Лекция: 15 сағат Практикалық сабақ: 15 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет2/33
Дата18.06.2017
өлшемі4,04 Mb.
#19388
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Жетісай-2006 ж

Құрастырғандар:

Қыстаубаев Шералы

Хабибуллаев Жәнібек

“МАТЕМАТИКА” ПӘНІ БОЙЫНША

050102 БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:
Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ “________” 2005 ж

Кафедра меңгерушісі ______________

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ “________” 2005 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________

Факультет Кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ “________” 2005 ж

Факультет Кеңесінің төрағасы ________________________

050109-мамандарын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген ___________________________



Мазмұны





  1. Абстракт ..…….…………………………………………...4

  2. Жалпы мәліметтер………………………………………...4

  3. Курстың мақсаты мен міндеті………………….………..5

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме………………..............5

  5. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері…….. 5

  6. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет………....5

  7. Студентке арналған ережелер……………………………6

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі..........................………………………….....6

  1. Лекция сабақтарының мазмұны……………………….... 8

  2. Практикалық сабақтарының жоспары, мазмұны……….24

  3. ОБCӨЖ-жоспары, мазмұны..............................................35

  4. СӨЖ................................................................... .................39

  5. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері: ............. 42

а) типтік есептер

в) жазбаша бақылау жұмысы

г)коллоквиум


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі....................................................................... ...........49

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы………………... 50


1.АБСТРАКТ

Оқу әдістемелік кешені “Элементар математика” пәні бойынша 050109 “Математика” , 050110 – «Физика», 050111-“Информатика” мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген ПС-практикалық сабақтар.

СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зертеушілік қабітеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.




2.Жалпы мәліметтер.
Лектор: Қыстаубаев Шералы.

“Физика және математика” кафедрасы : 26 кабинет.

Тел: 220

3. “МАТЕМАТИКА” пәнінің оқытудың мақсаты және міндеті.
Оқу пәнінің мақсаты- студенттерді кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешу үшін қажет болатын білік және дағдылармен қаруландыру

Пәнді оқытудың міндеттері :.

-аса маңызды математикалық ұғымдар мен фактілердің мән-мағанынасын ашып көрсету

-математиканың болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби білімі жүйесіндегі маңызын айқындау


Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби дайарлығы әралуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық – педагогикалық , пәндік –теориялық және дербес әдістемелік компоненттерді қамтиды. Олардың арасында математикалық ұғымдардың , заңдардың , қасиеттердің , фактілер мен әрекет тәсілдерімен мазмұның ашатын және дерексіз ойлаудың негіздерін қалыптастыратын пән ретінде математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері ерекше орын алады. Бұл пән бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы және технологиясымен , сондай-ақ гуманитарлық циклдағы осыған ұқсас пәндермен тығыз байланысты.

4.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.



Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды бақылау

Аудит. сағат

Лекция

Практика

ОБСӨЖ

СӨЖ

5

225

75

60

15

75

75







№1,2

кредит


45

15

15

15

30

30

1




№3 кредит

45

15

15




15

15

2




№4 кредит

45

15

15




15

15

3




№5 кредит

45

15

15




15

15

4




Барлығы

225

75

60

15

75

75









5.Курстың пререквизиттері және постреквизиттері.

Пререквизиттер:Мектеп математикасының курсы.

Математика.Оқу құралы, Геометрия

Постреквизиттер:Дискретті математика,компьютерлік технологиялар және информатика,математикалық талдау.




6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет

Практикалық сабақтарында- студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын

белсенді ой әрекет талап ететін әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек



СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

ОБСӨЖ-оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді,бақылайды.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек

  4. Сабақтан қалмау науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі.




Лекция тақырыбы

Прак. сағ

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Матеиатиканың ғылым ретінде обектісі мен пәні

1

1

1

2

Математикалық структуралар : математикалық структура ұғымы .

1

2,3

2,3

3

Структураның типтері және олардың сипаттамалары.

1

4,5

4,5

4

Жиындар :”жиын ұғымы”,”жиынның элементтері”,”бос жиын”, “шекті жиын .және шексіз жиын”,”әмбебап жиын”ұғымдары.

1

6,7

6,7,8

5

Жиындардың берілу тәсілдері. Эйлер-Венн диограммалары , жиындарға қолданылатын амалдар және олордың заңдары


1

8,9

9,10



6

Графтар. Граф ұғымы. Графтардың түрлері. Уникусты фигуралар, жазық граф туралы Эйлер теоремасы.

1

10,11

11,12

7


Сәйкестіктер. Сәйкестік ұғымы; сәйкестіктің графы мен мен графигі; бейнелеулер және олардың түрлері;теңқуаттасжиындар;жиындағы қатынастар жәнеоның қасиеттері

1

12,13,14


13,14,15



8

Математикалық тұжырымдар және олардың құрылымы.

1

15,16

16,17

9

Математикалық логиканың заңдары.

1

17,18

18

10

Алгаритмдер .

1

19,20

19,20

11

Натурал сандар.

1

21,22

21,22

12

Натурал сандар жиыны.

1

23,24

23,24

13

Натурал сан ұғымының шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде түсіндірілуі

1

25,26

25,26

14

Алгебралық операциялар және алгебралар

1

27,28

27,28

15

Жай және күрделі сандар. Эротосфен елегі (торы)

1

29,30

29,30

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” университеті

“Жаратылыстану” факультеті

“Жалпы математика және физика” кафедрасы

“Математика” пәні бойынша

050102 – Бастауыш оқыту пеадагогикасымен әдістемесі мамандығы бойынша

студенттер үшін



ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2006 ж


Лекция сабақтары.
Лекция 1.
Тақырыбы:Математиканың ғылым ретінде обектісі мен пәні.

Жоспары:

1..Математика нені зерттейді және оны бізді қоршап тұрған әлемнің қатынасы. 2.Математикада жаңа идеялар мен теориялар.

3 Математикаға теориялар.
Математика – қазіргі уақытта көптеген ғылым салаларына дендеп еніп, абстракциялық сипатқа ие болған, бір кездері адамның әртүрлі қызмет саласындағы практикалық қажеттіліктерінен туындаған, көне ғылымдардығ білі.

Математика нені зерттейді және оның бізді қоршаған әлеммен қатынасы қандай.

Математика, басқа ғылымдаррсияқты бізді қоршаған әлемді зерттейді жәнеде ол зерттейтін нақты әлемнің құбылыстары өздерінің материалдық табиғатымен емес, тек қана формальды құрылымдық қасиеттерімен, әсіресе олардың байланысты сандық қатынастар және кеңістік формаларымен анықталады.

Математикаға мыналар тән болып табылады:


  • Егер оның алғашқы ұғымдарынан шындықтың бейнелеуін байқау өте оңай болса, ал алсырақтау абстракцияланған жағдайларда мұны байқау мүлдем мүмкін бола бермейдің;

  • Ұғымдардың логикалық дамуы жүріп жатқанымен де, абстракцияның өзін абстракциялауға болады, бірақ олар шындықтан қаншалықта алыс болып көрінгенімен, ақырында нақты әлемді өте жанама түрде болсын бейнелейді;

  • Онда практикалық жағдайларды туындайтын және одан кейін абстракцияланатын ұғымдар құрылады және ол шындықты жуықтап зерттеуге мүмкіндік береді;

Математика пәніні, мазмұнын тәуелсіздік деңгейі, одан толығымен дерексіздендірілетін және жоңары деңгейде түсініктілігі, дәлдігі байланыстар байлығы сақталатын ұғымдар арқылы бейненленетін шынайы әлемнің кез – келген формасы \ пішіні және түрі \ мен қатынастары енеді, деген қорытында жасауға болады. Мұның бәрі теорияның таза логикалық дамуынң негізін қалап береді.

Математика ұғымын жоғарыда біздің қарастырғанымыздан өзгеше анықтауға мүмкіндік береді. Ал осындай жаңа, яғни “қазіргі математиканы құрылымдар жайлы ғылым ретінде қарастыратын ” анықтаманы Никола Бурбаки деген бүркеншік атпен белгілі француз математикатерінің тобы “Математиканың архитектурасы” атты мақалада ұсынған.


Лекция 2.
Тақырыбы. Математикалық структуралар.

Жоспары:

1. Матемаатикалық құрылым жайлы ұғым

2. Математикалық құрылымдардың типі және олардың сипаттамасы.

3. Матемаатиканың архитектурасы.
«Математикалық құрылым» ұғымын қалыптастыру әлемді танудың маңызды ғылыми құралы – аксиоматикалық әдістің дамуы мен байланысты. Қазіргі кезде осы күндгі математиканың көптеген бағыттары тек қана аксиоматикалық әдістің яғни сәйкес аксиомалар жүйесінің \ аксиоматика\ негізінде құрылады. Нәтижесінде аксиомаларды толық жиынтағы \ аксиоматика\ қалыптасады. Осындай аксиоматика жүйесі негізінде қазіргі математиканың ондаған бағыттары дамуда, олардың қатарына: қарапайым \элементтарная\ математиканың аксиоматикасы, натурал санның аксиоматикасы, метрикалық және векторлық кеңістіктің аксиоматикасы, сан өрісі аксиоматикасы, группаның аксиоматикасы, ықтималдақтар теориясының аксиоматикасы, математикалық құрылымдардың аксиоматикасы және де басқалар жатады.

Математика ғылымнда “құрылым” терминін енгізген Н.Бурбаки барлық математиканың ірге тасын құрайтын бірнеше құрылымдарды ғана анықтады.

Бір – біріне келтірілмейтін құрылымдардың үш типін : алгебралық құрылымдарды, реттік құрылымдарды, топологиялық құрылымдарды анықтады.

Математикалық құрылымда аксиоматематикасының мән мағанасына тереңдемей, құрылымдардыңң негізгі типтерін жалпы түрде ғана қарастырайық

а\ Жиындардың тобын, яғни әр алуан сипаттағы элементтерден және онда анықталған операциялардан құралған әртүрлі жиындарды құрайды.

б\ Жиындардың әрқайсысында анықталған қатынастар үшін ақиқатболып табылатын қасиеттерді бөліп көрсетейік

Рефлексивтік: (∀ x∈A):xPx

Антисиметриялық: (∀x,y∈А): xPy∧yPx⇒x=y

Транзитивтік: (∀x,y,z∈А):xPy∧yPz⇒xPz

в\ Қандай –да жиындардың тобын алайық. Осы жиндар тобыны енетін әрбір жиыннан ішкі жиындардың тобын бөліп алайық. Қарастырылатын жиындар тобының кез – келген жиынын Р, ал оған сәйкес қандайда ішкі жиындардың тобын Q арқылы белгілесек, онда оларға тән келесі жалпы қасиеттерді тұжырымдауға болады. Мұндай фыильтрлеуші жиынның құрылымын анықтайтын Q жиыны, Р жиынының фильтрі деп аталады.

«Күрделі» құрылымның жеке мысалы ретінде комутативтік сызықтық – реттелген топтың құрылымын, ал “арнаулы” құрлым ретінде – сызықтық реттік құрлымды алуға болады.

Күрделі құрылымның жасалуы математиканың бүкіл бөлімінің ал арнаулы құрылымының түзілуі қандайдап жалпы теориядан бөлінген әр түрлі өзінше дамитын теорияны \математиканың бөлімдерінің\ пайда болуына алып келеді

.

Лекция 3.
Тақырыбы.Структуралардың типптері және олардың сипаттамалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет