Лекция: 30 Аудиториялық: 145 СӨЖ: 45 соөЖ: 45 Консультация 2 Емтихан: 3 Алматы, 2011 ж. Мазмұны



бет2/10
Дата18.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10304
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

















8.СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің концептуальды негізі

2: Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің нормативтік басқару жүйесі

3 Шаруашылық субъектілерінің есеп және салық саясаты

4 Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың құқықтық негізі

5. Бухгалтерлік есептің түсінігі мен түрлері

6. Бухгалтерлік есеп құжаттары және оның түрлері мен маңызы

7. Есептеу жұмыстарының формалары мен этаптары

8. Бухгалтерлік құжаттарға қойылатын талаптар

9. . Бухгалтерлік есеп берудің туындауы мен дамуы

10. Бухгалтерлік кәсіп этикасы

11. Бухгалтерлік баланс және оның маңызы

12. Қазақстан Республикасындағы қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін негізгі нормативті-құқықтық актілер

13. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы

14. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу әрекеттерінің түрлері

15. Қылмыстық себептер

16. Қылмыстың объективті себептері мен шарттары

17. Қылмыстық шарттар Содержание и виды регистров бухгалтерского учета

18. Қылмыстық шарттар

19. Қылмыскердің тұлғалық мінездемесі

20. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру ұғымы және классификациясы

21. Бухгалтерлік есесепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі негізгі субъектілердің атқаратын қызметінің жүйесі

22.Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің ролі

23. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің ролі

24.. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаментінің ролі

25.Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің ролі

26.Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің ролі

27.Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінің ролі

28.Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің ролі

29..Аудиторлық бақылау ұйымдарының ролі

30.Әрбір кәсіпорын мен ведомстволардың ішкі бақылауының ролі

31.. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының ролі

32.Сот органдарының ролі

33.. Банктік бақылау органдарының ролі

34.. Қылмыстық жауапкершілік

35..Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объектісі

36.. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объективті белгілері

37.. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың субъектісі

38.. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың субъективтік жағы

39.. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзғаны үшін берілетін жазаның түрлері


Сабақ өткізудің басқа да түрлері

  1. Окытушының катысуымен дискуссия жүргізу.

  2. Коллоквиум.

  3. Эссе құрастыру.

  4. Студент-сарапшылардың қатысуымен эксперименталды окыту нысандарын жүргізу.

  5. Есептер шығару.

  6. Аналитикалық анықтама.

  7. Процессуалдық құжаттар құрастыру.

  8. Дебаттар.

  9. Тренингтер (дағды-әдеттер тренингі, әдеттер кешені, бақылау және түсініктеме беру).

  10. Аз топтармен жұмыс.

  11. Шығармашылық (проблемалык есептер).

  12. Мамандарды шақыру.

  13. Әлеуметтік жобалар.

  14. Интерактивті сөйлеу.

  15. Сократтық диалог.

  16. Есептер құрастыру.

  17. Іскерлік ойын "өз позицияцды бекіт".

  18. Дискуссия (тергеуден мысалдар келтіре отырып жүргізу).

  19. Түсініктеме беру.


9.Бақылау жүргізу мерзімінің кестесі




Семестр жұмыс оқу бағдарламасы бойынша білім беру семестрі (циклі)

Бақылау түрі

АБ 1

АБ 2

ҚБН (қорытынды)

Бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1

2

3

4

5

1

семестр

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы

тест







1-4 тақырыптар бойынша сұрақтар(ауызша).

5-7тақырыптар бойынша сұрақтар(ауызша).

Курс бойынша сұрақтар тізімі


10.Баға қою саясаты:

Ағынды бақылау жүргізу нәтижесінде алған балл емтихан бағасымен біріктіріледі





Жүргізілетін сабақ түрі

Саны




Лекция

30




Аралық бақылау

2




Семинар

15




СОӨЖ

45




СӨЖ

45




Барлығы

135

1 ағынды бақылау- 30%

2 ағынды бақылау- 30%

Емтихан-40 %

Ағынды бақылау нәтижелері емтиханға жіберуге негіз болып саналады.

Егер студент ағынды бақылау кезінде ең үлкен баллдың жартысын алмаса (60%), емтиханға жіберілмейді.

1-7 апта 8-15 апта



7 апта семинарлық сабақ 10 балл

15 апта семинар сабағы –10 балл

СӨЖ- 5 балл

СӨЖ – 5 балл

Аралық бақылау – 5 балл

Аралық бақылау – 5 балл

СОӨЖ –5 балл

СОӨЖ 5 балл

Лекция- 5 балл

Лекция - 5балл

Барлығы – 30 балл

Барлығы – 30 балл

Семестр бойынша барлығы 60 балл, емтиханда – 40 балл Барлығы 100 балл

A

95-100 %

өте жақсы

A-

90-94 %

өте жақсы

B+

85-89 %

жақсы

B

80-84%

жақсы

B-

75-79%

жақсы

C+

70-74%

қанағаттанарлық

C

65-69%

қанағаттанарлық

C-

60-64%

қанағаттанарлық

D+

55-59%

қанағаттанарлық

D

50-54%

қанағаттанарлық

F

0-49%

қанағаттанарлықсыз

Сабаққа дайындалу кезінде творчестволық амалдар, беделді қатысу, әр түрлі нормативтік, әдебиеттік қайнар көздерді пайдалану жоғарғы балл алынуды қолдайды.

.


11.Аралық бақылаудың сұрақтары
Бірінші аралық бақылау сұрақтары
1. Ең алғашқы бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға.

2. Бухгалтертерлердің елтаңбасы.

3. Ресейде бірінші болып бухгалтер атағын алған азамат

4.Бухгалтерлік есептің пайда болу кезеңі

5. Бухгалтерлік есептің негізгі этаптары

6.Бухгалтерлік кәсіп этикасының мәселелерін қарастыратын және есепті реттейтін негізгі ұйымдар


7.Қаржылық есеп беруге арналған дайындық пен түсініктің концептуальды негізі

8. Бухгалтерлік есепке анықтама

9. Қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық актілер

10. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі

11. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары

12. . Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу ұғымына анықтама

13. Қылмыс әрекеттерінің көрсеткіштері

14. Қылмыс жағдайына түсініктеме

15. Қылмыс динамикасына сипаттама

16. Қылмыстық-құқықтық белгілер

17. Қылмыстық құрылымның криминологиялық белгілері

18. Қылмыстық оқиғалардың таралу дәрежесі

19. Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген қылмыстар

20. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сауда Комитеті жүргізген тексеру мен ревизия материалдарын талдау

21. . Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті мен Мемлекеттік Кіріс Министрлігі жүргізген тексеру мен ревизия материалдарын талдау

22. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу әрекеттерінің түрлері

23. Экономикалық қылмыс ұғымы

24.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

25. Қылмыс себептері жайлы түсінік

26. Қылмыстың объективтік себептері

27. Қылмыс шарттары

28. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзуға итермелейтін негізгі себептер

29. Қылмыскердің тұлғасы және оның басты белгілері

30. Тұлғаға криминологиялық талдау

31. Қылмыскерлердің типтік классификациясы

32. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзатын тұлғаларға мінездеме


Екінші аралық бақылау сұрақтары
1. Қылмысты алдын ала сақтандыру шаралары

2. Жалпы профилактика түсінігі

3. Арнайы топтық профилактика

4. Қылмыстың жеке профилактикасы

5. Алдын ала сақтандыру объектісі

6. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудың арнайы емес субъектілері

7. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандырудың арнайы субъектілері

8. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің ролі

9. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің ролі

10. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаментінің ролі

11. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің ролі

12. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің ролі

13. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінің ролі

14. Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің ролі

15.Аудиторлық бақылау ұйымдарының ролі

16. Әрбір кәсіпорын мен ведомстволардың ішкі бақылауының ролі

17. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының ролі

18. Сот органдарының ролі

19. Банктік бақылау органдарының ролі

20. Қылмыстық жауапкершілік

21.Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объектісі

22. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объективті белгілері

23. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың субъектісі

24. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың субъективтік жағы

25. . Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзғаны үшін берілетін жазаның түрлері

12.Дәрістер(лекциялар) кешені

Бухгалтерлік есеп:

қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері


1-дәріс. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу әрекеттерінің криминологиялық талдау объектісі ретінде сипатталуы
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу әрекеттерінің криминологиялық талдау объектісін анықтамас бұрын біз мынадай негізгі ұғымдарға шолу жасап, оған сәйкес нақты анықтама беруіміз керек: «бухгалтер», «бухгалтерлік есеп», «бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері», «бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу». Осыған орай берілген объектіні криминологиялық тұрғыдан талдау 4 жеке блоктан тұрады.

Үлкен бухгалтерлік сөздікті құрастырушылардың берген анықтамасы бойынша «Бухгалтер» ­ - бұл сауда және тіркеу кітабына жетекшілік ететін, қаржылық есепке алу және ұйымның (мекеменің) есеп беру істеріне жауапты тұлға. Осы анықтамаға сүйене отырып бухгалтердің заң талаптарына сәйкес мынадай міндеттерін көрсетуге болады:



  • міндеттердің және шаруашылық операциялардың, мүліктің бухгалтерлік есебін басқару істерін орындау (негізгі қажеттіліктердің, заттық-материалдық құндылықтардың есебін алу, өндіріске кететін өнімдерді таратуға кететін шығын, қаржылық-шаруашылық істердің қорытындысын шығару, сұраныс берушімен және жеткізушімен жұмыс жасау, олардың ұсынған қызметін есеп алу);

  • қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстардың рационалды пайдаланылуын қадағалауға бағытталған іс-шараларды дайындау, жүзеге асыру;

  • бухгалтерлік есеп бөліміне және оның қайта есеп жүргізілуіне сәйкес қаралатын бастапқы құжаттарды бақылауға алып, әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңының 6-1 бабы, 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 11.03.2004 жылғы № 117 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген № 2791, 19.03.2004) 19.03.2004 жылғы №128 « Бухгалтерлік есеп тізімі» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген № 2790, 19.03.2004) және «Бастапқы құжаттардың типтік формалары» бекітілген;

  • Негізгі, айналымдық және қаржылық қажеттіліктердің айналымдағы әрекетіне байланысты бухгалтерлік есепке алу операциясын қорытынды есебінде көрсету;

  • Өнімнің өзіндік құны калькуляциясының есебін жасау (жұмыс, қызмет), шығын мен өнімсіз шығынның пайда болу көздерін ашу, олардың алдын алу туралы ұсыныстар дайындау.

  • Салық пен жиналған қаржыны, күрделі құрылысты қаржыландыру, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын және басқа төлемдерді есептеу және аударуды жүзеге асыру.

  • Типтік формада қарастырылмаған шаруашылық операцияларды дайындауға пайдаланылатын алғашқы құжаттар формаларын, жұмысшының есепшот жоспарын жасау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясы және есеп жүргізу әдістері мен негізгі тәсілдерінің мазмұнын анықтауға қатысу.

  • Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау мақсатында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу, құжаттар айналымын жетілдіру жөніндегі шаралар мен үнемдеу тәртібін жүзеге асыру, негізгі айналымдық және ақша қаражаттарын, алдағы қызметкерлердің демалысына өтем жасауға кететін шығындар резервін, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды инвентаризациялау әрекеттерін жүргізу барысында бухгалтерлік есептің прогрессивтік формалары мен әдістерін ендіруге және өңдеуге қазіргі есептеу техникасын пайдалану .

Ең алғашқы бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға, Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофер Штехер болды. Бұл жағдайға Вена мемлекеттік музейінде сақтаулы тұрған Император Максимилианның 1498 жылғы 13 ақпандағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін ақыға есеп жазбаларын жүргізетін «кезбе жазушы» мамандығы болды. Міне, осы кезеңнен бастап «бухгалтер» және «бухгалтерия» ұғымы етек ала бастады. Бұл дәуірде бухгалтер мамандығына жоғарғы моральдік талап қойылатын болған. Жеке елдерде бухгалтердің адамгершілік қасиетіне байланысты бүгінгі күнге дейін оны дін қызметкерінен кейін екінші орынға қойып, бағалайтын болған. Тарихта алғаш рет 1581 жылы Венецияда бухгалтерлер қоғамы құрылды.

Есептің маңызды рөлін саналы түрде ұғына келіп, 1946 жылы бухгалтерлердің халықаралық конгресінде француз ғалымы Ж.Б.Дюмарше ұсынған бухгалтерлердің гербін (елтаңбасын) бекітті. Онда күннің бейнесі, таразы, Бернулли қисығы бейнеленіп, «Ғылым, сенім, тәуелсіздік» деген ұран (девиз) таңбаланған. Күн ­ - бухгалтерлік есептің және қаржы-шаруашылық қызметтің жарқырауының символы болса, таразы – баланс, ал Бернулли қисығы – бір мезетте пайда болып, мәңгілікке сақталатын есептің символы болып танылады.

Ресейде бірінші болып бухгалтер атағын алған шетелдің азаматы -голланд саудагері Тиммерман. Ол Коммерц-коллегияның 11 қыркүйек 1732 жылғы бұйрығымен Петербургтің бас кеденшісі болып тағайындалған болатын .

Қазіргі таңда, нарықтық экономикаға көшу жағдайында бухгалтер мамандығы айрықша әлеуетті, салыстырмалы түрде қарағанда жоғарғы ақылы мамандық болып саналады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық нормативтерді есепке ала отырып, кәсіби жоғарғы экономикалық білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасады. Ол өзіне пәндердің төрт түрлі циклін енгізді: гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнаулы пәндер. Арнаулы пәндерді оқытуға оның маңыздылығы ескеріліп, айрықша көп сағат (шамамен 50%) бөлінді. Қызметтің барлық саласындағы бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды, аудитті, салық салуды, кәсіпорынның қаржысын, бухгалтерлік есептегі экономикалық талдаудағы және аудиттегі компьютерлендіру ісін детальді оқып үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экономиканы, құқықты, математиканы, статистиканы, басқаруды (менеджмент), кәсіби этиканы оқып үйренуге жеткілікті уақыт бөлінді.

Маман-бухгалтер экономико-математикалық әдістерді, модельдерді қолдана білуі керек, қазіргі техникалық құралдарды басқара білуі керек; мамандығы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, оны жүзеге асырып, алынған нәтижелерді талдай білуі керек; іздеудің рационалды тәсілдерін меңгере білуі керек және экономикалық ақпараттарды пайдалана білуі керек. Ескертетін жайт, тәжірибелі бухгалтер әрқашан экономист, аналитик, банкир және қаржыгер қызметін өз дәрежесінде, сәтті орындай алады.

Нарықтық қатынасқа көшу шарттарына қатысты бухгалтерлер төрт бағыт бойынша мамандандырылады:



  • басқарма және қаржылық есеп беру бухгалтері;

  • бухгалтер-аудитор, яғни тәуелсіз бухгалтерлік қызмет;

  • бюджеттік есеп беру бухгалтері;

  • бухгалтер-педагог.

Бухгалтерлік есеп берудің туындауы мен дамуы адамзат қоғамы

тарихының құрамдық бөлігі деп саналады. Бүгінгі күні қазіргі ғылым бухгалтерлік есеп берудің пайда болуы қай кезден басталды деген сұраққа біржақты жауап бере алмайды. Көбінесе бұл жағдай біздің ата-бабаларымыздың есеп беру құжаттарының сақталмауымен, аз сақталуымен түсіндіріледі.

Алғаш белгілі болған Шумер дәуіріндегі тасқа жазылған сауда-саттық келісімін тіркеу б.э.д 3600 ж шамаларына жатқызылады. Б.э.д 3200 жылдан бастап саз балшық табақшаларына жазып есептеу үрдісі қалыптасқан.

Ежелгі Египетте осы мақсатта папирус қолданылған.

Ежелгі Үндістанда есеп-тіркеу қызметін саптыаяқ (кружка) атқарған. Оған тастар, яғни алғашқы құжаттар – карточка бейнелері өлшенген.

Греция мен Римде балауыз таблицалар, мыс тақтайлар, бұтақ, пергамент, папирус пайдаланылған.

Галлийде керамикалық плиталар мен қыш сынықтары пайдаланылған.

Перуде арқан жіп пайдаланылған. Содан соң, кодекс-кітап пайда болды.

Американдық ғалымдардың үндістердің ежелгі мәдениетіне қатысты зерттеулерінде олар есеп жүргізу мақсатында жіп түйіндерін пайдалылған деп көрсетіледі. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бухгалтерлік есеп жүргізу адамзат қоғамының жалпы прогресімен тығыз байланысты екенін танытады: тілдің қалыптасуы, жазбаның, есептің пайда болуы. Бұған қоса, есептің қалыптасуына алдын ала материалдық себептер негіз болған. Рулық құрылымның құлауы, отбасы құрылуы және жалпыдан индивидтің жеке меншігі бөлініп шығуы, осының негізінде экономикалық қатынас жасаудың жеке субъект ретінде танылуы. Жеке шаруашылығы бар тұлғалар оны қамтамасыз ету мақсатында өзінің жеке мүлкін есептеуге және өзінің байлығын көбейтуге тырысқан. Бастапқыда жеке меншік иесіне тиісілі мүліктерді есептеу натуралды бірліктер арқылы жүргізілген, бұнда ешқандай жалпылау болған емес. Айырбастау қатынасын нығайту мынадай жағдайға әкеп соқты: айырбастау құралы ретінде қызмет ететін заттар белгілі бір жағдайларда, мүлік туралы мәліметтерді жалпылау кезінде пайдаланылды. Б.э.д. V ғасырда монета пайда болды, онымен қоса ақша да дүниеге келді. Дегенмен, бастапқыда ақша мүліктің бір түрі ретінде саналды. Кейіннен басқа да айырбастау құралдарын ауыстыра отырып, олар одан әрі құн өлшем қызметін бойына сіңіреді. Соңында бұл қызмет есептегі тұрақты қызмет ретінде белгіленеді, осы кезеңнен бастап екі өлшеуіш, яғни натуралды және ақшалай өлшеуіштер қолдана бастады.

ХІІІ –ХV ғасырларда есептік жазбалардың құқықтық реттілігі, тәртібі саудагерлер (купецтер) қалыптастырған делдал соттардың қызметімен тығыз байланысты (әсіресе Жерорта теңізінде). Осы кезеңде бухгалтерлік есепке арналған алғашқы нормативтік актілер пайда бола бастайды. Олардың ішінде ең танымал болғаны Савари коммерциялық кодексі (1673) деп саналды. Бұл құжаттар есеп жүргізу тәртібіне қатысты кредиторлар құқығына сенімді әрі нақты кепіл бере білді.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап экономика дамуы және шаруашылық өмірін ұйымдастырудағы күрделіліктерімен қатар мемлекет рөлі мен бухгалтерлік есепті реттеу құқығы едәуір өсті. Бұл жағдайлар біріншіден, акционерлік қоғамның кең таралуына, шаруашылық және жеке есептеу операцияларындағы қарама-қарсы мүдделі тұлғалар ортасының көбеюіне тығыз байланысты еді.

Осы кезеңде болған жағдайларға салық салудағы ірі өзгерістер де жатады. Жаңа заманға сай негізгі салық түрлері пайда болды, олар тікелей кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтіижелеріне қатысты алынды. Мемлекет осы күнге дейін экономикалық және есептілік қатынастардың реттелу салаларына сүйенеді және субъектілердің қарама-қайшы мүдделерін келістіру үшін өзінің арнайы тетігі – құқықты қолданады.

Болған өзгерістер салық заңнамаларын күрт күшейтуге және аудиторлардың рөлін көтеруге әкеп соқты ( аудит туралы алғашқы түсінік 1298 жылы пайда болды, бірақ оның қазіргі формалары 1854 жылда туындаған, яғни Шотландияда тәуелді мемлекеттік емес кәсіби бірлестік ретіндегі қосымша бухгалтерлер институты қалыптасқан кезде). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар европалық елдерде (ФРГ, Франция, Бельгия, Дания, Люксембург және т.б.) бухгалтерлік есеп берудің қатаң және детальді реттілігі енгізілген.

Мамандығы бухгалтер, бірақ білімі жағынан заңгер Пьер Гарнье 1947 жылы бухгалтерлік есеп дегеніміз – бұл «құқық алгебрасы»,- деп тұжырымдады. Біз бұл тұжырымды бірқатар экономикалық жүйеде құқық пен бухгалтерия тығыз араласып кеткендіктен, бірақ еркін нарықта бұл байланыс әлсіз, себебі, нарықтың дамуы үнемі құқықпен реттелмейтіндіктен негізді деп есептейміз. Сонымен қатар, құқықтық жүйе мен есеп мақсаттары экономикалық реттеу әдістерінің арқасында жеткілікті жақындастырылды.

Бухгалтерлік есепте «заңды» және «экономикалық» көзқарастарды қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі, үнемі өзгеріп отыратын құқықтар нәтижені бақылаудың экономикалық тәсілін, есеп берудің салықтық және «таралымдық» тәсілін бейнелеуі мүмкін. Осындай қатынаста құқық пен есеп өзара бірін-бірі толықтырып тұруы қажет, себебі, құқық нормалары мен бухгалтерлік есеп ережелері есептің шынайылық мәнін бейнелеп, есеп беру саласындағы ережелердің бұзылуына тыйым салуы тиіс.

Бухгалтерлік есеп пәні ­– бұл кәсіпорынның меншігі, оның шаруашылық қажеттіліктерінің болмысы мен қызметі, олардың қалыптасу көздері шаруашылық қызметтерге тәуелді болады, содан туындаған осы қызметкерге берілген нәтиже баға болып танылады. Бухгалтерлік есеп нақты объектілерге сүйенеді. Оларға кәсіпорынның тапқан пайдасы деп саналатын шикізат қалдықтары, жанар-жағар май, тағы да басқа материалдық құндылықтар, сонымен қатар, жеткізушілермен, басқа ұйымдармен, яғни контрагенттермен өзара есеп беру қатынастары жатады. Өндіріс процесіне өндірістің қажеттіліктері мен өндірудегі шығын өнімдерін дайындауға қатысты әрекеттер болады. Өнімді тарату процесіне өндірістің дайын өнімдері мен тауарлары, оны таратуға кеткен шығындар және тауарды таратудан, жасалған жұмыстан, ұсынылған қызметтен түскен түсім ақшалар жатады.

Ф.С.Сейдахметованың анықтамасы бойынша, «бухгалтерлік есеп пәніне ұйымдастыру қызметіндегі барлық шаруашылық әрекеттер мен болмыстар жатады, олар біртұтас ақша бірлігінің негізінде жүзеге асады. Арнаулы жүйеге бағытталған, яғни салық есебіне, басқару шешімдерін бекіту және ақпарат жинауға бағытталған салық, қаржы, басқару есебімен салыстырғанда бухгалтерлік есеп ұйымдағы қаржы мәселесінің едәуір шынайы көрінісін беретін, толық жеткізетін жүйе болып табылады және өзіндік әдістері арқылы қылмыстық әрекеттердің алдын алып отырады, егер бұндай әрекеттер құқық қорғау органдарымен келісілген жағдайда ғана жүзеге аса алады».

Сонымен, бухгалтерлік есептің басты критерийі кәсіпорындардағы өндірістік шаруашылық операциялардың шынайы мәліметтерін жеткізу болып табылады.

Егер есептеу жұмысының негізгі этаптары туралы әңгіме қозғалса, онда бухгалтерлік есеп беру ісі туралы сөз болады. Бұл әрекеттер үш негізгі этаптан өтеді: бухгалтердің бастапқы есептеу құжаттарын өңдеу; құжаттарды регистрге сәйкестендіріп тіркеу; берілген ағымдық есепті жалпылау және баланс жасау.

Бірінші кезеңде бухгалтерияға түскен әрбір бірінші құжаттың сапалылығы тексеріледі. Құжатты толыққанды дұрыс деп таныған жағдайда, бас немесе аға бухгалтер оны есепке және тіркеуге алу туралы жазбаша жарлық береді. Бұл жарлық бухгалтерлік тексеріс-өткізбе деп аталады. Техникалық тексеріс-өткізбе ең бірінші құжатта, есептеу тіркемесінде, егер бірінші құжат нөмірі есептеу тіркемесіне сәйкес келген жағдайда (журнал-ордерлі формада жағдайындағы есепте нөмір журнал-ордерге қойылады) дайындалады.

Бухгалтерлік тексеріс-өткізбе есептегі қызметкерлердің есептеу көмегімен ұрланғандарды жасыруға қатыстылығын айқындауда дәлелдемелі үлкен мәнге ие болады. Есте сақтау керек, жалған (жасанды) бухгалтерлік тексеріс-өткізбелер құжатсыз түрде, яғни алғашқы құжаттармен салыстырылып тексерілмеген түрде немесе дұрыс емес күйінде, не бұрыс өткізбенің негізі болатын алғашқы құжаттардың мазмұны сәйкес келмейтін түрде болады.

Екінші кезеңде шаруашылық операциясы алғашқы құжат негізінде бухгалтердің тексеріс-өткізбесіне сай есеп тіркемесіндегі (кітаптардағы, журналдардағы, карточкалардағы, т.б.), жүйелі және хронологиялық тәртібіндегі арақатынастарына сәйкестендіріліп тіркеледі. Синтетикалық санауларды тіркеу кітабы Бас кітап деп аталады.

Үшінші кезеңде ағымдық есеп беру мәліметтері синтетикалық және аналитикалық санау айналым ведомостарын құру жолымен жинақталады. Олардың қорытындысы тең болуы керек, сондықтан айналым ведомосын айналым балансы деп атайды.

Есептеу процесіндегі құжаттың өтетін жолы оның пайда болуынан мұрағатқа кеткенге дейін құжат-айналым деген атаумен аталады.

Бухгалтерлік есеп тіркеуіндегі шаруашылық операциялардың дұрыс берілуіне оны құрастырып, толтырған тұлға жауап береді.

Барлық бухгалтерлік есеп құжаттарының маңызды ерекшелігіне бухгалтерлік есеп тіркеуінің мазмұны заңға сәйкес болуы мен ішкі бухгалтерлік есептің коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерге сәйкес болуы жатады. Бұндай құжаттар қатарына: бухгалтерлік есептің есеп беру жоспары (бұның көмегімен шаруашылық операциялардың кез келген көрінісін анықтауға болады), бухгалтерлік есеп стандарты (бұнда барлық мәліметтер бухгалтерлік құжаттармен сәйкес келу керек), Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 26 желтоқсанында бекітілген № 2732 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңы (осы заңның негізінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу және құқықтық нормаға сәйкес келмеу әрекеттерін анықтап, бақылауға болады) жатады.

Қазақстанда қалыптасқан экономикалық жағдайлар, дәстүрлі отандық есеп беру әдісі, халықаралық тәжірибе бухгалтерлердің кәсіби этика Кодексін қабылдауды талап етеді. Осындай кодекстерді АҚШ, Ұлыбритания, Австрия қолданады. Америка институтының кәсіби этика Кодексінде кәсіби қоғамдық бухгалтерлер мынадай этикалық және моральдік нормаларды сақтауға міндетті:


  • ұйым мүшелері әділ әрі қызметтік міндеттерін орындауда тәуелсіз болуы керек;

  • жақтауға, еріксіз мәжбүр етуге, өзінің уәкілдік құқығын асыра сілтеуге, арам ниетпен жарнама жасауға, сыбайластыққа, қорқытып, күш көрсетуге түбегейлі тыйым салынған. Бұл кәсіби этиканы анайы түрде бұзу деп танылады.

  • делдалдық сату әрекетіне қатысуға тыйым салынған, мынадай жеке әрекеттерінен басқа (мысалы, компьютерлік қызмет немесе өңдеуге қатысты қызметтер );

  • бухгалтердің өз қылықтарына, өз шешіміне деген жауаптылығы, жалпыадамзаттық моральдық құқықтарына деген бағыт-бағдары болуы міндетті және өз өмірінде өнегелі нормаларды сақтауға және қызметін адал орындауға міндетті, өз бойына әділдік, тәуелсіздік, тұрақтылық, адалдық, т.б қасиеттерді сіңіруге міндетті.

Бухгалтерлік кәсіп этикасының мәселелерін қарастыратын және есепті реттейтін негізгі ұйымдар:

  • АІСРА – кәсіби (ант берген) қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты.

  • ІҒА – АҚШ қаржылық бухгалтерлер институты

  • ІСАА – Австрияның кәсіби (ант берген) қоғамдық бухгалтерлер институты.

  • ІСАS - Шотландияның кәсіби (ант берген) қоғамдық бухгалтерлер институты.

  • ІАА – АҚШ ішкі аудиторлар институты

  • АССА – Англия мен Уэльс кәсіби бухгалтерлер ассоциациясы.

Көрсетілген ұйымдардың қызметіне мыналар жатады: ісіне әділетсіз (арам ниетті) бухгалтерлердің қоғамға кері ықпал жасау әрекеттерінің алдын алып, қоғамды ондай әрекеттерден қорғау, кәсіби бухгалтер имиджін сақтау. Бұл ұйымдар басқарушының іс-әрекетіндегі этикалық нормаларды және қатардағы бухгалтерлік есеп қызметкерлерінің этикалық нормаларын жетілдіру үшін түрлі тәсілдер қолданады. Бұндай тәсілдерге мыналар жатады:

  • ұйымның мақсатын түсіндіру, тұрақты этикалық орта қалыптастыру және шешім қабылдау кезінде этикалық мінездеме беру істерін жүзеге асыратын этикалық нормативтерді қалыптастыру;

  • Күнделікті тәжірибедегі қызметіне баға беру мақсатында қызметкерлер этикасы бойынша комитет құру.

  • Басқарушыны және қарамағындағы қызметкерлерді этика нормаларын сақтауға үйрету .

Бұндай критерийлер тек бухгалтерлік есепке қатысты этикалық нормаларды сақтауды ғана емес, сонымен қатар, заңда көрсетілген құқықтық нормаларға сәйкес келуін де анықтап отырады.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде 29 қазанда 2002 жылы 542 нөмірімен бекітілген «Қаржылық есеп беруге арналған дайындық пен түсініктің концептуалды негізінде» қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары мынадай ұғымдармен анықталған: «Есептеу, үздіксіз, түсініктілік, орынды қолдану, жүзеге асыру, сенімділік, әділдік, алаламау, бейтарапты түсіне білу, нейтралдылық, мұқият бақылап алу, жұмысты соңына дейін аяқтау, салыстыра білу, жұмыс ретін сақтай білу». Осы қағидалардың заңды түрде сақталуы кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп қызметінің дұрыс болуына, өз ішінде бақылау жасауға, осы саладағы ереже бұзу әрекеттерін болдырмауға толық кепілдік береді. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнес этикасына, сонымен қатар, бухгалтерлік іс этикасына өз дәрежесінде көңіл бөлінбейді.

Бұл жерде Г.Мюллердің «Қазіргі бухгалтерлік есеп ұйымдарының негізі –үздіксіз циклденген ағымды өңдеу, кей жағдайда, есептен тыс ақпараттарды да өңдеп отыру» деген пікіріне келісуге болады. Есептеу ісінің қайнар көздері мыналар:


  • бухгалтерлік есеп және есеп беру ісі (шаруашылық операциялардың, міндеттерінің, қажеттіліктері мен мүліктерінің жалпылама және едәуір толық көрінісі);

  • статистикалық есеп және есеп беру (белгілі бір экономикалық заңдылықтарды анықтау мақсатында оның сандық және сапалық жақтарын сипаттайтын барлық болмыстар мен әрекеттер жиынтығының көрінісі);

  • жедел есеп пен есеп беру (шаруашылық қызметтерінің жеке бөліктері туралы мәліметтерді жедел жеткізумен қамтамасыз ету);

  • таңдаулы есептік мәліметтер (таңдаулы эпизодтар, есеп беру көрсеткішін детальдап немесе тереңінен қарастыруға көмектесетін бастапқы есептеу құжаттарының бақылануын тексеру).

Осындай классификация басқа есеп формаларына қарағанда бухгалтерлік есеп пен есеп беру ісінің мәні мен орнын айқын танытады. Бұндай жағдайда біз “Бухгалтерлік есеп дегеніміз – бұл шынайы ақиқат мәлімет алу мақсатында қолданылатын кәсіпорыннның қаржылық- шаруашылық қызметі туралы ақпараттардың көрінісі және ол мәліметтерді жалпылау, бақылау жүйесі “ деп анықтаманы сеніммен ұсына аламыз.

Заңды тұрғыдан ведомстволық қажеттіліктер мен меншіктік формаларынан тыс бухгалтерлік есебі қарасырылмайынша бірде бір кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алмайды. Ол кәсіпорынның мүліктік және қаржылық күйін толық көрсете алады. Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның материалдық жағдайы бойынша, еңбек және ақшалай ресурстары бойынша көлемді синтетикалық және аналитикалық ақпараттар сақталады. Бұның өзі шаруашылық қызметті басқаруға және өнім өндіру жоспарының орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның ақпараттық және басқарушылық жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады. Осыдан барып, біз бухгалтерлік есеп ережелерінің анықтамасын беруге тырысамыз.

А. Н.Азрилианнің редакторлық басқаруымен құрастырылған Үлкен бухгалтерлік сөздікте бухгалтерлік есеп ережелеріне мынадай анықтама берілген: Бұл – белгілі бір тұлғаларға арналған және олардың орындауға міндетті екеніне кепілдік беретін талаптардың жиынтығы. Осы анықтамаға сүйене отырып, бұл ереже тек оны орындаған жағдайда ғана жүзеге асады деген қорытындыға келеміз. Расында да, бухгалтерлік есеп ережелерін орындау барысындағы нормативтік-құқықтық базаны құрайтын қаулылар мен жарлықтар шаруадағы субъектілердің әрекетін басқаруды реттеуге мүмкіндік береді. Олар шаруашылық жұмыстарды дұрыс басқару талаптарын үйлестіруге, шаруашылық бірліктердің құрылымын жақсартуға, ұйым жөнінде толық мәлімет алып отыруға септігін тигізеді.

Біздің түсінігімізше, бухгалтерлік есеп көпқырлы құбылыс: біріншіден, бұл әртүрлі әлеуметтік ауысуларға сәйкес өзгеріп отыратын техникалық пән, екіншіден, ол кең мағынасында құқық нысаны бола алады; сонымен қатар ол құқықтың бір саласы ретінде танылуға бәсеке болады немесе экономикалық ғылым салаларының белгілі бір шарттарын орындау барысында көрінеді.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық есебінің түр түрі болып саналады. Бұл жағдайда ол құралдар мен шаруашылық операцияларының ақшалай формасындағы үздіксіз арақатынасын білдіретін құжаттарға негізделеді. Бухгалтерлік есеп беру барысында бухгалтерлік баланс, құжаттандыру, инвентаризация, бағалау, құн калькуляциясы, екінші көшірме, есетілік қолданылады. Бухгалтерлік есеп бірдей ережелер мен формалармен жүргізіледі, себебі соңынан бұл мәліметтерді статистика көмегімен жалпылайды.

Ереже – бұл белгілі бір шарттарға сәйкес әрекеттерді болдыру немесе болдырудан бас тартуға рұқсат ету немесе талап етуді білдіретін сөйлем. Рұқсат ету немесе талап ету (бұйрықты) деп аталатын Ережелер «қарапайым ережелер» қатарына жатады (немесе бірінші ранг Ережелері деп аталады) және олар «жарлық» деген жалпы терминге бірігеді. Осы жүйедегі ережелердің өзіндік әдістері болады. Жүйелі түрде үйрететін, деонтикалық логикаға (нормативтік логикаға) негізделген ережелер кез келген ғылым саласында маңызды рөл атқарады, әсіресе, математика, логика, лингвистика, этика, заң, әлеуметтану, саяси экономика ғылымдарында және өмірлік тәжірибеде қажет деп саналады. Ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері бухгалтерлік есеп жүйесін және Қазақстан Республикасындағы қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін мынадай негізгі нормативті-құқықтық актілермен анықталуы мүмкін:



  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
    2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
    2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет