Кредит саны.
|
Жалпы сағат саны.
|
Оның ішінде.
|
Семестр.
|
Қортын
ды бақылау.
|
Лек.
|
Практ.
|
СӨЖ
|
ОБ
СӨЖ
|
2
|
90
|
15
|
15
|
30
|
30
|
|
|
№1кредит
|
45
|
9
|
6
|
15
|
15
|
|
|
№2кредит
|
45
|
6
|
9
|
15
|
15
|
1 семестр.
|
Емтихан.
|
5. Оқу сабақтарының құрылымы.
Лекция.- студентке тақырыпты игеруге неге назар аударуына бағыт
береді.Пәндітолық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттерді
барлығымен жұмыс істеуі қажет.
Семинар сабақтарында- студент талдау,салыстыру,тұжырымдау,
Проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді
Ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.
СӨЖ- студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды,өз бетімен меңгереді.
ОБСӨЖ-оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып
меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін
тексереді ,бақылайды.
6.Студентке арналған ережелер.
1.Сабаққа кешікпеу керек.
2.Сабақ кезінде әңгімелеспеу,газет оқымау,сағыз шайнамау,ұялы телефонды өшіріп қою керек.
3.Сабаққа іскер киіммен келу керек.
4.Сабақтан қалмау,науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
5.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіленеді.
6.Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
7.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша
бөліну кестесі.
1-кредит.
№
|
Тақырыптың аты.
|
Лек.
| Прак. | СӨЖ |
ОБ
СӨЖ
|
1
|
«Перспектива» дизайнер мамандығы пәні.
|
1
|
|
1
|
|
2
|
Перспектива тарихы.
|
1
|
|
1
|
|
3
|
Орталық проекциялау әдістері.
|
|
1
|
1
|
|
4
|
Проекция аппарат және оның элементтері
|
1
|
|
1
|
1
|
5
|
Нүкте және түзудің перспективасы.
|
1
|
|
1
|
1
|
6
|
Жазықтарды кескіндеу.
|
1
|
|
1
|
1
|
7
|
Көлбеу орналасқан жазықтардың, көлбеудің перспективасы.
|
|
1
|
1
|
1
|
8
|
Перспективтің масштабтарын салу.
|
1
|
|
1
|
1
|
9
|
Шеңбердің және геометриялық денелердің перспективасы.
|
|
1
|
1
|
1
|
10
|
Интерьердің фронталь перспективасын жасанды көлеңке жарығымен салу .
|
1
|
|
1
|
1
|
11
|
Бұрыштық интерьердің перспективасын жасанды жарықтығында көлеңке жарығымен салу.
|
|
1
|
1
|
1
|
12
|
Тынық судың бетінде шағылысуы.
|
1
|
|
1
|
1
|
13
|
Картинаны перспективтік талдау.
|
1
|
|
1
|
1
|
14
|
Архитекторлар әдісі.
|
|
2
|
1
|
1
|
15
|
Үйдің табиғи жарықтығында көлеңке жарығы және судың бетінде шағылысуы.
|
|
Барлығы.
|
9
|
6
|
15
|
15
|
.
2-кредит.
|
Тақырыптың аты.
|
Лекция
|
Практика
|
СӨЖ
|
ОБСӨЖ
|
1
|
Сызба геометрияға кіріспе.
|
1
|
|
1
|
1
|
2
|
Тік бұрышты проекциялау әдісінде салынған сызбалар
( нүкте, түзу және жазықтық).
|
1
|
|
1
|
1
|
3
|
Тік бұрышты проекция жүйесінде сызба салу.
|
|
3
|
3
|
3
|
4
|
Нүкте және түзудің сызбасы
|
5
|
Жазықтықтардың сызбасы
|
6
|
Аксонометрия проекциялау туралы түсінік
|
1
|
|
1
|
1
|
7
|
Аксонометрия проекциялау
|
|
1
|
1
|
1
|
8
|
Сызбаларды түрлендіру әдістері туралы түсінік.
|
1
|
|
1
|
1
|
9
|
Сызбаны түрлендірудің әдістері.
|
|
1
|
1
|
1
|
10
|
Көпжақты және айналу беттерінің сызбалары туралы түсінік.
|
1
|
|
1
|
1
|
11
|
Көп жақты және қисық беттердің сызбасы.
|
|
1
|
1
|
1
|
12
|
Беттердің жазықтықтармен қиылысу сызықтарын таба білу және беттердің жазбасын сала білуді үйрету.
|
1
|
|
1
|
1
|
13
|
Беттердің жазықтықтармен қиылысуы және жазбасы.
|
|
3
|
3
|
3
|
14
|
Беттердің өзара қиылысу сызықтарын анықтай білу және оларды салу.
|
15
|
Беттердің өзара қиылысуы.
|
|
Барлығы
|
6
|
9
|
15
|
15
|
|
Барлығы:
|
15
|
15
|
30
|
30
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.
«Сырдария » университеті.
«Педагогтка және экономика» факулътеті.
«Бейнелеу өнері және дизайн»кафедрасы.
«Перспектива және сызба геометрия » пәні
бойынша 050107 «Бейнелеу өнері және сызу »
мамандықтарының студенттері үшін.
Лекцияның Қысқаша курсы.
Жетісай-2006ж.
Лекция №1.
«Перспектива» дизайнер мамандығы пәні .
Жоспар:
1. Перспектива сөзінің мағынасы.
2.Перспектива пәнінің дизайн мамандығындағы тәрбиелік маңызы.
3. Перспектива түрлері.
Табиғи көрініс сезімін тудыратындай етіп салынған кескіндері бойынша құрылыстың қандай болатынын, ғимараттардың әсемдік тұрғысынан дұрыс орналасуын алдын ала көруге болады. Мұндай кескіндерді перспективалық проекциялар немесе перспектива деп атайды.
Перспектива сөзі « латынша perspiceze сөзінен алынған» арғы – бергі жақты көруді білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтықтағы заттарды бейнелеудегі сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым . Ол нәрселердің табиғаттағы кеңістіктік пішіндерін көрініп тұрған қалпында бейнелеу заңдылықтарын қарастырады. Перспектива центрлік проекциялау әдісі бойынша орындалады. Кескіндер жазықтыққа, цилиндрлік немесе сфералық, беттерге де салынады. Перспектива цилиндрлік бетке салынса панорамалық, ал сфералық бетке салынса күмбездік перспектива деп аталады. Жазықтыққа салынған перспективаны сызықтық перспектива дейді.
Перспективаның негізгі екі түрі бар: сызықтық және әуелік. Сызықтық перспектива нәрселердің орналасуына байланысты сызықтық (көлемдік ) өзгеруін сипаттап жазықтыққа кескіндеуді қарастырады. Әуелік перспектива ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты ауа қабатының әсерінен нәрселердің түсінің өзгеруін зәрттейді . Жарық пен көлеңкенің контрастылық дәрежесі, заттың көлемділігі, оның нұсқасының анықтығы, түстік бояуы ол сурет салушыдан қашықтаған кезде күрт өзгеріп отырады. Мұның өзі бізді қоршаған ауаның өте мөлдір емес екеніне байланысты : оның құрамында әрдайым шаң – тозаң , ылғал және басқа да өте ұсақ қалқып жүрген бөлшектер болады, олар ауаны бұлдыр ортаға айналдырады. Осы бұлдыр орта өзі арқылы өтетін сәулелерге әсер ете отырып , ол бүркеп тұрған заттарды қабылдауымызды анықтайды . Бізден қашықтай отырып , заттар көзбен көргенде көлемі жағынан ғана кішірейіп қоймайды. Қашықтау дәрежесіне орай олардың қара – қошқыл және бозғылт жерлерінің контрастылығы барған сайын біртіндеп жұмсарады, заттар неғұрлым жайпақтана түскендей болады да ақырында көкжиекке зорға ажыратылатын силуэттерден тұратын бір реңді мұнарға айналады. Сонымен бір мезгілде олардың түс бояуы да өзгереді. Осы құбылыс ауа перспективасы деп аталады.
Перспектива туралы ғылым даму үстінде, соңғы жылдары классикалық теорияға бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Біздің тіршілігімізге енген авиация , бой түзеген зәулім үйлер мен құрылыстар біздің оптикалық қабылдауымызды кеңейтті. Мұның өзі осындай қабылдауларды картинада беру кезінде перспективаларды құрудың классикалық теориясын пайдалануда кейбір қиындықтарға әкеліп соға бастады. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерімен байланысты туған көптеген сұрақтар мен проблемалар бірнеше ғасырлар бойы міз бақпайтын сияқты болып көрінген классикалық перспектива теориясының кейбір қағидаларының нақтыланып, толықтырыла бастауына , ал жекелеген жағдайларда өзгере де бастауына алып келді.
Сонымен , бұл арада баяндалған перспектива теориясының негіздері қатып қалған догма емес – ғылым да дамып отырады , суретшілер де оны өз жұмыстарына творчествалықпен икемдейді .
Лекция №2.
Перспектива тарихы.
Жоспар: 1. Ежелгі адамдардың саналы іс - әрекеті.
2. Алғашқы графикалық таңбалар, жазулар.
3. Перспектива ғылымын зерттеген ғалымдар.
Адамзат өміріндегі еңбек құралдарының пайда болуы, қарым қатынастың дамуы ой – пікірді жеткізуге арналған түрлі белгілерді, графикалық таңбаларды тудырды. Адамның саналы іс - әрекетінің арқасында суреттер түріндегі алғашқы жазулар пайда болды. Олар абстракты ұғымдарды, құбылыстарды немесе нақты нәрселерді білдіретін. Қоғамның дамуына байланысты шартты белгілерді салудың әр түрлі тәсілдері пайда бола бастады. Белгілі бір ойды жеткізу үшін графикалық шартты таңбалардың жазулар, пиктограммалар сияқты жүйесі қалыптасты. Ертедегі Бабл ( Вавилония ) жеріндегі шумер халқы үшкіл сына жазуын шығарды. Ал Қытайда иероглиф жазуы пайдаланылды. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдардың аяғында ежелгі алфавит жасалды. Бұлар қазіргі қолданып жүрген алфавиттерге негіз болған финикия, грек жазулары еді.
Нәрсе бейнелерін жазықтыққа кескіндеу табиғи қажеттілік. Құрылыстар салу, түрлі еңбек құралдарын, механизмдерді жасау, астрономиялық зерттеулер жазықтыққа салынған нақты кескіндер бойынша жүргізілді. Графикалық кескіндердің жүйелі түрде дамуына, әсіресе Баблда ( Вавилонда) Мысырда ( Египет ) жинақталған өзіндік мәдени дәстүрлер ықпал етті. Күнтізбе жасау, жер өлшеу, байланыс жасау істері, сұңғат ( живопись ), сәулет ( архитектура ), мүсін ( скүльптура ) өнерлерінің дамуы, ауыл шаруашылығының, теңізшілік кәсібінің және басқа да өндіріс салаларының өркендеуі графикалық кескіндеу тәсілдерін біртіндеп жетілдіре берді.
Бізге келіп жеткен еңбектерде кездесетін графикалық кескіндерде заңдылықтар мен ережелердің болғандығы көрінеді. Оларды шартты түрде геометриялық салулар, құрылыс сызбалары, бұйымның кескіндері, географиялық карталар және жұлдыздар картасы деп бөлуге болады. Қазіргі уақытқа дейін сақталған алыс заманалардағы мәдениет сілемдері, түрлі тарихи ескерткіш нұсқалары, зәулім құрылыстар алдын – ала дайындалған жоспар бойынша сызбалардың көмегімен орындалған. Бұл құрылыстардың материалы, сырт пішіні ғана емес, олардағы геометриялық фигуралардың үндестігі, өлшемдердің қатынасы, пропорциялар ұстамдылығы мінсіз гармониялық үйлесім тапқан. Кейбір құрылыстардың күрделілігі сондай оларды сызбаларынсыз жасау тіпті мүмкін емес. Бертінде табылған Мысыр пирамидаларының сызбалары, ежелгі жер беті карталары қарапайым, әрі түсінікті салынған.
Ғылымның дамуы графикалық кескіндеу әдістерін жетілдірді. Б. з. б. III – V ғ. өзінде Платон Аристотель, Пифагор, Демокрит сынды ойшылдардың еңбектерінде сызбалар қолданылған. Бұлар көптеген жаңалықтар ашып, жаңа ғылымдардың негізін қалады. Бертін келе геометрия ғылымын бір жүйеге келтіріп, өзара байланыста мазмұндап берген Евклид, механика саласында теңдесі жоқ жаңалықтар ашқан, түрлі машиналар жасаған Архимед және т.б. оқымыстылар да сызбалардың дамуына үлкен үлес қосты.
14 – 16 ғасырларда Батыс Европа елдерінде әр түрлі заңдылықтар ашылды. Итальян сәулетшісі Филиппо Брунеллески (1377 – 1446 ), итальян ғылымы Леон Баттиста Альберти (1404 – 1472 ) қайта өрлеу дәуірінде сәулет өнерінің негізін қалады және перспектива заңдылықтарын ашты.
Сызықтық перспектива заңдылықтарын толықтырған, әуелік перспектива ұғымын енгізген итальян суретшісі, сәулетші, ғалым әрі инженер Леонардо да Винчи ( 1452 – 1519 ) сызбалар жасау теориясына елеулі үлес қосты. Оның өз қолымен орындаған әр түрлі машиналардың , сүңгуір қайықтың, ұшу аппараттарының сызбалары сақталған. Одан кейін итальян және неміс суретшілері Пьеро Делла Франческа, Паоло Учелло, Альбрехт Дюрер (1471-1528) және басқалар өздерінің ғылыми еңбектері мен өнер туындыларында бұрын ашылған заңдарды дамытты . Одан кейінгі уақытта кез – келген затты кез – келген бұрылыста, кез – келген қашықтықта және қай жақтан қарағанда да жазықтық үстінде дәл суретін беруге мүмкіндік жасайтын көптеген перспективалық құрылыс әдістері мен тәсілдері талдап жасалды. Бұл зерттеулер кейін проективтік геометрияны қалыптастырған әр түрлі жалпылауларды тудырды.
Дезарг (1593-1662) перспективаны геометриядағы ғылыми зерттеудің жалпы әдісі деп есептеді. Ол кеңістіктің шектеусіз алыстағы нүктелерін жүйелі түрде қарастырып , соның нәтижесінде, проективтік кеңістіктің ұғымына келді. Перспективті үшбұрыштар туралы әйгілі теореманы да сол ғалым тағайындады, бұл сөйлем Дезарг теоремасы деп аталады. Дезарг проективтік геометрияның негізін салушы болып есептеледі.
Понсоле (1788-1867) жазықтықтың проективтік бейнелеуін бірнеше перспективтік бейнелеулердің көбейтіндісі ретінде қарастырады да , фигуралардың проективтік қасиеттерін проективтік бейнелеулерде инвариант күйінде қалатын қасиеттер ретінде арнайы зерттеп , өзге қасиеттерінен айырып алады.
Г. Монж (1746-1848) сызба геометрияның негізін салушы , Монж әдісінің авторы. Ол өзінің « Анализдің қолданылуы» атты лекцияларында сызықтардан беттердің құралу жолдарын зерттейді. Қисықтық сызықтарындағы бет нормальдарының жайылма бет құрастыратындығы туралы белгілі теореманы Монж тағайындаған.
Ресейде сызба геометрия XIX ғасырдың бас кезінде жеке пән ретінде оқытыла бастады. Сызба геометрияның алғашқы профессоры Я. А. Севастьяновтың 1821 жылы ортогональ проекциялау әдісіне арналған « Сызба геометрия негіздері » атты еңбегі жарыққа шықты. Оның бұл еңбегі орыс тілінде жазылған алғашқы оқулық еді. Монждың «Сызба – техника тілі » деген сөзін жалғастыра келіп, Ресейдегі сызба геометрияның алғашқы авторларының бірі В. И. Курдюмов « сызба геометрия бұл тілдің грамматикасы , егер дұрыс жетілген елестету қабілеті болмаса , ешқандай шынайы техникалық шығармашылық жобалау туралы ойлаудың өзі мүмкін емес» деді.
Лекция №3
Проекция аппарат және оның элементтері.
Жоспар :
1. Проекция аппарпттың құрылымы.
2. Проекция аппараттың элементтері.
Перспективалық проекцияларды проекциялау үшін проекциялау аппараты қолданылады. Проекциялау аппараты жазықтықтар жүйесі мен нүктелерден тұрады. Н – нәрсе жазықтығы (горизанталь жазықтық). Бұл жазықтыққа кескінделетін нәрсе, бейне жазықтығы және қараушы орналасады. Б – бейнежазықтығы немесе бейне , нәрсенің перспективалық проекциясы салынатын жазықтық. Бейне жазықтығы нәрсе жазықтығына перпендикуляр болады. Б – бейне табаны , бейне жазықтығы мен нәрсе жазықтығының қиылысу түзуі. S – проекция центрі немесе көру нүктесі. Бұл нүкте арқылы проекциялаушы сәулелер жүргізіледі. S΄ – тұру нүктесі, көру нүктесінен Н жазықтығына жүргізілген перпендикулярдың табаны (S S΄ )- көру нүктесінің биіктігі.
Қалыпты перспективада көру нүктесінің биіктігі 170 – 180 см деп есептеледі. N - бейтарап жазықтық , көру нүктесі арқылы бейнеге паралллель орналасады. Р – бейненің бас нүктесі, көру нүктесінен бейнеге жүргізілген перпендикулярдың бейнемен қиылысуынан шығады. δ - көкжиек жазықтығы , көру нүктесі арқылы нәрсе жазықтығына параллель жүргізіледі. h- көкжиек сызығы , көкжиек жазықтығының бейнемен қиылысу түзуі ξ басты сәуле жазықтығы , басты сәуле арқылы өтіп Н жазықтығына перпендикуляр болатын жазықтық. РР΄ бейненің бас сызығы , бейненің бас нүктесінен бейне табанына перпендикуляр жүргізілген түзу. D ,D1 ара қашықтық нүктелері , көру нүктесінен бейнеге дейінгі қашықтықты білдіретін шамалар РD = P D1. Бейне жазықтығы әдетте тік орналасады .
Лекция № 4.
Нүкте және түзудің перспективасы.
Жоспар
1. Нүкте перспективасын табу тәсілдері.
2. Түзудің перспективасын табу тәсілдері.
а) шексіз алысқа кететін түзудің перспективасы.
б) жалпы жағдайдағы түзудің перспективасы.
в) жеке жағдайдағы түзулердің перспективасы.
Нәрсе жазықтығында А нүктесі берілсін (138 –сурет) . Перспективасын салу үшін S нүктесінен А нүктесіне дейін проекциялаушы түзу жүргізіледі. Проекциялаушы түзудің бейнемен қиылысуы А нүктесін береді. А Б нүктесін табу үшін S′ А түзуін жүргіземіз . Сонда SS′А тік бұрышты үшбұрыш шығады. Үшбұрыштың жазықтығын сәулелік жазықтық деп атайды. Сәулелік жазықтық горизонталь проекциялаушы жағдайда. Енді осы сәулелік жазықтықтың бейнемен қиылысу түзуін табу керек. Ол үшін S′А түзуінің бейне табанымен қиылысу нүктесіне перпендикуляр тұрғызып, оның SА - мен қиылысуын табамыз. АБ нүктесі А нүктесінің перспективалық проекциясы.
Кеңістіктегі С нүктесінің перспективасын салайық. Ол үшін перспективалық проекция центрінен С нүктесіне деиін проекциялаушы сәуле жүргіземіз. Проекциялаушы сәуленің бейнемен қиылысуы бірден табылмайды. Сондықтан қосымша салулар жасаймыз :
С нүктесін Н жазықтығына ортогональ проекцилап С′ нүктесін белгілейміз;
С′ - пен тұру нүктесі S′ арқылы түзу жүргізейік. Сонда SS′ С′С түзулері горизонталь проекциялаушы сәулелік жазықтықты анықтайды.
Бейнемен SS′ С′С жазықтығының қиылысу түзуін табамыз. Бұл түзу S С проекциялаушы сәулесімен қиылысып СБ нүктесін береді. С Б– С нүктесінің перспективасы.
D нүктесінің перспективасын салу үшін СD түзуін жүргіземіз. Проекциялаушы СD түзуінің бейнемен қиылысуы жоғарыда қарастырылған жолмен табылады. DБ -D нүктесінің перпективасы (сурет бойынша талдау жасаңыз).
Бейне табанында В нүктеі берілсін . Берілген нүктенің перспективасы осы нүктенің өзінде жатады .Бейне жазықтығында жатқан кез келген нүктенің перспективасы сол нүктенің өзі болады.
Түзудің перспективасы сол түзудің бойындағы кез келген екі нүктенің перспективасымен анықталады. Мысалы, жоғарыда қарастырылған нүктелерді алайық. АВ түзуі нәрсе жазықтығында жатыр және бейне жазықтығына перпендикуляр. Осы түзудің шексіз алыстағы нүктесінің перспективасын табайық .Ол үшін проекция центірінен АВ түзуіне параллель көмекші түзу жүргіземіз.АВ—Б болғандықтан көмекші түзу басты сәулемен беттесіп. Бейнемен Р нүктесінде қиылысады . Түзудің бейнеден шексіз алыстағы нүктесінің перспективасын түзудің шекті нүктесі деп атайды . В нүктесі- АВ түзуінің бейнелік ізі(суретте Вб деп таңбаланған).Кез келген түзудің перспективасы оның бейнелік ізімен шекті нүктесінің арасындағы кесінді болады СD түзуі нәрсе жазықтығ ына перпендикуляр. Жоғарыда қарастырылғандай, нүктесінің перспективасын салса жеткілікті С5 D5-CD түзуінің перспективасы. Нәрсе жазықтығына перпендикуляр түзулердің перспективасы бейне табанына перпендикуляр түзу түрінде кескінделеді
Кеңістікте а түзуі берілсін. (139 - сурет). Берілген түзудің бойынан кез келген В нүктесін алып, бейне жазықтығына проекциялаиық (ВБ). Ал түзудің бейнелік табаны – АБ ..АБ –ВБ- а түзуінің перспективасын анқтайды. Енді түзудің шеткі нүктесін салайық. Ол үшін S нүктесі арқылы а –ға параллель түзу жүргіземіз. Көмекші түзудің бейнемен қиылысуы (FБ) берілген түзудің шекті нүктесі болады . Сонымен түзудің перспективасы- А БFБ.
Нәрсе жазықтығында жататын а және b түзулері берілген. (140 - сурет). Перспективаларын салу үшін бейнелік табандарымен шекті нүктелерді табу керек. Шекті нүктені табу үшін көру нүктесі арқылы берілген түзулерге параллель көмекші түзулер жүргізіледі. Көмекші түзулердің бейнемен қиылысу нүктелері олардың шекті нүктелері болады.
Нәрсе жазықтығындағы а түзуін алайық. Ол бейне жазықтығына 450 бұрыш жасай орналасқан. (141 - сурет) Түзудің перспективасын салайық .
Ол үшін S көру нүктесінен а түзуі параллель түзу жүргіземіз де D нүктесін табамыз SРD тік бұрышты үшбұрышының SР, РD катеттері өзара тең. Берілген түзудің перспективасы АБD кесіндісі . а түзуіне параллель (бейнеге 450 бұрыш жасайтын) түзулердің барлығының перспективасы D нүктесіне келіп тоғысады. Гаризанталь түзулер дене жазықтығына 450 бұрышпен екі бағытта жүргізіледі. Сонда бейненің бас нүктесімен екі жағында S Р ұзындығына тең қашықтықта D және D1 нүктелері шығады . Бұл нүктелерді аралық нүктелер деп атайды. Аралық нүктелерді пайдаланып көру нүктесінен бейнеге дейінгі қашықтықтың шамасын анықтайды. Сонымен бейнеге 45 0 бұрыш жасай орналасқан горизонталь түзулердің шекті нүктелері аралық нүктелер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |