Лекция: 30 Аудиториялық: 145 СӨЖ: 45 соөЖ: 45 Консультация 2 Емтихан: 3 Алматы, 2011 ж. Мазмұны


бюджеттік қаржыны несие және қарыз ретінде беру



бет7/10
Дата18.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10304
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

бюджеттік қаржыны несие және қарыз ретінде беру;

  • мемлекеттік бюджет қаржысын ақшалай есепке алу жолымен,

    дебиторлық қарызының орнын жабу;

    • бюджеттік қаржыны, ағымдағы жылдың сметасы бойынша алынған

    қаржы есебінен алдағы жылдың шығындарына жұмсау;

    • қаржылық жыл соңында бюджеттік қаржыны, жаңа жылда бюджеттік

    шағымдағы есепшотынан қайтарып алу мақсатымен сауда, жабдықтаушы, құрылыс және басқа ұйымдардың тауарсыз есепшотына аванс ретінде аударып беру;

    • үй-жайларды жалға беруден түскен, жылдық төлемдерді мемлекеттік

    бюджет табысына жатқызбау, аудармау;

    • бюджет есебінен шетелдік валюталарды, вексел және басқа

    операциялар жүргізу;

    • балалар өтемақысына төлеу үшін бөлінген ақша қаражатын мақсатсыз

    пайдалану; жеке мұқтажына пайдалану үшін несиелік қаржыны қолма-қол жұмсауға айналдыру;

    • алынған мемлекеттік мақсатты несиені жүзеге асыру мақсатында,

    жылжымайтын мүлік және материалдық құндылықтарды сатып алу, т.б.

    д) Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінің рөлі


    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 29 қазандағы № 1129 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережеге» сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті өз құзыретінің шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

    Комитеттің негізгі міндеттері :



    • республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

    • жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;

    • Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың заңнамасына сәйкестігін бақылау.

    Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:

    1/ Мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:



    • мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу нәтежиелері туралы ақпаратты даярлау;

    • кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тапғайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;

    • мемлекеттік мекемелердің тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сыяқты шетел валютасы түріндеде ақша аударуымын жүзеге асыру;

    • екінші деңгейдегі банк және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мем лекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    • жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;

    • республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есеп беруді даярлау;

    • республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелерге бағдарламалар және ерекшеліктер бөлінісінде жүргізілген шығыстар туралы ай сайын ақпарат беріп отыру;

    • ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың пайдалануы туралы, валюталық шоттардан шығыстар жасалғандығы туралы жиынтық есептер дайындау;

    • қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    • мем лекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік сыртқы қарыздар мен мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезінде ақша аударымын жүзеге асыру;

    • мемлекеттік кепілдік, қарыз алушылардың қаражаты күшіне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнінде жұмыстар жүргізу;

    • ұкіметтік және мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және ұкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету;

    • қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;

    • республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргізу;

    • бюджет ақшасы есебінен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыру;

    • республикалық бюджеттің қолма-қол ақша ағынын болжау және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына /депозиттеріне/ орналастыру жолымен кіріс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының ағымдағы қалдықтарын басқару;

    • жергілікті атқарушы органдардың сенімді басқаруға алған уақытша бос ақшасын басқару, оларпды орналастыру және есептелген сыйақымен қайтару;

    • республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы мемлекеттік салықтар мен төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейдің бюджеттеріне есепке алу;

    • мемлекеттік мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде, қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша ақшаны бюджетке даусыз тәртіппен өндіріп /қайтарып/ алуды жүзеге асыру;

    • жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау.

    2/ Бақылау-қадағалау функциялары:

    • бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жиынтық қаржы жоспарының мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін бақылау;

    • мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелер рұқсаттардың сомаларына сәйкестігін бақылау;

    • мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелердің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген іс-шараларға сәйкестігін бақылау;

    • мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

    • мемлекеттік мекемелердің валюталық операциялар жүргізу кезінде авлюта заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру;

    • мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;

    • мемлекеттік мекемелердің, ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттарын және депозиттік шотты ашуға рұқсаттар берудің дұрыстығын бақылау;

    • ақылы қызметтер көрсетуден алынған кірістерді мемлекеттік мекемелердің шоттарына есептеудің дұрыстығын бақылау;

    • ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттары бойынша шығыстар жөніндегі операциялардың жүргізілуін бақылау;

    • жүргізілетін төлемдер қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда қазынашылық төлем операцияларының атқарылуын тоқтата тұру;

    • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Комитеттің тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу;

    • Бюджеттік қаражат, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау мен тексеруді жүзеге асыру;

    • Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқаруды және республикалық бюджет берешегі бойынша талаптардың сақталуына мониторингті, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін және оны бақылауды қамтамасыз ету;

    • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттерінің бюджеттік кредиттерге, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылау.

    Комитеттің мыналарға:

    - мемлекеттік мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен меліметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлік есеп беруді сұрауға;

    - теңгеде және шетел валютасында бірыңғай қазынашылық шоты мен банктік шоттарының болуына;

    - тиісті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын есептемелердің негізділігін тексеруге;

    - қаржы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;

    - мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінде жолсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жіберуге;

    - өз құзыретінің шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп, бюджет жүйесіндегі есеп беру және қазынашылық органдарындағы ішкі аудит, есеп операцияларын жүргізу мәселелері бойынша бұйрықтар қабылдауға және олапрдың атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

    - халықаралық шарттардың, келісім шарттардың және келісімдердің жобаларын дайындауға қатысуға;

    - инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі /игерілуі/ және жұмсалуы туралы есептерді сұратуға және алуға;

    - мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу кезінде бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпараттарды қаржы апгенттерінен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға;

    - Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

    - щет елдердің қазынашылық жұмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

    - тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетелдік валютада мынадай банктік операцияларды:

    - заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;

    - аударым операцияларын: заңды түлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;

    - есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алуды /дисконт/;

    - қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беруді;

    - аккркдитивті ашуды /көрсетуді/ және растауды әрі олар бойынша міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға құқығы бар.

    Біз үшін ең маңыздысы, ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитеті еліміздің бүкіл бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ішкі аудитті дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

    Соған қарамастан бюджет қаражатын пайдалану практикасы, бұрынғыша, негативтік (теріс) әрекеттер аз емес. Бюджеттің орындалуына бақылау күшейе түскенімен, бірақ ол бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзудың түрлі жолдарымен бюджет қаржысын мақсатсыз пайдаланатын кейбір шенеуніктер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін тоқтата алмай отыр.

    Мысалы, Қазынашылық комитеті арқылы 1998 жылы 2702,4 млн теңге, 1999 жылы 1446,2 млн теңге және 2000 жылы 1063,8 млн теңге бюджет қаржысы мақсатсыз пайдаланылғаны ашылды. Ашылған тәртіп бұзушылықтар нәтижесі бойынша, бұл тәртіп бұзушылар мен кінәлілердің жазалауға алдын ала сақтандыруды ұйымдастыру шаралары қолданылды .

    Тек Маңғыстау облысы бойынша 1999 жылы облыстық Қазынашылық басқармасының ревизия және тексерулеріне 271 мекеме қамтылған, оның 87-сі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған. Олардың 11262,7 мың теңге шығын келтіргені анықталды, оның бюджетке 7692,4 мың теңгесі қайтарылды.

    Республикалық бюджет бойынша мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаржысының көлемі 10996,4 мың теңге құрады. Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 7 іс қаралып, 8 лауазымды адамға 128,2 мың теңге айып салынды.

    Е) Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзушылықты алдын ала сақтандыру жөніндегі ҚР Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің рөлі
    Салық комитеті салық салудың қатал, командалық жүйесінен орынды және икемді салық жүйесін құруға талаптану кезеңінде құрылған болатын.

    Қазақстан Республикасында алғаш рет 24 сәуір 1995 жылы, салық салу ережелерінің негізін құрумен қатар салықтың құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі субъектілердің негізгі қызметін анықтаған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексін) қолданысқа енгізу туралы Заңы қабылданды.

    Соңғы жеті жыл ішінде Қазақстан Республикасындағы салық органдарының қызметтерін анықтау жөніндегі әртүрлі тәсілдер талқыланды және негізделді. Осы барлық іздену жұмыстарының нәтижесі 12 маусым 2001 жылы № 210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық Кодексі болып енді, ол 1 қаңтар 2002 жылдан бастап күшіне енді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті туралы Ережесі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өз құзіреті шетінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударылымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

    Комитеттің басты міндеттері:


    түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударылымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;

    • «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

    Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыру;

    • Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз

    ету;

    • этиль спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, мұнай

    өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;

    - халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының ПУКЖ-ы, 2004 ж., №42, 536-құжат).

    Салық заңдылығын бұзғаны үшін лауазымды адамдардың қылмыстық жауапкершілігі «Ұйымдардан түсетін салықты төлеуден жалтару» 222 бабы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінде қарастырылған.

    Салық төлеуден жалтарумен күрес мәселесін зерттеуші А.Айқымбаевтың мәліметтері бойынша салықтық қылмыс жасауға себепші болатын ерекше кең тараған шарт болып табылатындар:



    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін есепке алу және тіркеудің белгіленген тәртібін түрліше теріс пайдалану және бұзу;

    • бухгалтерлік есепке алу және есеп беру құжаттарында әртүрлі шаруашылық пен қаржылық жұмыстарды дұрыс емес және толық емес етіп көрсету;

    • құжаттарды рәсімдемей, құжатсыз келісімдерді жүзеге асыру;

    • тауар-материалдық құндылықтарды есепке алмау не есептен жасыру;

    • кассадағы саудадан түскен ақшаны жасыру;

    • сатып алынған шикізаттың, материалдардың бағасын көтеру;

    • салық салудағы жеңілдіктерді заңсыз қолдану;

    • өткізілген өнімнің көлемі мен бағасын төмендету;

    • салық салу объектісін жасыру немесе ауыстыру;

    • салық қызметінің есебіне алынудан жалтару;

    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық көрсеткіштерін есепке алу тәртібін түрліше бұзу;

    • мемлекеттік кәсіпорындарының ақшалай қаражатын шынайы жұмыс пен қызмет өндірісінсіз меншік формасы бөтен ұйымдарға , формаларға, серіктестерге, қоғамға беру (аудару);

    • әртүрлі банктерден және әртүрлі облыстар мен қалалардан бірнеше есепшоттар ашу;

    Көптеген жағдайларда салықтарды толық төлемеу немесе төлем жүргізбеу

    кірісті немесе салықты жасырып қалу түріндегі теріс пайда табумен байланысты емес, ол белгілі бір қаржы-шаруашылық операцияларын дұрыс емес көрсету нәтижелері болып табылады. Әдеттегідей, бұл өнімнің өзіндік құнын дұрыс есептемеуге байланысты, ондай көрсеткіштер салықтық мақсатта кеміту, ұстап қалу ретінде танылады.

    Ең алдымен салықты дұрыс есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайымен байланысты, айыппұл мен өнімдерге кететін шығынды есепке алатын болсақ, онда ішкі бақылаудың бірінші кезектегі міндеті затқа салық салу тәртібін сақтауда шаруашылық операциясын зерттеу мен талдау болып табылады .

    1998-2005 жылдардағы 8 жылдық жылда құқықтық статистика жөніндегі Комитеттің мәліметі және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы есебі бойынша, бұл бап (статья) бойынша 1931 қылмыс тіркеліп, 398 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыс жасаған 772 адам анықталып, олардың 246-ы жауапкершілікке тартылған.

    Салық төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық істерді зерттеу барысында, тексерілген салық төлеушілердің әрбір төртіншісінің салық міндеттемесін бұзатыны анықталды, бұл тек қана бюджеттің кіріс бөлімін әлсіретіп қана қоймай, қылмыстың өсуіне ықпал етеді, сондықтан да кірісін жасырғандардың елеулі бөлігі экономикалық криминалдық секторында жатыр.

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2007 жылғы ресми мәліметтері бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша салық органдары 34 мемлекеттік органның ішінде 20- орында тұр. Сауалға тартылғандардың 25 пайызы салық органдарындағы пара алудың орташа көлемі бойынша 21- орында, сыбайластық қызметтің ауқымы бойынша 15- орында тұр.

    Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының халық пен кәсіпкерлердің салық органдарының көзқарасын білу мақсатында жүргізілген сауалнамасының нәтежиесі бойынша 5 балдық шәкіл бойынша халықтың салық органдарының жұмыс сапасына берген бағасы 3,5 қана болса, кәсіпкердің бағасы 3,25 баллды құрайды. Кәсіпкерлердің 60 пайызы мен тұрғындардың 62 пайызы салық органдары ұсынатын қызмет үздік әлемдік тәжірибеге сай екендігін айтса, сұрау салғандардың үштен екісі салық органдарына сенетіндігін мәлімдеген.

    Бұл маңызды міндеттерді жүзеге асыруда Комитеттің төмендегідей басты міндеттері анықталған:



    • салықтың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің толықтығын қарастыратын заңдылықтардың сақталуын бақылау;

    • нормативті құқықтық актілермен белгіленген, өз компетенциясы шегіндегі салықтан тыс. төлемдердің түсуін бақылау (мемлекеттік кәсіпорындардың табысының өсімінен түсетіндерден басқа, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттерінің дивиденттері, «Байқоңыр» комплексін пайдаланғаны үшін жалға алған өтемі, республикалық мемлекеттік мүлікті жалға беру және сатудан түсетін түсім, капиталмен операция жасаудан түсетін түсім);

    • салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдердің әкімшіліктендіру әдістемесін жасау, сол сияқты ақпараттық технология көмегімен қызметтік процедураларды жүзеге асыруды басқару мен бақылаудың әдістерін жетілдіру;

    • салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік есеп берудің формалары мен жинақтау әдістерін жетілдіру;

    • салық төлеушілердің, салық салу объектілердің және салық салуға байланысты объектілердің бірыңғай есепке алу жүйесін жасау мен оны жүргізу;

    • салық заңдылығын орындауды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара бірлескен іс-әрекеті;

    • салық қарыздарын мәжбүрлеп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және іске асыру, т.б.

    Салықты тексеру объектілері – ақша құжаттары, бухгалтерлік кітаптар,

    есеп беру құжаттары, жоспарлар, сметалар, декларациялар, келісім шарттар, келісімдер, бұйрықтар, іс жазбалары (қатынас қағаздар), кепілдік хаттар, қоймадағы дайын өнімді кіріске алу және жіберу туралы алғашқы құжаттар (дайын өнім қоймасының шығыс накладнойы, автомобиль транспортымен жүк тасымалдаудың тауар-транспорт накладнойлары, теміржолмен, су жолымен және әуе транспортымен тасымалданатын жүктердің транспорттық накладнойлары), есепшот бойынша ақша қаражатының динамикасы жөніндегі банктік құжат көшірмелері, кәсіпорынның кассасына кіріс болған өнім, есепшотқа төленген қолма-қол ақшаның кірісі жөніндегі кіріс ордерлері, өнімнің түсірілгендігі жөніндегі төлем талаптары мен төлем тапсырыстары, кәсіпорын территориясынан дайын бұйымдарды алып шығудың рұқсат қағаздары (пропуска), акциялар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар мен алдын ала және қысқа мерзімді қаржы салымдарының бағасын нақтылайтын алғашқы құжаттар, салық пен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу мен есептеуге байланысты басқа да құжаттар болып табылады.

    Салықтық тексерулер рейдтік,құжаттық және хронометраждық зерттеу болып бөлінеді.

    Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:



    1. салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;

    2. фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;

    3. лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;

    4. салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселенлері бойынша жүргізіледі.

    Құжаттық тексеру кешенді, тақырыптық және қарсы болып бөлінеді:

    1)кешенді тексеру-салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

    2) тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;

    міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;

    банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;

    трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;

    акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;

    салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері бойынша тексеру;

    3) қарсы тексеру- егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органдарында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

    Салық органдары тексеруді жұмыстың әрбір учаскесі бойынша құрылған жылдық жұмыс жоспарына және тексерудің тоқсандық кестесіне сәйкес жүзеге асырады. Бұған белгілі бір мөлшерде пайда табатын кәсіпорындар мен басқа да салық төлеуші объектілер немесе бухгалтерлік есеп жүргізуде және салық заңдылығына өрескел қателер жіберетін, сол тәрізді шығын себептерін анықтау мақсатымен шығынға ұшырағаны үшін, оларды банкрот деп жариялау үшін кәсіпорындар енгізіледі. Тексеруді қаржы, құқық қорғау, банк, статистикалық және басқа да бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізу қарастырылады.

    Салық Кодексінің 533 бабына сәйкес салықты тексеру тек қана салық органдары арқылы жүзеге асырылмайды.Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтежиесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.

    Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды,ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.

    Көшпелі салықтық тексерулерді тағайындау тәртібі, акт жасау және оған қол қою процедурасы, салық төлеушінің мүлкін қаттау (инвентаризациялау) және басқа да мәселелер «Салық тексеруді жүргізудің жаңа тәртібі» және «Заңды тұлғалардың салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің есептелуінің дұрыстығын, толықтығын уақытында аударылуын құжаттық тексеруді жүргізу тәртібі туралы» реттеуші нормативтік құжаттарда қарастырылған.


    Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
    2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
    2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет