Сабақ жоспары
|
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру
Сыныпты 3 топқа бөлу. (1 мин)
Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі
«Көшбасшы, топбасшы қандай болу керек ?» видеоролик ( 3 мин)
Топтың ережесін таныстыру.( 1 мин)
Топбасшы мен бақылаушы сайлау, олардың міндеттерімен таныстыру.
«Ұшқыш тілектері» әр топ бір-біріне тілек жазылған ұшақтар жібереді.
Әр топқа бағалау критерийлерін, парақтарын тарату
«5»- толық және дұрыс жауап; «4»- толықтыратын жауап; «3»- ақпарат аз, толық емес; «2»- мүлде жауап жоқ;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.146-жатттығу
ІІІ Өткен сабақты пысықтау ( слайдпен жұмыс)
Топтық жұмыс.Әр топқа сөйлемнің жауаптары таратылады, оқушылар тиісті жауабын тауып сәйкестендіріп, жауап береді.
Аттылар жалт-жалт қарасқанда,жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.
|
Жай сөйлем
|
Көртышқанның мешкейлігіне қасқыр да, жолбарыс та, арыстан да ілесе алмайды.
|
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
|
Ақжан Алматыдан қаймығып қайтқанмен, Мағрипадан күдерін үзген жоқ.
|
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
|
Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.
|
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
|
Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар түсе бастады.
|
Шартты бағыныңқы сабақтас
|
Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң, мені ашу кернеп кетті.
|
Себеп бағыныңқы сабақтас
|
ІІІ Жаңа сабақ
а\ Синтаксистік диктантпен жұмыс
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтарын жаз................. (қайткенмен? Не еткенмен? Қайте тұра?)
Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары.......................( да, де, және, әрі)
Құрмаластың қай түрі Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
Себеп-салдар саластың жалғаулықтары...................................
Мақсат бағыныңқының баяндауыштарының жасалуы..........................
ә\ Талдау жұмысы:
Берілген мысалдардан бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау. Сөйлем жасалуына толық талдау жасау.
1-топ: Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақшы болып, аттарын шоқыта,сар желіске сала жөнелді.
2-топ: Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.
3-топ:Бір адам қызын еңбекші адамға берем деп, сұраған бай балаларына бермепті.
ІҮ Сергіту сәті
Ү Мәтінмен жұмыс.
147-жаттығу. 1.Автордың баяндауында қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.
2.Мәтіндегі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас пен мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемдерге сұрақ қойып, олардың жасалу жолдарымен түсіндіріңдер.
3. Б.Момышұлы өз жайында айтқанын түсініп алыңдар. Осыны Б.Момышұлының тағдыры деуге бола ма?
4.Әр топ Бауыржан Момышұлы болып, тірек сөздерді пайдаланып, сызбаға батырға мінездеме беріңдер.
ІV Сабақты қорытындылау Кластер құру
Мақсат бағыныңқы сабақтас
V Үйге тапсырма
Ережелерді толық қайталау.«Менің жарқын болашағым» атты ойтолғау жазу.Мәтіннің құрамында мақсат бағыныңқы сабақтастың болуы шарт.
|