Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңы № 234-III, 2007 жыл, 27 ақпан.
Заңды актілер мен Үкіметтің бұйрығы.
Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазіргі таңда 31 стандарт өңделіп бекітілді.
»»;
Аудиттің халықаралық стандарттары. Қазіргі таңда 36 стандарт өңделіп, бекітілді:
Оларға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін бухгалтерлік есептеу есебінің типтік жоспары және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулар.
Субъектінің есеп беру саясаты – бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есепті ашу барысындағы субъектіні басқарушының қолданған тәсілдерінің жиынтығы. Бұған іштей пайдалануға арналған ұйымның жұмыс құжаттары жатады. Қазіргі таңда «Бастапқы құжаттардың типтік формалары» деген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы бекітілді. №128, 19 наурыз, 2004 жыл. (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелген 02.04.2004. №2790).
Бұл құжаттар Қазақстан Республикасында тіркелген барлық шаруа жүргізетін субъектілерге және кәсіпкерлік іспен айналысатын жеке тұлғаларға арналған есептің және есеп берудің біртұтас құқықтық, әдістемелік негізін құрайды. Демек, әрбір субъект таңдаған қызметтік бағытына қарамастан оның әрекетін мемлекет төңірегінде реттеп отыратын заңдарды, басқа субъектілер алдында және мемлекет алдындағы құқықты, заңды жауапкершілікті сақтауға міндетті.
Сонымен, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін барлық бухгалтерлік есеп саласында ереже бұзу қылмыстарын жоюға арналған амалдар жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Біздің ойымызша, бухгалтерлік есеп, жүйе ретінде, яғни нақты бір формалар мен мазмұнның элементтер жиынтығы ретінде танылады. Олар өзара бір бірімен тығыз байланысқан және кейбір реттелген қатынастар негізінде біріктірілген жүйе ретінде танылады. Бухгалтерлік есеп жүйесінің мынадай элементтерін анықтауға болады: ақпаратты, есепті сақтаушы, екі көшірме, шаруашылық операцияларға берілген баға, калькуляция, инвентаризация, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бухгалтерлік есепті тіркеу, есеп алу формасы, ақпаратты өңдеу тәсілдері, тағы да басқа.
Әрбір мемлекет кәсіпшілік қызметті басқару мен бақылау мақсатында шаруашылық есеп жүйесін жүргізеді. Қазақстанда бұндай жүйені құрайтын басты элементтер қатарына бухгалтерлік, статистикалық, жедел – техникалық есеп түрлері жатады.
Бұл есеп түрлерінің барлығы үздіксіз бір бірімен байланысты және өзара бірін бірі толықтырып отырады, бірақ басты үстемдік мәртебесі бухгалтерлік есеп иелігінде болады.
Оны былай түсіндіруге болады, ақшалай баға берілетін шаруашылық операцияның бүкіл үздіксіз орындалу тәртібін бухгалтерлік есеп қана қамтамасыз ете алады.
Есеп беру жүйесін ұйымдастырудың мәні бір мақсатқа бағытталған тәртіптілікті және оның әдістері мен технологиясын жүзеге асыруымен, сондай-ақ ақпараттарды жинақтау, оны өңдеу, қорытындылау ісін жүзеге асыруымен көрінеді. Осыған орай, есеп беру жүйесі былай танылады:
есеп берудің процесс ретінде ұйымдасуы;
орындаушылар жұмысының ұйымдасуы.
Ұйымдастыру ұғымын бұлайша ажырату әрбір есеп беру бөлімшелеріне
қатысты бухгалтерлік есеп жүргізу ережелері мәселесінің мәнін жақсы түсінуге мүмкіндік туғызады.
Бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыру жалпы алғанда есеп беру
процессін құрайтын элементтер мен шарттардың жүйесін танытады және субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді өз уақытында алуға мүмкіндік беру мақсатын орындаушылардың, яғни ақпараттарды жеткізуші лердің жұмысын ұйымдастырумен танылады.
Маңызды міндеттердің бірі ретінде есеп беруді ұйымдастырудың формасын анықтау танылады. Бұл міндет ең алдымен орындаушылар арасында бүкіл жұмыс кешенін бөлу құрылымын танытады.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есеп пен аудит методологиясы Департаментінің бұйрығы бойынша (31 желтоқсан, 1997 жыл, № 455) «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» деген бухгалтерлік есеп стандарты бекітілді. Бұл бұйрық 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Онда әр жақты субъектілердің бухгалтерлік қызметін ұйымдастыру тәртібі анықталған және оны жүзеге асырудың негізгі міндеттері көрсетілген. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ісіне ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның бастығы жауап береді.
Есеп құрылымын ұйымдастыру – күрделі процедура. Қазіргі таңда
есепті ұйымдастыруға арналған ғылыми-теориялық құралдар Қазақстанда ғана емес, тіпті бүкіл кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегілерге де жеткіліксіз болып отыр. Бұл жердегі өзекті мәселе - ұйымдастыру объектілерінің дұрыс анықталуы. Осыған орай ұйымдастырудың объектісі ретінде бухгалтерия, яғни бухгалтерлік есепті жүргізетін және ұйымдастыратын есептеу аппараты танылады. Ол басқа бөлімдердің қатарына қосыла алмайды және өз алдына жеке құрылымдық бөлімшелермен жұмыс жасайды.
Бухгалтерия құрылымы өз бөлімшелеріндегі жұмыстың нақты ұйымдастырушылық шарттарымен, есептеу ақпараттарының көлемімен, өз бетінше жедел орындау ісімен, механика құралдарымен, компьютерлік техникамен есептеу аппаратын жүзеге асыру ісімен анықталады.
Қазақстан аймағында 2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылдың 22 маусымындағы № 221 бұйрығымен бекіткен «Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесі » жүзеге асырыла бастады, оларды барлық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер басшылыққа алуы тиіс. Осы Ережелердің әрекеттері төмендегі мекемелерге қолданылмайды :
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы мекемелері мен арнаулы қаржы компаниялары және олардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары;
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен белгілейтін мемлекеттік мекемелер;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес біржолғы талон немесе патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер;
оңайлатылған декларациялар негізінде арнайы салық режимін қолданатын, бірақ жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер;
Ережелер нормативті акт болып табылады және ҚР « Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес құқықтық нормаларды реттейді.
Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес субъектіні басқарушы сол субъектінің талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретін бухгалтерлік есепті ұйымдастыратын есептеу жүйесімен қамтамасыз етеді. (2 тарау, 8 бап.).
1.Басшылық немесе дара кәсіпкер:
есеп саясатын келіседі және /немесе/ бекітеді;
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және ұйымның жарғысымен /ережесімен/ бекітіледі.
2.Басшылық немесе дара кәсіпкер есеп жұмысының көлеміне қарай:
1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құруды;
2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізуді;
3) бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беруді;
4) бухгалтерлік есепті жеке жүргізуді жүзеге асыра алады.
Жария мүдделі ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесі болып табылатын ұйым – шетел институтының мүшесі бухгалтерлік ұйымға теңестіріледі.
Берілген шарттарды жекелеп сипаттауға көшейік:
Заңның бірінші шарты бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыруды
қамтиды, яғни бухгалтерия аппаратының құрылымын және оның аппаратты орталықтандыру жолымен ұйымның басқа да бөлімдеріне қатыстылығын қамтиды.
Орталықтандыру барысында есеп беру аппараты бас бухгалтердің қарамағына шоғырландырылады және субъектінің басқа жеке бөлімдерден түскен бірінші және топтық құжаттарын өңдейді, ал жеке бөлімшелерде шаруашылық операцияларының алғашқы тіркеулері жүзеге асырылады.
Децентрализациялау кезінде есеп беру аппараты жеке өндірістік бөлімшелерге таратылады. Бас бухгалтер бұл жағдайда жиынтық балансы мен есептілігін құрастырады, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердегі есептің жүргізілуіне бақылау жасайды.
Бұл критерийлер жалпы ереже бұзушылыққа әкеп соқтырады, олардың көпшілігі әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Бюджеттік тәртіпті бұзу тұрғысынан алсақ, ол ауыр бұзушылық критериіне жатқызылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жалпы мазмұнында көрсетілгендей, бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу объектілері 2007 жылдың 28 ақпанында өзгерістер мен қосымша ережелер енгізілу нәтижесінде күшіне енген «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңында көрсетілгендей мекеме, кәсіпорын, ұйымның ведомстволық қажеттілігінен тыс елде (мемлекетте) біртұтас бухгалтерлік есепті басқару ісі болып саналады.
Сонымен «бұзу» деген жалпы ұғым арқылы не түсінуге болады? Заң Қазақстан Республикасы заң шығарушы актілерінде көрсетілген заң бұзғаны үшін жауаптылықты танытады, бірақ «бұзу» ұғымын нақты қарастырмайды. КоАП 28 бабында ғана «әкімшілік құқық бұзушылық қатарына құқыққа қарсы тұрған, айыпталған (қасақана және байқаусызда) әрекеттер немесе жеке және заңды тұлғаның құқық бұзушылық әрекетсіз ісі» көрсетілген.
Сонымен бухгалтерлік есеп ісіндегі құқық бұзушылық ұғымын анықтап, оған криминологиялық сипатта түсінік беруге мүмкіндік туды.
Ғылыми еңбектерде қылмыстық құқық – бұл қылмыстық әрекет, оған құқық нормалары мен қылмыстық жауаптылық қолданылады деп көрсетіледі. Оларғы жататындар:
а) Заңда қөзделген мәліметтерді құжаттаудан жалтару;
б) есеп беру немесе есепке алу құжаттарына ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы көпе-көрінеу жалған ақпаратты енгізу;
в) ірі зиян келтірген қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау мерзімі аяқт алғанға дейін жойып жіберу;
Мәліметтерді құжаттаудан жалтару деп нормативтік актілермен сәйкес келетін шаруашылық операциялар туралы мәліметтерді бухгалтерлік құжаттарға тіркемеу түсініледі. Бұл жерде мәселенің криминалдық және криминологиялық аспектілері алынған өнімді иемдену мақсатында өндірістік шаруашылық операцияларды қаскөйлік ниетпен жасыру арқылы көрінеді.
Есеп беру немесе есептіке алу құжаттарына ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы көпе-көрінеу жалған ақпаратты енгізу құжаттарға шынайы ақиқатқа сәйкес келмейтін , бұрмаланған мәліметтерді енгізу деп түсініледі. Экономикалық мағынада – бұл толық емес ақпарат, ал криминалистік мағынада – бухгалтерлік есеп ережелерін бұзушының қасақана кінәсі деп танылады.
Қылмыстық бұзушылық материалдық құрамнан тұрады және ұйымға ірі шаруашылық және қаржылық шығын келтіргені белгілі болған кезден бастап аяқталған іс деп саналады. Осылайша, бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзушылықтың кез келген түрі қылмыс деп танылуы мүмкін, бірақ бұл жерде жасалған қылмыстық әрекеттің ауыр/жеңілдігі маңызды. Ол арқылы кінәлі адамға әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық тағайындау шараларының қай түрін қолдану керектігі шешіледі.
Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есептілік үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, жүзеге асырушылық, сенімділік, әділдік, мұқияттылық, салыстырмалылық, кейінгісін бақылаушылық қағидаларына негізделеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі мен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу бабын салыстыру барысында мынадай ой туындады. Шынайы түрде осындай қылмыстық әрекеттерді айыптау дәрежесі заңдық тұрғыдан көрсетілмейді екен. Ал Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы» туралы 179 бабында «егер бұл іс- әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса » деп көрсетілген. Демек, заң шығарушылар бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың тек материалдық жағын ғана ескеріп, қылмыстың формальді жағын ескермеген болып тұр.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі туралы әртүрлі сипаттамаларда қылмыстың формальді белгілері өзінің маңыздылығы мен қажеттілігі жағынан материалдық жағынан кемде кем болмайды.
Заң шығарушы әдетте қоғамға қауіпті әрекеттерге қылмыстық-құқықтық шектеу қояды. Ал қоғамдық қауіптілігі жойылса, онда оның қылмыстық-құқықтық шектеуі де алынады. Дегенмен, мынадай жағдаяттар кездесіп жатады: қылмыстық заң кодексімен қаралған әрекеттер мен әрекетсіз істердің қылмыстық мәні аса үлкен болмаса, қоғамдық қауіпті деп саналмайды, сондықтан ол қылмыстық іс деп танылмайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 19 бабының екінші тармағына сәйкес «объективті айыптауға, яғни кінасыз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді». Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің осы бабындағы үшінші тармақта көрсетілгендей қылмыс жасаған айыпталушы деп тек қылмыстық әрекетті қасақана жасаған немесе абайсыз-да жасаған адамдар ғана танылады.
Дегенмен, айыптау құқыққа қарсы тұрғаны үшін міндетті шарттар қою болып саналады. Субъект ісінде кінәлап, айыптайтын іс жоқ деп тану үшін оның ісінде қылмыстық құқыққа қарсы тұру әрекеттерінің болмағанын дәлелдеу керек. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу әрекеті де қылмыс жасау ойы болған әрекетті білдіреді.
Осы туралы, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзудың объективтік және субъективтік белгілері туралы келесі тарауларда нақтырақ айтылады.
Сонымен, қорыта айтқанда, «бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу» ұғымына толық дәрежеде анықтама беруге болады және оны заң шығарушы, нормативтік актілерде негізделген бухгалтерлік есепті басқару ережелерін ескермей, сақтамайтын айыпты әрекет ретінде қарастыруға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Большой бухгалтерский словарь. Под ред. А.Н.Азрилиана.-М: Институт Новой Экономики, 1999.-С.45.
2. Ришар Ж. Бухгалтерский учет: Теория и практика Пер. С франц; Под ред. Я.В.Соколова.- М.: Финансы и статистика, 2000.- с.28.
3.Словарь бухгалтера. Под ред. Ф.Сейдахметовой.-Алматы , Изд.дом «БИКО», 1998.- С.6.
4.Сейдахметова Ф.С. Основные правила организации бухгалтерского учета ,Учеб.пособ.- Алматы, Изд. «LEM», 2001.-С.31-35.
5. Бухгалтерский учет.- М.: «ПРИБОР», 1995.- С.5.
6.Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңы № 234-III, 2007 жыл, 27 ақпан.
7.Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 маусымдағы №221 бұйрығымен бекітілген)
2-дәріс. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзу жағдайы, динамикасы және құрылымы
Криминология ғылымында қылмыс – қоғам немесе мемлекетте белгілі бір уақыттық кезеңде болған нақты қылмыстық әрекеттердің жиынтығы және ол , негізінен, үш түрлі маңызды көрсеткіштермен анықталады.
Қылмыс әрекетінің көрсеткіштері мыналар: «жағдайы», «динамикасы», «құрылымы».
Қылмыс жағдайы болып өткен барлық қылмыс әрекеттерінің санын есепке ала отырып, қылмысқа қатысқан тұлғалардың, кінәлі адамдардың әрекетімен анықталады. Қылмыс жағдайын абсолюттік тұрғыдан және коэффициенттік тұрғыдан анықтауға болады.
Болған қылмыс әрекеттерінің жалпы санын анықтауда мыналарды ескеру керек:
А) үкім шығарылып, іс аяқталған қылмыс түрі;
Б) кінәлі тұлғалар, яғни айыпталушылар қылмыстық жазадан, жауаптылықтан ақталып босатылған (амнистияға сәйкес, жазасын өтеу тәртібіне орай, әкімшілік, қоғамдық ықпалдарға сәйкес жазасын жеңілдету) қылмыс түрі;
В) қылмыстың болғанын дәлелдейтін нақты дейектемелері бар, бірақ ашылмай қалған қылмыстық іс түрі.
Қылмыскерлердің жалпы санын анықтауда мыналар ескерілуі керек:
А) сотталған адам туралы толық мәлімет;
Б) қылмыстық жазадан немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ақталғандығы туралы мәлімет.
Қылмыс жағдайы тек қылмыстық әрекеттің өту барысын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар мемлекет пен қоғамдағы қылмыстық әрекеттерге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыруда да септігін тигізеді.
Өкінішке орай, қылмыс жағдайын анықтау тәжірибесінде ашылмай қалған қылмыстық іс туралы мәліметтерді жиі қолдана бермейді.
Қылмыс жағдайының маңызды да жалпы көрсеткіші – қылмыстың коэффициенті мен индексі. Бұл арқылы қылмыстық әрекеттердің жалпы саны мен оған қатысушыларды, қылмыс жасағандардың қоғамның (мемлекет) белгілі бір массасына кедергі әсер беруі анықталады.
Қылмыс жағдайы қылмыс динамикасымен де сипатталады. Қылмыстың динамикасы (немесе қозғалысы) әрқашан әрекет үстінде болады, себебі ол болған қылмыстық әрекеттердің санын, қылмыс жасаушылар мен оған қатысушылардың бір уақыттық кезеңнен екіншісіне ауысқандағы әрекетін, белгілі бір әрекеттердің түрін немесе қылмыстық топтардың қозғалысын көрсетеді.
Қылмыс динамикасы бірнеше факторларға қатысты болуы мүмкін. Оның ішіндегі ең негізгі деп саналатын екі түрі бар: әлеуметтік және құқықтық.
Қылмыс динамикасының әлеуметтік факторы – бұл ең біріншіден, объективті және субъективті жағдаяттарға байланысты болатын қылмыстық әрекеттердің болу шарттары мен себептері.
Қылмыс динамикасының әлеуметтік факторына сонымен қатар қоғам немесе мемлекеттегі халықтың демографиялық жағдайы, урбанизация (қалаға шоғырлану) факторы, миграция, т.б. жатады.
Қылмыс динамикасының құқықтық факторы жазалау шараларына қатысты айыптаушылық және оны одан әрі кеңейту сферасын қарастыратын заңдарға, қоғамдық қатерлі шаралар классификациясына түрлі заңдарды, өзгерістерді, толықтыруларды енгізу және қабылдаумен анықталады.
Қылмыс динамикасына мыналар ықпал етуі мүмкін: қылмыстық әрекеттерді тіркеу және оның жағдайының есебі; мемлекет қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдарының (істі тергеу, сот) қылмыс пен қылмыскер ісін анықтау, айыпталушыны өз уақытында жауапқа тарту, жазасын беру, тәртіп түзеу мекемелерінің қарқынды әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарының нәтижелі, әсерлі деңгейі.
Қылмыстың маңызды көрсеткіштерінің бірі оның құрылымы болып саналады. Ол криминология саласында белгілі бір ел, мемлекет, аудан, аймақ, облыс, қала төңірегінде болған қылмыстардың немесе белгілі бір уақыт кезеңінде, нақты тарихи сәттерде болған қылмыстардың түрлерге, топтарға, класстарға жіктелген жиынтығы ретінде танылады. Осыған орай, қылмыстың түрлері немесе топтары топтасқан белгілеріне қарай өзара бірігеді. Олардың негізгі белгілері – әлеуметтік-демографиялық (жынысы, жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы, т.б.), қылмыстық-құқықтық (айыбының формасы, қылмыстық әрекеттерінің мотиві, ауыр қылмыс деңгейі, қылмысты ұйымдастыру мен қарулану дәрежесі, т.б.) және криминологиялық (халық шаруашылығы салалары, қылмыскердің қылмысқа мотивациялық бағытталу тұлғасы, қылмыстық оқиғаның болған жері мен уақыты, т.б.). Дегенмен, қылмыстық әрекеттердің құрылымы сапалық дәрежесімен ерекшеленетін болғандықтан, құрылымның басты белгісі қоғамдық қауіп-қатер болып танылады. Сондықтан қылмыстық құрылымның белгілері ерекше ауыр қылмыс, ауыр қылмыс, ауырлығы орташа қылмыс, онша ауыр емес қылмыстарға сәйкес сипатталады. (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі. 10 бап.).
Қылмыстық-құқықтық белгілер. Қылмыстық құрылым Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі тараулары (баптары) бойынша, қылмыскер айыбының (кінә) формасы бойынша, жазалау деңгейі бойынша, қылмысқа қатысу формасы бойынша, қылмыс жасаушы субъектінің ерекшеліктері, қылмысты қайталауы бойынша анықталады.
Қылмыстық құрылымның криминологиялық белгілеріне: кеңістік белгілері (қылмыс әрекеті болған жер), қылмыс болған уақыт, қылмыс пен оның механизмдері қозғалған қоғамдық өмір мен мемлекеттік әрекеттер аймағы.
Қылмыстық оқиғалардың таралу дәрежесі: аса көп таралған, өте сирек таралған, тең дәрежеде таралған немесе тұрақты таралған деп бөлінеді.
Криминологиялық белгілері бар қылмыстық құрылым қарумен (қару-жарақ құралдары, суық қару) болған қылмыс бойынша және қылмыскер-субъектінің тұлғалық ерекшеліктері (әлеуметтік-демографиялық, психологиялық, адамгершілік, тәрбиелік, құқықтық, т.б.) бойынша анықталады.
Бухгалтерлік есеп тәртібін қылмыстық бұзу жағдайы мен құрылымын анықтауда да осы ерекшеліктерді ескерген дұрыс.
Біріншіден, бухгалтерлік есеп тәртібін бұзу есеп беру және қаржылық есептілік жүйесінде жеке қылмыс ретінде құқық қорғау органдарында, ҚР прокуратура органдарында экономикалық қылмыс түрлері арасында аса ерекше көріне бермейді. Себебі осы қылмысқа қарсы жазалау шараларын қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218-ші бабына ұқсас бұрынғы Кеңес Одағының қылмысқа қарсы заңдарында мүлдем болған жоқ, ал Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет 1998 жылы Қылмыстық Кодексіне енгізілді. Осы жүйеге ұқсас жаңа қылмыстық заңдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде тек Қырғызстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде диспозициялар мен санкциялар құрылымындағы ерекшеліктерімен 1998 жылы енгізілген болатын. (Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексі, 187 бап.).
Екіншіден, белгілі болған мәліметтер бола тұрса да, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу қылмыс ретінде жасырын (латентті) болып саналады.
Қазақстанда соңғы сегіз жыл көлеміндегі жалпы қылмыстық әрекеттер Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің мәліметтері бойынша жылына шамамен 118385-тен 152168 –ге дейін болатын қылмыс көрсеткішін көрсетіп отырады. Әрбір жыл жеке бақыланғанда, қылмыстық оқиғалардың саны 2001 жылы – 152168 –ға өсті. Қылмыс деңгейінің төмендеуі 2003 жылы анықталды, бұл жылы 118435 қылмыс тіркелген екен. (1.1 кесте).
Осыған орай, экономика саласындағы қылмыстық жағдайлардың соңғы 8 жылдағы көрсеткіші мынадай: 1998 жылы – 10057 қылмыс, 1999 жылы – 12502, 2000 – 15609, 2001 жылы – 14741, 2002 жылы – 15099, 2003 жылы – 12687, 2004 жылы – 10032, ал 2005 жылы - 8832 қылмыс тіркелген екен.
Кесте 1.1
Қазақстан Республикасы бойынша 8 жыл (1998-2005ж.ж)
ішінде тіркелген қылмыстар туралы
Мәлімет
|
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
1. Тіркелген қылмыстар:
|
142100
|
139431
|
150790
|
152168
|
135151
|
118485
|
143550
|
146347
|
а) Оның ішінде сотқа берілгендері:
|
85986
|
88491
|
105111
|
106729
|
96842
|
85113
|
77015
|
74240
|
2. қылмыс жасаған тұлғалар анықталды,
Оның ішінде:
|
89296
|
97531
|
100257
|
103471
|
96386
|
80932
|
73925
|
80210
|
а) жауапқа тартылғандары:
|
81521
|
81124
|
92992
|
91250
|
84673
|
72127
|
61069
|
57902
|
3) халықтың саны,
мың. адам
|
15188
|
14958
|
14896
|
14842
|
14821
|
14954
|
15010
|
15140
|
4) 10 мың халыққа есептегендегі қылмыстың саны:
|
93,5
|
93,0
|
101,2
|
102,5
|
91,2
|
79,3
|
95,6
|
96,7
|
Жоғарыда көрсетілген жыл кезеңдерінің ішінде Қазақстан Республикасында тіркелген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы саны 15609-дан 8832-ға төмендеген (2000 жылға шаққанда 44%). Қазіргі таңда заттық-ақшалай қатынас қызметі саласының кеңеюіне байланысты аса қауіпті қоғамдық қатері бар және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай шығын келтіретін экономикалық қылмыстардың саны едәуір күрт өсіп кетті. Бұл айтылғандарды Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ресми мәліметтері арқылы дәлелдеуге болады.
Бөтен біреуге тиісілі мүлікті иелену немесе шығындау (жұмсау) әрекеттері 2103-тен 2654 оқиғаға дейін (1,3 рет) өскен, мекеменің салығын төлеуден жалтару жағдайы – 142-ден 292-ге дейін өскен, алаяқтық – 3074-тен 7086-ға дейін (2,3 рет) оқиға тіркелген, заңсыз несие алу және оны мақсатсыз қолдану оқиғалары – 15-тен 100-ге дейін (6,7 рет) тіркелген, т.б.
Бір ғана Қарағанды облысының салық (қаржы) полициясы органдарының 1998 жылы тіркеген қылмыстарының барлығы дерлік экономика саласындағы қылмыстар: бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабы) –7, оның ішінде сотқа тартылғаны – 2, әртүрлі себептерге сәйкес тоқтатылған немесе аяқталған қылмыстық істер саны – 5, 1999 жылы – 7,1 және 6, 2000 жылы – 23,5 және 18, 2001 жылы – 46,7 және 39. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің басқа да баптарына сәйкес қозғалған ірі көлемде ақша ұрлауға қатысты және бухгалтерлік құжаттарға жалған мәліметтер енгізуге қатысты 35 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде сотқа тартылғаны – 8, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 50 тарауы, 1 бабы бойынша тоқтатылған қылмыс – 3, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 37 тарауы, 1 бабы бойынша жабылған қылмыс – 24.
Мысалы, Қарағанды қаласының Октябрь халық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша «Авторпарк №2» ААҚ-ның бас бухгалтері В. деген азамат сотталды. Оған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін қасақана бұзған, Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылатын мәліметтерді жалған құжаттандырған, осы әрекеттердің қорытындысында мекемеге өте үлкен зиян келтірген деген айып тағылды.
Келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың көрсеткіші (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 7 тарауы) және оның әртүрлі ерекшеліктері біршама өзгеріске ұшырады, сондықтан оны заңды әрі объективті деп айтуға болады ма? Бастысы, бұл бір қылмыстық іс бойынша жүргізілетін құқық қорғау әрекеттері нәтижесінің өзгермелілігі мен жасырын жүргізілу деңгейінің үнемі тұрақсыз, құбылмалы болуымен байланысты.
Қылмыстық әрекеттер құрылымы бойынша жоғарыда көрсетілген жыл кезеңдеріне сәйкес экономикалық қызмет саласында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу түріндегі қылмыс (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабы) мынадай динамиканы көрсетеді: (1.2 кесте)
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі жаңадан енгізілгеннен кейінгі соңғы 8 жыл ішінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу тұрғысында 1161 қылмыс тіркелген, оның ішінде 350 қылмыстық іс сотта қаралған.
1998 жылдан 2000 жылға дейін және 2002 жылы тіркелген қылмыстық әрекеттердің өсу деңгейі бақыланды (1998 жылы – 16, 1999 жылы – 84, 2000 жылы – 182, 2002 жылы – 206), ал 2005 жылы қылмыстық әрекеттер 139-ға күрт азайды.
Кесте 1.2
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзуға қатысты 8 жыл ішінде (1998-2005ж.ж) тіркелген қылмыстық әрекеттер туралы
Мәлімет
|
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
барлығы
|
1. Тіркелген қылмыстар:
|
16
|
84
|
182
|
175
|
206
|
176
|
183
|
139
|
1161
|
а) оның ішінде сотта қаралғандары:
|
3
|
16
|
38
|
41
|
42
|
52
|
70
|
88
|
350
|
2. Қылмыс жасаған тұлғалар анықталды, оның ішінде:
|
2
|
34
|
40
|
70
|
88
|
26
|
40
|
36
|
336
|
а)жауапқа тартылғандары:
|
1
|
7
|
15
|
16
|
25
|
20
|
12
|
12
|
108
|
Дегенмен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабы бойынша сотта қаралған қылмыстық істердің өсу деңгейі бақыланып, мынадай көрсеткішті берді (1998 жылы – 3, 1999 жылы – 16, 2000 жылы – 38, 2001 жылы – 41, 2002 жылы – 42, 2003 жылы – 52, 2004 жылы – 70, ал 2005 жылы – 88) .
Осы бап бойынша, көрсетілген жыл кезеңіде қылмыс жасаған тұлғалардың саны – 336 адам болды (әйелдер саны – 138), оның ішінде жауап тартылғандары – 108 адам.
1.2 кестедегі тіркелген қылмыстық әрекеттер туралы мәлімет бухгалтерлік есеп тәртібін бұзу қылмысының шынайы квалификациясын көрсетіп тұр.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары (алдын ала тергеу, сот органдары) тәжірибесіндегі бухгалтерлік есеп тәртібін бұзудың ақиқат фактілері басқа да пайдакүнемдік қылмыс түрлерінің жалпы жиынтығын айқындап көрсетеді (мысалы, ұрлау, алаяқтық, ,басқару тарапынан қысым жасалуы, қызметтік міндеттерге жауапсыз қарау, өзара сыбайластық немесе топтық қылмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, қылмыстық ұйымдарға қатысу, басқару қызметтерін арамдықпен жалған пайдалану, қызметтік жасанды алдау іс жүргізу, жалған құжат жасау, жалған құжаттарды, мөрлерді, штамптарды, бланк қағаздарды, мемлекеттік наградаларды, пайдалануға жарату, кедендік төлемдер мен жинақтарды төлеуден жалтару, мекеменің салығын төлеуден жалтару, алдау арқылы мүліктік шығын келтіру, арамдықпен сеніміне ену, несиені заңсыз алу және мақсатсыз қолдану, несиенің қарызын өтеуде қысым көрсету, төлем карточкалары мен басқа да төлемдік, есептік құжаттарды жалған жасау және оны іске асыру, қызметтік өкілеттілігі мен билігін пайдалану, қызметтік тұлғаның өкілеттігін иелену, пара алу, т.б.) Тақырыбымызды зерттеу барысында бухгалтерлік есеп тәртібін бұзу құрылымының жалпы жағдайы мен ерекшелігін талдау үшін біз Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қаржылық бақылау және мемлекеттік сауда Комитетінің 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі (1.3 кесте) жүргізген ревизиялары мен тексерулерінің фактілі материалдарына іріктеу жасап зерттедік. Зерттеу нәтижесінде кестедегі мынадай мәліметтер туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |