Қарастырылатын мәселелер:
Шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы.
Шағын кешенді мектептер жұмысын жандандыру.
ШКМ-тің материалдық-техникалық базасы.
Әдебиеттер
Негізгі:
Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981
Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002
Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.
Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.
Қосымша:
Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.
Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.
В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.
Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.
Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.
Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.
Лекция мәтіні:
Халыққа білім беру проблемаларына байланысты шағын кешенді мектептеріндегі оқыту жұмыстарын дұрыс жолға қою, әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе болып келеді. Себебі, шағын кешенді мектептер көбіне шалғай жатқан ауылдарда орналасқан. Ал, қазіргі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Осы жағдайды ескеріп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаменті “Мемлекеттік білім бағдарламасында” шағын кешенді мектептер жұмысын жандандыру мәселесін назарда ұстап, жабылған мектептерді қалпына келтіріп, қажетті жағдайда жаңадан мектептер ашу мәселесін қолға алуда. Атап айтар болсақ, облыста 220 шағын кешенді мектеп бар. 110-ы орта, 23-і негізгі мектеп, 87-сі бастауыш мектептер. Онда 27-78-ге жуық оқушы оқып, оларға 2925 мұғалім сабақ беруде. Ал Түлкібас ауданында 7 бастауыш, 3 негізгі, 11 орта мектеп, барлығы 21 шағын кешенді мектеп бар. Онда 2536 оқушы білім алып, 320 мұғалім қызмет етуде.
Шағын кешенді мектептер жұмысын жандандыру мәселесін назарда ұстап, Облыстық үздіксіз білім беру институты арнайы әдіскер штатын бөліп, шағын кешенді мектептердің педагогикалық ұжымдарына оқу ісін жақсарту және мұғалімнің кәсіптік шеберлігін шыңдау мақсатында курстар ұйымдастырып, шәкірттерге білім мен тәрбие беруде бірсыпыра жұмыстар жүргізіліп келді.
Шағын кешенді мектептердің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін жаңа талаптар дәрежесіне көтеру үшін облыстық Білім депертементінің бұйрығымен Оңтүстік үздіксіз білім беру институты әр түрлі тақырыпта бірнеше облыстық, аймақтық семинарлар өткізді. Мәселен, Сарыағаш ауданының Жәнібекұлы мектебінде “Оқытудың жаңа техникасын ендіру” атты тақырыпта, Түлкібас ауданының Н.Тұрсынбеков атындағы негізгі мектебінде “Шағын кешенді мектептің бастауыш сынып сатысында білім берудің мазмұнын жаңартудың формалары мен әдістері” атты тақырыпта, ОРдабасы ауданының Қарабастау бастауыш мектебінде “Шағын кешенді мектептерде оқытудың ерекшеліктері” атты тақырыпта облыстық семинарлар, ал Түлкібас ауданының Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінде “Қазақ этнопедагогикасына тнегізделген тәрбие жүйесінің нұсқасы - 2030” атты тақырыпта аймақтық семинар өткізілді. Ал ауданымызда шағын кешенді мектептердің қызметін жандандыру үшін, оның жұмысын терең ойланып, дұрыс жоспарланып өтілуіне байланысты әдістемелік көмек көрсетіліп отырады. Алайда, шағын кешенді мектептердің әлі де шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті. Соның бірі – шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп – жүктеменің жеткіліксіздігі. Маман иесіне алған мамандығы бойынша толық жүктемемен еңбек етуге мүмкіндіктің жоқтығы, бір пәннен ғана емес, бірнеше пәннен сабақ беруге тура келетіндігі. Яғни, математик болса, физикадан, биолог болса химиядан, географ болса тарихтан және т.б. пәндерден сабақ беруге тура келеді. Онсыз жүктеме толықтырылмайды. Сондай-ақ, арнаулы орта мектепте бір күнделікті сабақ жоспарымен бірнеше сыныпқа сабақ берсе, шағын кешенді мектеп мұғалімдері бір сабаққа ену үшін бірнеше күнделікті сабақ жоспарын жазуға тура келеді. Яғни, орта арнаулы мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жіберген кемшіліктері мен жетістіктерін бір сабақ жоспары мен бірнеше сабаққа енгендіктен бір күнде ғана білсе, шағын кешенді мектеп мұғалімдері үш жылда біледі. Оның үстіне мұғалімдерге арналған әдістемелік журналдар мен газеттерде шағын кешенді мектеп мұғалімдеріне арнап жазғылған әдістемелік нұсқаулар жоқтың қасы. Жоғары оқу орындарында да ұстазды шағын кешенді мектептерге арнап дайындамайды. Ал келген маман шағын кешенді мектепте көптеген қиындыққа тап болады. Бұдан шығармашылықпен еңбек ету орта арнаулы мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептер үшін қаншалықты қиындық тудыратыны өзінен-өзі белгілі. Осындай қиындықтардан шағын кешенді мектептерде мамандар тұрақтамайды. Тәжірибелі, білімді ұстаздар аудан орталығындағы мектептерде қалып, шағын кешенді мектептерге келмейді. Келген күннің өзінде бірер жылдан кейін өз еліне немесе орталыққа кетіп қалады.
Әрбір аудан орталықтарында шағын кешенді мектептер қиындығын, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерге, басшыларға бағыт-бағдар беріп отыратын жетекші маманның болуы да мұндай қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Екінші бір қиындық шағын кешенді мектепте мұғалім әр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуде. Мысалы, бастауыш сыныптарда 1-сынып пен 3-сынып, 2-сынып пен 4-сынып біріктіріліп оқытылса, жоғары сыныптарда 5-сынып пен 6-сынып, 7-сынып пен 8-сынып біріктіріліп оқытылады. Кейде 9-сынып пен 10-сынып та біріктіріліп оқытылады. Міне, осындай жағдайда мектеп мұғалімдері үлкен қиындықтарға тап болады. Берілген оқу бағдарламасы мен әрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптарды оқытудың арасындағы қиындықтар қаншама десеңізші? Сондықтан, шағын кешенді мектептерде оқу бағдарламасына өзгерту енгізу қажет сияқты.
Үшіншіден, шағын кешенді мектептерде көпшілікке араласпағандықтан оқушылардың мінезі ұяң келеді. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен тәрбие, мәдениет тұрғысында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері көп болады. Бұл мәселені шешуде ауыл болып көмектескен абзал. “Қамқоршым - әкем”, “Ақылшым - әжем”, “Сырласым - жеңгем” және т.б. клубтар құрылып, жұмыс істегені дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |