Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет9/13
Дата18.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#11852
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Лекция мәтіні:

Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептердің оқу сапасын онан әрі жақсарту, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсаты және мұғалім қауымына оқыту барысында ізденушілікті күшейту міндеттері жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін көтеру назарда тұрған негізгі мәселелердің бірі болатын. Ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысында жедел шешімді керек ететін проблемалар жеткілікті еді. Соның бірі – шағын комплектілі мектептердегі бастауыш сыныптың оқу ісімен байланысты туындады.

Қазақстанда 1970-84 оқу жылдары аралығында шағын комплектілі бастауыш мектептер сан жағынан біршама дамыған кезі еді. Республикадағы бүкіл бастауыш мектеп саны 1705 болса, соның 1198-і шағын комплектілі болды. Мұның себебі, республикамызда мал шаруашылығының басым орын алуына байланысты болатын. Мұндай мектептер әсіресе мал шаруашылығы өркендеген облыстарда кең етек алды.

Біз сөз етіп отырған тұста шағын комплектілі мектептердегі оқу проблемасы Қазақстанның ғана емес, бірқатар республикалардың зерттеу проблемасына айналды. РКФСР да осы мәселемен айналысу әлдеқайда ерте басталған болатын. Сонымен қатар Өзбекстан, Грузия сияқты аз комплектілі мектептері көп республикалар да бұл мәселені зерттеу объектілері етіп қойды. Біздің ремпубликамызда шағын комплектілі мектеп проблемасы 1974 жылдан бастап зерттеле бастады. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруымен бірге шағын комплектілі мектептерді ірілендіру, олардың орналасу жүйесін жетілдіруді зерттеу жұмысы да жүргізілді. Бұл салада республикамыздағы шағын комплектілі мектептер проблемасын зерттеуге арналған И.Д.Буртовойдың еңбегі жарық көрді.

Көптеген облыстарда шағын комплектілі мектептерді барынша азайту мәселесі де үкімет тарапынан қолға алынды. Дегенмен, осы кезеңде республикадағы бүкіл бастауыш мектептің 70 пайызы осы типтегі мектеп болып қала берді.

Шағын комплектілі мектеп ерекшеліктері оқуды ұйымдастыру мәселесінде де, оқытуда әдістемелерді қолдану барысында да байқалып тұрады:



үш не екі сыныпты бір орында қатар оқытқандықтан (көбіне үш сынып қатар оқиды), мұғалім әр сыныптағы оқушылардың білімін анықтауға, жаңа материалды түсіндіруге, олардың сабақ барысындағы оқу әрекеттерін қадағалауға небары 15-20 минут қана уақыт бөле алады. Бұл жағдай мұғалімнің оқушылармен жұмыста әрбір сәтті үнемді, шебер және тиімді пайдалануын, ол үшін сабаққа дайындыққа өте мұқият қарап, жұмыс түрлерінің нақты жоспарлануын талап етеді.

Бір сабақ үстінде мұғалім әртүрлі жастағы, соған сәйкес ой-өрісі, білім дәрежесі, өмір тәжірибесі әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, әр сыныппен жұмыс істеу үшін бір сабақ үстінде бірнеше рет бір пәннен екінші пәнге, бір сыныптан екінші сыныппен жұмыс ұйымдастыруға көшіп, осыған орай оқушылармен қарым-қатынас түрлерін де ауыстырып отыруына тура келеді. Бұл жағдай мұғалімнің онсыз да ауыр жүгін қиындата түседі. Бір сыныпқа тапсырма беріп немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшкенде, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тез ыңғайлануды, берілетін ұғымды олардың білім дәрежесіне сәйкестеуді және бала психологиясын жақсы меңгеруді қажет етеді.

Шағын комплектілі мектептер көбіне орта мектептерден қашық орналасқандықтан (жақын орналасса, сол мектептің құрамына енре еді), мұғалімнің басқа ұстаздар сабағына қатысып, пікір алысу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндігі де аз болады. Мұндай жағдайда тәжірибелі деген ұстаздардың өзі шыңдала түсуден гөрі, салғырттыққа, жауапкершілігінің төмендеуіне, сабақ тиімділігін нашарлатып алуға соғуы мүмкін.

Тірек мектептердің аталмыш мектептерден қашықтығына байланысты олардың оқу-тәрбие жұмысына жете басшылық ету, әдістемелік көмек көрсету деңгейі төмен. Бұл айтылғандар шағын комплектілі мектептің географиялық орны мен мұғалімнің жеке іс-тәжірибесіне байланысты ерекшеліктер болса, сонымен қатар оқуды ұйымдастыруға байланысты кездесетін ерекшеліктер де бар. Олар мұғалім мүмкіндігі бірнеше сыныпқа қатар бөлінетіндіктен, сабақ оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысына негізделіп, алатын ұғымды өздігінен іздену нәтижесінде меңгеруі басым болады.

Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауға тиіс. Жас баланың, яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе, бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да, оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнына мұқият қарастырып, өзгертіп отыруды талап етеді.

Оқушылардың өзіндік жұмысын нәтижелі ұйымдастыру үшін түрлі көрнекі құралдардың, таратып берілетін карточкалар мен дидактикалық материалдардың саны әр балаға жететіндей болуы қажет. Жұмысты орындау әдісін меңгерген, өздігінен атқару дағдыға айналған, қолында оқу құралы бар оқушыда ғана шағын комплектілі мектеп жағдайында өздігінен оқу әрекеті пайда болады.

Негізгі қиындықтардың бірі техникалық құралдарды (әр сыныпқа арналған диафильмдер мен кинофильмдерді) пайдалану кезінде туады. Сондықтан да мазмұны жағынан барлығына ортақ техникалық құралдар ғана сыныптағы сабақ барысында пайдаланылады да, ал басқалары сабақтан тыс кезде әр сыныпқа жеке қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін қандай шаралар қарастыруға болады?

мұғалімге қойылатын талаптар қандай?

мұғалімдер керек көмекті қайдан алады?

шағын комплектілі мектеп жағдайында өздігінен оқу әрекетін қалай белсенді етуге болады?



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері пайдаланатын технологиялар.

  2. Бейімдеп оқыту жүйесін құру.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.


Лекция мәтіні:

Қазіргі заманғы мектеп көп нұсқалы және өзін-өзі басқару тәсілімен жұмыс жасауда. Ізгілендіру үрдісі жүруде, бұл авторитарлық педагогикадан бас тартып, оқушы тұлғасын алдыңғы қатарға шығару, оның талаптарын қанағаттандыру, жеке қабілеті мен дарынын, адамшылық сапалық қасиеттерін дамыту үрдісі.

Оқыту үрдісінде іс-қимыл ыңғайына бұрылыс байқалады, яғни мұғалімнің қызметі білімді тек айтып жеткізу ғана емес, оқушының білімге деген ықыласын оятуға жағдай жасап және оны педагогикалық технологиялар жағдайында ұйымдастыру.

Бүгінде ауыл мектептерінде де реформа жүруде. Бұрынғыдай оқу үрдісін ұйымдастырудағы дидактикалық жаңалық енгізуде бір сарындылық байқалуда.

Оңтайланған педагогикалық жүйе мәнін көрсететін білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы ынтымақтасу педагогикасы идеясын жүзеге асырады. Бұл ауылдық жердегі шағын комплектілі мектептегі басты қиындықтың бірі – мұғалім мен оқушы қарым-қатынасындағы кездесетін қиыншылықты жояды. Оқыту үрдісі тек психологиялық жағынан ғана емес, сыныптағы дәстүрлі сабақ жүйесінен айырықшаланып ұйымдастырылуы да өзгеріске ұшырады. Оқыту үрдісін өзгертуде ғылыми көзқарастарға ерекше мән беріледі. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері пайдаланатын технологиялар негізіне ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психологиялық-дидактикалық теориялар т.б. жатады.

Шағын комплектілі мектеп жағдайын ескеріп, ғалымдар оқу үрдісіне айырмаланған оқыту, бейімдеп оқыту, ойын технологиялары, белсенді ізденіс оқыту технологияларын шығарып, оқыту үрдісіне енгізуде шағын комплектілі мектеп жағдайында қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшелігі, демографиялық, материалдық-техникалық, мәдени т.б. айғақтар ерекшелігі бейімдеп оқыту жүйесін құру мәселесін қойды. Бейімделу ішкі-сыртқы орта жағдайына икемделу үрдісі болып табылады. Жеке адамның жаңа әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуін, топ пен оған кіретін жеке адам мақсаты мен құндылық бағдарының жақындасуын білдіреді.

Ауылда қалыптасқан озық дәстүрлердің тәрбиелік және білім беру мүмкіндігін пайдалану, оқушыны ауылдағы әлеуметтік – оқу ортасын өзгертуге қатысушы ретінде дамыту, оның жеке тұлғасының парасаттылығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасын жасаудағы жасампаз бейімдеу қимылдары – кәсібиліктің маңызды көрсеткіші. Мұғалім жергілікті жер мен өндірістің ерекшелігіне қарай, өз оқушыларының жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне сай бағдарламаны түзетіп, икемдеп отырады. Оқыту мазмұнын өзгерте отырып, түрлі пәндер бойынша практикалық жұмыстар енгізе отырып, нақты жергілікті материалды, ауыл балаларының икемділігін шеберлікпен ұйымдастыра отырып, ол оқушыларды өз танымдық тәжірибесін пысықтауға итермелейді. Ауылдық жердегі шағын комплектілі мектептегі кең тараған сабақ тұрпатына біріккен, яғни жасы аралас балалардың тізе біріктіріп қызметтесуі, топтасып және ұжымдасып жұмыс жасаулары балаларды ортақ танымдық қимылға біріктіреді, олардың ой-өрісін кеңейтеді, мұғалімге тақырып өтудегі сабақтастыққа және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістері

Жалпы алғанда, шағын комплектілі мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі мен олардың аздығы сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді.

Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогы, проблемалық оқыту әдістері т.б. болып табылады.

Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімеде жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы талқыланатын сұрақтарды ой елегінен өткізіп, жауап береді. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері оқу диалогын өз тәжірибелерінде сәтті қолданады.

Диалог – оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек. Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанмен, оқушыларға белгісіз болады. Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқыту мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен-өзі диалог құрады.

Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама-қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді.

Шағын комплектілі мектепте, сондай-ақ ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі. Демек, ол ойын нәтижесін көздейді. Бастауыш сынып оқушылары рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады.

Сонымен қатар, “Ертегі” әдістемелік амалын мұғалімдер бастауыш сыныпта кеңінен қолданады. Яғни, ертегіден үзінділер, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды пайдалану балалардың тілдік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ал, ойын үлгілерін жаңа білімді меңгерту, білімін пысықтау, білігі мен дағдысын бақылау үшін қолдануға болады. Бастауыш сынып балаларының қиялы мен ойлауы ұшқыр болады. Қиын тақырыптарды олар ойын арқылы да игереді. Оқу мақсаты мұндай сабақтарда сәтті жүзеге асады.
Шағын комплектілі мектепте бейімдеп оқыту жүйесі

Шағын комплектілі ауыл мектебі үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы – оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту, ал бұл - айырмалап оқыту технологиясы жүйесіне жатады. Бұл бағдарламалар оқушы қабілетіне қарай бейімделген.

Біз оқыту үрдісін ауыл мектебі оқушысын бейімдеп оқыту жүйесі деп қараймыз, ол оқушының жеке тәжірибе мен танымдық күшін қамтамасыз етуге арналған.

Ауылдағы шағын комплектілі мектепте бала тұлғасы қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік айғақтар – ауыл мектебінің әлеуметтік – экономикалық және мәдени – тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімнің негізгі мақсаты - өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араластырып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу дағдысын жетілдіріп, болашақта үлкен орта жағдайына бейімделу қабілетіне тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту үрдісіндегі анықтаушы айғақтардың бірі – шағын топтар теориясын қолдану.

Шағын комплектілі мектеп жағдайындағы оқыту жүйесі оқушылардың таныс заттармен, құбылыстармен өз бетінше жұмысын ынталандырады, өзі қорытынды шығарады, алған білімін іс жүзінде қолданады.



Бейімдеп оқыту жүйесі шағын комплектілі мектеп жағдайында өте қолайлы.
Шағын комплектілі мектепте оқу ісінің нәтижесін бағалау ең маңызды педагогикалық проблема болып саналады. Сыныптағы бала санының аздығы олардың психологиялық толқуына әкеледі, себебі мұғалім сабақта оқушыға бірнеше баға қояды. Бұл проблеманы шешу үшін бағалау жүйесін өзгерту қаралады. Мысалы, бірден баға қойылмайды, оқушылар орындаған жұмысы үшін ұпай қойылып, жинақ қосындысы айтылады. Ұпай бойынша бағалау қағидасы педагогикалық кеңесте қаралып, оқушылар мен ата-аналар назарына ұсынылады. Оқытушылар бағалау көрсеткішін жасап, қанша ұпай қай бағаға сәйкес келетінін әзірлейді, ол көрсеткіш бойынша қорытынды аттестациялық баға алу үшін қанша ұпай жинау керектегі көрсетіледі. Мұндай жүйені енгізу бірқатар психологиялық проблемаларды шешеді, мысалы ол оқушының оқуға деген ынтасын, қызығушылығын бағалауға мүмкіндік туады. Күнделікті қанағаттанарлықсыз баға болмайды, себебі қате жіберілген жұмыс есептелмейді, қайталауды талап етеді.

Оқушының оқу жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін енгізу олардың шағын комплектілі мектебіндегі білім беру үрдісінің тиімділігін арттырады.






Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын кешенді мектептерді компьютермен жабдықтандыру.

  2. Сабақта электрондық оқулықты қолдану тиімділігі.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.


Лекция мәтіні:
Қазақстандағы қазіргі кездегі білім жүйесінің қиындығына қарамай негізгі және шағын кешенді мектептерді компьютермен жабдықтандыру негізгі мәселенің бірі болады.

Қазіргі кезде компьютерлік сыныптарының пайда болуы бүкіл оқу жүрісіне әсер етеді. Бұл амал әр түрлі жас деңгейлі балаларды оқыту жағдайында ең тиімді болады немесе мұғалімге бірнеше жанаспада жұмыс істеуіне қолайлы.

Жеке пәндерді оқу кезеңінде қолдана алатын оқу маңызды бағдарламалық құралдары қазіргі уақытта ақпараттық технология негізінде жасалуда. Сабақтың компьютерлік қолдауына ерекше назар аударылады. Оқу жүйесінде компьютерлік қолдануының бірнеше түрін жекелеуге болады. Жекелегенде компьютерлік тест арқылы білімді анықтау, электрондық оқулықтар, сабақтың үлгілерімен қоса оқыту бағдарламалары. Бұл оқыту құралдарын шағын кешенді мектептерде де қолдануының потенциалдық мүмкіндігі бар.

Оқыту жүйесінде компьютерлік өнімдерін енгізу және практикалық қолдануы оқу сазының деңгейін, оқушылардың оқу-танымдық қызметінің тиімділігін арттырады.

Электрондық оқулық қолданып жүргізген сабақтардың әдістері әр түрлі болады, мысалы, жаңа білім беру және оны бекіту (20 минут компьютермен оқыту). Алдымен дәстүрлі әдіс бойынша басқан тест арқылы оқушылардың білімі анықталады. Жаңа тақырыпқа көшкен кезеңде оқушылар жұптасып, компьютердің алдына отырады, оны жұмысқа қосады да жоспарымен, тараудың құрылыстық өлшемімен мұғалімнің жетекшілігінде жұмысты бастайды.

Біріктірілген сабақта электрондық оқулық арқылы оқыған материалды қайталау және жинақтау өткізіледі (15-17 минут).

Бұл нұсқа қорытынды сабақтарда тиімді сабақтың барысында бірнеше тараудың мазмұнын қарап шығып, түсініктердің туындысын нақтылап, ең басты фактілерді және оқиғаларды қайталауын, себеп – салдар байланысын анықтауын талап етеді.

Мұндай сабақта оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі болу керек (мұғалімнің ттүсіндіруімен), сонан соң жұптап мұғалімнің тапсырмасы бойынша, кейін жеке (кезекпен) жұмыстар жасалады.

Жеке сабақтар жаңа тақырыпты оңаша үйренуге арналады да, оның қорытындысы бойынша параграфтың өздік схемасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс оқушылардың топтарымен жүргізіледі. Сабақтың қорытындысында (10 минут) оқушылар өздерінің нұсқасымен салыстыра отырып, тараудың электрондық формуласына назарларын аударады. Сонымен бастауыш мектеп жасынан бастап оқушыларды сабақта зерттеу жұмысына қатыстырады.

Электрондық оқулық қолданудан басқа сабақтың құрылымдық формуласы сабақтан тыс уақытта да кемшілікті жоюға көмек береді.



Шағын кешенді мектебінің шартында ақпараттық технологиялар:

оқушыларға ақпараттың дәстүрсіз деректеріне мүмкіндік ашады;

жеке жұмыстың тиімділігін көтереді;

білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда шығармашылықпен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін береді.

Орыс және қазақ тілдерінде оқу жүйесін ұйымдастыруда бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндігін қолдануға тоқтала кетейік. Орыс және қазақ тілі сабақтарында мәтіндік редакторды келесі оқу қызметін орындауында қолдануын қарастырайық:



жазба жұмыстарын орындау: мәтіндік редактордың алуан қызметін қолданып, оқушылардың оқу материалын жазба түрінде мазмұндау дағдысын дамыту керек (жіберілген әріпті, тыныс белгілерін қою, орфографиялық сөздік, оқыған орфограмма пайдалана отырып жазғанды тексеру, т.б.);

жазу және оқу дағдыларын қолдау және жетілдіру, экранда да, қағазда да өзінің әдебиет жұмыстарының құрылуына, жаңартуына, өзгертуіне сенім қатынаспен қарау.

Осыған қоса оқушыларға қателерін өзгерту, дұрыстау үшін қажетті уақытта орфографиялық ережелерді, орфограммаларды экранға шығару орынды. Бұл кезде оқушылар сөздің дұрыс және қате жазылуы ақпаратына ие болуы керек.

Орыс және қазақ тілінде бағдарламалық қамтамасыз ету оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін, оқытуда өз бетімен жұмыс істеуін, ойлау, зерттеу қабілеттерін дамытады, оқу ақпаратын жүйелеу қызметін, оқыған тақырыптарның эстетикалық және көрнекілік мазмұнын кенейтеді, даралап оқытуда жеке – бағдар аспект кіргізеді, оқу қызметінің мәдениетін дамытады.

Осы технологиямен жұмыс істейтін мұғалімнің үнемі өзінің әдістемелік шеберлігін нығайтуы – оқушыларға сапалы білім берудің негізгі шарты болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет