Дәрістің мақсаты: Мұражайдың пайда болуы мен мұражайтану ғылымының қалыптасу жағдайларын қарастыру болып табылады
Пайдаланатын әдебиеттер: 1.Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980г.
2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.
3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.1974г.
Мұражайлардың түрлеріне қарай бөлінуі, Қазақстан мұражайларының тарихы, «Мұражай» түсінігі адамзаттың мәдени өмірінде екі жарым мың жыл бұрын пайда болған, бірақ олар заттарды жинау түсінігі ретінде қолданылмаған. Ежелгі гректер алғашында мусейон деп музалар мүсіні орнатылған құрбан шалынатын киелі шырақтарды атаған. Ол шырақтар бақшада, тау етегінде, бұлақтардың қасында орналасқан.
Уақыт өте мусейон деген сөз әдебиетпен, ғылым және ғылыми араласумен айналысатын адамдардың жиналатын орындарын атай бастаған.
Мұражайларға екінші өмірді қайта өркендеу дәуірі берді, оны жаңа маңызбен толықтырды. XVI ғасырдың екінші жартысында «мұражай» деп антик уақытының ескерткіштерін, кейінірек табиғат әлемінің үлгілерін және ғажайып немесе сирек кездесетін заттардың жиынтығын және оларды сақтайтын, орындарды атай бастады.
Ғылыми білім беру мақсатында құрылған алғашқы ағылшын мұражайы 1683 жылы Оксфорд университетінде ашылды.
Ресейде мұражайлардың пайда болуы 1 Петр атымен байланысты. 1714 жылы Петербургта ең алғашқы ресейлік мұражай — кунсткамера ашылды. Дайын коллекцияларды сатып алу, геодезиялық және картографиялық экспедициялар мен ерікті садақа беру арқасында, 1 Петр қысқа мерзім ішінде Еуропадағы ең бай жинаушылардың бірі болды.
XIX ғасыр ішінде мұражай бірте-бірте адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазақстанда алғашқы мұражайлар Орыс география қоғамының бөлімшелерімен ашылған.
Орыс география қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшелері Ы.Алтынсарин, Г.Карелин және т.б. болған. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург және Казань бөлімшелерімен тығыз байланыста болды.
Олардың алдына қойған мақсаттары: «статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату». Ол үшін түрлі ғылыми экспедициялар, жергілікті статистикалық комитеттер және өлкетанушылар қоғамы жинаған мәліметтерді өңдейтін, сақтайтын, бір жүйеге келтіретін, көпшілікке көрсететін орын қажет болды. Ондай орын әрине мұражай болды.
Әйгілі қазақ ағартушысы, демократ
Ы. Алтынсаринның «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың үйлендіру тойы және құда түсу салты» мен «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың өлікті шығару және ас беру салты» сияқты өлкетану-этнографиялық зерттеулері жарық көрді
А.Е. Қайназарованың мәліметтері бойынша 1913 жылға дейін Қазақстанда 5 тарихи-өлкетану мұражайлары болған: Орынборлық, Семейлік, Жетісулық, Оралдық және Верныйлық. Қазақстанның бірінші мұражайына 169 жыл, ол 1831 жылы Орынбор губернаторы граф Сухтеленнің ынтасымен құрылған. Бірақ негізінде оның басты ұйымдастырушысы болған белгілі орыс ғалымы В.И. Даль.
Дәрежесі бойынша екінші орында Семейлік мұражай болған. Ол 1883 жылы 11 қыркүйекте Абай Құнанбаевтың көтермелеуімен Е.П. Михаэлиспен құрылды.
Орал өлкетану мұражайы жайлы алғашқы мәлімет 1831 жылы атап өтілген. Оны жергілікті мұғалім Курилин ашқан, сол кішкене ғана мұражайдың негізінде 1870 жылы Орал әскери училищесі жанынан жаңа экспозиция ашылады.
1889 жылы мұражайда этнографиялық және археологиялық коллекциясы айтарлықтай үлкен көлемде болған. Ал Орал аймақтық мұражай осы мұражайдың негізінде 1920 жылы ашылады.
Совет өкіметі кезінде 1976 ж. мұражайлар саны 39 жеткен. Совет өкіметінің Азия бөлігінде саны бойынша бірінші орында болған.
Қазақстанда егемендік алғалы мұражай ісі дамуда. Жаңа формалар, мысалы жеке меншік коллекциялардың пайда болуы, жаңа түрлері ашылуда – Семей қаласында прокуратура тарихы мұражайы т.б.
Мұражайтану – мұражай пайда болуын, атқаратын қоғамдық функцияларын, мұражай ісінің теориясы мен әдістемесін зерттейтін қолданбалы ғылыми дербес пән.
Халықаралық тәжірибеде Халықаралық мұражайлар кеңесі қабылдаған ұғым қолданылады:
«Мұражай – ол қоғам мен оның дамуына қызмет ететін, халық үшін ашық, коммерциялық емес мекеме, ол білім беру, танымдық және сауықтыру мақсатымен адамның материалдық құндылықтарын сақтайтын, зерттейтін, танымал қылатын және экспонаттайтын мекеме».
Мұражайларды жүйелеу Коллекцияларының масштабы бойынша
Тақырыбы бойынша
Атқаратын міндеті бойынша
Түрі бойынша
ғылыми-ағарту
ғылыми-зерттеу
оқулық
Меншігі бойынша
мемлекеттік
қоғамдық
жеке меншік
Профилі бойынша
архитектуралық-ансамбілдік-архитектура ескерткіштері
сарайлы-парктер ансамбілі
шіркеулер (Әулие-Вознесен соборы)
Көбінесе мүражайлар келесідей жүйеленеді: Қазақстанның әр облысында тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Өлкетану зерттеу жүйесінде тарихи-өлкетану мұражайлары екі маңызды мақсаттарды атқарады:
барлық табылған материалдарды жинайды бір өлкені зерттеуінің барлық нәтижесін көрсетеді
Қорытындылай келе, Мұражай қазақ жерінде ХІХ ғ орта шенінде пайда болып, Кеңес үкіметі тұсында өз жалғасын тапты.Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар - тарих куәсі, оқу-тәрбие орталығы екендігін дәлелдейді.Қазіргі заманда мұражайлар заман талабына сай дамып келеді. Жаңадан ашылған мұражайлардың да тарихи-тағылымдық маңызы ерекше.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!