Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет10/13
Дата18.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#11852
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бақылау сұрақтары:
Оқыту жүйесіндегі компьютерлік өнімдерін енгізу тиімділігі қандай?

Жаңа білім беру мен оны бекітуге қанша уақыт беруге болады?

Сабақта оқытудың қандай формаларын қолдануға болады?

Электрондық оқулық арқылы оқыған материалды қайталау және жинақтауға қанша уақыт бөлуге болады?


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету.

  2. Шағын комплектілі мектептердегі өзекті мәселелер және оларды жою жолдары.

  3. СТО-ны шағын комплектілі мектепте қолданудың тиімділігі.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.


Лекция мәтіні:
Шағын комплектілі мектептердің оқу процесін ұйымдастыру мәселесі қашанда өзекті. Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі мектептің төрттен үш бөлігін ауыл мектептері құраса, оның жартысы – шағын комплектілі. Сыныптардың аздығы, біріктірілген сынып-комплектілерінің әр жастағы топтарда оқуы, мұғалімнің бірнеше пәндерден сабақ беруі – осының бәрі жоғарыда аталған мектептің ерекшелігін көрсетеді. Шағын мектептерде ұстаздар ұжымы әр оқушының ғана емес, олардың ата-аналары мен туыстарын да жақсы таниды, сондықтан шағын комплектілі мектеп болашақтағы азаматтық қоғамымыздың ұлттық дәстүрі мен рухани ізгілігін сақтаған “мәдени орталығы” болып көрінеді.

Шағын комплектілі мектептің мұғалімі әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымын басқара отырып, оларды өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастырып, сондай-ақ сенімділік атмосферасын құрып, оқушылардың өзара сыйласымдылығын орнатып, ата-аналарды қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға қызықтыра білуі керек. Әр түрлі деңгейдегі дайындықпен бір уақытта оқытылатын оқушылардың комплектілі – сынып ұжымы ұстаздан оқушының біліктілігі мен дағдысын, білім деңгейін дамытуды қамтамасыз ететін сабақты дұрыс ойланып, ұйымдастыруын талап етеді.

Осы жетістікке қалай қол жеткізу керек?

Кәсіптік жалғыздық пен бірнеше пәндерден сабақ беруді бастан кешіп жүрген шағын комплектілі мектептегі ауыл мұғалімдерінің еңбегін қалай жеңілдету керек?

Оның жақсы ұстаз, кәсіптік маман болуына кім көмек көрсетеді?

Оқушылардың білім сапасын қалай көтеру керек?

Шағын комплектілі мектептің білімге деген қызығушылығын қалай көтеріп, оларды сын тұрғысынан ойлауға, талдауға, дәлеледеуге, келіспеуге, өзінің жеке көзқарасын қалыптастыруға қалай үйрету керек?

Міне, осы сұрақтар бізді қашанда толғандырып жүрді.Ауыл мұғалімдеріне,оның ішінде шағын комплектілі мектептерге оқу-әдістемелік көмектер – семинарлар, конференциялар, әдістемелік апталықтар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибелерімен алмасу сияқты жұмыстар алып барылуы керек. Дегенмен, бүгінде мұғалімнің кәсіптік жетілдіруі, сапалық дәрежесін жоғарылату, яғни шағын комплектілі мектептегі оқушының білім деңгейін көтеру, реформаланған оқыту жүйесінде ең өзекті мәселе болып отыр.

Мұғалімдерден сауал-сұрақ анкетасын жүргізгенде ең өзекті мәселелер мыналар болып отыр:



Оқушылардың дұрыс оқуын, сауатты жазуын қалыптастырып, сыни ойлау, талдау, дәлелдеу, салыстыру мен түйін шығара білу;

Оқушының сабақтағы белсенділігін ояту жолдары;

Әр түрлі жастан құралған шағын топтардағы балалармен жұмыс істеудің әдістері;

Оқушыларды сабаққа қозғаушы күш;

Шағын комплекьілі мектептерде сабақты жоспарлау.

Бұл сұрақтардың жауабын мұғалімдердің өздері-ақ Қазақстан Оқу Ассоциациясының “Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” атты халықаралық жобасы бойынша семинар өткен таба білді және мектептің оқу жүйесіне енгізді.



RWCT-ді қолданғанда мұғалімнің рөлі мүлде өзгерді. Ол оқушыға ең мықты білімнің кілтін ұстатады. Ең қымбат нәрсе балаға білімді дайын күйінде бермей, білімді өзі алатындай біліктермен қаруландыру.

Мұғалімдердің пікірі бойынша СТО стратегиялары сабаққа деген қызығушылықты оятады, білім сапасын көтереді, оқушыларды шығармашылық ойлауға үйретеді, дұрыс оқуға, талдауға, өз көзқарасын қалыптастыруға дағдыландырады.

Шағын комплектілі мектептің мұғалімдерінің сабақ мониторингі көрсеткендей, оқушылар тек белсенді жұмыс атқармайды, олар табысқа жеткеніне қуанады. Сабақтар өте қызықты, тартымды, оқушылар нағыз шығармашылықты сезінеБірақ, ең бастысы, оқушы ғана емес, мұғалімнің өзі өзгерді. Ұстаздардың белсенділігі мен шығармашылық оптимизмін, кәсіби өсуін ерекше атау керек. Алайда бұл нәтиже бірден бола қоймайды.

Әр оқушы өзінше талантты, ал мұғалімнің мақсаты – осы мүмкіндікті ашу. Бұған шығармашылық ойлау арқылы өз бетіндік жетілуге қозғау салатын RWCT бағдарламасы көмектеседі.



К.Д.Ушинский былай деп жазған: “Мұғалім өзі оқығанша өмір сүреді, ол оқығанын қойғанда, онымен бірге мұғалім де сөнеді”.
Бақылау сұрақтары:
Осы жетістікке қалай қол жеткізу керек?

Кәсіптік жалғыздық пен бірнеше пәндерден сабақ беруді бастан кешіп жүрген шағын комплектілі мектептегі ауыл мұғалімдерінің еңбегін қалай жеңілдету керек?

Оның жақсы ұстаз, кәсіптік маман болуына кім көмек көрсетеді?

Оқушылардың білім сапасын қалай көтеру керек?

Шағын комплектілі мектептің білімге деген қызығушылығын қалай көтеріп, оларды сын тұрғысынан ойлауға, талдауға, дәлеледеуге, келіспеуге, өзінің жеке көзқарасын қалыптастыруға қалай үйрету керек?



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Шағын комплектілі мектептің зерттелінуі.

  2. Шағын комплектілі мектепте бір тақырыптық жүйемен оқыту жүйесін енгізу мәселесі және оны ұйымдастыру шарттары.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.


Лекция мәтіні:

Шағын комплектілі мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты ХУІІІ ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің өзіндік проблемасы күн тәртібінен түспей келеді.

Бұрынғы Кеңес Одағы жылдарында шағын комплектілі бастауыш мектепке ерекше мән беріліп, ондағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту мақсатында ғалымдар мен әдіскерлер шұғылданды. Біздің республика өмірінде де аталған мәселеге әр кез көңіл бөлініп зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1950 – 1970 жылдары Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова, Қ.Аймағамбетова және т.б. шағын комплектілі мектепте оқушыларды бір, екі немесе үш класта қатар оқыту жайына көңіл бөліп, сабақ (ана тілі, табиғаттану және т.б.) жоспары үлгілерін, әдістемелік нұсқаулар жазды.

Ал 1980-1990 жылдары шағын комплектілі бастауыш мектепте оқытудың бір пәндік, бір тақырыптық жүйесін енгізу мәселесін институттың ғылыми қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттыновалар қолға алды.



Бұл істе ана тілі бойынша оқытудың жаңа жүйесін зерттеу одан әрі жалғастырылып, математика, қазақ тілі пәндері бойынша түрлі дәлелді себептермен тоқтап қалды.

1991-92 оқу жылынан бастап айналамен таныстыру мен табиғаттану пәндері бойынша оқытудың бір пәндік, бір тақырыптық жүйесін енгізу ісі тәжірибеге енгізілді. Соған байланысты аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқулықтары қайта қаралып, тақырыптар іріктелініп, мұғалімнің пайдалануына ұсынылды.

Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастырғанда төмендегі шарттар ескерілуі керек:

сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы,

бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;

көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;

сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру, негізгі бастауыш мектеппен салыстырғанда қиынға түседі. Мұғалім бір сыныппен жұмыс жасағанда, екінші сыныпқа өздігінен орындайтын тапсырмалар береді (жазу, оқу, сурет салу т.б.).



Бір тақырыптық жүйемен жүргізілетін сабақтың түрлері әр сыныптағы балалардың зейінін, ойлау қабілетін бір мақсатқа жұмылдыра отырып, оларды тапсырманы алаңдамай, ойланып орындауға бейімдейді. Сонымен қатар, мұғалім екі немесе үш, төрт сыныппен қатар жұмыс жүргізгенде бәріне бірдей көңіл бөлуге міндетті болады.

Шағын комплектілі мектепте бір тақырыптық сабақтарды үнемі ұйымдастыра беруге де мүмкіндік бола бермейді. Оны ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне, бағдарламаның тақырыптарына байланысты болады. Кейбір тақырыптар жеке өткізіледі (мысалы, 2-сыныпта “оқу құралдары”, “транспорт түрлері”, 4-сыныпта “пайдалы қазбалар”, “адамның ағзасы”, т.б.).

Міне, осындай мектепте айналамен таныстыру мен табиғаттану пәндерін бір тақырыптық жүйеге келтіруде мұғалім сабақты ұйымдастырар алдында оқушылар бұл пәндерден нені білуі керектігін, бағдарлама бойынша өткен материалдарды қаншалықты меңгергендері туралы біліп алған соң, сабақты мұқият жоспарлайды.

Айналамен таныстыру 1-2 сыныптарда оқушыларға айналадағы табиғат жайында жас ерекшеліктеріне сәйкес түсініктер беру сипатында болады, ол ана тілі, еңбек сабақтарының барысында жүзеге асырылады.

Мысалы, айналамен таныстыру, табиғаттану пәндері жалпы табиғат туралы ұғым беру арқылы, экскурсиялар мен еңбек және табиғат күнтізбесін жасап, оны сабақта пайдалану нәтижесінде жүзеге асады.


Бақылау сұрақтары:
Шағын комплектілі мектеп қашан пайда болды?

ШКМ-ті зерттеуде үлес қосқан педагогтар және олардың ұсыныстары қандай ?

Бір тақырыптық жүйені енгізу мәселесі қашан қолға алынды?

Бір тақырыптық жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары қандай?

Бір тақырыптық жүйемен оқыту мұғалімге қандай талаптар қояды?




Қарастырылатын мәселелер:

    1. Шағын мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі.

    2. Шағын мектептегі оқушыға тәрбиенің әсер ету бағыттары.

    3. Шағын мектептегі жүргізілетін тәрбие түрлері.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Асқарбаева А., Храпченко Г.М. шағын комплектілі мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістері.-А., 1981

  2. Әлмұхамбетов Б.А. Бастауыш мектеп. №7,2002

  3. Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.

  4. Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы(редакциясын басқарған Ғ.Бегалиев).- А., 1950ж.

Қосымша:

  1. Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. М., АПНРСФСР, 1956.

  2. Организация и методы работы учителя с несколькими классами.-М., Учпедгиз, 1953.

  3. В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.

  4. Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.

  5. Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.

  6. Савченко А.Я. Организация учебного процесса в малокомплектной школе.-М., 1975.


Лекция мәтіні

Шағын мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі мынадай жағдайлармен анықталады:

Үлкен қалалардан алыстығымен;

Адамдар арсындағы қалыптасқан қарым-қатынастармен;

Басқа мәдени ошақтардың болмауымен;

Коммуникацияның (теледидар, пошта) тұрақсыздығымен;

Тәрбие жұмысының сапасына тұрғындардың, мұғалімдердің, оқушылардың аздығы әсер етеді. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы, үйірме жетекшісі лауазымдары жоқ. Нәтижесінде мектеп балаларымен және ересек тұрғындармен тәрбие жұмысының орталығына айналады, ал мұғалім оны ұйымдастырушы және жүзеге асырушы.

Ауылдық жерде өсетін балаларды өмір көбірек тәрбиелейді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленеді. Жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.

Бірақ, кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, ұқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді.



Шағын мектептегі оқушыға тәрбие үш бағыттан әсер етеді.

Сабақтағы тәрбие жұмысы;

Сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;

Елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі;

Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 3-4 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім баллармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.

Мереке кезінде оның символы мен ұранына конкурс ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектеседі, барлығын балалар өздері жасайды.

Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі, немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер, атқарылған іс-шаралардың маңыздылығы.

Бірінші сыныптағы ақыл-ой тәрбиесінің маңызды бағыты жүйелі оқуға әзірлеу. Маңызды жағдай балаға сенім арту, оны дамытатын орта жасау. Бірыңғай педагогикалық талап жақсы мінез-құлықты қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесін беру үшін бала өзінің адалдығын, қайырымдылығын, зейінділігін көрсететін жағдайлар жасалады.

Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты еңбек сүйгіштікті, еңбекті, еңбек адамдарын құрметтей білуге тәрбиелеу, мамандық туралы түсінікті қалыптастыру. Ол үшін түрлі әңгімелер өткізіледі. Балалар өздерінің әлі келетін жұмыстарды территорияны, сынып бөлмесін тазалап, ауылды, учаскені көгалдандыруға қатысады, гүлдерді қарайды т.б. Жеміс, жидек және көкөніс өсіруге болады, үйірмеде оқушылар халқымыздың ұлттық өнерін де үйренеді.

Экологиялық тәрбие беру үшін алдымен балаларды экскурсияға апарып, қорғау керек объектілерді көрсетіп түсіндіру. Оқушылар оларды қорғауға атсалысады.

Эстетикалық тәрбиемен де оқушыларды таныстыру керек, ол өнермен тығыз байланысты.

Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, әр оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтық дәстүрлерге сүйену, табиғатқа жақындық. Ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған болады.


Бақылау сұрақтары:

Шағын мектептегі тәрбие үрдісінің ерекшелігі қандай жағдайлармен анықталады?

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің орны қандай?

Ауыл балаларының психологиясы қандай?

Оқушыларға тәрбие қандай бағыттар арқылы әсер етеді?

Тәрбиелік іс-шаралар қалай ұйымдастырылады?

Шағын мектептегі тәрбие жұмысының ерекшелігі неде?



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті


«Филология-психология» факультеті


«Педагогика және психология» кафедрасы



пәні бойынша

050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының студенттері үшін



Жетісай – 2009



Практикалық (семинар) дәрістері




Тақырыптары

Сағат саны

Бақылау түрі

Т.О.Қ.

1.

Қазақстанда шағын комплектілі мектептердің пайда болуы мен дамуы.

1

Эссе

ПЛ-1

22.

Шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы қолайлы жағдайлар.

1

Әңгіме-сұхбат

ПЛ-2

33.

Шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделі.

1

Қос жазба күнделігі

ПЛ-3

44.

Шағын комплектілі мектеп мақсаты мен міндеттері.

1

Венн диаграммасы

ПЛ-4

55

Шағын комплектілі мектепті басқару.

1

Кластер жасау

ПЛ-5

66

Шағын комплектілі мектеп мұғалімдеріне тән ерекшеліктер.

1

РАФТ

ПЛ-6

77

Педагогикалық ЖОО, колледждерге, ғылыми зерттеу орталықтарына ұсыныс.

1

Эссе

ПЛ-7

88

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.

1

Жазб. дөңг. үстел

ПЛ-8

99

ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқармалары мен бөлімдеріне ұсыныс.

1

Пресс-конф.

ПЛ-9

110

Шағын комплектілі мектепте сабақ кестесін құру.

1

Пікір-сайыс

ПЛ-10

11.

Шағын комплектілі мектепте қолданылатын технологиялар.

1

Эссе

ПЛ-11

12.

Шағын комплектілі мектепте өздік жұмысты ұйымдастыру.

1

Қос жазба күнделігі

ПЛ-12

13.

Шағын комплектілі мектептегі сабақ.

1

дөңгелек үстел

ПЛ-13

14.

Бір тақырыптық жүйемен оқыту.

1

Әңгіме-сұхбат

ПЛ-14

15.

Шағын комплектілі мектепте. Суворовтың әдістемесі.

1

Эссе

ПЛ-15




Барлығы:

15








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет