Цилиндр. Жасаушы оське параллель түзу болса, онда цилиндрлік бет шығады. Цилиндрлік бетті қиятын өзара параллель екі екі жазықтықтың арасындағы бөлігі цилиндр болады. (32-сурет). Айналу осьінің табан жазықтығына қарағанда, қалай орналасқанына байланысты тік немесе көлбеу цилиндр деп бөлінеді.
Табаны дөңгелек болатын көлбеу цилиндрдің проекцияларын салайық. H жазықтығында жататын табанының горизонталь проекциясы және айналу осі мен жоғары табанының центрі берілген. (33, а-сурет). Табандары өзара тең дөңгелектер болғандықтан, жоғарғы табанының проекциясы оңай салынады. Дөңгелектерге жанама болатын түзулер жүргіземіз (33, ә-сурет). Бұл –цилиндрдің бүйір бетіндегі кенер сызығының проекциясы, яғни проекциялаушы қаусырма беттің жанасу сызығының горизонталь проекциясы (горизонталь әлпет). Проекциялық байланыс сызықтарын жүргізіп, табандардың фронталь проекцияларын саламыз.
Енді EF және CD жасаушыларының E, F, C, D проекцияларымен кескіндесек, онда цилиндрдің сызбадағы көрнекілігі төмен болар еді. Сондықтан цилиндрдің фронталь проекциясын фронталь әлпетімен кескіндеу тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |