Лекция: 30 Аудиториялық: 145 СӨЖ: 45 соөЖ: 45 Консультация 2 Емтихан: 3 Алматы, 2011 ж. Мазмұны


Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объективті белгілері



бет10/10
Дата18.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10304
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объективті белгілері

Заң әдебиеттерінде қылмыстың объективті жағы қылмыстық-құқықтық нормалармен қарастырылған, оларға қоғамдық қауіптілігімен және моральдық-саяси айыптылығымен ықпал ететін, сондықтан да қылмыс құрамында қылмыстың объективті белгілері ретінде көрсетілетін қылмыстық іс-әрекеттердің объективті жағдайларының жиынтығы немесе қылмыстық әрекеттің сыртқы жағын айқындайтын елеулі заңды белгілер жиынтығы ретінде анықталады .

Кез келген қылмыстың құрамындағы тұрақты және міндетті нышанның объективті және қоғамға қауіпті әрекет болып табылады. Қылмыстың құрамы үшін міндетті болып табылады. Зардаптар мен әрекет салдары арасындағы себепті байланыс объективті жақтың басқа да нышандарының (уақыт, орын, жағдай, әдісі, құралы, қылмыс жасау құралдары) барлығы да факультативтік болып табылады.

Қылмыстың нақты құрамының объективті жағының нышандарын табу үшін қылмыстық қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау үлкен маңызға ие болады.

Бұл заңмен қорғалатын объектіге зиян, шығын келтіру түрі объектінің өз қасиетімен анықталатын белгілі әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Қол сұғу объектісінің ерекшелігіне келтірілген шығынның түріне, әртүрлі қатынастардағы басқа жағдайларға байланысты объективті жақтардың сол және басқа нышандары үстемдік етеді. «Ондай нышандар, -деп жазады В.Н.Кудрявцев, - бір жағдайларда қылмыскердің іс-әрекет тәсілі, екінші жағдайларда – болған нәтиже, үшіншісінде – қылмыстық әрекеттердің бірнеше тізбектелген этаптары, төртіншісінде – қылмыскердің қолданған құрал-жабдықтары, т.б.».

Қылмыс жасаудың жолы, дербес жағдайда бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу, құрамның объективтік белгісінің аса маңыздыларының бірі болып табылады. Іс-әрекет жолы ретінде белгілі бір тәртіп, әдіс-тәсілдердің бірізділігі түсініледі.

Қылмыс жасау тәсілінде көбіне кінәлінің тәртібіндегі өзгешелігі көрініс табады. Бұл тәсіл бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың объективтік жағын зерттеу үшін шешуші мәнге ие болады. Қылмыс жасау тәсілі қылмыстық іс-әрекеттің не әрекетсіздіктің өзінен бөлінбейді және олар бір бірімен мазмұн мен форма тәрізді қатынаста болады.

Қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс санаға тәуелді және басқа мотивтер арқылы басқарылатын тәртіп болып саналады. Қылмыстық әрекет немесе әрекетсіз қылмыс сияқты кез келген бұндай тәртіп белгілі бір әлеуметтік мазмұнға ие болады, өйткені адамның бұл қызметтері қоғамдық ортада жүзеге асады.

Осыдан барып, бұндай қылмыстардың құрамының объективтік белгілерін бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу деп анықтауға болады. Осы немесе басқа да әрекеттердегі қылмыстық белгілердің бар немесе жоқ екені туралы мәселені шешу үшін, осы әрекеттерді жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын, белгілі жағдайлар жиынтығын анықтауға тура келеді. Бұл ҚР Қылмыстық Кодексінің 218 бабында, бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың негізгі түрлері тікелей көрсетілген. Олар:



  1. Заңмен қарастырылған мәліметтерді құжаттандырудан бойын аулақ ұстау, яғни бақылау, бағалық өлшеу, ағымдық топтау, қорытынды жалпылау істерін қарастыратын бухгалтерлік есеп жүргізудің техникалық ережелерін сақтамау.

  2. Есепке алу немесе есеп беру құжаттарына кәсіпорынның шаруашылық және қаржы қызметі жөнінде әдейі жалған ақпарат, оның ішінде есеп дәлдігін төмендететін, мәліметтерді бұрмалайтын есеп ақпараттарын өзгерту кіреді;

  3. Қаржы және есеп құжаттарын сақталу мерзіміне дейін жойып жіберу.

Бұндай қатынастарды қарастыра келіп, бұл қылмыстың объективтік белгілерінде, белгілі бір ережелер және нормативті-заңды актілер дайындауда көрсетілген есеп процесі жүйесінің элементтеріне қол сұғушылық бар деп түсінуге болады. Бұл жерде ұйым немесе мекеменің бухгалтерлік есеп жүргізу мәселесіне қатысты заңды құқына қол сұға отырып, бұл құқықтарға қол сұққан адам, осы қатынастың басқа қатысушыларына зиянын тигізеді.

Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу туралы істер жөніндегі сот тәжірибесіндегі талдаулар көрсеткендей, бұл қылмысты жасаған кінәлі адамның мынадай әрекеттері бірінші орында тұрады, айталық, ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы есепке алу немесе есеп беру құжаттарына қасақана жалған мәліметтер енгізу. Бізге белгілі мәліметтер бойынша қарастырылып отырған қылмыс құрамының объективті жағын бұндай әрекеттердің 73 пайызын құрайды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулихин аудандық сотының үш ісі бойынша сотталушы «Топакс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шаруашылық және кеңсе тауарларын жеткізіп беруге әдейі (қасақана) жалған келісім жасау жолымен жалған төлем тапсырыстарына, счет-фактураға, сенім хатқа және жалпы сомасы 48111 теңге болатын кеңсе тауарларын есептен шығару актісіне әдейі қол қойып, пайдаланған.

Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу әрекеттерінің саны бойынша заңда қарастырылған мәліметтерді құжаттандырудан бас тартудың әр алуан түрлерінен екінші орын алады, талдау материалдары бойынша бұл әрекеттер барлық заң бұзушылықтың 19 пайызына жуығын құрайды.

Қарағанды қаласы, Қазыбек би аудандық сотының 9 қыркүйек 2002 жылғы үкімі бойынша (№1 – 528 іс) ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлімі, 176 бабының 3 бөлімі «б» пункті, 218 баптары бойынша Қарағанды қаласы Совет ауданының тұрғын үйді жөндеу пайдалану кәсіпорнының (ЖРЭП№1) бас бухгалтері А сотталды.

8 желтоқсан 2000 жылы Қарағанды қаласы, Совет ауданының тарату комиссиясының төрағасы мен №1ЖРЭП-тің бас бухгалтері А №1 ЖРЭП-ті тарату жөнінде келісімге қол қойды. Ол белгіленген тәртіппен кәсіпорында бар құндылықтарға есеп жүргізіп және өзіне сеніп тапсырылған құндылықтар мен қаржының қозғалысы туралы есепті және дәлелдеме құжаттарды әкімшілікке тапсыруға міндетті болатын.

2001 жылғы 15 желтоқсандағы ауданның тарату комиссиясының жиналысында таратылған ЖРЭП бойынша несиелік қарыздарын өтеу тәртібі бекітілді. Бұл құжатпен ЖРЭП№1-ді тарату жөніндегі директор А таныстырылған болатын.

Осы құжатқа сәйкес ең алдымен еңбекақы, зейнетақы, өтемақы, алименттік қарыздар өтелуі тиіс. Сот үкімінде атап көрсетілгендей, ЖРЭП-ті тарату жөніндегі директордың міндеттері мынадай болды:

- жоғарыда көрсетілген қарыздарды төлеу жөніндегі ведомостарын жасап, оны тексеру үшін аудандық қаржы бөліміне өткізу керек;

- мерзімі бітіп, алуға тиісті ақша сомасының және төлеу уақыты көрсетілген еңбекақы төлеу кестесін жасау керек;

- қолма қол ақша қаражатының сақталуына және оның мақсатты пайдаланылуына, қызметкерлер жеке куәлікпен келуіне мұқият болу керек.

- тарату комиссиясы жіберген өкілдердің қатысуымен еңбекақыны татару керек;

- еңбек ақыны таратып болған соң комиссия өкіліне сәйкесті анықтама жасап беруі қажет.

Алайда ЖРЭП№1 тарату жөніндегі директор А Қарағанды қаласы ЭРПЛ экспертінің 08.04.2002 жылғы №691/92 және 27.05.2002 жылғы № 1646/92 қорытындысына сәйкес 2001 жылдың мамыр айынан бастап, 2001 жылғы желтоқсан айын қоса есептегенде ЖРЭП №1 –дегі бухгалтерлік есеп жүргізу үшін өкілетті адам бола отырып, ЖРЭП -1 жұмысшы қызметкерлерінің еңбек ақысын тарату жөніндегі төлем ведомстволарында мерзімі мен жалпы сомасын көрсетпеген және оларды бекітпеген. Төлем ведомостары мен шығыс кассалық ордерлерді штамппен немесе күнін көрсетіп «алынды» немесе «төленді» деп өз қолжазбасымен , қол қоя отырып белгі соқпаған.
30.03.2001 жылдан бастап касалық кітап жүргізілмеген. Кассалық есеп беру және бухгалтерлік есепке алу регистрі жасалынбаған, сол арқылы бухгалтерлік есеп ережесін бұзып, Қарағанды қаласындағы ЖРЭП№1 кәсіпорнына ірі көлемдегі зиян келтірілгені көрсетілген:


  • «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы» Заңына және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда бухгалтерлік есепке алудың № 24 стандартына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізудің сақталмауынан;

  • 08.09.1997 жылғы № 298 «Кассалық операция жүргізу ережелерінің» 6.10 пунктінің «В» және «Г» тармағының және 3 тараудың 3.9 пунктінің орындалмағандығынан.

Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы Ленин сот учаскесінің

03.09.01 жылғы үкімімен, Ш деген азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 176 бабының 3 бөлімі «Б» пунктімен, 218, 314 баптарымен сотқа жолданғандықтан, ҚР Қылмыстық Кодексінің 176 бабының 3 бөлімі «Б» пунктімен, 218, 314 баптарымен материалдық жауапкершілікке байланысы бар лауазымға тұру құқынан 3 жыл бас бостандығынан айырып, режимдегі түзету колониясында қылмысын өтеуге сотталды, ҚР Қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша сотталғанның табысы мөлшеріндегі 3 айлық мүгедектік жәрдемақысы 8700 теңге айып түрінде, № 314 бабы бойынша сотталғанның табысы мөлшеріндегі 2 айлық мүгедектік жәрдемақысы 5800 теңге айып салынды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 58 бабы бойынша жалпы режимдегі түзету колониясына 5 жылға бас бостандығынан айыруға соңғы жаза берілді .

Мерзімі өткенге дейінгі қаржылық және басқа да есепке алу немесе есеп беру құжаттарын жою тәрізді бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу бойынша ең аз үлесі 8 пайызын құрайды.

2-3 кестеде бухгалтерлік есепке алу және есеп беру бойынша құжаттардың сақталу мерзімдерін келтіріп отырмыз:


Бухгалтерлік есепке алу және есеп беру құжаттарының сақталу мерзімдері

2-3 кесте



Құжаттардың аталуы

Сақталу мерзімі

1

Ұйымның бухгалтерлік есептері мен баланстары және оған түсініктемелер:

А) жылдық қорытындылар (жинағы)

Б) Жылдық есептер

В) Тоқсандық есептер



Үнемі


Үнемі

5 жыл


2

Кассалық, банктілік құжаттар, банкінің талап қағаздары мен аударма – төлем талаптары, банкілік құжаттар көшірмелері, жұмысқа толтырылған нарядтар, табельдер, мүлік пен материалдарды қабылдау, өткізу, есептен шығару актілері, тауарлар мен материалдарды есепке алу, аванстық есептердің квитанциялары мен накладнойлары

5 жыл


3

Тұлғалық жеке есепшоттар:

А) жұмысшылар мен қызметкерлер

Б) Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алатындар

75 жыл


5 жыл

4

Есептік (есептік-төлем) ведомостары

5 жыл

5

Инвентарлық (мүлікті есепке алу) карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтарды есепке тіркеу кітабы

5 жыл


6

Есептік регистрлер (тіркеулер) (негізгі кітап, ордерлер журналы, есепке алу және есептен шығару қағаздары)

5 жыл

7

Көмекші және бақылау кітаптары, журналдар, картотекалар, кассалық кітаптар, айналым ведомостары

5 жыл

8

Есепшоттарды, кассалық ордерлерді, сенімхаттарды, төлем қағаздарды тіркеу журналдары, кітаптары

5 жыл

9

Құнды металдар, алмаздар мен басқа құнды заттардың кірісі мен шығысын және қалдығы туралы мәліметтер, есептер беру

5 жыл

10

Еңбекақы қорын есепке алу, оларды бөлу туралы, еңбекақы бойынша артық жұмсалуы, қарыз болуы туралы, еңбекақыдан және әлеуметтік қамсыздандырудан ұсталынған қаржылар туралы, демалыс күні жұмыс жасағыны үшін, еңбек демалысына байланысты төленетін қаржылар туралы мәліметтер жинау

5 жыл

11

Жәрдемақы туралы, зейнетақы туралы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың жұмысқа жарамсыздық қағазы туралы құжаттар (есеп көшірмелері, хаттамалар мен қорытындылар)

5 жыл

12

Орындау қағаздары

5 жыл

13

Несиеге алынған тауарлардың талап-міндеттемелері, талаптар мен міндеттемелер жөніндегі қатынас қағаздар

5 жыл

14

Дебиторлық қағаздар, жетіспеушілік, мақсатсыз жұмсау және ұрлау (жымқыру) мәселелері жөніндегі құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, қатынас қағаздар)

5 жыл

15

Салықтың, кассаның дұрыс сақталуын , т.б. тексеру актілері

5 жыл

16

Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің құжаттарын ревизиялау актілері, оған қосымша құжаттар (анықтамалар, мәліметтер, түсіндірме жазбалар)

5 жыл

17

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау ведомостары

5 жыл

18

Материалдық жауапкершілік жөніндегі құжаттар

5 жыл

Бұл тізім қаржылық, бухгалтерлік құжаттардың барлық кешенін қамтымайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі және ҚР Орталық мемлекеттік архиві бірлесіп, қаржы және бухгалтерлік құжаттардың сақталу мерзімі көрсетілген тізімін жасаудың қажеттілігіне мұқтаж болып тұрған шақта, бұл мәселелерді шешудің маңыздылығы зор.

Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзатын субъектілерді анықтайтын белгілер: Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі – бұл заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасап, заңда көрсетілген жасқа толған және бұл үшін қылмыстық жауапкершілікті өтей алатын жауапқа қабілетті жеке тұлға. (ҚР ҚК-нің 14 бабы) .

Қылмыс субъектісінің маңызды шарттарының бірі - қылмыс жасаған адамның жауап беруге қабілеттілігі, яғни қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттерді жасау кезіндегі адамның жеке қабілеті, өзінің жасаған әрекетінің қоғамға қауіпті екенін саналы түрде түсіне алатын және ол әрекеті үшін жауап бере алатын құқықтары болып табылады.

Қылмыс субъектісінің басқа да міндетті шарттарының бірі - жеке тұлғаның қылмыс жасаған сәтте заң бойынша белгіленген жасқа толған болуы тиіс.

Өзінің іс-әрекетінің дұрыс еместігін саналы түрде сезінуі және осы әрекетті жасауға баруы психикалық жағынан тек сау адамдарда белгілі бір жасқа толған да ғана жүзеге асырылады. Бұндай әрекетке барудың ең қолайлы кезеңі 16 жасқа толғаннан кейін қалыптасады.

Қылмыс заңдары белгілі бір жасқа келген, жауап беруге қабілетті жеке тұлғалардың барлық субъектілерін емес, сонымен бірге айрықша қосымша белгілері бар, ҚР Қылмыстық Кодексінің Арнаулы бөліміндегі нормаларға сәйкес келетін, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тарту мүмкіндігіне ие екендігі қарастырылады.

Б.А. Куриновтың пікірі бойынша, «субъектінің тек жалпы белгілерімен ғана емес, сонымен қатар, тек өздеріне ғана тән, негізінен, олардың кәсібіне, лауазымдық жағдайына, кәсіби және атқаратын қызметіне қатысты қосымша белгілермен анықталатын» адамдар деп танылады.

Д.Сәрсенова арнайы субъектіні «субъектінің жалпы белгілерімен қатар қосымша заңды белгілері бар тұлға » ретінде анықтайды және арнайы субъектінің белгілерін анықтауға қатысты төмендегі классификацияны ұсынады:

1. Тұлғаның әлеуметтік рөлін анықтайтын, құқықтық жағдайы:

- азаматтығы;

- лауазымдық, қызметтік жағдайы;

- атқаратын қызметінің түрі, кәсібі, қызметінің негізі;

- сот процесіне қатысуы, сотталғандығы;

- әскери қызметке қатынасы;

- бұрын сотталғандығы;

- сотталуының қанша рет болуы;

2. Тұлғаның физиологиялық және демографиялық қасиеттері:

- жасы,

- жынысы;



-денсаулық жағдайы;

3. Субъектінің жәбірленушімен өзара қарым-қатынасы жағдайы:

- туыстық қатынасы;

- қызметтегі қатынасы және басқаларға тәуелді болуы қатынасы;

Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзатын қылмыс субъектісі деп жасы 16-ға толған, ісіне жауап беруге қабілетті жеке тұлғаны айтамыз. Қалыптасқан тәртіп бойынша, олар ұйымның басшылар немесе иелері (тең иелері), бас бухгалтерлер, қаржылық-банкілік және есептік құжаттарға қол қою құқығы бар , бухгалтерлік есеп жүргізуге, есеп беруге жауапты басқа да адамдар болып табылады. Кәсіпорынның иесі, ұйым бастығы немесе бас бухгалтер міндетін атқарған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтуіміз керек.

Құжаттарды өз уақытында әрі адал толтыру, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есепте көрсету, құжаттарға барлық мәліметтерді дұрыс анық толтыру ісін құжаттарды дайындап, оған қол қойған адам ғана өз жауапкершілігіне алады. Сондықтан басқа адам (экспедиторлар, сатушылар, кассирлер) тек қылмысқа қатысушылар ретінде көрсетіледі.

Егер басшылар өзіне қарасты қызметкерлерді салық, статистикалық және басқа да органдарға тапсырылатын құжаттарға жалған мәліметтер толтыруға және қол қоюға мәжбүрлесе , онда арандатушы ретінде қылмыстық жауапкершілік қосымша қаралады.

Ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы мәліметті қасақана бұрмалауға өзара келіскен жағдайда басшылар мен бухгалтерлік есепті жүргізуге және ол туралы есеп беруге жауапты басқа да адамдар қылмыс жасаушылар ретінде жауапкершілікке тартылады. Қылмыс субъектісінің осылайша жауап беру жағдайы - өзінің іс-әрекетінің нақты түрін және қоғамға қауіптілігін саналы сезінуі соған жауап беруі деп саналады. Бұл жағдайда құжаттардағы мәліметтерді қасақана бұрмалаушылық немесе бухгалтерлік есеп жүргізуді бақылауға немқұрайлы қараушылық болып табылады. Жауапқа қабілеттілік бухгалтерге тығыз байланысты, егер ол тәртіп бұзса немесе басшыға байланысты, егер ол өз кәсіпорнындағы бухгалтерлік есептің бұзылуына жол берсе.



Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бұзудың субъективтік жағы

Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыс жасау барысында адамның психикалық қызметін анықтайтын қылмыс құрамының ішкі жағы.

Қылмыстың субъективтік жағына кіретіндер: қылмыстың кінәсі, мотиві және мақсаты. Қылмыстың субъективті жағын, қылмыс жасаудағы кінә, мотив және мақсат түрлерін дұрыс қоя білудің үлкен мәні бар, ол қылмыстық әрекет пен қылмыстық емес әрекеттің шегін ашуға, қылмысты дәл анықтауға, объективтік жағына қарай бір біріне ұқсас қылмыс құрамын анықтауға және жазаны даралауғат мүмкіндік береді.

Субъективтік жақтың ядросы кінә болып табылады. Ол адамның қоғамға қауіпті әрекет жасағандағы және одан болған себептерге психикалық қатынасы ретінде анықталады. Психикалық қатынас ретіндегі кінәнің элементтері мазмұн құрайтын сана және ерік болып табылады. Интеллектуалдық және еріктілік сәттерінің әртүрлі құрылымдары кінәнің екі формасын – ниет пен байқаусыздық әрекеттерін құрайды. Олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 20,21 баптарында нақтыланған.

Өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезінуі, қоғамға қауіпті салдарлардың болу мүмкіндігін және оны болдырмауды алдын ала көре отырып, қылмыстың болуына саналы түрде жол беруі немесе сол қылмыс салдарын болдырмауға немқұрайлы қарауы кінәнің әдейі ниетті түрде жасалу формасын құрайды.

Кінәнің байқаусыз жасалу формасы , адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті қылмыс салдарының басталу мүмкіндігін алдын ала біледі, алайда оларды болдырмауға жеңіл-желпі қарап, яғни аса мән бермеу себептерінен болады. Немесе қоғамға қауіпті қылмыс салдарын жеткілікті байқамай, көрмей қалу себептерінен болады.

Біз қарастырып отырған қылмыстың субъективті жағы, ең алдымен тура немесе жанама мағынада айқындалады. Кінәлі адам бухгалтерлік есеп ережесін бұзғанын түсінеді, ол ірі көлемде зиян келтірудің мүмкін екендігін және болдырмау жақтарын алдын ала көреді, өзі сол қылмыстың басталуына ықыласты болады немесе соған жол береді.

Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың мақсаты мен мотиві – пайдакүнемдік және өзінің мүддесі үшін жеке қызығушылық. Бұл қылмыстың кінәсі – кінәлі адам өз әрекетінің, ұйымның одан арғы қызметіне кері әсерін тигізетінін, оның әлеуметтік мәнін түсінетіндігінде, яғни пиғылы тура көрінетіндігінде.

Кейбір жағдайларда бұндай қылмыстар барысында кінә формасының байқаусыздық түрі де болуы мүмкін. Байқаусыз қылмыстардың жасалуы көп жағдайда адамның жекелеген категорияларының ойсыз, тәртіпсіз болуынан, салғырттығынан, әр іске немқұрайлы қарау салдарынан, олардың өзіне жүктелген кәсіби және басқа да міндеттері мен қызметін орындау талаптарына салғырт қатынас жасауынан деп түсіндіріледі. Кінәнің осындай формасы, өзінің лауазымды ісіне немқұрайлы қатынас жасаған бас бухгалтерлердің лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамауынан келіп туындайды, яғни есеп беру мәліметтерін, бухгалтерлік есеп ережелерін бұрмалауға жол беретін , есеп процесіне жүргізілетін бақылау деңгейін төмендетіп алған бухгалтерлердің салғырт ісінен болады. Немқұрайлылыққа апаратын еріктілік факторы, лауазымды адамның нақты мүмкіндігі бола тұрып, өз әрекетіне қылмыстық салдарларды дер кезінде жоймай, түземей, қылмыстың болуына өзі байқаусызда итеретін жағдайларда көрінеді. Бұл фактор тек басшының ғана емес, бүкіл кәсіпорынның мүддесін қорғауға міндетті ішкі шаруашылық бақылауға селқос қараудан көрінеді. Субъектінің өз іс-әрекетіндегі салдарды алдын ала білу мүмкіндігі объективті және субъективті критерийлерді пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Ұқыпсыздықтың объективті критерийлері лауазымдық қызмет барысындағы түсініспеушілікке негізделеді, яғни адамның қоршаған ортаға залалын тигізетін оқиғалардың өріс алуы мен дамуын алдын ала білу мүмкіндігіне міндеттеледі. Әдетте бұндай міндет адамға заңмен немесе заңдастырылған лауазымдық , кәсіби актілермен бекітілген статусына басқа да міндеттелген өкілеттіліктерге байланысты болады.

Бухгалтерлік есептердің дұрыстығына бақылау жүргізуді жүзеге асыру міндеттілігі туралы бас бухгалтер немесе басшының белгілі статусы (мәртебесі) бар. Жеке тұлғаның қоғамға қауіпті салдарларды алдын ала білуі, бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізу заңдылығын бұзу, тек болуы мүмкін салдарлардың нақты белгілерін алдын ала біліп қоймай, керісінше, оның әлеуметтік мәнін, бүкіл есеп циклінің бұзылуына, заңға қарсы әрекеттердің пайда болуына, яғни кәсіпорынға қанша зиян келтіретінін түсінуі керек. Бұл жерде мүмкіндіктің шектелуі мен шарасыздық жағдайлар туындайды. Қылмысты мақсатты түрде, біле отырып жасау – шарасыздық, ал байқаусызда немесе салақ қатынас жасау – қылмыс мүмкіндігі.

Сонымен, объект, объективтік жақ, субъект, субъективтік жақ деп танылатын төрт элементтен тұратын қылмыс құрамы бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудағы қылмыстық жауапкершіліктің бір ғана негізін құрайды. Қылмыстық жауапкершіліктің ең нақты айқындалуы мен көрінісі Қылмыстық жауапкершіліктің ең нақты айқындалуы мен көрінісі жасалынған іс-әрекет үшін қылмыстық жазаның нақыт шаралары ретінде көрініс табуы. Сонымен қатар, талдау нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық жазаның көлемі мен түріне бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу қылмыстық дәрежесі мен сипаты толық сәйкес келе бермейді. Заң шығарушы бұл қылмысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 128 бабында көрсетілген ауыр емес қылмысқа жатқызып, оған ең жоғарғы жаза ретінде бір жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасын шешу керек. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуға бейім адамдарға , бұл жаза жалпы алдын ала ескерту ретінде ықпал ете қояр ма екен? Екінші жағынан жазаның бұндай мерзімімен кез келген қылмыстық жазаның негізгі мақсаты ретінде әлеуметтік әділеттілік орнайтынына сенім бар ма? Ал бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудан келген шығын, көбінесе қоғам, мемлекет мүддесіне ірі көлемде зиян келтіретін ауыр пайдақорлық, жемқорлық қылмыстарымен тікелей байланысты.

Бұдан басқа, санкция проблемасы қоғамға қауіптілігі жағынан деңгейі мен дәрежесі шамалас әртүрлі іс-әрекеттерге сәйкес жүйелі түрде шешілуі тиіс. Сонымен бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу - өз мүддесіне пайдаланудың алуан түрлі әрекеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу түріндегі қылмыс құрамы үшін белгіленген қылмыстық жаза (ҚР ҚК 218 бабы) ҚР ҚК-нің «Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар» туралы 8 тарауындағы лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдаланушылық үшін белгіленген жазамен түйісіп, оған да ең жоғарғы жаза сегіз жыл бас бостандығынан айыру берілуі тиіс.

Бұл орайда мынадай маңызды жағдайды ескеру қажет. Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша сот практикасының материалдарын талдауы көрсеткендей аса көп жағдайларда бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу бірнеше мыңдаған , миллиондаған шығыны бар, өте ауыр қылмыстар, жемқорлық, тіпті кейде ұйымдасқан формада қылмыс жасау құралы рөлін көрініс тауып отырады. Осы позицияда ҚР ҚК-нің 218 бабы өте ауыр, жемқорлық қылмыстарды болдырмаудың арнайы профилактикалық бабы болып табылады. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу фактілерін алдын ала тергеу органдары мен сот талқылауы жемқорлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын басқа да баптарымен бірге айқындайтындығы кездейсоқтық емес.

Сонымен қатар, сот органдарының бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық Кодекстің баптарын, бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу кезіндегі есеп қызметкерлерінің әрекеті деп танитын жағдайлар да аз емес.

Мәселен, алдын ала тергеу органдары бастапқыда 7,5 миллион теңге зиян келтірген Атырау Мемлекеттік университетінің бас бухгалтері А мен оған қатысушыларды ҚР ҚК-нің 218 бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартты. Алайда, сот органдары, кейін сотталғандардың ісімен толықтай танысып, ҚР ҚК-нің 235,176,314 баптары бойынша қайтадан анықтады.

Сондықтан бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу сияқты бұндай қылмыстарды біздің ойымызша, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырып, оған қоса екі жүзден бес жүзге дейін (200-500) айлық есептік көрсеткішіне сәйкес айып салынатын орта дәрежелі қылмыстар қатарына жатқызу керек. Негізгі жаза ретінде айыппұл мөлшерін көтеру қажет; ол бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішті құрағаны дұрыс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Строгович М.С. Сущность юридической трветственности // Советское государство и право , 1979, №5.

2.Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность. Очерк теорий.- М.,Городец-издат. 2000.

3.Загородников Н.И. О пределах уголовной ответственности //Советское государство и право, 1967, №7.

4.Общая теория государство и право . Академический курс. Т.2.-М., 1998.

5. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть).- Алматы. Гылым, 1998.

6.Наташев А.Е.,Стручков Н.А. Основы теории исправительно- трудового права.- М., Юрид.лит, 1967.

7.Медведев А.М. Экономические преступления : понятия и система // Советское государство и право, 1992,№1

8. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления.- М., Госюриздат, 1960.

9.Шығыс Қазақстан облысы, Бородулихин аудандық сотының үкімі

10.Қарағанды қаласы, Қазыбек би аудандық сотының 9 қыркүйек 2002 жылғы үкімі

11.Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы Ленин сот учаскесінің

03.09.01 жылғы үкімі

12.Куринов Б.А. Научное основы квалификаций преступлений.- М., Изд-во МГУ, 1984.

13.Сарсенова Д. Уголовное право. Общая часть (Альбом схем).- Алматы : Жеті-Жарғы, 2002.



14.Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының 17 сәуәір 2001 жылғы №22-105/2001 анықтауы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет