Оқу түрі: сыртқы
Курс: 4
Кредит саны: 2
Лекция: 15 сағат
Зертханалық-тәжірибелік сабақ: 11 сағат
СӨЖ: 64 сағат
Барлық сағат саны: 90 сағат
Аралық бақылау (АБ): 2 (60 балл)
Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)
Жетісай, 2010
Силлабусты дайындаған: аға оқытушы Өтегенова О.К.
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 23.12.2005 жылғы № 779 бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ 11.05.2005 жылғы №289 бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген ҚРБҒМ 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды
Хаттама №___ «________» 20 __ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _____________________________
қолы аты-жөні, ғылыми атағы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді
Хаттама____ «________» 20 __ ж.
Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/______ _________________________
қолы аты-жөні, ғылыми атағы
Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
Хаттама ____ «__________» 20 ___ ж
Ғылыми Кеңес хатшысы ____________ _________________________
қолы аты-жөні, ғылыми атағы
Мазмұны
Алғы сөз ….…………………………………………............................
Жалпы мәліметтер………………………….………...........................
Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....
Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................
Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................
Студентке арналған ережелер…………………...................................
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………........................................................
Лекция сабақтары....... ...........................................................................
Семинар сабақтарының жоспары.........................................................
СӨЖ жоспары …....................................................................................
Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...............................
Студенттердің білімін бақылау түрлері(тест, бақылау сұрақтары т.б.)............................................................................................................
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау
жүйесі.............................................................................................................
1. Алғы сөз.
Оқу әдістемелік кешен «Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050102- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
2. Жалпы мәліметтер.
№
|
Аты-жөні
|
Сабақты өткізу, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
1
|
Өтегенова
Орынкүл
Кенжебекқызы
|
Уақыты __________
Ауд ______________
|
Уақыты _______
Ауд _________
|
Тел:___________
Каб:___________
Корпус:________
|
3. Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі рөлі
Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ мамандарды теориялық білім және әдістемелік негіздермен қаруландыру қажет:
“Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі” - ғылыми педагогикалық пән. Ол болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне “Дүниетану” пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Жаратылыстану циклдерінен алған білімдерін пайдалана отырып болашақ мұғалімдер осы пән бойынша алған білім мен білік дағдыларын қалыптастырады. Олар оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы және оның таралу жолдары мен табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіріп бағыттайды.
Студенттер нені меңгеру қажет.
Дүниетану пәні бойынша мемлекеттік стандарт пен оның талаптарын;
Дүниетану пәнінің бағдарламасын;
Дүниетану пәнінің мазмұнын;
Дүниетану пәнінің оқыту әдістері мен тәсілдерін;
оқыту технологияларын;
осы білімдер мен дағдыларды пайдалана алуы тиіс.
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
№
|
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін,осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
1
|
Жаратылыстану негіздері
|
Дүниетанудан дидиктикалық материалдар дайындау әдістемесі
|
2
|
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
|
Дүниетанудан мектепке дайындау мазмұны мен әдістері
|
3
|
Педагогика
|
Мектептану
|
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Кредит саны
|
Курсы
|
Жалпы сағат саны
|
Оның ішінде
|
Қорытынды бақылау
|
Лекция
|
Зертханалық-
тәжірибелік
|
|
СӨЖ
|
ОБСӨЖ
|
3
|
4
|
90
|
15
|
11
|
64
|
------
|
Емтихан
|
6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабориялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестікте дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер:
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі
8. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі..
№
|
Тараулар атауы, реті
|
Сағат саны
|
Лек
|
Лаб.
прак
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
|
“Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі” пәнінің мақсаты мен міндеті
|
1
|
1
|
|
4
|
2
|
Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің
даму тарихы, кезеңдері
|
1
|
1
|
|
4
|
3
|
Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі
|
1
|
|
|
4
|
4
|
Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғам тану және адам тану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту әдістемесі.
|
|
1
|
|
4
|
5
|
Оқыту әдістері, тәсілдері. Олардың классификациясы.
Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары.
|
1
|
1
|
|
4
|
6
|
«Қоршаған орта» курсын оқытуды ұйымдастыру формалары.
|
1
|
1
|
|
4
|
7
|
Сабақтың құрылымы.
|
1
|
1
|
|
4
|
8
|
Сабақ типтері.
|
1
|
1
|
|
4
|
9.
|
Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.
|
1
|
|
|
4
|
10
|
Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі.
|
1
|
1
|
|
4
|
11
|
Сыныптан тыс жұмыстар.
|
1
|
|
|
4
|
12
|
Дүниетану сабақтарындағы тәжірибелер
|
1
|
1
|
|
5
|
13
|
Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.
|
1
|
|
|
5
|
14
|
Оқушы білім, білігі, дағдысын тексерудің жолдары.
|
1
|
1
|
|
5
|
15
|
Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері.
|
1
|
1
|
|
5
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
15
|
11
|
|
64
|
9. Лекция сабақтары
1-лекция. Тақырыбы: “Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі” пәнінің мақсаты мен міндеті
Лекция мақсаты: пәннің мақсаты мен міндеті туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспары:
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің мазмұны.
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің мақсаты мен міндеттері.
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің зерттеу әдістері.
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” оқу пәні ретінде.
Лекция мәтіні :
1.Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің дүниетану пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде “дүниетану” пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады.”Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
2.Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал “Дүниетану”пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Дүниетану пәнінің міндеті:
оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);
дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
3.Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі “Дүниетану” пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.
4.Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты.Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ “дүниетану” пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.
5.Бұл пәнде студенттер әдістемелік білім мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика-психология пәндерінен білуі қажет екендігі байқалады. “Дүниетану” пәнінің мазмұнын меңгеру бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді. Студенттер дүниетану пәнінің мазмұнында экологиялық, табиғатты қорғау, гумандық т.б. бағыттарды көре білуге үйрену қажет.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнін оқу барысында студенттер мынадай білімдермен қарулану қажет:
жаратылыстану циклінен алған білімдерін пайдалана отырып дүниетану пәнінен өздеріне қажетті білім мен білікті қалыптастыру;
оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы, оның таралу жолдарын, табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіру;
оқу пәнінің мазмұны мен оқу тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтауға үйрену;
оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттыруға бағытталған жұмыс формаларын ұйымдастыра білуге дағдылану.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні студенттерді бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге бағыттайды.
Бақылау сұрақтары:
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәні қандай ғылымдармен байланысады және не үшін екенін түсінідіріңіз?
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің теориялық негізін түсінідіріңіз?
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
2-лекция. Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің
даму тарихы, кезеңдері
Лекция мақсаты: пәннің даму тарихы және оның кезеңдері туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспары:
Академик В.Ф. Зуев – жаратылыстану әдістемесінің негізін салушы.
А.Я.Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері.
В.В. Половцевтың еңбектері.
Б.Е.Райковтың әдістемелік еңбектері.
И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектері.
Лекция мәтіні :
1. Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандары, ғалымдар, көптеген әдіскер мұғалімдер, көп жылдар бойы жүргізілген оқу- әдістемелік жұмыстардың нәтижесі зор үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен оқулықтардың мазмұны тарихтың дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік құрылымның ерекшкліктеріне тікелей байланысты болды.
18-ші ғасырдың бастапқы кезеңдерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады.
Екатерина ІІ-ші өз еліне білімді мамандар қажет болғандықтан, Ресейде мұғалімдер дайындайтын семинариялар (1783 ж), Халық училищелерін ашты, сол кезде “5 жылдық бас училищелер” және “2 жылдық кіші училищелер” деп аталатын оқу орындар ашылды..
Осы оқу орындарында академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді. 1786 жылы В.Ф.Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық “Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы”-деген атпен жарық көрді.
Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бінінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін былай көрсетті:
Қазба байлықтар (Өлі табиғат );
Тоңатын әлем (Өсімдіктер әлемі);
Жануарлар әлемі ( Зоология).
Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, адам өміріндегі пайдалану жолдарын да қамтыған. Оқулықта 148 жуық өсімдіктер мен 157-ге жуық омыртқалы жануарларға сипаттама берілген. Мазмұндауда автор Карл Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, саралаудан аулақ болып, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған.
Оқулықтың кіріспе бөлімінде, сабақ берушілерге арналған ұсыныстар келтірілді. Сабақты әңгімелеу барысында көрнекіліктерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлімі “Жаратылыстану тарихының бейнелері” деп аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді. Осы бейнелер сабақ өту барысында оқушыларға таратылып берілуі тиіс.
Оқулықтың құндылығы барлық биологиялық мәліметтер нақты, ғылыми тұрғыдан дәлелденген, оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде пайдалану жолдарын көрсете білген.
Әулие Петр қаласында “Растущий виноград” журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы, көрнекілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.
Қорыта айтқанда, 18-ші ғасырдағы жаратылыстану пәнін оқытудың негізін қалаушы, оны бірінші рет оқу жүйесіне енгізуші В.Ф.Зуев болды.
2.ХІХ ғасырда жаратылыстану бағытында А.Любеннің, А.Н.Бекетовтың еңбектері әйгілі болатын.Олардың оқулықтары шағын көлемді, әрі оқушылардың оқып-білуіне жеңіл болды. Бірақ любенисттердің әдістемесі мен оқулықтарына қарсы пікірлер көбейді. Олардың әдістемелік нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд (1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
1.Бейорганикалық әлем ( өлі табиғат);
2.Өсімдіктер дүниесі;
3. Жануарлар әлемі;
4. Адам;
5. Жер тарихы.
Осы құрылған жүйе әдістемелік тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.
А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді.
“Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.
3.Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ғылымдарының профессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің ХІ-ші съезінде В.В.Половцев “ Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты” тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылыстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін көрсетті:
1.Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну.
2. Өз организміндегі құбылыстарды тусіну.
3. Сезім мүшелерінің дамуы адамның психикалық дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу.
4.Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту.
5.Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту.
Половцевтің негізгі ұстанымы оқушылардың дүниеге ғылыми – материалистік көзқарасын тәрбиелеу болды.Осы жылдары Половцевтің басшылығымен алғашқы “Мектептегі табиғат” атты әдістемелік журнал жарық көрді. В.В.Половцев өзінің оқу тәрбие жұмысындағы тәжірибелеріне және биолог-әдіскерлердің теориялық қағидаларына сүйене отырып жаратылыстану пәнінің алғашқы әдістемелік курсын жасады, 1904 жылдан бастап Петербург университеттерінде лекциялар оқыды. Осы жылдан бастап әдістеме жоғары оқу орындарында ғылыми пәндер қатарына қосылды. Лекция оқу барысында 1907 жылы “ Жаратылыстануды оқыту әдісінің негіздері” атты теориялық еңбегі жарық көрді. Половцев “биологиялық әдісті” өңдеуге аса көңіл бөлді және оны негізі үш принціпте қарастырды:
Формаларды тіршілік әрекеттерінің байланысында оқыту;
Тіршілік әрекетін қоршаған ортамен тығыз байланыста оқыту;
Мектепте аса құнды материалдар оқытылуы тиіс.
Половцев өзінің теориялық қағидаларын мұқият зерттеп, өңделген құралдарында көрсете білді: 1894-“Мектеп ботаникасының бағдарламасы” , 1941-“Ботаникадан практикалық сабақтар”, 1910-“Петербург аймағына, көктем мезгілінде жасалатын экскурсиялар”.
4. Жаратылыстану пәндерінің оқыту әдісін дамытуда профессор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мен зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді қолдады.
Б.Е.Райков 1924 жылы Ленинградта биологиялық станция ашып ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.
Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін “лабораториялық” және “жоспарлау әдістерін” қолдануды нұсқады. Лабораториялық әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орнын алып, мұғалімнің рөлін кеңесші дейгейінде көрсетті. “Жұмыс кітапшаларында” тапсырмалар беріліп, ай соңында конференциялар өткізілді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап оқу-ағарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы және арнайы оқу-әдістемелері қарқынды дами бастады.
1914 жылы Б.Е.Райков “Мектептегі жаратылыстану” жинағында А.Я.Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтың аса маңызды әдістемелік еңбектерін жаңғыртты.
1937-1941 жылдары “Мектеп биологиясы” журналы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрсе, 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциясынан Ленинградтағы “Мектептегі жаратылыстану” журналы қайта жаңғырып кейіннен Москваға “Мектептегі биология” – деген атпен ауысты.
5. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы Ч.Дарвиннің ілімін мектепке белсенді насихаттаушылардың бірі И.И. Полянский болды. 1917 жылы Полянскийдің “ Бастауыш жаратылыстану курсының әдісі ”- атты оқулығы жарық көрді. Автор оқушыларға сабақ берудегі ең басты міндет биологиялық құбылыстарды, организмдердің бейімделушілік қасиеттерін эволюциялық факторлармен байланыстырып түсіндіруді насихаттады.
А.Я.Гердтің еңбегін жинақтаушы Л.С.Севрук (1867-1918) болды. 1902 жылы “Жаратылыстанудың бастауыш курсының әдісі” атты еңбегін жазды.
Бұл оқулықта өлі табиғатпен қатар, өсімдік, жануар, адам организмдерін оқытатын арнайы әдістер де болды. Бұл әдістер сұрақ-жауап сабақтары, мұғалімнің әңгімесі, оқушыларға арналған сұрақтар және жауаптар түрінде жазылды. Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар , препараттар даярлау және тәжрибелер қою тәртіптері, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары көрсетілді.
Автор оқушылардың психологиясын жетік білгендіктен олардың ойлау қабілетінің белсенділігін дамытуға, саналы түрде білім қалыптастыруына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, қабылдау кезіндегі эмоцияға көңіл аударды. Л.С.Севруктың әдістемесі қала училищелерінде, жоғары мектептердің мұғалімдерінің арасында кеңінен тарады.
Қазақстан Республикасының ғалым-әдіскерлері жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.Соның бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, ботаник, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов (1909-1987) болды.Ол “Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігін” (1962), “Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясын” және жоғары оқу орындарына арналған “Ботаника” оқулығын жазды.Қазіргі кездегі көрнекті әдіскерлер, бастауыш мектептегі “Дүниетану” оқулықтарының авторлары Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж,. Олейник З. т.б. әдіскерлер жаратылыстану пәндері әдістемесінің дамуына үлес қосты. Осы орайда Қыздар педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қ.А..Аймағамбетованы ерекше атап өтуге болады.
Бақылау сұрақтары:
“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің тарихына қысқаша шолу жасаңыз.
Үлес қосқан педагог-ғалымдар кімдер және олардың еңбектеріне тоқталыңыз.
Б.Е.Райковтың әдістемелік еңбектеріне қысқыша сипаттама беріңіз?
И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектерінің маңыздылығы неде?
Қазақстан Республикасының ғалым әдіскерлерінің еңбектері жөнінде не айтасыз?
А.Я.Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері қандай?
В.В. Половцевтың еңбектеріне тоқталыңыз және оның құндылығы неде деп ойлайсыз?
3-лекция. Тақырыбы: Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі.
Лекция мақсаты: оқыту қағидасы және оның түрлері туралы білім, білік, дағдысын қалыптастыру.
Жоспары:
1. Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер.
2.Оқу пәні мазмұнының басқа пәндерден ерекшелігі.
3.Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері.
4.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Лекция мәтіні :
1.“Дүниетану” пәні – педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді.Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.
Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, зертханада т.б.), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.Әр пәнде жүйелілік және бірізділік принципін ұстанудың маңызы зор. Мысалы, дүниетану пәнінде “адам” тарауын өтпей, “қоғам” тарауын өтуге болмайды, өйткені балалар өзін танып-білмей, қоғамдық қатынастарды түсіну қиынға соғады.
Оқытудың ғылымилық приципі табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылыми принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылыми принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
2. Оқыту процесі ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Бастауыш мектептегі “Дүниетану” пәнінің әр тақырыбы қарапайым болып көрінсе де, ғылыми мазмұнға ие. Ал оны оқушыларға жан-жақты талдап түсіндіру мұғалімнің жан-жақты ізденушілігін қажет етеді.
Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік принципінен ережелер туады.Мысалы:
1.Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады.Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.
2.Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға өсімдіктердің көбею жолдарын түсіндіру үшін, оларды ең алдымен өсімдіктердің құрылысымен таныстыру қажет.
3.Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсіріп, игеруін айтады.
Педагогикалық процестің дәйектілік принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық роцестің дәйектілік принципінің негізін құрайды.Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды.
Дүниетану пәнінде осы аталған принциптермен қоса оқытудың мақсаттылық, саналылық және белсенділік, көрнекілік принциптері қоса ескеріледі және басшылыққа алынады.
3.Тәрбие бұл жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі.Бастауыш мектеп жасындағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін , күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарына өте ықыласты болады т.б.
Дүниетану пәнінің мұғалімі оқыту барысында өзінің әр сабағында мынадай тәрбие түрлерін оқушыларға беріп отыруы тиіс: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, санитарлы-гигиеналық, адамгершілік, еңбек тәрбиесін, т.б. Осы аталған тәрбие түрлерінің бірнешеуіне сипаттама беріп көрейік.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші фактордың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып білуінің бірден-бір сенімді құралы. Бүкіл қоғамдағы адамның жеке өміріндегі барлық материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар еңбек арқылы ғана меңгерілетіні белгілі. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ, ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Дүниетану сабақтарында әр бір тақырыпты өткенде еңбек тәрбиесі беріліп отырады. Соның ішінде табиғаттағы еңбек арқылы балаларды еңбекке баулу туралы пікірлер педагог-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Баланың табиғаттағы еңбегі өсімдіктер мен жануарларды күту, бақшада көкөніс өсіру, үлескені жасылдандыру, аквариумды тазарту сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Табиғаттағы еңбек баланың тек еңбек дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, адамгершілік сезімдерінің дамуына, экологиялық білім негізінің қалануына көмектеседі. Жануарларға күтім жасау, өсімдіктерді өсіру баланы тірі объектімен қатынас жасай отырып, байқағыштыққа, жауапкершілікке үйретеді. Аталған қасиеттер мен талаптар сақталмаса, онда тірі ағзалардың өлуіне әкеп соқтыратынын балалар түсінеді.
Дүниетану сабақтарында санитарлы-гигиеналық тәрбие түрі де беріліп отырады.Оқушыларды жеке бас гигиенасының элементарлы ережелерімен (денені, шашты, тісті, киімді, аяқ кмімін таза ұстай білу), күн режимімен ( таңертеңгілік жуынудың, жаттығудың және астың маңызын ескерту, оқу және демалудың мөлшері мен уақытын үйрету), тамақтану режимімен (орындыққа дұрыс жайғасу, ыдыс-аяқтарды дұрыс пайдалануға икемділік, азық-түлік тағамдарын мөлшерімен және үнемді пайдалану) таныстыру, сонымен қатар оқулықтарға, кітапқа, ойыншықтарға ұқыпты болуға, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін естерінде сақтап жүруге, бөлме өсімдіктерін күтіп-өсіру, үй жануарларының мінез-құлықтар ерекшеліктерін және оларды күту мен шаруашылықта пайдалану мүмкіндіктерін айту мұғалімнің басты міндеті.
Адамның рухани қалыптасуындағы, оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңыз
Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өмірінне де игі әсерін тигізеді, табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады, оны табиғатқа қатыгездік әрекеттерден сақтандырады, бастауыш мектеп жасындағы балаларға экологиялық тәрбиені меңгертудің маңызы орасан зор. Бастауыш мектеп жасындағы бала табиғатқа деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыра бастайды және балада әрекет жасау компоненті маңызды бола бастайды. Ата-анасынан үйге жан-жануар алып беруін өтінуімен қатар, оларғы сүйіспеншілігін оларға жағдай жасау арқылы көрсету, осы кезеңдегі баланың табиғатқа деген қатыстығының қалыптаса бастайтындығы көрінеді. Дүниетану пәнінің әр сабағында экологиялық тәрбие беріліп отырылуы тиіс.
Дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие берудің мақсаты – “адам-қоғам-табиғат” жүйесінде үйлесімділік орнату, табиғи байлықтарды сақтау, молайту және тиімді пайдалануда жауапкершілік сезімін тұғызу. Қазіргі кезде оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру қолға алынып жатыр. Оқушылар қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжай білу, табиғат пен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау т.с.с. құрамды бөліктерді білуі қажет.
Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады.
4. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуде бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағыдыны қабылдайды.
Екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындарымен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.).
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
Ұнатқан кейіпкеріне немесе жануарларға, өсімдіктерге мінездеме, сипаттама беру.
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жаңылтпаштар, өлең шумақтарын, мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастыру.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық жұмыстарына өсімдіктерден гербарийлер жасау, белгілі бір тақырыптарға ( мысалы, жануарлар немесе өсімдіктер әлемі, табиғат көріністері) суреттер жинап альбом жасауы, ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары, пайдалы қазбалардың (тас түрлері, көмір, әр түрлі металл сынықтары) колекцияларын жинау т.б. жатады.
Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілетін бағыттап, тәрбиелеу – қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.
Бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда дамушы жеке бастың психологиялық құрылымының ішіндегі, оның тұқым қуалаушылық арқылы берілетін қасиеттер, нақты айтқанда, көңіл-күй, ерік, зейін, сол сияқты қоғам тәжірибесі, білім, білік, дағдылар, әлеуметтік бағыт, қызығұшылық, қабілет, түрткі, сенімдермен бірге дүниетаным да ерекше құрылым бөлігі болып саналады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
2.Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі әсер етеді.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылып, оқушылардың жас еркшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынады.
Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мұғалім жетекші рол атқарады.Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
Мұғалімнің оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және дамыту үшін оқыту мен тәрбие процесін өмірмен тығыз байланысын, еңбек іс-әрекеттердің мәнін түсіндіру керек.
Бақылау сұрақтары:
Дүниетану сабағының тәрбие үрдісіндегі мүмкіндігі қандай?
Дүниетану сабағында тәрбие түрлерін оқытумен ұштастыруда мұғалім рөлі
қандай?
Бұл пәнді оқытуда қолданылатын принциптерге сипаттама беріңіз.
Дамыта оқыту принциптерінің бұл принциптерден айырмашылығы неде?
Дүниетану сабағының тәрбие үрдісіндегі алатын орны қандай?
Дүниетану сабағында қандай тәрбие түрлерін бала бойына егуге болады?
4-лекция. Тақырыбы: Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғам тану және адам тану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту әдістемесі.
Лекция мақсаты: дүниетанымдық ұғымдар туралыбілім, білік, дағдыларын
қалыптастыру.
Жоспары:
1. Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдары.
2.Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру: оқушыларды сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау.
3.Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.
4.Оқушылардың меңгеруге тиіс білім, біліктері.
Лекция мәтіні:
1. Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс-әрекеттеріне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.
Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір-бірімен көп салалы байланыста болатын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды.Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатысы бар.
Бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнінің мұғалімі оқушыларды оқыта отырып, дүниетанымдық білімдерін қалыптастырады.Олай болса мұғалім мынадай шарттарды жүзеге асыруы тиіс.
Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету.
Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру.
Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігін қадағалау.
Оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, тереңдету және бекіту.
Мұғалімнің өзі дүниетанымы мол, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі кең болуы керек.
Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың басты құралы іс-әрекет болып табылады.А.А.Любинская: “Адамның іс-әрекеті бүтіндей тізбек немесе практикалық және ақыл-ой әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі болып табылады”- деп тұжырым жасайды.Яғни, әртүрлі іс-әрекет арқылы жеке тұлғалар қоғамдық қарым-қатынасқа түсіп, қабілеті, мінез-құлқы жетіліп, дүниетанымы қалыптасады.
Егемендікке қол жеткізілгеннен соң жаңа тәуелсіз мемлекеттер елдерінің ұлттық ой-сана, дәстүрлерімен қоса жалпы өткен мәдени рухани дүниеларіне де зор зер сала бастады. Еліміздің әлемдік өркениет жолына бетбұрыс жасап, дамылсыз рухани ізденістерді кезінде қазақ мемлекетіне жат мәдениет үстемділігінен арыла отырып, этномәдени білім мен тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру білігі – бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан еліміздегі жаңа саяси –мәдени қатынастары жағдайындағы “Дүниетаным” ұғымына анықтама беріп, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруда тиімді жолдарын іздестіруіміз қажет. Қазіргі кездегі ұлттық және жалпы адамзаттың рухани байлықтарды тиімді үйлестіру мәселесін алға қоя отырып, оларды мүлдем жаңа жағдайда сабақтастыра жүйелек қажеттілігі туып отыр. Мұның өзінің өркениеттіліктің жаңа жолына түсуге мүмкіндік берумен қатар, біздің қоғамдық және рухани өміріміздегі ерекшеліктерді басқаруға жағдай жасайды. Осы айтылып отырған тұжырым мектеп оқушыларына қазіргі ұлттық санамыздың өткенін, бүгінгі игілігін, болашақ мақсатын диалектикалық тұтастықта қарастырып, дүниетанымдарын сапалық нәтижеде дамытуға мүмкіндік береді.
2. Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру
Дүниетанымдық ұғымдар бала кезден қалыптаса бастайды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстығы берік сенімнен туады.
Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжрибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды.Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Бастауыш мектепте дүниетану пәнінің мұғалімі оқушылардың көзқарасаын өзіне аудартып, сеніміне кіру керек.Содан соң мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылар санасында интелектілік сезімдерді қалыптастыру болып табылады.Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынын оқушыларға түсіндіру керек.
Мұғалім дүниетану сабақтарында табиғат заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен, олардың ерекшеліктерін, адам мен қоғам жайлы мәліметтерді бере отырып, оқушылардың бойында жанашырлық, адамгершілік, жауапкершілік, бауырмалдық т.б. сезімдерін тудырып дамытады. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқының жиі көрінетін сезімдерінің бірі - адамгершілік сезімдер. Ал бұл сезімді бала бойында қалыптастыру ата-аналардың және мұғалімнің басты борышы.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Баланың сабақта жазуы, сабақ айтуы оның ойын дамытады. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының нәтижесінде оқушыларды логикалық ойы дамиды.Нәтижесінде оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық ұғымға жатады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың абстракциялы ойлауын былай қалыптастыруға болады: мысалы, аға, іні, жиен, бөле десек “бауырмал” деген абсракциялық ұғым келіп шығады.
Оқыту процесінде оқушылардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру олардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фактордың бірі.Түсінік – шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау – одан оны елестетуге, елестетуден – түсінікке, қарапайым түсініктен – күрделіге, күрделіден – арнайы түсінікке, арнайыдан – жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі.
3. Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Мысалы, бұта, ағаш, жапырақты ағаштар, қылқан жапырақты ағаштар т.б.
Дүниетану сабақтарында ұғымның екі түрімен – географиялық және биологиялық түрлерімен танысамыз. Геолграфиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар; Биологиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдар жатады. Жеке географиялық ұғымдар – Жайық, Астана, Алтай сияқтылар. Жалпы ұғымдар - өзен, қала, тау.
Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулармен немесе жеке есімдермен айтылады.
Биологиялық түр ұғымдары: қоян, шырша, көктеке,. Биологиялық туыс ұғымдары жануар, қылқан жапырақты өсімдік, құстар.
Туыс (биологиялық немесе жалпылама географиялық) ұғымдарының барлық маңызды белгілері әрбір жеке объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да қатысты. Бірақ әрбір объект маңызды туыстық немесе жалпы белгілерден басқа, оларды жеке ұғымға жатқызатын өзіндік дербес қасиеттерге де ие болады. Мысалы, Жайық өзенінің кез келген басқа өзендер сияқты жалпы белгілері: бастауы, арнасы, оң және сол жағалары, салалары, сағасы бар. Жайықтың жеке белгілеріне мыналар жатады: бастауы Орал тауында жатыр, Шағанның құяр жерінде Орал қаласы тұр, өзеннің сағасы Каспий көл-теңізі.
Жұмыс кезінде балалардың назарын жеке географиялық ұғымның жалпы ұғыммен, түр ұғымның туыс ұғымымен (қасқыр-жануар; қайың-ағаш; Орал-қала) байланысына аударып отыру қажет.
І сыныптан бастап оқушылар туыс ұғымын да, түр ұғымында игереді. Олар өсімдіктер, аңдар, малдар, құстар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, бунақденелілер, ұғымдарымен танысқанда қайың, арқар, суыр, дуадақ, сазан, бақа, жылан, шыбын сияқты түр ұғымдарына қарағанда анағұрлым кең туыс ұғымдары туралы білім алады.
Оқушылар биологиялық ұғымдармен қатар жалпы және жеке геогрфиялық ұғымдарды түсініп игереді. Балаларға табиғат заттары мен құбылыстары туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыра отырып, мұғалім табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, заттардың негізгі қасиеттерін айқындайтын әр түрлі көрнекі құралдар қолданады. Таулар туралы ұғымды қалыптастыруда мұғалім балалардың төбелерді бақылауларына үйренеді де, 4-сынып оқушыларының таулар туралы қандай түсініктері бар екенін анықтайды. Сұрақтар қояды: Төбенің қандай бөліктері бар? Төбе мен таудың қандай ортақ белгілері бар?
4. Дүниетану сабақтарында оқушылардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдылардың жалғасын табады:
Табиғат:
тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;
табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;
ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;
термометрды пайдаланып, температураны өлшей алуы;
Қазақстанның табиғи аймақтарын картадан таба білуі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар түрлерін сипаттай алуы т.б.
Адам:
адамды басқа тірі ағзалармен салыстыра алуы;
өз денесінің тазалығын сақтау, гигиеналық ережелерді қолдану;
жас ерекшеліктеріне сай келетін кез келген еңбек түрін орындай білуі;
“Адам ағзасы” кестесі бойынша адамның негізгі мүшелерін:бас сүйегін, жақ, қабырға, омыртқа т.б. ажырата алуы;
табиғат перзенті ретінде айналасын, өзін қоршаған дүниені байқап, сезініп, ондағы заттар мен құбылыстарды ажыратуы;
ғылыми-техникалық жаңалықтардан хабардар болуы, күнделікті ақпарттарды пайдалана білуі;
өз жеріндегі мәдени, халықтық мұралардың сақталуы, оны қорғау жұмыстарын бақылауы тиіс т.б.
Қоғам:
отбасындағы адамдардың көңіл-күйін ажырата білуі;
жақсылық, жамандық, еңбекқор, жалқау, әдемі т.б. ұғымдарды түсініп, керекті жерінде қолдана білуі;
жергілікті жердегі мекеме түрлерін (аурухана, әкімшілік т.б.) білуі, олардың халыққа тигізетін пайдасын байқаы;
өз елінің және басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне қызығұшылық танытуы;
ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратып, әнұранын айта білуі, туы мен елтаңбасын сипаттай білуі, олардың мәнін түсінуі тиіс.
Бақылау сұрақтары:
Дүниетанымдық ұғымдарды қалай қалыптастыруға болады?
Білімді білік пен дағдыға айналдыру жолында мұғалім мен оқушы іс-әрекетіне жеке-жеке тоқталып, түсіндіріңіз?
5-лекция. Тақырыбы: Оқыту әдістері, тәсілдері. Олардың классификациясы.
Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары.
Лекция мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде оқыту әдістері жүйесінің мәнін ашу.
Жоспары:
1.Оқыту әдісі ұғымы және оны топтастыру.
2. Оқыту әдістерінің түрлері, оған қойылатын талаптар.
3.Оқыту әдістері мен тәсілдерін тиімді таңдау жолдары.
Лекция мәтіні:
1. Оқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері - деп айтуға болады.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты және бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.Оқыту,білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. “Дүниетануды” пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқандығы белгілі, және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-әрекеттің сипаты.
Мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің сипаты.
Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негізгі болып табылады.Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі.Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі, олар сөздік әдіс,көрнекілік және практикалық әдістер.Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістерді де оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.Оқыту әдістері ғылыми- таным әдістеріне байланысты,өйткені оқытуда ең басты оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды.Бұл ережелер:оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
“Әдіс”пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы,сондықтан оның шекарасын анықтау өте қиын.Өйткені,әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:
1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
2.Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып,тақырып бойынша нақты білім алса,онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
3.Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.
4.Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.
2. Дүниетану сабақтарында түрлі әдістер қолданылады. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі,мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады.Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге сұрақ-жауап, “сұқпат”, түсіндіру немесе баяндау,мұғалімнің әңгімесі,мектеп лекциялары,пікірталас жатады.Сұрақ-жауап әдісінің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту,алға қойған мәселені, сұрақты шешу.Алға қойған мәселені,сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің педагогикалық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді,ойлау қабілеттері артады.Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырып білім алуына мүмкіндік жасайды.Мұғалімнің жетекшелігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады.Сұрақ-жауап әдістерін жинақтап қорыту сабақтарында,жаңа білімді бұрынғы өтіп кеткен тақырыптармен байланыстыруы өте тиімді. Бірнеше ұқсас обьектілермен құбылыстарды оқу кезінде, сұрақ-жауап әдісін индуктивті түрде қарастыруға болады.Индуктивті әдісте жеке фактілерді таңдай отырып,бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушыларды жалпы қорытынды жасауға итермелейді.
Дедуктивті сабақты жүргізу барысында мұғалім оқушыларға бұрыннан белгілі жалпы ережелерді,көзқарастарды,пікірлерді,түсініктерді айта келіп,одан жеке-жеке таңдау арқылы қорытынды жасайды.
Практикалық әдістер бұл мұғалімнің ұйымдастыруымен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін асыратын сөздік, көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады.Практикалық әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді,еңбекке баулиды.Оқу- тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды.Оқушылар бұрынғы алған білімдерін іс-жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық әдістердің түрлеріне жататындар:
1.Табиғи обьектілерді танып білу және анықтау.
2.Құбылысты бақылап есепке алу.
3.Эксперимент жасау.
Практикалық жұмыстың барысында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеуі керек. Көрнекілік әдісі мен практикалық әдіс кезеңіндегі оқушылардың бақылауының айырмашылығы жер мен көктей.Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді,өлшейді,есептейді келтіреді т.б. Осындай бақылаудың нәтижесінде оқушылар құбылысты дәлелдейтін материалдар жинайды. Осындай бақылаулар және эксперименттер сабақтарды,үйде, экскурсия кезінде, мектептің оқу-тәжірбие учаскісінде жүргізіледі.Оқушылар оны ауызша немесе жазбаша тапсырма бойынша жүзеге асырады.
Көрнекілік әдісін қолдану,оқушылардың жаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.
Дүниетану сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.
1.Табиғи түріндегі (табиғи тірі обьектілер және препараттар).
2.Бейнелеу құралдары (таблицалар,сызба нұсқалар,муляждар,бейнефильмдер)
Әсіресе табиғи обьектілерді демонстрациялау пәнді оқытудағы тиімділігі өте жоғары.Оқушылардың санасында өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырылады.Дүнтетану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан, тірі табиғат мүйісінен т.б. дайындауға болады.
3. “Технология” дегеніміз өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.Міне технология сөзінің анықтамасы осындай.
Ал педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық технология үш деңгейде болуы мүмкін:
1.Жалпы педагогикалық деңгейдегі іс әрекеттер.
2.Салалық технология -бір пән шеңберінде қолданылатын әдіс тер мен құралдар жиынтығы.
3.Локальдік технология - жаңа материалды меңгерту технологиясы,қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы т.б. сияқты жеке әреке ттерді орындау.
Жаңа технологияға қойылатын талаптар:
Педагогикалық психологиялық ғылыми тұжырымдамасы болуы керек.
Педагогикалық технология белгілі бір жүйе болып құрылуы тиіс.Жүйенің барлық бөліктері логикалық байланыс та болуы.
Диагностикалық тексеру,болжам жасауға ыңғайлы болуы тиіс.Әдіс тәсілдерді өзгерту мүмкіндігі болуы керек.
Өзінің алдындағы әдіс тәсілдерге қарағанда тиімді,пайдалы әсер коэффициенті көбірек болуға тиіс.
Барлық ұжымдарда қолдана беруге жарамды болуы тиіс.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталыа негізделеді.
Педагогикалық технология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық (көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық (теориялық) ойлауын дамыту көзделеді.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында мынадай жаңа оқыту технологияларын қолдануға болады:
1.Оқушылардың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде:
ойын арқылы оқыту технологиясы
оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде оқыту
дамыта оқыту технологиясы
2.Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде:
сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы
модульдік оқыту технологиясы
3.Табиғатты сүю және ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген технологиялар:
“Сауаттылыққа тәрбиелеу” технологиясы
М.Монтессори технологиясы
В.М.Монахов “педагогикалық технология – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” – деген анықтама берген. Ендеше педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеген әрбір ұстаз осы технологиялардың біреуін басшылыққа алып өз жұмысын сол технологияға сәйкестендіріп құрғаны жөн.
Бақылау сұрақтары:
«Технология» ұғымын түсіндіріңіз?
Қандай технологиялардың түрлерін білесіз және оларды қалай қолдануға болады?
Дүниетану сабағында қолданылатын әдістерді атап, оларға сипаттама беріңіз?
Қандай тәсілдер қолданатынын атап көретіңіз?
Сөздік әдістерді атаңыз және сабақта қалай қолданатынын түсіндіріңіз?
Практикалық әдістерді атап, мысалдар келтіріңіз?
Көрнекілік әдістер туралы түсінідіріп, қазіргі жаңа көрнекіліктер туралы баяндап беріңіз?
6-лекция. Тақырыбы: «Қоршаған орта» курсын оқытуды ұйымдастыру формалары.
Лекция мақсаты: оқыту нысандары туралы түсінік қалыптастыру және оның талаптары туралы түсіндіру.
Жоспары:
1. Оқыту формалары туралы түсінік.
2. Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары.
3. Сабақ – сабаққа қойылатын талаптар.
Лекция мәтіні:
1. Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі нысандары пайдаланылды. Оқыту нысандарының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми –техниканың өзгеруіне байланысты болды.Ерте кезде оқытудың жеке, топтық т.б. түрлері болды.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандары дегеніміз арнайы ұйымдастырылып белгіленген тәртіппен режимде жүргізілетін оқу танымдық іс-әрекеттің процесі.
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары (“форма” – латынша сыртқы түрі, пішіні деген мағынаны білдіреді).Оқытудың жеке, топтық түрлері қалыптасқан.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандарының классификациясының негізіне төменгі принциптер жатады.
Оқушы саны (жеке, жұп, кіші топ, бұқаралық, ұжымдық)
Оқыту жері (мектепте, сабақтан тыс кезінде, шеберханада, клубта)
Уақыт мөлшеріне қарай ұйымдастырылады (классикалық – 45 минут), бастауыш мектепте – 35 минут, жұпталған сабақ – 70-80 минут)
Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан сынып (класс) деп аталатын мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін оқу жұмысы.Сабақта әртүрлі оқыту нысандарын пайдалануға болады.Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларында ұжымдық, топтық, жұп және дербес нысандары жатады.Оқыту нысандарын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.
2. Мектептегі “Дүниетану” пәндерін оқыту барысында сабақтан басқа да оқыту нысандары қолданылады. Сабақтың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін танымжорықтар (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар, міндетті емес сыныптан тыс жұмыс түрлері, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар мен тірі табиғат мүйісінде, арнайы кабинетте орындалатын жұмыстар.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданады.Өсімдіктер мен жануарларды демонстрациялайды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың құрылысымен таныстырады. Тірі ағзалар тіршілігінің дамуын, бір-бірімен қарым-қатынастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытудың басқа нысандары қолданылады және ол сабақ оқыту нысанын толықтырады.
Сабақ кезінде орындалатын практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, оқу-тәрбие учаскесі, тірі табиғат мүйісі, жас табиғатшылар үйірмесіндегі орындалатын жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар оқушылардың танымдық қызығушылығын, ұйымдастыру қабілеттілігі мен қоғамдық дағдыларын, еңбек мәдениетін және көпшілдік сезімін дамытады. Табиғаттың көркемділігі, оның байлығымен танысу, әсіресе топсеруен кезінде отаншылдық және эстетикалық, экологиялық сезімдерін тәрбиелейді. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға бағытталған тәрбие жұмыстары жеке бастың этикалық ерекшеліктерін де қалыптастырады.
3. Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Сынып-сабақ нысаны оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізігі нысаны ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты нысаны болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
2.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай:
Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болы тиіс.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек.
Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбәр сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығұын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар тұғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарм-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірі-бірі толықтырып тұрулары қажет.
Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
Бақылау сұрақтары:
Сабақ дегеніміз не және оның ерекшелігі қандай?
Сабақ құрылымы дегеніміз не?
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар қандай?
Оқыту нысандары дегеніміз не?
Дүниетану сабағында оқыту нысандары деп нені түсіндіруге болады?
7-лекция. Тақырыбы: Сабақтың құрылымы.
Лекция мақсаты: сабақтың құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспары:
Сабақтың құрылымы туралы түсінік.
Сабақ түрлері және олардың құрылымы.
Лекция мәтіні:
1. Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:
Сабақтың ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшын маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады.
Топсаяхат сабағының құрылымы:
Топсаяхат мақсаты;
Мұғалімнің топсаяхатқа дайындығы;
Топсаяхат барысы;
Білімді тиянақтау;
Практикалық жұмыс құрылымы:
Тәжірибенің аталауы;
Тәжірибенің мақсаты;
Тәжірибені өткізу жағдайы;
Тәжірибе жасау әдістері;
Қорытынды;
Байланыс себептерін анықтау.
Зертханалық жұмыс құрылымы:
Сабақ тақырыбы;
Сабақ міндеттері;
Базалық білім;
Терең білім: тақырып туралы ұғымдар; тақырыпқа байланысты тәжірибелер; Ұйымдастырылуы, құралдары, әдістері.
Кіріспе әңгіме;
Сурет бойынша жұмыс;
Оқулықпен жұмыс;
Таратып берілген материалдармен жұмыс;
Оқулықпен жұмыс;
Сабақты қорыту;
Мәтіннен кейін берілген тапсырмаларды орындау: үйге тапсырма(мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу).
Бақылау сұрақтары:
Сабақ құрылымы дегеніміз не?
Қандай сабақ түрлері болады және олардың құрылымы туралы түсіндіріңіз?
Сабақ түрлерінің құрылымында қандай айырмашылықтар бар?
„Венн диаграммасы” бойынша салыстыру жүргізіңіз?
8 -лекция. Тақырыбы: Сабақ типтері
Лекция мақсаты: сабақ типтері туралы ұғым, және олардың түрлері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Жоспары:
1. Аралас сабақты өткізу әдістемесі
2.Зертханалық-практикалық сабақтар.
З.Экскурсия және семинар сабақтары .
Лекция мәтіні:
1. Аралас сабақты басқаша жалпы сабақ деп те атайды.Ол сабақтардың ең жиі кездесетін түрі. Сабақтардың қазір қолданылып жүрген жүйесін М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер ұсынған. Онда мынадай элементтер болуы мүмкін:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру, мақсатын анықтау. Бұл бөліснің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу.
Үй тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады. Кейде ішінара тексеру жүргіземіз немесе оқушылардың өзара тексеруін өткіздіреміз.
Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін. Ол жеке дара, жаппай сұрау арқылы жүргізіледі.
Жаңа білімді баяндау, жаңа материалды талдау.
Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада жүргізілуі мүмкін (жаттығу, пысықтау, практикалық жұмыс т.б.) Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі мүмкін.
Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) 5-6 минут.
Үйге тапсырма беру.
Озат мұғалімдер В.Шаталовтың, В.Давыдовтың, Л.Зориннің ұсынған нұсқаларын аралас сабақтарда қолданып, уақытты үнемдей отырып жаңа материалды терең игеруге негізделген. Олар: ақпаратты ірілеп беру, структуралық схеманы жетілдіру, ақпаратты модельдеу, тірек схемаларын пайдалану, сабақ үстінде оқушылармен кері байланысты жетілдіру, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру т.б.
Оқушылардың оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру керек: сыныптың белсенді оқушылар тобын құру, ауыспалы жұптық, өзара жарыса оқитын топтық ұжымдар өзіндік жұмыстар орындау керек.
Бағалау қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы үшін оны тек мұғалім ғана емес оқушылар да қолдана алатындай болуы керек. Жаңа материалды бекіту үшін:
Жаңа материал бойынша 4-5 минуттық жаттығу жұмыстарын жүргізіп жаңа материалды бекітіп алу.
Өтілген материал бойынша деңгейлік тапсырмалар беру.
Үй жұмысын орындағанда оқушылар оқи білуге, өзіндік жұмыс істеуге үйренеді. Ол жайлы озат мұғалімдердің ұсынысы мынадай:
Оқушыларға аяқталмаған, бекітілмеген материал бойынша үй тапсырмасын беруге болмайды.
Үй жұмысы негізінен келесі жаңа материалға дайындық түрінде болғаны жөн.
Оқушылардың дәптерін тексеруге оқушылардың өзін жұмылдырудың оқушылардың пәнге қызығуын арттырады. Тіпті оқушылардың өзіндік жұмыстарын да белсенді оқушыларға тексертуге болады.
2. Зертханалық-практикалық сабақтар
Зертханалық, практикалық сабақтар оқушылардың жаңа білім алуы мақсатында немесе теориялық білімді бекіту мақсатында жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстар теориялық білімдерді анағұрлым сапалы түрде және берік игеруге жәрдемдеседі. Бұл сабақтардың құрылымы шамамен мынадый:
Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің түсіндіруі және тапсырма беруі
Оқушылардың сұрақтарына жауап беруі
Оқушылардың тапсырманы орындауы
Орындалған жұмыстың жазбаша есебін өткізу
Үйге тапсырма беру
Сабақтың аяқталуы
Эксперимент, зертханалық және практикалық жұмыстардың орындалу барысы немесе қорытындысы жазылып, оны мұғалім тексереді.
Танымжорық ол орыс тілінде экскурсия ( лат excursion- сапар, серуен)-ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылатын коллективтік сапар және жорық.
Танымжоықтың мазмұны зерттеу обьектісіне байланысты ( табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар орны) тақырыбы бойынша мәдени-тарихи , ғылыми, жаратылыстану, өндірістік, өлкетану т.б танымжорықтар болады. Танымжорық оқушылардың жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайда танымжорық оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімделген оқу программалық және мектептен тыс танымжорық болып бөлінеді.
3. Сыныптарда мынандай танымжорықтар болуы мүмкін:
Күзде,тақырыбы “Өсімдіктердің гүлдері мен жалпы танысу.” Орманда, жазық далада. Бұл жерде оқушылар әр түрлі өсімдіктерді көреді. Олармен танысады, тіршілік ету мекенін көреді. Олардың көбеюі, өмір сүру ұзақтығы, көбінесе гүлді өсімдіктерге назар аударады. Күздің келгенін байқайды.
Қыста, бұл кезде де танымжорыққа шығуға болады “ Қысқы өсімдіктер”.
Тақырыбы: “ Өркен”. Оқушылар әр түрлі ағаштармен танысады, өркені, ұзындығы, бұталары, талшықтары, сабақтары т.б бұл танымжорықты сквер, саябақта жүргізіледі.
Көктем айындағы танымжорықтар парниктерге, теплицаға жүргізіледі. Бұл жерде адамдар өсімдіктерді қалай өсіріп баптайтынын айтып береді. Олар ботаникалық бақшалар және гүл өсірушілер болуы мүмкін.
Семинар сабақ.Семинар сабақтарда курстың бір тарауы немесе оқу материалының бір үлкен блогы бойынша алдын ала берілген сұрақтар талқыланады.
Семинар сабақтың ойдағыдай өтуі екі жағдайға:
талқыланатын мәселелер шеңберінің айқындығына
оқушылардың дайындық деңгейіне – байланысты болады.
Семинар сабағын жеке оқушылар баяндама және хабарламалар жасайтын, ал өзгелері сұрақтар қойып, пікір алмасып бұларды толықтыратындай етіп құруға болады.
Мұндай семинарда ең маңыздысы – оқылатын баяндаманың мазмұны мен формасы, сондай-ақ мұғалімнің бағыт беруші ролі, оның айтыс пен талқылауды ұйымдастыра білу қабілеті болып табылады. Мұғалім талқылауды қажетті арнаға бұра отырып айтыс пікір таласын туғызатындай проблемалық сұрақтар қоя білуі керек. Осылай өткізілген сабақ оқушылардың ойлауын жандандырады. Семинар дұрыс өткізілмесе ол әдеттегі сұрау сабағына айналады.
Бақылау сұрақтары:
Сабақ типтері дегеніміз не?
Кіріспе, қорытынды сабақ құрылымын түсіндіріңіз.
9 - лекция. Тақырыбы: Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Лекция мақсаты: дәстүрлі емес сабақ және олардың түрлері, құрылымы, ұйымдастырылу жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспары:
1. Сайыс сабақ.
2.Пікірталас сабағы.
Лекцияның мәтіні :
1. Сайыс сабақ жүргізудің әдістемесі мынадай:
Тақырыпты өтіп болған соң мұғалім бір құбылыстың, фактінің, ситуацияның пайдалылығын дәлелдейтін және осыған қарсы құбылыстың да пайдалы жақтарына жол көрсететін сұрақтарды тақтаға жазып қояды. Оқушылар өз қалаулары бойынша екі командаға бөлінеді. Сайыстың мақсаты кезінде жеңіп шығу немесе ортақ келісімге келу.
Мұғалім айтысушы екі жаққа да көмектесіп олардың дайындалу аясын көрсететін сұрақтарды көрсетіп, сол сұрақтарды дайындалатын оқушыларға жүктеуі тиіс. Сайыста шығып сөйлеушілер өз ойларын жазба түрде дайындағаны жөн. Лайықты тақырыпқа жақсы дайындықпен өткізілетін сайыс сабақтардың, оқушыларға пайдасы мол.
Дүниетану пәнінде пікірталас сабағын ұйымдастыруға да болады.
2. Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйретеді.
Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз бетінше ойлай білуге үйрету.
Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді.Сонымен қатар, пікірталастың негізгі сұрақтарын ойластыратын топқа, немесе жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайда сауалнамалық сұрақтар таратылып, оның қорытындысын талдап, пікірталас барысында оларды пайдаланады.
Пікірталасты мұғалім немесе оқушы жүргізеді.Пікірталастың сұрақтарын дайындау барысында оның санына емес, сапасына, тәрбиелік маңызына көңіл бөлу қажет. Олар әрі нақты болу қажет.
Дүниетану пәнінде негізінен 4 сыныпқа пікірталас сабағын жүргізеді. Пікірталас сабағының тақырыбын “Адам қалай жаралған”, “Адамның табиғатқа әсері” т.б. деп алуға болады.
Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалу, оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.
Бақылау сұрақтары:
Сайыс сабақты жүргізу әдістемесі қандай?
Пікірталас сабағы қалай ұйымдастырылады?
10-лекция. Тақырыбы: Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі.
Лекция мақсаты: мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-танымдық білімдерін меңгеруді ұйымдастыру.
Жоспары: 1. Ойын сабақ туралы түсінік.
2. Ойын сабақты ұйымдастыру жолдары.
Лекцияның мәтіні :
1. Қазіргі кездегі мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жаңдайынад білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына ойын, пікірталас, сайыс, конференция т.б. сабақтарын жатқызуға болады.
Дүниетану пәнінде ойын сабағын өткізудің маңызы зор. Өйткені оқушылардлың пәнге деген қызығұшылығы артып, ой-өрісі дамиды, танымдық іс-әрекеттері артады.Ойын түрлері қолданылатын сабақты ойын сабағы деп аталады.
Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарда біліп, орындап отыруы тиіс:
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртәбә оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың тез шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығұшылығын арттырады.
2. Дүниетану сабақтарында мынадый ойын түрлерін пайдалануға болады.
1.“Әр әріптен бір сөз” ойыны оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді:
1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы
р а а ы д р у ы а л р ы д а р
а л қ н ы м ы л н д а ы з а р
қ а ы с а р д а м й с т
в т н ш п а
Ойын тәртібі: сынып 3 топқа бөлінеді, әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбәр әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп, соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топта қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.
2.“Ойлан, тап” ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.
“Ойын тәртібі: мұғалім бір сөзді ақырын айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім “ұзын” десе, оқушы “қысқа” дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы: мұғалім “Отан” десе, оқушы “туған жер”, “ел”, “атамекен” дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.
3.”Топтай біл” ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады.Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.
Сәбіз, қияр картоп – көкөністер.
Бақылау сұрақтары:
Ойын сабақ қалай ұйымдастыруға болады?
Ойын сабақтың құрылымы қандай?
11-лекция. Тақырыбы: Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар
Лекция мақсаты: тірі табиғат мүйісінде, оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыс түрлерімен таныстыру, олар туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспары:
1.Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыс түрлері.
2.Оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар.
Лекция мәтіні:
1.Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы кластарда және онан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспидистра, аспарагус, кактустар, тасжарғыш, кливия, пеларгония, традесканция, фикус, фуксия т. б.) тікелей сынып белмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Сынып бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын аквариум мен шағын террариум құруға болады. Олар жергілікті және аквариум балықтарының, бауырмен жорғалаушылардың немесе қос мекенділердің жеке өкілдерін ұстауға қолайлы. Оқушылар аквариумның шынысы арқылы су асты патшалығының бір бұрышын көре отырып, табиғаттағының бәрі өзара тығыз байланысты екеніне көрнекі түрде көздерін жеткізеді. Дұрыс жабдықталған аквариум жануарлары табиғи жағдайға жақын жағдайда болады, сондықтан аквариумдегі бақылау олардың тіршілігі мен мінез-құлқы туралы, сонымен бірге су ортасына алуан түрлі бейімделулері туралы қызық деректер береді.
Аквариумде валлиснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ уруть, бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, балық от, элодея өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар (голец, табан балық, тұқы балық, қара балык, ақ қайран, уклейка) қапаста жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар, семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары— кометалар, шілте құйрықтар, телескоптар т. б.
Аквариум балықтар тіршілігін, шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен қоректенудін балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, қоректенуге байланысты шартты рефлекстің тууын (таяқшамен аквариумді тықылдатуға, қоңырауға, шам жағуға т. с. с), балықтар тәбетпен жейтін жемдердің тізімін жасауды, балықтардың ауа райын болжауын (шырмабалықпен және голецпен тәжірибе) т. б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Тірі табиғат мүйісі террариумда әр түрлі хайуанаттар: құрбақа, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, күйрек веретеница, дала тасбақасы, сергек және тірі туатын кесірткі ұсталады.
Оқушыларды логикалық тұрғыда құрылған, айқын, нақты жоспарлармен жұмыс істеу, икем-дағдыларын қалыптастыру қажет. Бұл мәселені іске асыру үшін оқу-тәжірибе учаскесінде көлемді педогогикалық мүмкіншіліктер баршылық. Алғашқы кезекте, оқу- тәжірибе учаскесін, ондағы егістік және отырғызу жұмыстарын педогогикалық тұрғыдан ойластырылған, ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстары тұр. Оқушылар мектеп учаскесінде жұмыс істей отырып, өздерінің алған білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарларды бақылау нәтижесінде кеңейтіп, бекітеді. Сонымен қатар шаруашылық өсімдіктерін агрономиялық өңдеу әдістерімен танысады. Оқу-тәжрмбе учаскесінде жұмыс орындау барысында оқушыларды ұйымдастырушылық, ұжымдық дағдыларды, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап күту дағдылары қалыптасып тәрбиеленеді.
2. Оқу тәжірибе учаскесінде көктемде арнайы бағдарламалар бойынша практикалық сабақтар, жазғы, күзгі, көктемгі бақылаулар мен тәжірибелер жүргізіледі. Учаскеде жас табиғатшылар үйірмесі және мектеп көлеміндегі сыныптан тыс өкізілетін іс-шаралар ұйымдастырылады: “Алтын-күз”, “Құстар күні”, “Бау-бақша күні” мерекелері, көрмелер, ата- аналар үшін топ серуендер т.б. жұмыстар.
Осындай әдістермен дүниетануды оқытуды ауыл шаруашылық практикасымен ұштастырып тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыруға болады.
Мектеп учаскелерінде мектепте оқытылатын өсімдіктер болуы тиіс: дала, бау-бақша, жеміс-жидек, мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер. Соған сәйкес арнайы учаскелер болады. Атап айтсақ: дала өсімдіктері, көкөніс, жеміс-жидек, әсемдік, биологиялық, зоологиялық бөлімдер . Әрбір мектепте учаскенің ауданы, пішіні, үйлесімі түрліше болғанымен жоғарыда айтылған бөлімдердің болуы шарт.
Бақылау сұрақтары:
1. Тірі табиғат мүйісі қалай жасалады?
Оқу-тәжірибе учаскесінде орныдалатын жұмыс түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз?
12-лекция. Тақырыбы: Дүниетану сабақтарындағы тәжірибелер
Лекция мақсаты: тәжірибелер мәні туралы, олардың түрлері және ұйымдастыру жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспары:
Тәжірибелер өткізудің мәні.
Тәжірибе өткізу жолдары.
Лекция мәтіні:
1.Балаларға табиғи объектілердің қасиеттерін, табиғи құбылыстардың мәнін таныстыру қажет болған жағдайда тәжірибелер өткізудің үлкен мәні бар.
Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды сынып жағдайларында қолдан, қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымның өнуін бақылаумен және т.б. танысу үшін тәжірибелер қажет.
Тәжірибелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім тәжірибе өткізуге дайындала жүріп, қажетті жабдықтардың болуын тексереді, оны өткізуге қажетті материалды іріктеп алып, сабаққа дейін тәжірибені басынан аяғына дейін толық өткізіп байқайды.
Мұғалім сабақта балаларға тәжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды, нені бақылау қажеттігін хабарлауды, тәжірибе өткізгеннен соң оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды.
2.Мұғалім қандай жабдықтардың көмегімен тәжірибе өткізілетініне оқушылардың назарын аударады;
Мынадай сұрақтар қояды:
тәжірибе үстінде не істедіңдер?
Нені бақыладыңдар?
Бақылағандарыңнан қандай қорытынды шығардыңдар?
Мұндай құбылысты табиғатта қайда кездестіруге болады?
Егер тәжірибе қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса, мұғалім көресту арқылы тәжірибелерді өзі өткізеді. Мұғалім мұндай жағдайда қажетті приборларды балалардың барлығы тәжірибенің барысын көре алатындай етіп, мұғалімнің үстеліне немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады.
Бақылау сұрақтары:
Тәжірибелер өткізудің мәні неде?
Тәжірибелер қалай жүргізіледі?
Жаппай тәжірибе қалай өткізіледі?
13-лекция. Тақырыбы: Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері
Лекция мақсаты: жеке, топпен, сыныппен орындалатын жұмыстар және олардың әдістемесін түсіндіру.
Жоспары:
1.Жеке орындалатын жұмыстар және оларды өткізудің әдістемесі.
2.Топпен орындалатын жұмыстар.
3.Сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.
4.Материалдық базаның маңызы.
5.Сабақ көрнекілігі.
Лекция мәтіні:
1. Әр кезде сыныпта “Дүниетану” пәнін сүйетін оқушылар кездеседі. Олар мұғалімнен өз еріктерімен үйде немесе тірі табиғат мүйісінде орындайтын тапсырмалар алады. Мұғалім бұл оқушыларға оқу бағдарламасының мазмұнына сай үйде немесе тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде, жазғы демалыс кезінде өз беттерінше орындайтын сыныптан тапсырмалар береді. Бұл жұмыстар оқушылардың үйде немесе сабақтан тыс орындайтын жұмыстарының түрлеріне жатады.
Сыныптан тыс оқу – оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытады, танымдық іс-әрекеттері белсенді түрде көрініс береді. Қосымша әдебиеттер мен оқулықтарды оқу оқушының өз білімін көтеруіне, өз бетінше оқуына дағдыландырады.
Оқушылардың жеке жұмыстарына “бақылау күнделігін” толтыру да жатады. “Бақылау күнделігіне” олар әрбір маусым ағымында елі, табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі болып жатқан және өз ауданының тұрғындарының маусымдық жұмысындағы өзгерістерді бақылағандарын жазады..
Оқушылар әр түрлі маусымдағы ауаның температурасын, ылғалдығын, ауа райын да бақылайды. Екінші сынып оқушылары көкжиектің тұстарымен таныс болмағандықтан, желдің бағыты мен күшін көрсетпей-ақ бар не жоғын байқайды. Көк тайғақ, қырау, тұман сияқты атмосфералық құбылыстарды балалар тек сөзбен ғана жазады.
II сыныпта дүниетану пәні бойынша бақылау жұмысының I сыныпта жүргізілетін жұмыстан басты айырмашылығы — балалар бақылағандарын ездерінше қорытындылайды және сол құбылыстардағы езгерістердің қарапайым себептерін таба біледі. (Құстар неге жылы жаққа үшып кетеді? Қыста неге жаңбыр емес қар жауады? және т. б.)
2. Топпен өткізілетін жұмыс түрлеріне үйірме жұмыстары, кабинетті жабдықтау т.б. жатқызуға болады. Бастауыш сыныптарда “Дүниетану” пәні бойынша “Жас табиғатшылар” үйірмесін ұйымдастыруға болады.Бұл оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттырып, білім деңгейлерін көтереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады және бақылау, зерттеу жұмыстарын орындау икем-дағдыларын дамытады.
Үйірменің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылардың саны тұрақты болып, олар өз еріктерімен қатысуы керек
Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады.Үйірме жұмысын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.
3.Сыныппен жүргізілетін жұмыстарға табиғат аясында болатын экскурсиялар жатады.
Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беру процесінде экскурсияларға үлкен орын беріледі. Экскурсия оқушылардың зерттейтін объектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделеді.
Экскурсиялардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге экскурсияда алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі сабақтарда пайдаланылады. Экскурсиялардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін кеңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді. Өсімдіктердің топырақпен, жануарлардың өсімдікпен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды экскурсияларда жергілікті жерде бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттағы бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауға, үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруға жардай жасайды.
Экскурсияда үшінші класс оқушыларының төбе және оның биіктігі, жазық, жыра, жергілікті суаттар (өзен, көл, бөген), олардың орналасуы, ерекшеліктері, адамның шаруашылыққа пайдалнуы туралы дұрыс түсініктері қалыптасады.
Өсімдік пен жануарлар дүниесімен таныстыруды бәрінен комплекстік экскурсиялар кезінде ұйымдастырған жөн, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді оқушылардың өздері ашатындай жағдайға ұмтылу керек. Мәселен, суатқа экскурсия кезінде бұл байланысты негізінен насекомдармен қоректенетін көлбақаның мысалынан көрсетуге болады. Көлбақаларды құрту суат маңында маса мен шеркейлердің орасан зор мөлшерде көбейіп кетуіне апарып соғады.
Экскурсияда жиналған материал қажетті түрде жабдықталады да әр түрлі сабақтарда пайдаланылады.
4. Бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін оқыту ҚР білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу процесін қамтамасыз ету:
1.”Дүниетану” оқулықтары (1-4 сыныптар)
2.Бақылау күнделігі (1-4 сыныптар)
3. “Дүниетану” оқулығына арналған әдістемелік нұсқау (1-4 сыныптар)
4. Қоршаған ортаға байланысты дидактикалық материалдар (1-4 сыныптар)
5. Хрестоматиялар (1-4 сыныптар)
“Дүниетану” пәні бойынша оқу-материалдық базаға қойылатын талаптар:
“Дүниетану” пәніне арналған арнайы кабинет болуы тиіс. Бұл кабинетте бүкіл көрнекіліктер. әдістемелік және техникалық құралдар болуымен қатар. Тірі табиғат бұрышы орналасады. Дүниетану сабақтары осы кабинетте өткізіледі. Топсаяхат кезінде жинақталатын өлкетану материалдары да осы кабинетте жинақталып сақталады.
Бастауыш мектепте “дүниетану” кабинетіне қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жасалады. Бұл тізім оқу құралдары мен жабдықтардың. Экрандық және баспа құралдарының өзара сәйкестендірілген жиынтығы болып табылады.
“Дүниетану” пәні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары (департаменттері) жүзеге асырады.
“Дүниетану” пәніне төмендегідей материалдық-техникалық база жатады:
Альбом (көркем суреттер (1-4 сыныптарға арналған).
Бастауыш сыныптарға арналған географиялық атлас (1-4 сыныптар).
Бастауыш сыныптарға арналған контур карталары (3,4 – сыныптар).
Аудио-бейне құралдар (оқу фильмдері, слаидтар, диафильмдер, магнитофондық жазулар (1-4 сыныптарға).
Өсімдіктердің гербарийлері (1-4 сыныптар).
Жан-жануарлардың макеттік коллекциялары (1-4 сыныптар).
Пайдалы қазбалардың коллекциялары (1-4 сыныптар).
Ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары (1-4 сыныптар).
Қазақстанның физикалық, экологиялық және саяси карталары (бастауыш сыныптар үшін).
10) Глобустар.
11) Табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін суреттер (1-4 сыныптар).
12) Табиғаттың орман-тау, шөл-шөлейт жағдайлары бейнеленген суреттер (1-4 сыныптар).
13) Жергілікті жерлердің жоспары (3, 4-сыныптар).
Жергілікті жер жоспарындағы шартты белгілер (3, 4 –сыныптар).
Теллурийлер.
16) Қазақстан Республикасының рәміздері.
5. Дүниетану сабақтарында тірі табиғат бұрышы ретінде көбінесе бөлме өсімдіктері қолданылады. Оқушылардың өздері де сол өсімдіктерді отырғызып күтіп-баптауды үйренеді.
Әрбір есімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық есімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, әрбір өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зерттей алады.
Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылысының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық беру) туғызуға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында әсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, есімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жардайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп отырады. Алынған деректерді оқушылар белгілі бір оқу материалын оқып білуде табысты түрде пайдаланады.
Оқытудың көрнекі құралдарына таблицалар мен картиналар, табиғи объектілер, үлестірме материал, кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, драпозитивтер, кодотранспоранттар жатады. Олар оқушылардың білім алуының маңызды көзі болып табылады. Көрнекі құралдарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзінше дайындығын ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қабылетін дамытады.
Дүниетануды оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса пайдалы қазбалар коллекциялары, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, сонымен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурсиялық жабдықтар жатады.
Тікелей қабылдауға келмейтін заттар мен құбылыстар туралы түсінікті қалыптастыруда бейнелеу құралдары үлкен орын алады. Оларға таблицалар, картиналар, карталар, открыткалар. «Бақылау күнделіктері» т. с. с. жатады. Баспа негіздегі құралдар дүниетану бойынша көрнекі құралдар жүйесіндегі ең көбі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда бүкіл класпен жұмыс істеуге арналған үлкен глобус (диаметрі 60 см) және оқушылардың жеке жұмыс істеуіне арналған шағын (диаметрі 40 см) глобустар болуы керек.
Қазіргі кезде дүниетану сабақтарында мұғалімдер жергілікті жерде кездеспейтін табиғат құбылыстары туралы нақтылы және толық түсінік беруге кемектесетін экрандық құралдарды кеңінен пайдаланып жүр.
Дүниетану сабақтарын экрандық құралдармен қамтамасыз ету үшін көптеген диафильмдер мен диапозитивтер, кинфильмдер мен кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар жасалды.
Бақылау сұрақтары:
Сабақта қандай көрнекіліктер пайдаланылады?
Көрнекіліктерді кешенді пайдалану дегенді түсіндіріңіз?
Материалдық база дегеніміз не?
Материалдық база қандай болу керек?
Жеке жұмыс түрлерін атаңыз.
Топпен жүргізілетін жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?
Сыныппен жүргізілетін жұмысқа мысал келтіріңіз.
14-лекция. Тақырыбы: Оқушы білім –білігін, дағдысын тексерудің жолдары
Лекция мақсаты: оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру жолдарын түсіндіру.
Жоспары:
Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі критерийлер.
Ауызша бақылау әдістері арқылы тексеру.
Жазбаша бақылау әдістері арқылы тексеру.
Лекция мәтіні:
1. Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі.Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.
Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
а\ Оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәләлдеу.
ә\Баға әділетті болуы қажет,оқушылардың бағасын әдейі төмендетуге,оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылдыққа салынуға болмайды.
б\Әрбір баға- бұл тек қана білімді есепке алу емес,ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.
в\Оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды.
г\Оқушылардың білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңдерінде іске асыру керек.
Үлгерімді бағалау “балл” есебінде көрсетіледі.Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:
“5” бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
“4” бағасы – материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
“3” бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
“2” бағасы – оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;
“1” бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.
Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары , тест тапсырмалары және түрлі жаттығуларды орындау барысында тексеруге болады.
2. Есепке алу- бұл оқытушылардың белгілі кезеңдерде оқушылар мен мұғалімнің жұмыстарын жинақтап қорыту.
Үлгерімді есепке алуда мына мәселелерді еске алған жөн. – оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процестерінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын жан-жақты бағалау керек. -Әрбір аяқталған тақырып бойынша, оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру.
–Оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жолдарындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау керек.
2. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу.Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың білім, білік-дағдыларын тексеру бақылау әдістері арқылы іске асады.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі.
Бақылау әдістерін жалпы екі топқа: ауызша және жазбаша деп бөлеміз.Ауызша бақылау әдістері дегеніміз - сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, сызбалар, суреттер, тәжірибе туралы хабарлар, дидактикалық тапсырмаларға жауап беру..Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі.Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады.Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді.
3. Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында табиғаттағы құбылыстар мен адамның қолымен жасалған заттарды бейнелейтін суреттер оқушылардан жеке және жаппай сұрақ – жауап алуда кең қолданылады.Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, шығарма, диктант, тест, реферат, сөздік және сигналдық карточкалар) білімді меңгерудің терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді.
Дүниетану сабақтарында сөздік және сигналдық карточкаларды пайдаланудың маңызы зор. Сөздік карточкадағы сұрақтарға оқушылар жауап жазса, сигналдық карточкалардағы бейне-суреттерді талдап, қорытынды шығарады.
Қазіргі таңда оқушылардың білімін, білік-дағдысын тексеруде дидактикалық тестер ең жаңа әдіс болып табылады.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.Тестердің артықшылығы оның объективтілігінде, яғни білімді тексеру мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар:
оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.
алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.
“Дүниетану” пәнінде әр сабақ сайын тест сұрақтарын пайдалануға болады. Сонда ғана оқушылардың алған білімдері нық меңгеріліп, естерінде сақталады.
Бақылау сұрақтары:
Тексеру дегеніміз не?
Тексерудің әдістерін атаңыз және сипаттама беріңіз?
Бағалауға қойылатын шарттар қандай?
Бағалаудың жаңа технологиялары қандай?
15-лекция. Тақырыбы: Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері
Лекция мақсаты: кіші комплектілі мектептердің ерекшелігін түсіндіру.
Жоспары:
1.Кіші комплектілі мектептерде оқуды ұйымдастыру.
2.Кіші комплектілі мектептерде оқушыларды дифференциялап оқыту.
3.Кіші комплектілі мектепте дүниетану сабағында қолданылатын әдістер
4.Кіші комплектілі мектепте оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру
5.Кіші комплектілі мектептерде топсаяхатты ұйымдастыру.
Лекция мәтіні:
1. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептердің оқу сапасын онан әрі жақсарту, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсаты және мұғалім қауымына оқыту барысында ізденушілік күшейту міндеттері жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін көтеру назарда тұрған негізгі мәселелердің бірі болатын. Ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысында жедел шешімді керек ететін проблемалар жеткілікті еді. Соның бірі-кіші комплектілі мектептердегі бастауыш сыныптың оқу ісімен байланысты туындады.
Кіші комплектілі мектеп ерекшеліктері оқуды ұйымдастыру мәселесінде де,оқытуда әдістемелерді қолдану барысында да байқалып тұрады.
1.Үш не екі сыныпты бір орында қатар оқытқандықтан (көбіне үш сынып қатар оқиды),мұғалім әр сыныптағы оқушылардың білімін анықтауға,жаңа материалды түсіндіруге,олардың сабақ барысындағы оқу әрекеттерін қадағалауға небары 15-20 минут қана уақыт бөле алады.
2.Бір сабақ үстінде мұғалім әртүрлі жастағы,соған сәйкес ой-өрісі,білім дәрежесі,өмір тәжірибесі әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізіледі.Сонымен қатар,әр сыныппен жұмыс істеу үшін бір сабақ үстінде бірнеше бір пәннен екінші пәнге,бір сыныптан екінші сыныппен жұмыс ұйымдастыруға көшіп,осыған орай оқушылармен қатысты оқу түрлерін де ауыстырып отыруына тура келеді.
3.Кіші комплектілі мектептер көбіне орта мектептерден қашық орналасқандықтан мұғалімнің басқа ұстаздар сабағына қатысып,пікір алысу,тәжірибе алмасу,үлгі алу мүмкіндігі де аз болады
4.Тірек мектептердің аталмыш мектептерден қашықтығына байланысты олардың оқу -тәрбие жұмысына жете басшылық ету,әдістемелік көмек көрсету деңгейі төмен.Бұл айтылғандар кіші комплектілі мектептің географиялық орнымен мұғалімнің жеке іс тәжірибесіне байланысты ерекшеліктері болса сонымен қатар оқуды ұйымдастыруға байланысты ерекшеліктер де бар. Олар мұғалім мүмкіндігі бірнеше сыныпқа қатар бөлінетіндіктен,сабақта оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысына негізделіп алатын ұғымды өздігінен іздену нәтижесінде меңгеруі басым болады.
5.Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауы тиіс.Жас баланың,яғни,бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе,бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып,өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал.
6.Оқушылардың өзіндік жұмысын нәтижелі ұйымдастыру үшін түрлі көрнекі құралдардың,таратып берілетін карточкалар мен дидактикалық материалдардың саны әр балаға жететіндей болуы қажет.Жұмысты орындау әдісін меңгерген,өздігінен атқаруға дағдыланған,қолында оқу құралы бар оқушыда ғана кіші комплектілі мектеп жағдайында өздігінен оқу әрекеті пайда болады.
7.Негізгі қиындықтардың бірі техникалық құралдарды (әр сыныпқа арналған диафильмдер мен кинофильмдерді) пайдалану кезінде туады.Сондықтан да мазмұны жағынан барлығына ортақ техникалық құралдар ғана сыныптағы сабақ барысында пайдаланылады да,ал басқалары сабақтан тыс кезде сыныпқа жеке қолданылады.
2. П.А.Гальпериннің дифференциялап оқыту идеясын осы кіші комплектілі мектеп жағдайында кеңінен қолдану өте тиімді нәтиже берді.Ол үшін қатар оқылатын сыныптардың сабақтарын жұптауға үлкен жауапкершілікпен қарап,оларда бір пәнділікті жүзеге асыруы тиімді деп табылды.
Біріншіден тақырып мазмұнына байланысты алынды. Осы жағдайда тақырып мазмұнының ұқсастығы олардың білімдеріне де, дамуына да зиянын тигізбейді деп есептелді.
Екіншіден ,мұғалімнің сабақ барысындағы уақытын тиімді бөлуге бір пәнділік оқу кестесінің тиімді болатыны байқалады.Оның нәтижесінде оқушыларды дифференциялап оқытуға үлкен мүмкіндік туды.Әр сыныптағы оқушылардың оқу деңгейлеріне қарай шағын топтар құрылып,олардың білім дәрежесімен дағдыларына орай өздігінен орындайтын тапсырмалар берілді.Мұндай жағдайда жақсы оқитын оқушылар мұғалімнің алғашқы берген нұсқауынан кейін жұмысты өздігінен орындайды да,орташа, нашар оқитын оқушыларға мұғалім молырақ басшылық етеді.Кейде ұқсас тақырыптар оқытылғанда,мұғалім үшінші мен екінші сынып оқушыларына тапсырманы байланыстырып беріп,олардың бір біріне көмектесуіне жағдай туғызуына да болады. Өте жақсы оқитын оқушылармен орташа оқитын оқушыларда шағын топ жасап,оларға бірдей мазмұндағы тапсырма беріп байқағанда,оқушылардың бір біріне көмектесуі күшейіп,ұғымды өздігінен меңгерудің тиімділігі артты.Сабақ барысында құралатын мұндай уақытша топтар құрамы өзгеріп отырады.Сабақ ұйымдастырудың осындай түрлерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекет негізінде бір- бірімен қатынасы,бірігіп жұмыс істеуі,жолдастық,өзара көмек сезімдері дамитыны байқалады. Сонымен қатар мұғалімнің уақыты тиімді бөлініп,оқушыларға ең керекті жағдайға ғана көмекке келетін болады.
Ұйымдастырылатын жұмыс мазмұнына қарай мұғалімнің әр топқа жасайтын басшылығы да әр түрлі болады.Сабақта құрылған уақытша топтар оқушыларға берілетін білімнің тиянақты меңгерілуіне де,әсерін тигізеді.Өйткені оқушылар өзінен жұмыс істеумен бірге,ізденіп,ойланып,ойласып шешімге келуге дағдыланады.
Дайын білімді мұғалімнің айтқаны бойынша таңдап қабылдағаннан гөрі еңбектеніп,ізденушілікпен және ұжымдық жұмыс нәтижесінде меңгеруге дағдыланып,оқушылардың өз мүмкіндігіне сенімі артуына жағдай туды.Берілген тапсырмаларды бөлшектеп,оқушылардың білім деңгейіне лайықтап беру мұғалімнің үлкен дайындығын талап етті.Сабаққа дайындық кезінде құрылатын топтардың құрамы,берілген тапсырма мазмұны оны күнделікті бақылаулармен байланыстыру әдісі,түсіндіру кезіндегі басшылық түрі әбден ойластырылады.Сонымен қатар оқушылардың тапсырмаларды орындау уақыты мен мұғалімнің көмекке келу уақытының шамасы да белгіленеді.Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушыларының қанша уақытқа дейін өздігінен жұмыс істей алатындығы,яғни,ырықты зейіннің мүмкіндігі,психологиялық ерекшеліктері де ескеріледі.
3. Кіші комплектілі мектептерде табиғаттан білім беру барысында қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөліп қарауға тура келеді. Баяндау, түсіндіру, әнгімелесу,оқушылардың оқыған мәтіндері бойынша түсінігін айтуы,бақылағандары бойынша әңгімелесуі секілді сөздік әдістер тобына жататын болса, бұл әдістерді жаңа ұғым беруде де, өткенді қайталауда да жиі қолдандылады.
Көрнекілік түрлері:бейнелі көрнекіліктер (түрлі суреттер,картиналар сызбалар,),табиғи көрнекіліктер(өсімдік,пайдалы қазбалар, бунақденелер жиынтығы,жануарлар тұлыбы),техникалық көрнекіліктер (диафильм, диапозитив,оқу киносы және т.б) сабақта да,сабақтан тыс жұмыстар барысында да қолданылады.
2. Практикалық әдістерде сұлбаны, географиялық картаны оқу,шартты белгілерді қолданып,жердің сұлбасын сызу жұмыстары орындалады. Мектеп үлескісіндегі жұмыс түрлері,ауылды жерлердегі мал шаруашылығына көмек,түрлі тәжірибелер,жергілікті жердегі судың темпиратурасын өлшеу,топырақ қабаттарын өлшеу және т.б. жаттығулар арқылы да практикалық әдіс жүзеге асады. Жергілікті жердің табиғатын (жыл мезгілдеріне байланысты ауа райын,өсімдік,жануарлар тіршілігін),су қоймаларының жай күйін, ауыл шаруашылығының жыл мезгіліне байланысты өзгерісін,ауыл шаруашылық өнімдердің өндірудің халықтың тұрмысына тигізетін әсерін бақылау және т.б.арқылы бақылау әдістері жүйелі ұйымдастырылады.
Дүниетанудың оқыту әдістерін мұндай топтастырудың кіші комплектілі жағдайында керектігі бірнеше себептен туады. Біріншіден,тақырыптың мазмұнына байланысты оқытудың тиімді әдісін іріктеу; Екіншіден,әдістердің сабақ барысында және үй тапсырмасын орындауда сәйкес келетіндерін пайдалану. Бірақ оқыту әдісінің қайсысы болса да таза қалпында басқа әдіске араласпай қолданылмайтыны белгілі.Белгілі педагог-ғалым Р.Г.Лемберг өзінің “Мектептегі оқыту әдістері” деген еңбегінде оқыту еңбектерінің бірде-бірі басқа әдістердің тәсілдерімен араласпай, “таза күйінде” қолданылуы мүмкін еместігін ашып айтады. Оқушыларға практикалық жұмыс орындатуы үшін мұғалім сөздік әдісін қолданып,оны орындатудың тәсілін түсіндіреді сөздік әдістер жаңа ұғым беру барысында оқушылардың меңгерген түсінігін қайталау кезінде,білім тексеруде қолданылып,оқушылардың қисынды ойын,тілін,сөз қорын дамытуға негіз салуы керек. Кіші комплектілі мектеп жағдайында мұғалімнің баяндауынан гөрі әңгімелесу әдісі басым болады. Оқушылардың дайындау және уақытты пайдалану үшін әңгіменің жоспарын,оларға берілетін сұрақтар мен тапсырманы тақтаға алдын-ала жазылып қойылады. Оқушылар соған сәйкес дайындалып,ой қорытқаннан кейін барып әнгімеге көшу мүмкіндігі туады. Тапсырмаларды жазбаша беру,біріншіден,оқушылардың ойлануына,ой қорытып,жауапқа дайындалуына жағдай жасаса,екіншіден,олар тапсырмаға дайындалған кезде мұғалім басқа сыныппен жұмыс істеуге көшеді. Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарын ұйымдастыру үшін таратып берілетін материалдарды жиі пайдалануға тура келеді (өсімдік,пайдалы қазбалар жиынтығы,табиғат көрінісін не жеке заттарды бейнелейтін ашық хаттар және тб. ).
Сөздік әдістер қатарына оқулықпен жұмыс істеудің де енетіні белгілі. Оқулық-оқушыларға білім беру көзі,ғылымның дайын жетістігін оқушыларға жеткізетін бірден бір құрал.. Ғылыми білім беру оқушылардың сөз қорын молайту,ғылыми терминдерді меңгерту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және т.б.оқулық қолдану арқылы жүзеге асатыны көптен айтылып келеді. Бірақ оқулықты сабақ барысында үнемі тиімді қолданыла бермейді.
Кіші комплектілі мектепте оқыту барысында қай әдісті қолдансақ та, оқушыларды өздігінен жұмысқа жұмылдыратын қосымша оқу құралдарының мәні зор. Соның бірі- оқушыларға сабақ үстінде таратып берілетін карточка түрлері:
1.Оқушылардың табиғаттан,өмірден байқағандарын оқылатын жаңа тақырыптың мазмұнымен байланыстыруға арналған карточкалар.
2. Оқушылардың алған білімін қорытуға,пысықтауға,тексеруге арналған карточкалар.
3.Түрлі жұмбақ,жаңылтпаштар беру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін,тапқырлығын,сезімталдығын дамытуға арналған карточкалар.
4.Оқушылардың тілін дамытуға,сөз байлығын молайтуға арналған карточкалар.
5.Көркем әдебиет үлгілерін пайдаланып оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып,сабақты әсерлі өткізуге,оқушылардың табиғат көріністеріне қызығушылығын арттыруға арналған карточкалар.
4. Дүниетану пәні бойынша көптеген тақырыптардың ғылыми мазмұны сабақтағы не сабақтан тыс жасалатын тәжірибелер арқылы ашылады. Бірақ кез келген сабақ үстінде тәжірибе ұйымдастыруға кіші комплектілі мектеп жағдайы көтере бермейді. Егер мұғалім сабақ үстіндегі тәжірибені өзі жасап түсіндіретін болса,басқа сынып оқушыларының да назары соған ауып,қатар сыныпта өтіліп жатқан тақырыптың мазмұнын саналы ұғынуға кедергі келтіреді. Сондықтан мұғылім тәжірибе әдісін екі түрлі жағдайда ғана қолданыла алады. Біріншіден, тәжірибенің мазмұнын қысқаша түсіндіреді де,оны жасауды,ібайқауды, нәтижесін қорытуды оқушыларды шағын топтарға бөледі. Әр топ тәжірибені жеке жасайды да,оның нәтижесін әуелі өздері қорытып,бірін-бірі толықтырып,сонан кейін барып бүкіл сыныпқа жариялайды. Екінші көптеген тәжірибелерді үйде орындауға тапсыру қолайлы. Үйде орындалған тәжрибенің мазмұнын,сонан кейін оның нәтижесін сипаттайды. Тәжрибелердің мазмұны оқулықта түсінікті баяндалған. Оқушылар тәжірибе жасау арқылы ізденушілікке төселеді. Олардың ғылыми шындыққа көздері жетіп,оқулықтағы мәтін мазмұнына сенімі артады.
Кіші комплектілі мектепте оқушылардың алған білімінің тиянақталығын қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыруда дәптермен жұмыстың үлкен мәні бар. Дәптерге күнделікті оқылатын мәтіндер мазмұнында кездескен жаңа терминдер,анықтама деректер,заттардың сұлбасы, суреті, сызбасы, географиялық атаулар, пайдалы қазбалардың атауы, өсімдік,көл, қала аттары, табиғат зоналары, өсімдіктер, жануарлар туралы мағлұматтар, жасалған тәжірибелер мазмұны, сұрақтарға қайтарған жазба жауаптар жазылып отырады.
5. Сыныптан тыс табиғатқа жүргізілетін ұзақ мерзімді бақылаушылар оқушылардың байқағыштығын,дүниетанымын дамытады. Жыл мезгілдеріне байланысты топсаяхатқа шыққанда жүргізілетін бақылау; жыл мезгілдеріне байланысты ауа райында,өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде,адам еңбегінде болатын өзгерістерді бақылау осыған жатады.
Кіші комплектілі мектепте топсаяхатты ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Топсаяхатқа үш сынып оқушылары қосылып,бірге шығады. Бірақ әр сыныптың топсаяхатта атқаратын жұмысы мен бақылайтын обьектілерінің мазмұны әртүрлі. Әр сынып оқушыларына жеке-жеке тапсырма беріліп,әртүрлі мақсат қойылады. Соған сәйкес оқушылардың зейінін тек өздеріне көрнекті обьектілерді бақылауға ғана жұмылдыру міндеті қойылады.Сондықтан да мұғалім әр сынып бойынша бақылауға тиісті құбылыстарды,не заттарды,жинауға тиісті материалдарды алдын-ала ойластырады.
Бақылау сұрақтары:
Кіші комплектілі мектептерде қандай әдістер қолданған тиімдірек?
Қайсы әдіс көбірек қолданылады және неліктен?
Кіші комплектілі мектеп дегеніміз не?
Ондағы оқу-тәрбие процесінің айырмашылығы қандай?
Үйде орындалатын жұмыс түрлерін атаңыз?
ШКМ топсаяхаттар қалай ұйымдастырылады?
10. Зертханалық-тәжірибелік сабақтың жоспары
№
|
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны
|
Сағ.
саны
|
Бақылау
түрі
|
Әдебиет
тер
|
1
|
Дүниетану стандартын талдау.
1.Дүниетану сабақтарының материалдық базасы.
2.Дүниетану стандарты туралы түсінік.
|
1
|
Топтастыру
|
1,2,3,4,5
3-27бет
|
2.
|
Дүниетану сабағының түрлері. Бастауыш мектептегі дүниетану сабағының үлгілері, сабақты талдау.
1.Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарға талдау жасау.
2.Сабақты талдау.
|
1
|
Т кестесін толтыру
|
6,7,8,9
3-98 бет
|
3.
|
Сыныптан тыс жұмыстың топтық формасы 1.“Жас табиғат әуесқойларының үйірмесінде” балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
2.“Тірі табиғат мүйісін” жасауда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Жұмыс үзінділерін дайындау, өткізу және талдау.
|
1
|
Кластер жасау
|
10, 11,12,
13,14
|
4.
|
Зертханалық жұмыстар өткізгенде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Зертханалық жұмыстар туралы түсінік.
2.Зертханалық сабақтағы оқушылар іс-әрекеті.
|
1
|
Венн диаграммасымен салыстыру
|
15,16,17
83-89-б
|
5.
|
Топсаяхаттар өткізуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Топсаяхаттар туралы түсінік.
2.Топсаяхатта оқушылардың іс-әрекеті.
|
1
|
Қос жазба күнделігін
толтыру
|
18,19,20
91-97б.
|
6.
|
Заттық сабақтар өткізуде балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Оқушылардың білімін тексеруде, олардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
2.Заттық сабақтар туралы түсінік.
|
1
|
Т кестесін құру
|
19,20,21,22
|
7.
|
Дүниетану сабағында оқулықпен жұмыс істеуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
2.Сабақ үлгілерін жасау.
|
1
|
РАФТ
Стратегиясы мен жұмыс
|
11,13,15,19,20,22
|
8.
|
І-ІІ сыныптарда табиғатпен танысу және бақылауда оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру
1.“Географиялық алаңда” оқушылардың жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру
2.Сабақ үлгілерін талдау.
|
1
|
Кубизм әдісімен
жұмыс
|
21,22,23
|
9.
|
Топсаяхаттар өткізуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Таңдаған тақырыпта топсаяхат жүргізу жоспарын құру.
2.Топсаяхатта оқушыларға берілетін тапсырмаларды анықтау.
3.Топсаяхатта мұғалім мен оқушылардың дайындығын “Венн диаграммасы” арқылы салыстыру:
|
1
|
Венн диаграммасымен салыстыру
|
15,16,17
83-89-б
|
10
|
Заттық сабақтар өткізуде балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кестемен жұмыс.
2.Заттық сабақ жоспарының үлгісін жасау, өткізу
|
1
|
Топтастыру
|
1,2,3,4,5
3-27бет
|
11
|
Оқушылардың білімін тексеруде, олардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Топографиялық және биологиялық диктант үлгілерін жасау, өткізу және талдау.
2.Оқушылардың өз білімін практикада тексеріп, іскерліктерін айқындайтын сұрақтар немесе жұмыс үлгісін жасау
|
1
|
Т кестесін
құру
|
19,20,21,22
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
11
|
|
|
11. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары
№
|
Тақырыбы мен жоспары
|
Сағ.
саны
|
Бақылау түрі
|
Әдебиеттер
|
|
Дүниетану пәнін қазіргі кездегі оқытудағы проблемалар
1. “Дүниетану” пәніне арналған оқулықтардың жетіспеуі.
2. Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі өзгерістер
|
1
|
Эссе
|
№2
4-6 б.
№8121-136 б.
|
2
|
Оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерге талдау жасау
1.“Дүниетану” оқулығына талдау жасау.
2. “Дүниетану” пәніне арналған әдістемелік құралдарға талдау жасау.
|
1
|
Реферат
|
№2
5-7 б.
№8
94-97 б.
|
3
|
Дүниетану пәнін оқытудағы жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы, оны сабақта пайдалану мүмкіндіктері
1.Дүниетану сабақтарында өлкетану материалдарын пайдалану.
2.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
|
1
|
Венн
Диаграм
масы
|
№9
16-19б.
№6
74-77 б.
|
4
|
Тірі табиғат бұрышы, аквариумның тірі табиғат бірлестігі ретінде ролі
1.Тірі табиғат бұрышының маңызы.
2.Аквариум және оның түрлері.
|
1
|
Қос жазба
күнделігі
|
№9
18-21б.
|
5
|
Қазіргі кездегі оқыту әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктері
1.Дүниетану сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері.
2.Дүниетану сабақтарында қолданылатын оқыту тәсілдері.
|
1
|
Тест
|
№9
20-24б.
№2
4-5 б.
|
6
|
Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың жолдары
1.Мәтін және оның маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында мәтінмен жұмыс жүргізудың тиімділігі.
|
1
|
Глоссарий
|
№6
61-69б.
|
7
|
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың жолдары
1.Шығармашылық қабілет және оның мәні.
2. “Дүниетану” пәнінде оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстары
|
1
|
Эссе
|
№12
84-119б.
|
8
|
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру жолдары
1.Оқулық және оның маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында қосымша әдебиеттерді қолдану.
|
1
|
Кластер
жасау
|
№11
125-164 б.
|
9
|
Көрнекіліктермен, суреттермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру жолдары
1.Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді қоладану.
2.Дүниетану сабақтарында суреттермен жұмыс істеу.
|
1
|
Тест
|
№7
201-213 б.
|
10
|
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
1.Оқушылардың өзіндік жұмыстары, оның маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыс түрлері.
|
1
|
Реферат
|
№8
78-84 б.
№3
101-112 б.
|
11
|
Мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу жолдары
1.Мәтін және оның мәні, маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында мәтінмен жұмыс істеудің ерекшелігі.
|
1
|
Т кестесін
құру
|
№2
131-136 б.
|
12
|
Оқу пәнінің мәтіні негізінде ойлай білу дағдысын қалыптастыру жолдары
1.“Дүниетану” пәніндегі мәтіндердің ерекшелігі.
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
|
1
|
Баяндама
|
№2
43-48 б.
№9
115-119 б.
|
13
|
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдары
1.Таным процесі және оның маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
|
1
|
Венн
Диаграм
масы
|
№12
165-167 б.
№4
98-111б.
|
14
|
Дүниетану оқулығына анализ жасау
1. 1-ші және 2-ші сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығын талдау.
2. 3-ші және 4-ші сыныпқа арналған “Дүниетану” оқулығын талдау.
|
1
|
Эссе
|
№2
203-205б.
|
15
|
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың әдістемесі
1.Көрнекілік және оның маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында қолданылатын көрнекілік түрлері
|
1
|
Эссе
|
№3
135-138 б.
|
16
|
Дүниетану пәнінің оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастырудағы ролі
1.Дүниетаным қабілеті туралы түсінік.
2. Дүниетану пәнінде оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастыру жолдары.
|
1
|
Реферат
|
№4
89-98 б.
|
17
|
Эстетикалық тәрбие берудегі дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
1.Эстетикалық тәрбие, оның мәні және маңызы.
2.Дүниетану пәнінде эстетикалық тәрбие берудің жолдары.
|
1
|
Тест
|
№5
119-122б.
№8
146-151б.
|
18
|
Дүниетану пәнінің басқа пәндермен байланысы, оның маңызы
1.Пәнаралық байланыс, оның маңызы.
2. Дүниетану пәнінің басқа пәндермен байланысу ерекшеліктері.
|
1
|
Глоссарий
|
№6
119-226 б.
|
19
|
Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
1.“Дүниетану” пәні мұғалімінің ерекшелігі.
2.Дүниетану” пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.
3. Дүниетану” пәні мұғалімі меңгеруі тиіс құжаттар.
|
1
|
Кластер
жасау
|
№7
58-65 б.
№1
85-88б.
|
20
|
Дүниетану пәнінің санитарлы-гигиеналық тәрбие берудегі ролі
1.Оқушыларға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар.
2.Дүниетану пәнінің оқушылардың денсаулығын қалыптастыру және арттырудағы маңызы.
|
1
|
Тест
|
№8
32-39б.
№8
155-159б.
|
21
|
Табиғатқа топсеруен өткізу, оның тәрбиелік мәні
1.Топсеруенді ұйымдастырудың алғы шарттары.
2.Топсеруен және оның маңызы.
|
1
|
Т кестесін
құру
|
№10
212-217б.
№2102-106б.
|
22
|
Көрнекіліктерді дүниетану сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру жолдар
1.Дүниетану сабақтарында қолданылатын көрнекі құрал түрлері.
2.Көрнекіліктерді қолдана отырып оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
|
1
|
Практика
лық Жұмыс
|
№11,12
203-219б.
№13
21-46 б.
|
23
|
Дүниетану пәнін оқытуда ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.
1.Ұлттық ойын түрлері.
2. Дүниетану сабақтарында қолданылатын ұлттық ойындар.
|
1
|
Пікір сайыс
|
№13
55-67 б.
№9
203-269 б.
|
24
|
“Дүниетану” пәнін оқытуда экологиялық тәрбие беру жолдары, олардың маңызы
1.Экологиялық тәрбие және оның маңызы.
2.Дүниетану сабақтарында берілетін экологиялық тәрбиеның мазмұны.
|
1
|
Топтастыру
|
№13
32-39 б.
№14
87-95 б.
|
25
|
Табиғатты қорғау бағытында өткізілетін жұмыстар.
1.Кештер, оның маңызы.
2.Мектеп ауласын тазарту, көгалдандыру жұмыстары.
|
1
|
Кластер
жасау
|
№14 245-251 б.
№2 65-72 б.
|
26
|
Оқушылардың бақылау жұмысын ұйымдастыру, олардың маңызы
1.Оқушылардың білімін тексеру жолдары.
2.Бақылау жұмысы, оның мәні.
|
1
|
Баяндама
|
№4
12-25 б.
№7 105-107 б.
|
27
|
Тәжірибе қою, оны бақылау, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру жолдары
1.Дүниетану сабақтарында тәжірибе жүргізудің әдістемесі.
2.Оқушылардың өз бетімен тәжірибе жүргізуге үйрету.
|
1
|
Практика
лық жұмыс
|
№15,16
165-168 б.
№5
65-95б.
|
28
|
Кіші комплектілі мектептерде оқушылардың білімін тексеру жолдары
1.Жазбаша бақылау жұмысын жүргізу.
2.Практикалық тапсырмаларды орындау
|
1
|
Эссе
|
№18
78-103 б.
№17
56-79 б. №15 23б.
|
29
|
Халықтық педагогика элементтерін сабақта қолдану әдістемесі.
1.Халықтық педагогика элементтері және оның маңызы.
2.Дүниетану сабағында халықтық педагогика элементтерін пайдалану.
|
1
|
Эссе
|
№19
4-6 б.
№8
121-136 б.
|
30
|
Дүниетану пәнін ұйымдастыру формалары мен түрлері.
1.Дүниетну сабағы және оның ерекшелігі.
2.Дүниетану пәні – нысан ретінде.
|
1
|
Реферат
|
№20
5-7 б.
№8 94-97 б.
|
31
|
Сыныптан тыс жұмыстар және оларды өткізу әдістемесі.
1.Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
2.Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің маңызы.
|
1
|
Венн
Диаграм
масы
|
№9
16-19б.
№6 74-77 б.
|
32
|
Топпен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар.
1.Кабинетті жабдықтау жұмыстары.
2.Үйірме жұмыс және оның маңызы.
|
1
|
Қос жазба
күнделігі
|
№21
18-21б.
|
33
|
Жеке оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар.
1.Сыныптан тыс оқу жұмыстары.
2.Ғылыми зерттеу жұмыстары.
|
1
|
Тест
|
№9
20-24б.
№2 4-5 б.
|
34
|
Оқу-тәжірибе участогында жүргізілетін жұмыстар.
1.Оқу-тәжірибе учаскесінің оқу-тәрбиелік маңызы.
2.Оқу-тәжірибелік учаскесіндегі жұмыс түрлері.
|
1
|
Глоссарий
|
№22
61-69б.
|
35
|
Үй тапсырмасының маңызы.
1.Үйде орындалатын жұмыс түрлері.
2.Үйде орындалатын практикалық жұмыстар.
|
1
|
Эссе
|
№12
84-119б.
|
36
|
Дүниетану сабақтарында әдістерді қолдану ерекшелігі.
1.Оқулықпен жұмыс әдісі.
2.Бақылау әдісі және оның маңызы.
|
1
|
Кластер
жасау
|
№11
125-164 б.
|
37
|
Оқушылардың білімін тексеру жолдары мен оған қойылатын талаптар.
1.Оқушылардың білімін үлестірмелі қағаздар арқылы тексеру.
2.Білімді тест тапсырмалары арқылы тексеру.
|
1
|
Тест
|
№23
201-213 б.
|
38
|
Дүниетануды оқыту әдістемесі.
1.Дүниетануды оқытудың әдістемелік негіздері.
2.Дүниетьануды оқытудың әдістемелік нұсқаулары, олардың маңызы.
|
1
|
Реферат
|
№18
78-84 б.
№3 101-112 б.
|
39
|
Дүниетанымдық түсініктердің қалыптасуы мен дамуы.
1.Дүниетанымдық қабілет, оның маңызы.
2.Оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастыру.
|
1
|
Баяндама
|
№2
43-48 б.
№9
115-119 б.
|
40
|
Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың білімін жетілдіру.
1.Дүниетану пәнінің басқа пәндермен байланысы.
2.Пәнаралық байланыстар арқылы білім берудің тиімділігі.
|
1
|
Венн
Диаграмма
сы
|
№12
165-167 б.
№4
98-111б.
|
41
|
Кіші комплектілі мектептерде оқушылардың білімін тексеру жолдары.
1.Жазбаша бақылау жұмысын жүргізу.
2.Практикалық тапсырмаларды орындау.
|
1
|
Эссе
|
№2
203-205б.
|
42
|
Бастауыш мектепте табиғаттануды оқыту әдістемесінің даму тарихы.
1.К.Д.Ушинскийдің еңбектері.
2.А.А.Половкиннің әдістемелік еңбектері.
|
1
|
Бақылау сұрақтары
Тест
|
№13
55-67 б.
№9
203-269 б.
|
43
|
Мемлекеттік білім стандартын (1 сынып) талдау
1.1-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арнлған мемлекеттік білім стандарты.
2. “Дүниетану” пәнінен оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру.
|
1
|
Глоссарий
Тест
|
№13
32-39 б.
№14
87-95 б.
|
44
|
Мемлекеттік білім стандартын (2 сынып) талдау
1.2-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арналған мемлекеттік білім стандарты.
2. “Дүниетану” пәнінен оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру.
|
1
|
Венн диаграммасы
|
№14 245-251 б.
№2 65-72 б.
|
45
|
Мемлекеттік білім стандартын (3 сынып) талдау
1.3-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арнлған мемлекеттік білім стандарты.
2. Оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру.
|
1
|
Глоссарий
Тест
|
№4
12-25 б.
№7 105-107 б.
|
46
|
Мемлекеттік білім стандартын (4 сынып) талдау
1.4-сыныптағы “Дүниетану” пәніне арнлған мемлекеттік білім стандарты.
2. Оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейін тексеру.
|
1
|
Қос жазба
күнделігі
|
№15,16
165-168 б.
№5
65-95б.
|
47
|
Оқу бағдарламаларын (1-4-сынып) талдау.
1.Оқу бағдарламасы туралы түсінік.
2.1-сынып оқу бағдарламасын талдау.
3.2-сынып оқу бағдарламасындағы ерекшеліктер
4. 3-сынып оқу бағдарламасы.
5. 4-сынып оқу бағдарламасы ерекшеліктері
|
1
|
Тест
Глоссарий
|
№18
78-103 б.
№17
56-79 б. №15 23б.
|
48
|
1-4-сынып оқулығын талдау.
1.1-сынып “Дүниетану” оқулығымен танысу.
2. 2-сынып “Дүниетану” оқулығымен танысу
3. 3-сынып “Дүниетану” оқулығымен танысу
4. 4-сынып “Дүниетану” оқулығымен танысу.
|
1
|
Реферат
Глоссарий
|
№19
4-6 б.
№8
121-136 б.
|
49
|
Оқу-әдістемелік кешендер мен қосымша әдебиетті талдау.
1.“Дүниетану” пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
2.Оқу-әдістемелік кешендер.
|
1
|
Реферат
Тест
|
№20
5-7 б.
№8 94-97 б.
|
50
|
Тақырыптық жоспар жасау (1-4-сынып).
1.1-сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшелігі.
2.”Айналадағы дүние”тақырыбын өту әдістемесі.
|
1
|
Венн диаграммасы
|
№9
16-19б.
№6 74-77 б.
|
51
|
Жылдық жоспар жасау (1-4-сынып).
1.1-сыныптағы “Дүниетану” мазмұнымен танысу.
2.Жылдық жоспар жасай білу.
|
1
|
Венн диаграммасы
|
№21
18-21б.
|
52
|
Дүниетану пәнін оқыту материалдарын іріктеу принциптері.
1.Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер.
2.Дүниетану пәні құрылымы.
|
1
|
Қос жазба
күнделігі
|
№9
20-24б.
№2 4-5 б.
|
53
|
Дүниетану сабақтарында оқушыларға тәрбие беру әдістемесі.
1.Дүниетану сабақтарында берілетін тәрбие түрлері.
2.Тәрбие берудегі мұғалім міндеті.
|
1
|
Реферат
Тест
|
№22
61-69б.
|
54
|
Оқыту әдістерін дүниетану сабақтарында қолдану.
1.Сөздік әдістер.
2.Көрнекілік әдістер.
3.Практикалық әдістер.
|
1
|
Венн диаграммасы
|
№12
84-119б.
|
55
|
Көрнекі-құралдар түрлеріне шолу.
1.Көрнекі-құралдарын дайындау және пайдалану.
2.Табиғи көрнекі-құралдармен жұмыс.
|
1
|
Глоссарий
Тест
|
№11
125-164 б.
|
56
|
Дүниетану сабақтарында педагогикалық технологияларды пайдалану ерекшеліктері
1.Қазіргі таңда педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі.
2. “Дүниетану” сабақтарында педагогикалық технологиялар.
|
1
|
Қос жазба
күнделігі
|
№23
201-213 б.
|
57
|
Кіріспе сабаққа күнделікті сабақ жоспары
1.Кіріспе сабақ туралы түсінік.
2. “Адам – қоғам перзенті” атты кіріспе сабақтың жоспары.
|
1
|
Глоссарий
|
№18
78-84 б.
№3 101-112 б.
|
58
|
Қорытынды сабақтың жоспары
1.Қорытынды сабақ жайлы түсінік.
2. “Табиғатты қорғау” тақырыбында қорытынды сабақ жоспары.
|
1
|
Бақылау сұрақтары
|
№2
43-48 б.
№9
115-119 б.
|
59
|
Сарамандық сабақ жоспары.
1.Сарамандық сабақ туралы түсінік.
2.”Денелер” атты сарамандық сабақтың жоспары.
|
1
|
Глоссарий
|
№12
165-167 б.
№4
98-111б.
|
60
|
Зертханалық сабақ жоспары.
1.Зертханалық сабақ жайлы түсінік.
2.”Су еріткіш” тақырыбында зертханалық сабақ жоспары.
|
1
|
Венн диаграммасы
|
№2
203-205б.
|
61
|
Заттық сабақ, оның ерекшелігі, жоспары.
1.Заттық сабақ туралы түсінік.
2.Заттық сабақтың ерекшелігі.
|
1
|
Тест тапсырма
лары
|
№18
78-84 б.
№3 101-112 б.
|
62
|
Аралас сабақ, оның ерекшелігі, жоспары
1.Аралас сабақ туралы түсінік.
2. “Отбасы” атты аралас сабақтың жоспары.
|
1
|
|
№2
43-48 б.
№9
115-119 б.
|
63
|
Топсеруенді ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі.
1.Топсеруенді ұйымдастыру.
2.Топсеруенді ұйымдастыру ерекшелігі.
|
1
|
Глоссарий
Тест
|
№12
165-167 б.
№4
98-111б.
|
64
|
Табиғатқа жасалатын танымжорықтар.
1.Танымжорықты ұйымдастыру.
2.Көктемгі, күзгі танымжорықтар.
|
1
|
Қос жазба
күнделігі
|
№2
203-205б.
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
97
|
|
|
Пайдаланатын әдебиеттер мен WEB сайттар тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдістемелік нұсқау. А.,1998.
Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998
Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.
Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
Қосымша әдебиеттер:
Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.
Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент, 2003.
Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.
Папорков М.А. учебно-опытная работа на пришкольном участке. М., 1980.
В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ.-М., Учпедгиз, 1957.
Стрезикозин В.П. Урок сельской малокомплектной школе.-М., 1972.
Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе.-М., 1969.
Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақ ұйымдастыру (мұғалімге арналған көмекші құрал).-А., “Мектеп”, 1974.
Электронды оқулықтар
Человек и общество, РЦИО, 2003
Адам және қоғам, РЦИО, 2003
Валеология (9-11 кл., каз.) ЦПТИО, 2003
Проблемное обучение в начальной школе: Уч.пос. Брызгалова С.И. / Калинингр. ун-т. - Калининград, 1995. - 72 с.
Жизнь растений. Том 1. А.Федоров, Москва, "Просвещение", 1974, 551 стр
Гербарий. Пособие по методике и технике. А.К.Скворцов М.:Наука 1977г., 199 с.
Достарыңызбен бөлісу: |