылғал мол түседі, қыс айларында, керісінше, ық жақ беткейге омбы қар жиналады. Осы сияқты, күнгей беткейлер мен теріскей беткейлердің радиациялық және температуралық баланстары да түрліше болып келеді. Ылғал, жылу және минералды заттардың алмасуында беткейлердің құлау бұрыштарының да рөлі елеулі. Мысалы, 500 солтүстік ендікте ылдиы 450 қа жеткен теріскей беткей тегіс жермен салыстырғанда күннің тік радиациясын екі есе кем қабылдайды. Жер бетінің салыстырмалы биіктігі артып, беткейлер еңістеген сайын ағын су мен минералды заттар үгінділерінің гравитациялық қозғалысы үдей түседі. Қорыта айтқанда, жер бедерінің күрделенуіне байланысты фациялар түрлене береді.
Топырақ асты жыныстарының пайда болу жолдары бір болғанымен, механикалық құрамдарына (саздақ, лесс, құм, т.б.) қарай әр түрлі бола беруі мүмкін. Сондықтан олардың ылғал және жылу сіңіргіш, сақтағыш қасиеттері мен әрекеттесу жолдары бірдей болмайды. Соған орай механикалық құрамдары әр түрлі жынысты жерлерде әр түрлі фациялар қалыптасады. Жалпы алғанда, топырақ асты жыныстарының механикалық құрамдары сазданған сайын фациялар түрленіп, ландшафт күрделене береді.
Жер бедері мен топырағы түзілетін жыныстары бір текті болып келетін тұтас бітімді жерде жер беті мен жер асты суының гидрологиялық режимі, микроклиматтық жадайы бірдей, геохимиялық жәнебиологиялық зат, энергия алмасу кезінде тұтасқан іргелес фациялардың жаратылыстық, динамикалық бірлігін қоныс деп атайды.
Жер бедерінің жеке- дара бітімінде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құқрылымдық, динамикалық бірлігін жергілікті жер деп атайды.
Ландшафтының геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын ттк құрайды.
Лекция №9
Тақырыбы: Ландшафтының дамуы
Жоспары:
1.Ландшафтының өздігінен дамуы
2. Кезеңді ландшафт өзгерісі
Лекцияны мақсаты:
Ландшафтының өздігінен дамуын,консервативні ландшафты, реликтілі ландшафты, прогресті ландшафты қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Қандай ттк болсын зоналық және азоналық факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу қиын іс. Өйткені адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының даму тарихын баяндайтын белгілер із- түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен, ландшафтының дамуы туралы біршама материалдар жинақталған.
Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л.С. Берг зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келеті қайтымды және қалпына келмейтйн қайтымсыз типтерге жіктеді.
Ландшафтының қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, маусымдық, жылдық, ғасырлық, дәуірлік ырғақты табиғит құбылыстары мен апатты оқиғаларға байланысты болады. Олар ландшафт динамикасын дамытуда жеке- дара да, бірімен- бірі қосарланып та әрекет етеді.
Ырғақты табиғат құбылыстарына байланысты болатын қалпына келетін өзгерістер ландшафтының құрамдас бөлік аралық динамикалық тұрақтылығын сақтайды. Оны сипатына қарай С.В. Калесник (1970) кезеңді және циклді деп екіге бөлді.
2.Кезеңді ландшафт өзгерісі жыл сайын белгілі бір тұрақты уақыт өлшемінде қайталана береді. Онгың күн мен түннің ауысуына байланысты болатын тәуліктік және жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын маусымдық ырғақтылық байқалады. Тәуліктік ырғақтылық жердің өз осінен айнала қозғалысына байнанысты. Кезеңді ландшафт өзгерісінің екінші түрі маусымдық өлшеммен өлшенеді. Маусымдық ырғақ жердің Күнді айнала қозғалысына байланысты.
Арктика мен экваторлық ормандарда маусымдық ырғақ онша байқалмайды, субарктикады айқындала түседі де, күн сәулесі режиміне байланысты болады.
ТТК жуық шамамен өлшенетін ырғағын цикл деп атайды. Оның он бір жылдық қайтымды көптеген табиғат құбылысының мысалынан айқын байқалады, соның бірі жұт. Жұт көбіне антициклондар мен құрғақ ауа массасының ұзақ уақыт әсер етуінен болады.
Ғалымдардың болжауынша, біздің дәуіріміз мынадай көпжылдық ырғақтарға бөлінеді:
1).Ү- ХІҮ ғасырларда Каспийдің деңгейің төмендеп, Арктиканың, тіпті бүкіл жер шарының мұздылығы кеміген. Исландия мен Гренландия жерлеріне ел көптеп қоныстанған.
2).ХІҮ ғасырдың аяғынан ХІХ ғасырдың басына дейін дүниежүзілік мұздылық артып, дүниежүзілік мұхит деңгейі регрессияланған, көл деңгейі көтерілген, Гренлендия мекендерін мұз басқан.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, таулы мұздықтар қайтуда, жазықтағы көл дейгейі төмендеуде, Арктика мұздылығы кеміп, дүниежүзілік мұхит деңгейі трансгрессиялауда.
Консервативті ландшафт пен құрамдас бөліктер толығымен осы кездегі жағдайға үйлеседі де, олардың қазіргі тұрақтанған құрылымымен сипатталады.
Реликтілі ландшафт пен құрамдас бөліктер өте екрте заманнан жаңа дәуірге кеткен тарихи процесс.
Прогресті ландшафт пен құрамдас бөліктер олардың дамуының тоқталмай жалғаса беретін сипатын көрсетеді.
Регресті ландшафт жерді тиімді пайдаланбаудан көрінеді.
Қазіргі ландшафтының даму бағытын анықтап білудің өте мәнді ғылыми – практикалық маңызы бар. Олар рақылы табиғит өзгерісін күні бұрын болжауға мүмкіндік туады.
Лекция №10
Тақырыбы: Ландшафтының қолданбалы мәселелері.
Жоспары:
1.Инженерлік ландшафттану.
2.Қолданбалы ландшафттық зерттеуде қолданылатын әдістердің түрі.
3.Ландшафтыны конструкциялау.
Лекцияны мақсаты:
Ландшафтының қолданбалы мәселелерін,инженерлік ландшафттануды,қолданбалы ландшафттық зерттеуде қолданылатын әдістердің түрлерін,ландшафтыны конструкциялауды қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Техникалық прогресс жетістіктерін халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен пайдалану арқылы еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын кемітуге болады. Ғылыми- техникалық революция табиғат байлықтарының жаңа түрлерін ашып, халық шаруашылық айналымына қосуда. Ландшафтының құрамы мен құрылым ерекшеліктері сәулет өнерінде, инженерлік шешімдерде тиісінше ескеріліп отыр. Егер ХІХ ғасырдың аяғында кейбір өсімдіктер мен жануарлардың қозғалу ерекшеліктері техника тетіктерін құрастыруға пайдаланып, бионика деп аталатын ғылым саласы дамыса, ХХ ғасырдың басында геоника ғылымы ландшафттануды қалыптастырды.
Инженерлік ландшафттану ландшафтыны халық шаруашылығының түрлі саласында пайдаланудың қыры мен сырымен қарастырады.
Жер шары халықтарының кәсіпшілігі аң аулап, балық ұстаудан басталған. Шаруашылықтың бұ саласын дамытудағы негізгі мәселе- аң мен балықтың ортаға үйлесімді жиілігін сақтау.
Алғашқы қауым дәуіріндегі халық санының аздығына байланысты ауланатын аң мен балық мөлшері азая қойған жоқ. Демек, адам әрекеті мен ттк арасында қайшылық болмады. Сондықтан табиғи байлықтарын пайдалануда табиғит құбылыстарын, процестерін, ландшафтылардың даму заңдылықтарын білу, тану қажеттілігі тумады.
Ландшафт пен адам әрекеті арасындағы қайшылық, әсіресе халықтың жиі қоныстанған жерінде шиеленісіп, табиғаттың жағымсыз құбылыстарын жиілетті. Мұндай құбылыстар ландшафттану ғылымы қалыптасқанға дейін бір жақты қарастырылып келді. Ландшафттану- ттк мен олардың табиғат байлықтарының географиялық орналасуын, халық шаруашылығы айналымындағы рөлін, ландшафтының қолданбалы мәселелерін зерттейтін ғылым.
2.Ландшафтының қолданбалы мәселелерін зерттеудің маңызы табиғат байлықтарын халық шаруашылығы айналымына қосу ісінде күн сайын артып отыр.
Ландашфтының табиғи байлықтарын еселеп арттыратын әдістер көп. Сондықтан белгілі бір аймақтың халық шаруашылығын, оның ішінде ауыл шаруашылығын қалыптастыруда кез келген дақылдарды немесе малды өсіре беруге болмайды.
Қандай ландшафт болсын жылу мен ылғал балансының қатынасына байланысты қалыптасады. Бірақ олар жер шарының барлық бөлігінде бірдей мөлшерде таралған. Суық белдеуде жылу, құрақ шөлді аймақтарда ылғал жетіспейді. Сондықтан жылу мен ылғал балансының қатынасын теңестіру ландшафтының қолданбалы мәселесінің бірі болып саналады.
Қандай да болсын ландшафттық зертту ландшафт картасын жасаудан басталады. Ландшафт картасын жасау процесінде зерттелетін аудан ландшафтысының таксономиялық бірлігі мен морфологиялық түзілісінің құрылымы талданып, жүйеленеді. Қолданбалы мақсатпен жасалатын ландшафт картасы жалпы ғылыми анықтама жинақтау үшін жасалатындарынан қарапайым, пайдалануға қолайлы болуы арқылы ерекше көзге түседі. Оалрдың мазмұны халық шаруашылығы салаларының қажетіне қарай қосымша аналитикалық мғлұматтарымен толықтырылады.
Ландшафтыны инженерлік өнерде, сәулет өнерінде, медицинада, ауыл шаруашылығында және басқа мақсаттар үшін пайдаланғанда олар экономикалық жағынан баға беру өте қиын жұмыс, бұл жолда жинақталған тәжірибе тиянақты тұжырым айтуға аздық етуде.
Ландшафтыны халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданбалы мақсат үшін пайдалануда олардың табиғат жағдайы мен шаруашылық зардабы арасындағы балансын есптеп, ландшафтының құрамдас бөліктері аралық тізбекті балансының тепе- теңдігін сақтау көзделеді. Мұның өзі әрбір аймақтың облыс пен ауданның шаруашылықтың табиғи- экономикалық жағдайн толық дәріжесінде ескеретін, ғылыми жағынан негізделетін, жан- жақты ойластырылған егіншілік жүйесін енгізуді талап етеді. Мысалы, егістік жер мен мал жайылымын пайдалану барысында көп танапты жүйені енгізу тиімді болып шықты. Баланс әдісі жер асты суы, ағаш қоры сияқты қайымды табиғит байлықтарын игеруге өте қажетті. Өнеркәсіптиік құрылыс, қала салуға жарамды жерлер мен рекреациялық объектлерді пайдаланғанда да ландшафт зат алмасу процестерінің нәтижесінде жиналған қалдық заттарды пайдалануға жарамды етіп, оның зиянды әсеріне қарсы тұра алматындай дәрежеде даму керек. Ландшафт шаруашылықтың қалдық заттарын толығымен сіңірмей оның кері әсеріне қарсы тұра алмаса, ластанады, қолданбалы мәнінен айырылады.
Ландашфтының қолданбалы мақсатпен зерттелудігі баланс әдісі олардың келешектегі өзгеріс сипаттарын күні бұрын болжауға мүмкіндік бередңі. Қандай болжау болсынбелгілі бір өлшеммен жүргізіледіі. Ол көпжылдық, жылдық, маусымдық, айлық, онкүдік, тәуліктік болып бөлінеді. Болжаудың әрбір өлшемі әр түрлі қатардағы тасонос-миялық ландшафт бірлігі мен әр түрлі қатардағы олардың морфологиялық түзіліс құрылымының сатысына сай келеді. Болжау арқылы ландшафтының жағымсыз өзгерісіне қарсы шара қолданылады.
3.Ландшафтыны конструкциялау арқылы халық ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат құбылыстьары мен проуестеріне үйлесімді әсер етеді. Ландшафтыны қайта қалпына келтіру жолында көбінесе ылғал және топырақ құрамындағы минерал заттар балансының маусымдық, жылдық, көпжылдық режимдері, реттеледі, агломерациялық жұмыстардың жүйесі аудандастырылады.
Лекция №11
Тақырыбы: Ландшафтының таксономиялық бірлік жүйесі
Жоспары:
1.Физикалық – географиялық аудандастыру
2.Ландшафт жүйесінің географиялық белдеуі
3. Азоналық ландшафт
Лекцияны мақсаты:
Ландшафтының таксономиялық бірлік жүйесін,физикалық – географиялық аудандастыруды,ландшафт жүйесінің географиялық белдеуін,ландшафтының жүйесін географиялық зоналауды қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Ландшафтының таксономиялық бірлігі жер бетіндегі ттк физикалық- геогафиялық топтастыру немес бөлшектеу нәтижесінде жүйеленеді. Әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлуді физикалық- географиялық аудандастыру деп атайды. Физикалық- географиялық аудандастыру нәтижесі елдің табиғат жағдайы мен байлығын кешенді түрде жан- жақты анықтап, табиғат байлығының халық шаруашылығында игерілуін қарастырады. Физикалық- географиялық аудандастыру процесінде әр түрлі сатыдағы ландшафт бірлігі жоғарыдан төмен қарай да, төменнен жоғары қарай да жүйеленеді. Басқаша айтқанда ландшафтының әрбір ірі бөлігіне зоналық және азоналық факторлар әсер етеді, сондықтан бұлардың әрекетіне байланысты дамитын физикалық- географиялық аудандастырудың теориялық негізі болып саналады. Бұлармен бірге географиялық қабық та жер бетінің әр түрлі бөліктерін, күрделі бір территоиялық жүйеге біріктіретін процестерде әрекет етеді. Бөлшектеу мен топтастырушы процестер төменгі сатыдағы ландшафт бірлігінде қарқынды дамиды да, іріленген сайын баялай түседі. Сондықтан физикалық- географиялық аудандардың көп сатылы жүйесі қолданылады, яғни физикалық- географиялық аймақтар жеке шағын бөлшектерге бөлінеді.
2.Зоналық қатардағы ең ірі ландшафт бірлігі – географиялық белдеу. Белгілі бір территоияға күннен келетін жылу мөлшерінің ортақ тарауына байланысты бөлінетін ландшафтының жүйесін географиялық белдеу деп атайды. Әрбір географиялық белдеуде өзіне тән ауа массасы циркуляциясының, алмасуының, биохимиялық және экзогенді геоморфологиялық процестерді, теңіздік ағыстардың жануарлардың қоныс аудару сипаты қалыптасады.
Жылу режиміне қарай солтүстік жарты шардан арктикалық, субарктикалық суық, тропиктік және экваторлық жылы белдеулер бөлінеді.
Жылу, ылғал режимінің бердей болуына байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық прцесінің сипаты бірдей болып келетін ландашфтының жүйесін географиялық зона деп атайды.
Қазақстан жерінде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.
Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі – физикалық- географиялық аймақ. Физикалық-географиялық аймақ геологиялық негізгі (тектоникалық құрлымы) тұтас (қалқанды және плиталы жазықтар, қатпарлы жақпарыл таулар), неоген-антропоген дәуіріндегі тектоникалық режимі ортақ, макрожер бедері мен макроклиматы бірдей зоналық және биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар құрлық бөлігінен тұрады. Жер қыртысының неотектоникалық қозғалысы мен теңіз трансгрессиясы (теңзідің құрлықты басып кетуі), құрлықты маңыздану мен олардың еріген суы әрекетінен бөлшектеніп жер бедері мен климаттық жеке-дара типтері арқылы межеленентін жасы ортақ, зоналы немесе биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктерібар физикалық-географиялық аймақ бөліктерін обылыс дейді. Обылыстардың зоналық немесе биіктік белдеулі бөліктері провинцияға, зонааралық немесе биіктік белдеу аралық бөліктерге өлкеге, ал топырақ пен өсімдіктер жұмылғыларының топтары бойынша жіктелген бөліктері ауданға бөлшектенеді.
3.Азоналық ландшафт қатарына таулы аймақ ландшафтысын жатқызуға болады. Кез келген нақтылы таулы аймақ географиялық орналасуына, түзіліс жолына және биіктік айырмасына қарай өзіне ғана тән ландшафтының биіктік белдеулерімен сипатталады.
Лекция №12
Тақырыбы: Ландшафтыны зерттеудің әдістері.
Жоспары:
1.Техникалық құралдар арқылы бақылау
2.Ландшафт картасын жасау
Лекцияны мақсаты:
Ландшафтыны зерттеудің әдістерін,техникалық құралдар арқылы бақылауды,ландшафт картасын жасауды,ландшафт профильдерін кескіндеуді қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Ландшафтының зерттеу әдістемесіне ттк қазіргі жай- күйлерін, табиғат құбылыстары мен процестерін көз мөлшер бойынша және техникалық құралдар арқылы бақылау, ландшафт картасын жасау, профилдерін кескіндеу жатады.
ТТК қазіргі жай- күйлері мен табиғат құбылыстарын, процестерін бақылау барысында ландашфтының құрамды және құрылымдық бөліктері арасындағы заттардың, энергия көздерінің алмасуы және олардың негізінде дамитын ттк трансформациялану, түлеп, туындап, қайта түзілу жолдары жатады. Ал ландшафт картасын жасау мен профилдерін кескіндеуде олардың географиялық орналасу заңдылықтары анықталып, сипатталады. Алайда бұл әдістемені бір- бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Бұларды өзара сабақтастырып пайдаланғанда ғана ландшафтыны жан- жақты зерттеп білуге болады.
Ландшафтыны зерттудің бақылау әдістемесі маршруттық зерттеуде де, стационарлық зерттеуде де пайдаланылады. Қазақстан территоиясының табиғат жағдайларын ескере келіп, бақылау күнделігінің үлгісін былай кестелеуге болады:
1.Ландшафтының аталуы, мекен- жайы.
2. Географиялық орны.
3.Көлемі (км2), шекарасы.
4.Күнделік толтырушының аты- жөні.
5.Күнделіктің толтырылған күні, айы, жылы.
6.Ландшафтының тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы.
7.Жер бедері.
8.Еспе және жер асты суы.
9.Ауа райының жай- күйі.
10.Өзендері.
2.Ландшафт картасы жасалынатын территорияның картографиялық, географиялық ақпараттары толық жинақталған соң, карта бетіне түсітін территориялық табиғат кешендері түгенделіп, физиономиялық белгілері анықталады, әрқайсысының ландшафт картасындағы кескіні межеленеді.
Ландшафт картасы зоналық және азоналық факторлдардың әрекет етуі негізінде түзілетін ттк қағаз бетінлегі көрініс болғандықтан, ғылыми мәселелермен бірге сан алуан қолданбалы мәселелерді де шешуде үлкен рөл атқарады.
Лекция №13
Тақырыбы: Антропогенді ландшафт
Жоспары:
1.Адамдардың табиғатқа әсері
2. Алғашқы техникалық прогрес
Лекцияны мақсаты:
Антропогенді ландшафтағы адамдардың табиғатқа әсерін,адамдардың қайтымды және қайтымсыз әсер етуін,әсер етудің жүйелер немесе класстарын қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала береді. Адам іс- әрекеті техникалық прогерестің артуына байланысты соңғы кзде ландшафтының әеср етуші өте күшті факторлардың қатарына қосылуда.
Антропогенді процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікеелй және жанама әсерлері тимеген бірде- бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрастыруда.
Адам әрекеті ландшафтыныы құрайтын құрамдас бөліктердің бәріне бірдей әсер етпейді. Антропогенді факторлар ландшафтының геологиялық негізін, жер бедерін, климаттың басты элементтерін түбірлі өзгерте алмайды. Адам әрекетіне байланысты негізінен, ландшафтының өзен жүйесі, жылу және ылғал балансы, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануалшар дүниесі өзгереді. Бірақ адам әрекеті тоқталысымен, ландшафт табиғи жағдайынқалпына келтіруге тырысады. Бұдан антролпогенді жолмен қалыптасқан туындылы ландшафтының да ттк қатарына жататындығын түсіну қиын емес.
Антропогенді фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Антропогенді фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының морфологиялық құрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен прцестерге жер бетінің жыралануын, топыфрақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдарының көшпелі құм жондарына айналуын т.б жатқызуға болады.
Жанама әсер ететін адам әрекетәі негізінен ландшафт құрамдас бөлікті байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландашфтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады.
Ландшафтыны пайдаланудағы адам әрекетінің жағымсыз жақтарын кейбір елдердегі жер өзгерісінен жиі байқауға болады. Мысалы, Въетнам жерінің иландшафтысы1965-1971 жылдары АҚШ бомбалауынан айтарлықтай зардап шекті.
2.Тарихи деректер антропогенді фактор ізінің миллиондаған жылдармен есептелетіні дәлелдеп отыр. Ол техникалық прогрестің өзгерісіне байланысты бірнеше дәуірлерді қамтып келген. Алғашқы техникалық прогрес отынның пайда болуынан басталады. Ал оған дейінгі антропогенлі өзгеріс адамның табиғат байлықтарын даяр өнім түрінде жинауына ғана байланысты болғандықтан, биотикалық фактор жәрехесінен асып кете қойған жоқ.
Ландшафтының антропогенді дамуының екінші дәуірі техникалық прогреспен байланысты. Химиялық заттарды халық шаруашылығында пайдаланудан антропогенді ландшафтының үшінші даму дәуірі басталады.
Ғылыми – техникалық революцияның өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және медицинадағы барлық жетістіктері, бір жағынан халықтардың санын өсірді. Егер жер шары халықтарының саны ауыл шаруашылығы дамығанға дейін небәрі бірнеше миллион болса, 1980жылы 5 млрд. болды, ал, 2000жылы 6млрд. жетті.
Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына, т.б. әлеуметтік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады:
Адам аяғы баспаған табиғи ландшафт.
Адам әрекетінен көп өзгермеген ландшафт.
Адам әрекетінен бұзылған ландшафт.
Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафт.
Лекция №14
Тақырыбы: Қоныстық ландшафтар
Жоспары:
1.Қала ландшафттары
2.Қала ландшафтыларын жіктеу
Лекцияны мақсаты:
Қоныстық ландшафтардың қала ландшафттарының жіктеуін, қала ландшафтары кеңістік пен уақыт аралығында құрылыс обьектілерінен жағымды және жағымсыз өзгеріске ұшытап отыруды қарастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Д. Н. Ушановтың орыс сөздігінде “селитьба” деген сөз туралы былай деген: “Қала мен басқа да тұрғын мекендердің , құрылыстардың , бақтардың , қала жолдарының алып жатқан жерінің аудандары .”(1940) Қысқаша географиялық энциклопедияның құрастырушылары осы сөзге негізделіп (селитьба)-“селитебті-қоныстық жерлер тек ңана қала және қала түріндегі поселкелердің жер учаскелері” депті.(1962) Ал Ф.Н. Милков бойынша “қоныстық ландшафтар – бұл тұрғын мекендердің (қала , ауыл , олардағы құрылыстар көшелер , жолдар , бақтар парктер) Антропогендік ландшафтары .” Қоныстық ландшафтар өздерінің өзгеруі бойынша екіге бөлінеді:қалалық және ауылдық антропогендік ландшафтар .
Кішірек қалалар мен ірі ауылдың антропогендік ландшафтардан айырмашылыңы өте аз. Бірақ , жалпы қала ландшафтарының ауыл ландшафтарына қараған да табиғи жағдайының өзгеруі тереңірек болып келеді.
Тұрғылықты халық қоныстанған аймақтарда қоныстық ландшафтар типтері қалыптасқан. Олар халықтың оргналасу тығыздыңына байланысты ауылдық және қалалық қонысты ландшафтар болып екіге бөлінеді. Қала ландшафтары кеңістік пен уақыт аралығында құрылыс обьектілерінен жағымды және жағымсыз өзгеріске ұшытап отырады. Жағымды өзгерістер-белгілі бір жоспарланған нұсқа бойынша қала ландшафтарын-мәдени ландшафтарды құру,ал, жағымсыз ландшафтар-өзгерістер алғашқы табиғи кешендердің орнына жаңа антропогендік ландшафтар модификациясының қалыптасуы, жер асты сулар деңгейінің, топырақ пен өсімдік топырағындағы түрлік өзгерістердің пайда болуы. Ғылыми бағыт ретінде қала ландшафтарының экологиялық, геохимиялық ерекшеліктерін зерттеуге үлес қосқан келесі ғалымдар:Ю. А. Сает, Р. С. :мирнова, Н. С. Касимов, А. И. Парельмант.б.
Қалалардың даму тарихы мәдениеттанудың ең алғаш кезеңдерімен байланысты. Египет пен Ассирияның көне, негізгі қаларында жүздеген мың иадам тұрған деп есептеді.Шығыстың ірі қалаларында, мысалы, Алексанлрияда жарты млн-ға жуық халық тұрған.Көне заманның ірі қалаларының бірі Рим – жаңа ғасырдың басында мұнда 700 мыңнан 2 млн-дейін адам өиір сүрген.
ХІХ ғасырдың басына дейін ірі қалалардың өсуі баяу болды.
ХІХ ғасырдың басында дүние жүзінде халқы миллионға жететін 10 қала, ал, халқының саны 2 миллионнан асатын үш ірі қала агломерация Лондон, Париж, Нью-Йорк пайда болды. ХХ ғасырдың басына қарай тұрғындардың саны 10 млн. Асатын алып тез өркендеді. Дүние жүзінде құрлықтар мен жекелеген құрлықтардың кеңістіктегі урбандалу деңгейі бірдей емес. Кейбір мемлекеттердің урбандалу деңгейі өте жоғары. Мысалы, Британ аралының халқаның жартысына жуығы Лондон қаласында мекендесе, жалпы қала халқының үлес салмағы бүкіл адам санының 80 пайызына тең.
2000 жылы құрлықтардың 6 млрд. халқының 70 пайызы ірі қаларда тұрып, кейбір ірі қалалар халқы 20-80 млн-ға жетіп қалалар мегапилеске ауысады.
Дамып келе жатқан елдерден урбандалу деңгейі жоғары қарқынмен артып келе жатқан – Латын Америкасы. Мұнда 70жылдың ортасында қалаларда барлық халықтың 50 пайызы тұрса, 2000 жылы 80-85 пайызға артты. Ал, Африка мен Оңтүстік Азия елдерңнде урбандалу төиен – 2530 пайыз болса, 2000 жылы 30-40 пайызға жетті. Сондықтан бүкіл жер бетінде тек қала халқының саны ғана артып қоймайды, қалаинфра құрылымына бөлінетін жердіңде ауданы артатыны белгілі. Өйткені қала кварталы мекн қатар темір жол ме автамобиль көлігіне, аэродромдар салуға бөлінетін жердің ауданы ұлғаяды. Әсіресе Батыс Еуропа елдерінде елеулі өзгерістер байқалалы деп күтіледі. Қала ландшафтарын экологиялық-геограиялық жіктеуде геоимиялық принцп жетекші орын алады.
2.Қалалы аймақтың ландшафтарын жіктеу мен картаға түсіру көптеген ғалымдардың еңбектерңнде қарастырылғаны мен қала ландшафтарын жүйелі ұйымдастыру, табиғи ландшафт құрылымына антропогендік фактрдың әсер ету деңгейіне сандық баға беруде бірдей көрсеткіштерді қолдану туралы жіктеу белгілері айқындалмады.
Қала ландшафтарын жіктеуде бірнеше тәсіл немесе әдіс қолданылады.
Комплекстік әдіс-қала шекарасында ландшафт құрушы табиғи жіне техногенді факторлар бір-біріне ұқсас, табиғи процесстердің нашарлау деңгейі жақын терреторияларды бөлу;
Географиялық тәсіл-табиғи және антропогендік компоненттер тіркесін үйлесімді есепке алу;
Экологиялық немесе нуклеарлық тәсіл-“техногендік ластандыру көзі – қоршаған табиғи орта” жүйесіндегі антропогендік әсердің қарқандылығын анықтау. Қала ландшафтарын жіктеген де есепке алынатын көрсеткіштерге мыналар жатады:техногендік фактарларға тұрақтылығы, әр түрлі табиғи ортада ластандырушы элементтердің миграциялық ерекшелігі, топырақ қабатындағы қара шірінді мен құнарлы заттардың мөлшері, микроклимат, эрозимя мен дефляция процесстердің даму ерекшеліктері т. б.
Қазіргі қала ландшафтар - компанентаралық байланыс нашарлаған табиғи – антропогендік жүйелер болып табылады. Қала ландшафтарының негізгі ерекшелігі – антропогендік әсер тұрақты болғандықтан, зат пен энергия айналымы үздіесіз және үдеу бағытында дамиды. Химиялық элементтердің топырақ қабатында қаншалықты шоғырланған өнеркәсіп орталығынан тараған элементтердің сандық шамасын анықтау арқылы білуге болады. Адам денсаулығына жағымсыз әсер ететін топырақ жамылғысындағы химиялық элементтердің шамасы гигиеналық немесе геохимиялық көрсеткіштермен анықталды.
Тұрғылықты халық қоныстанған аймақтарда топырақ қабатынық ұзақ уақытта зиянды металдар да ластану атмосфера қабатының тұрақты ластануының орталығы болатыны анық. Топырақта қалыптасқан техногендік ореолдардың таралуы ең алдымен ластандыратын орталықтарға және атмосфера қабатының жергілікті ерекшеліктеріне байланысты.
Химиялық элементтер , соның ішінде сынап та табиғи су құрамында сұйық және тнба тәрізді екі түрлі физикалық – химиялық формада миграцияға қатысады. Олардың қарым қатынасы миграция орталығының физгеографиялық ал техногендәк жағдайда ластандыру көзінің режимәне байланысты.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы, сондай-ақ технологиялық құрал – жабдықтардың нашарлығы, өазіргі дүние жүзілік техника жағдайына сәйкес келмеуі мен терретория бойынша біркелкі орналасуы салдарынан табиғи комплекстердің тепе – теңдігі мнен тұрақтылығының нашарлығы , атмоссфераның , топырақ пен өсімдік жамылғысының , жер асты және жер беті суларының , тағамдық өнімдердің ластануынан байқалады.
Ауылдық ландшафтардың қай жерде болсын орналасуы- дала зонасында, орман, таулы немесе жазықты жерде - оның пайда болуы , сол жердегі тарихи қалыптасқан табиғи ландшафтардың түпекілікті өзгеруінен байқалады. Ең негізгісі сол терреторияда төсімдік пен онымен тығыз байланысты дамитын жануарлар дүниесінің өзгеруінен көрініс табады. Бірақ уақыт өткен сайын топырақ пен рельеф пішіндері де өзгеріске ұшырайды , топырақ қабатын да шайылу процесі үдейді, беркейлер де жыралар пайда бола бастайды, мәдени бақша отырғызған жерлердің топырақ қабаты өзгереді т. б. Процесстер пайда болады.
Ауыл мекендерінің қоныстануына әр түрлі табиғи, тарихи, экономикалық факторлар әсер етеді. Дегенмен, ауылдық мекендердің қоныстануы табиғи жағдаймен: рельеф пішінімен, жер беті және жер асты суларының бар– жоқтығымен, олардың тиімділігімен, тереңдігімен, климаттың қолайлығы мен т. б. Тығыз байланысты.
Лекция №15
Тақырыбы: Қазақстанның жазық аймақтарының ландшафтылары
Жоспары:
Жазықтардағы зоналық заңдылық.
Ландшафтардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі
Орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары
Лекцияны мақсаты:
Қазақстанның жазық аймақтарының ландшафтыларын,жазықтардағы зоналық заңдылықарды, ландшафтардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруін,орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттарын қаарастыру.
Лекцияның мәтіні:
Қазақстан республикасы солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мұнда жылу режимі әр маусымда әртүрлі, сондықтан геоморфологиялық процестердің, климат жағдайларының, қар жамылғысының, өзендердің гидрологиялық режимдердің маусымдылығы айқын байқалады. Климаттың қалыптасуына қыста арктикалық және полярлық, жазда полярлық және тропиктік ауа массасы әсер етеді. Климатына байланысты табиғат жағдайлары әртүрлі болып келеді де, табиғаттың ерекше құбылыстары мен процестерінің әсерінен ландшафтысы жиі- жиі өзгеріп тұрады.
Республика территориясының орасан үлкендігіне, орографиясының ерекшелігінен тым котинентті болуына, әр текті жазықтар мен әртүрлі биіктіктегі таудың кең аймақты қамтуына, Сібірдің суық қысы, Орта Азияның ыстық жазымен ұштасып жатуына байланысты Қазақстанның ландшафтысы бірнеше итпті болып келеді. Жалпы олар қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық топтарына жатады. Жазық аймақтардағы ландшафтысы зоналы, таулы аймақтардағы ландшвфтысы азоналы болап келеді. Биіктік белдеу рет бойынша жүйеленеді.
Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1600 шақырымға, батыстан шығысқа 3000 шақырымға созылған. Геологиялық геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық, циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет етуіне қарай орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |