Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сауда Комитеті жүргізген тексеру мен ревизия материалдарының талдауы
Жыл
дары
|
Тексерілген заңды тұлғалардың жалпы саны
|
Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзушылыққа жол берілді
|
Келтірілген жалпы шығын (зияндылық) (мың теңге)
|
Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзушылыққа қатысты шығындар
|
1998
|
12926
|
7876
|
5053892
|
3790419
|
1999
|
11969
|
6564
|
4212005
|
3264004
|
2000
|
11177
|
5298
|
9441113
|
7280835
|
2001
|
10050
|
5312
|
8842410
|
7111808
|
2002
|
7076
|
3843
|
3559152
|
2633772
|
2003
|
5658
|
3073
|
11745500
|
8691668
|
2004
|
6078
|
3708
|
12446100
|
9210112
|
2005
|
6536
|
3987
|
32163200
|
23800763
|
Ал Қаржы Министрінің Салық Комитеті мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс Министрлігіндегі фактілер бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу құрылымының жалпы жағдайы туралы мәлімет, яғни болжам көрініс 1.4 кестеде берілген.
Басқаша айтсақ, тексерілетін объектілердің жалпы санының азаюына қарамастан, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзуға байланысты салықтың есептелген сомасы 1998 жылы 22.8 млрд. теңгені құрады, ал 2005 жылы – 82.4 млрд теңгені көрсетті.
Кесте 1.4
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті мен Мемлекеттік Кіріс Министрлігі жүргізген тексеру мен ревизия материалдарының талдауы
(1998 – 2005ж.ж)
Жылдары
|
Тексерілген заңды тұлғалардың саны
|
Салықтың есептелген сомасы (млрд. тенге)
|
Бухгалтерлік есеп тәртібін бұзуға байланысты (млрд. тенге)
|
1998
|
20293
|
30.4
|
22.8
|
1999
|
18966
|
39.6
|
30.7
|
2000
|
17718
|
34.5
|
23.1
|
2001
|
16559
|
29.4
|
23.8
|
2002
|
13801
|
35.7
|
26.8
|
2003
|
9921
|
50.5
|
37.9
|
2004
|
65933
|
208,4
|
156,3
|
2005
|
72997
|
109,9
|
82,4
|
Егер жоғары келтірілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылық құрылымы тұрғысындағы мәліметтерді талдайтын болсақ, онда мынадай көрініс туындайды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу формалары мен түрлері әр алуан. Дегенмен, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тәртібін бұзу әрекетінің едәуір жиі әрі көп кездесетін түрі мыналар:
Еңбек ақыны (жалақыны) немесе әртүрлі төлемдерді негізсіз беру.
Негіздейтін құжаттарын сәйкестендірмей заттық-материалдық құндылықтарды есептен шығару.
Кірісті жабу мақсатымен қаржылық-шаруашылық нәтижелерді бұрмалау.
Жалған рәсімделген құжаттармен, қолхаттармен жасырын бүркеу арқылы ақшаны тікелей ұрлау.
Кіріс ордері бойынша түрлі жеке және заңды тұлғалардан немесе иемдену мақсатындағы сенімхат бойынша басқа да ұйымдардан банкке түскен ақшалардың кассаға жетпей қалуы.
Кассадан шектен тыс ақшалардың есептен шығарылуы: бір ғана құжатты қайта-қайта қолдану, кассалық есеп беруде есеп нәтижесін дұрыс есептемеу.
Жалған құжаттар бойынша негізсіз ақша сомасын есептен шығару, заңды рәсімделген құжаттарға артық сомада жалған ақша жазып жіберу.
Тауарсыз құжаттарды материалды–жауапты немесе қызметтік тұлғалардың атынан жаздырып алу.
Тауарлы-материалды құндылықтарды есепке енгізу немесе кіріске тіркемеу жағын жасырып қалу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру құжаттарындағы әртүрлі шаруашылық және қаржылық жұмыстардың толық көрінбеуі, дұрыс көрсетілмеуі.
Алынатын заттар құнының аса көтерілуі.
Өндірілген өнімнің көлемі мен құнының тым төмендеуі.
Есеп беру процесінен ақшаның ұзақ кідірілуі, кірістің жасырын формасы.
Төлем ведомстволарындағы, кассалық кітаптағы қорытынды есептің тым артық болуы.
Белгілі бір шарттарға сай өзге кәсіпорынның несиеленуі.
Материалдық –тауар құндылығының кірісі туралы, қызмет көрсету туралы, жұмыстың орындалуы туралы құжаттардың жалған болуы;
Кассадағы ағымдық ақшалардың артық есептелуі,
Пайдалы келісімдерді құжатсыз дайындап, жүзеге асыру.
Материалдық-тауар құндылықтарының бір бөлігін кірісі жоқ қолма қол есеп бойынша істен шығару;
Есепке алынбаған өнімдерді өндіру барысындағы нормадан тыс демалыстың болуы;
Бір жылдық қызмет мерзімі бойынша 40 айлық есеп көрсеткішінен жоғары құнымен құралдарды жалған түрде істен шығару.
Мекеменің жөндеуіне кететін заттарды нормадан жоғары көрсеткіште істен шығару.
Өнім кірісінің толық көрсетілмеуі және есепке алынбайтын қалдықтардың болуы.
Ерте таратылған бірақ кірісі белгіленбеген түсімді істен шығару.
Дебиторлық қарыздар мен жасанды түрде болған қарыздарды жалған істен шығару.
Қызметкердің іссапар есебінен шетел валютасын қолма қол сатып алу мақсатында теңге түрінде ақша тарату.
Аяқталмаған құрылысқа қайта бағалау жүргізу.
Материалдық емес активтер құрамына белгілі бір қызметті басқару туралы лицензия алу құнын енгізу.
Кірісте 203-«Жанармай» есебін кірістірмей, жанар-жағар май заттарын өндірген өнімді (жұмыс, қызмет) таратудағы және өндірісіндегі шығындарды істен шығару.
Пайда болған резервтердің шығыны мен төлемін инвентаризациялау жүзеге асырылмайды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу қылмыс ретінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық істер тобына жатады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 7 тарауы).
Экономикалық қылмыс ұғымы мен оның экономика саласындағы қылмыстық, шаруашылық қылмыс, пайдақорлық қылмыс ұғымдарымен өзара қатынасы криминологиялық әдебиеттерде соңғы кездері қарқынды талданып, пікірталасқа түсіп жүр. Алайда, осы мәселеге қатысты ғалымдардың пікірі әлде де біржақты болып, нақтыланған жоқ.
В.М.Есипов пікірінше, «экономикалық қылмыс деп криминалдық әдістердің көмегімен немесе олардың қатысуымен болған өндіру, тарату, ауырбастау, материалдық құндылықтарды қолдану және қызмет көрсету саласындағы барлық экономикалық қызмет» деп түсініледі. Басқаша айтсақ, оның ойынша, бұл криминалдық формада көрініс табатын экономикалық қатынастардың ерекше түрі болып саналады.
Э.И.Петров пен басқа да авторлар «Криминологиялық сипаттама және экономикалық қылмысты алдын ала сақтандыру » еңбегінде экономикалық қылмысты былай түсіндіреді: экономикалық қылмыс экономика саласында кәсіби және өндірістік қызмет ететін тұлғалардың барлық пайдакүнемдік қылмысы болып танылады. Осыған орай, өз меншігі үшін тұтынушылардың, бәсекелестердің немесе мемлекеттің қызығушылығына қол сұғу, сонымен қатар шаруашылықтың әртүрлі экономикалық салаларын басқарудағы тәртіпке қастық ойлау әрекеттерімен сипатталады.
Б.В.Волженкин осыдан кейін мынадай тұжырым жасайды: «шаруашылық қылмыс немесе шаруашылық қызмет саласындағы қылмыстық материалдық қажеттіліктерді өндіру, айырбастау, тұтыну, тарату жағдайларына байланысты қоғамдық қатынасқа кері әсерін тигізетін экономикалық қылмыстың әр алуан түрі болып саналады» .
Басқаша айтсақ, жалпы шаруашылық қылмыстың түп тамыры нарықтық экономиканы дамыту барысындағы мемлекеттің қорғауында болатын қоғамның шаруашылық қызметі саласында орын алатын қоғамдық қатынастар жүйесі әрекеті болып танылады.
Л.Д.Гаухман мен С.В. Максимованың пікірінше шаруашылық қылмыс бұл шаруашылық қызметінің қызығушылығына ықпал ететін қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіретін, қастандық жасалатын қылмыс.
Шаруашылық қылмыстар тобындағы әртүрлі қылмыс құрамын ешбір негізсіз тіркеуге алып отыратын шаруашылық қылмысының күрделі мәселелерін қарастыратын авторлар да бар.
1997 жылы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар » деп аталатын Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңының 7 тарауындағы 38 бабында түрлі шаруашылық қылмыстардың құрамы берілген. Олардың қатарына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабында көрсетілген « Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы » заңы түріндегі қылмыстың белгілері берілген.
С.Е. Қайыржанованың тұжырымынша, қоғамның және мемлекеттің экономикалық қызмет саласы «екі негізгі экономикалық қатынастардың түрлерін көрсетеді: олар ұйымдастырушы-экономикалық қатынастар. Онда ең алдымен шаруашылық механизмінің элементтерімен байланысты еңбек бөлінісінің қоғамдық формасы, екіншіден, тура мағынасындағы меншік қатынасы танылады».
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабына сәйкес қылмыс деп танылатын бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу әрекеті ұйымдастырушы-экономикалық қатынастар саласындағы қылмыс тобына жатады. Онымен қоса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 218 бабының нормасы көп жағдайда превентивті сипатқа ие, яғни меншікке қол сұғу әрекеттеріне тікелей қарсы тұрып, сақтандыру сипаты басым болады. Бұндай қылмыс бүтіндей латентті деп танылып, осындай қылмыстарды статистикалық есеп беруде өз алдына көрініс беруін қажетті деп таниды және осындай қылмыстық әрекеттердің құқық қорғау органдарда (ұғындыру, алдын ала сақтандыру шаралары, сот) қылмыстық-процессуалдық құжаттарда жеке дара квалификациясын жасау қажеттігі танылады. Осы көзқараспен қарағанда 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің екі тарауында көрсетілген барлық шаруашылық қылмыстардың нормалары туралы түсінік заңды деп танылады. Олар: меншікке қарсы қылмыс және экономикалық қызмет саласындағы қылмыс.
Жоғарыда айтылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзғанда көрсетілетін қылмыстық жауапкершілік нормаларының ерекшеліктерін талдаудан туындаған қорытынды бойынша, құқық қорғау органдарындағы қызметті міндетті түрде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасын бұзу фактілерін заңды түрде мамандандыру қажет. Ол қылмыстық заң шығару талаптарына сәйкес болуы керек. Ал осындай қылмыстық бұзу әрекеттерін жасаған кінәлі тұлға жеке дара өз жазасын алу қажет. Осының барлығы экономикадағы қастандық үшін күресте, жеке меншік үшін күресте алдын ала сақтандыруда үлкен орын алады.
Келесі маңызды түйінде мыналар қарастырылады: экономикалық қылмысты тіркеу және есебін алу жүйесінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу түріндегі қылмыстың динамикасы мен жағдайы өзіндік көрінісін беруі қажет. (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 218 бап) Ол қылмыстық іс қозғалған сәттен басталып, сол қылмысқа қатыстылығы үшін тұлғаны айыптап, соттағанға дейін жүргізіледі. (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің берген ақпараты).
Біздің Республикамызда «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 1995 жылы 26 желтоқсанда № 2732 Заңы өзгерістермен қосымшалармен қабылданғаны белгілі.
2007 жылдың 28-ші ақпанында қабылданған №234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-ші бабында айтылған: «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты» мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дүрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. (39).
Бұл арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясының Департаменті атқаратын міндет. Онда басқа қызметтермен қатар, бухгалтерлік есеп жағдайын талдау, сонымен қатар бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу әрекеттерін қарастырады.
1997 жылы 18 желтоқсанда № 1777 Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығымен бекітілген « Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы Департаменті туралы» ереженің 8 бабында көрсетілген:
«Департаменттің қызмет саласындағы негізгі міндеттері мыналар:
жалпыхалықтық мемлекеттік стратегияны дамыту және оны өңдеуге қатысу;
бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы заң жобалары жұмысы, бухгалтерлік есеп пен аудит саласында заңды қолдану тәжірибелерін жалпылау және талдау, оның жүзеге асыру туралы ұсыныстарды қарастыру;
бухгалтерлік есеп пен аудит мәселесі бойынша нормативті құқықтық актіні қабылдау және қамтамасыз ету;
бухгалтерлік есеп пен аудитті жүзеге асыру және дамыту;
экономика салаларын ұйымдастыруға арналған бухгалтерлік есеп пен аудит жағдайын бақылау және талдау, зерттеу жүргізу;
заң шығарушы және басқа да нормативті құқықтық актілердің жобасын дайындауға қатысу және оны Үкіметте қарауға ұсыну;
аудиторлық қызметті лицензиялау;
республикадағы кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау (аттестациялау).
Өкінішке орай, талдау нәтижесі көрсеткендей, Департамент өз қызметінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыру жолдары мен жағдайына талдау жасауға ерекше аса көңіл бөле бермейді. Біздің ойымызша, ол үшін осы мәселелерге айрықша көңіл бөлу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясының Департаменті міндетті түрде осы ведомстволардың міндетін анықтап, п.8 редакциясына былайша енгізу керек:
«п.8. Департаменттің қызмет саласындағы негізгі міндеттері мыналар:...
бухгалтерлік есеп пен аудит ережелерін бұзу шарттары мен негізгі себептерін анықтау үшін және оларды алдын ала сақтандыру үшін бухгалтерлік есеп пен аудит жағдайына бақылау жасау, талдау, зерттеу жүргізу керек...».
Бұнымен қоса, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 4 бабына қосымша енгізу керек және оны редакцияда былайша көрсету керек: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру мақсаты мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және бухгалтерлік есеп пен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады».
Заң шығарушы және нормативтік актілердегі осындай қосымша толықтырулар, біздің ойымызша, құқық бұзушылықты, шаруашылықты басқарушы субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі құқық бұзушылықтың орын алу себептерін, оларды жою жолдарын анықтауда бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау органдары қызметінің деңгейін жоғары көтерер еді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Криминология. Учебник.Отв.редактор: М.Х.Рустамбаев – Т.: Издательство ТГЮИ, 2007.
2.Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.-Алматы: ЮРИСТ,2007
3.Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің берген ақпараты
4.Қарағанды облысының салық (қаржы) полициясы органдарының 1998 жылы тіркеген қылмыстарының фактілері.
5.Қарағанды қаласының Октябрь халық сотының шешімі
6.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қаржылық бақылау және мемлекеттік сауда Комитетінің 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі жүргізген ревизиялары мен тексерулерінің фактілері
7.Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген тексеру мен ревизия материалдарының(1998 – 2005ж.ж) талдауы
8.Есипов В.М. Коррупция в России : состояние и проблемы .Материалы научно-практической конференции. М.: 1996.
9.Петров Э.И., Марченко Р.Н., Баринова Л.В. Криминологическая характеристика и предупреждение экономических преступлений. М..1995.
10.Волженкин Б.К. Ответственность за преступления в сфере хозяйственной деятельности по проекту УК РФ // Материалы международной конференции :»Проблемы борьбы с экономической преступностью и наркобизнесом при переходе к рынку»-СПб., 1994.
11.Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Уголовная ответственность за преступления в сфере экономики.- М.: ЮРИНФОРМ, 1996.
12.Каиржанова С.Е. Проблемы преступления незаконного получения и нецелевого использования кредита.- Алматы, Тоо» Динамо», 2001.
3-дәріс. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзушылықты тудыратын негізгі себептер мен шарттар
Криминология қылмыс әртүрлі салалардағы күрделі қатынастардан және қоғам өмірінде әр деңгейде көрініс табатын қылмысты зерттеуден туындайды. Криминологиялық ғылымда жинақталған қылмыстың себептері туралы жалпы методологиялық ережелер бұқаралық әлеуметтік құбылыс ретінде бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуға әкеп соқтыратын себептер мен шарттарды толық қарастырады. Мұнда сөз болып отырған нәрсе, бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуға итермелейтін жағдаяттар (факторлар, шарттар, т.б.) жиынтығы бүтіндей қылмыстың жалпы себептері мен шарттарынан тыс қарастырылмайды. Және бұл криминологияда қылмыстың жалпы себептері мен шарттарын тудыратын жалпы белгілері болып саналады. Бұл мәселе қазақстандық ғалымдар арасында кеңінен қарастырылып жүр. Мысалы, профессор Б.Х. Толеубекова былайша әділ ұсыныс айтады: «бұндай қылмыстардың болуы көптеген факторлардың болу себептерінен, соның ішінде себептік-тергеу байланыстарының болуынан. «Себеп» категориясы сол ортаны, сол жағдаятты құрайтын «шарт» категориясымен тығыз байланысты» .
В.Н. Кудрявцевтің пікірінше, қылмыс себептерін ең алдымен, экономикалық қатынастардан, олардың қарама-қайшылықтарынан, шаруашылық механизмінің теңдеспеуінен, экономикалық жоспарлаудың жетіспеушілігінен, сонымен қатар, үлестірілімдік қатынастар жүйесінен іздеу керек.
Барлық болмыстар секілді экономикалық қатынастар да әртүрлі деңгейде көрініс табады. Бірақ осы қатынас негізінде (қылмысқа қатысты) айқындалатын нәрсе олардың жоғарғы деңгейі немесе экономикалық қатынастардың «жоғарғы қабаты», «жаңғырығы». Бұл ерекшеліктер қызметтің төмендеуіне, теңдіктен ауытқуына әкеп соқтырады, қоғамдық тұрмыстағы басқа салаларға кесірін тигізіп, кешірілмейтін дағдарысты жағдайларға ұшыратады.
Кеңестік криминологияда (бүтіндей қоғамдық ғылым ретінде) ұзақ уақытқа дейін социализмнің экономикалық қатынастарына сәйкес позициялар үстемдік етіп тұрды, сондықтан социализмнің экономикалық базисі қылмысты тудырмайды. Бірақ, итдиологияның қатал жақтары жалпы қабылданған схемаларды сақтауға мәжбүрледі, криминолог-ғалымдар әрдайым экономикалық қатынастардың өзі бірінші болып қылмысты және оның нақты түрлерін тудырады деген мәселемен соқтығысып отырды.
Осы мәселені талдай отырып, яғни социализмнің әлеуметтік-саяси жүйесінде болған экономикалық қатынастарды қоса талдай отырып, көптеген ортақ белгілері байқалды. Егер марксизм-ленинизм саясатын қатал сақтасақ, онда К.Маркс қоғамдағы барлық қатынастардың түрін айқындайтын экономикалық қатынастың алғашқы белгілерін көрсеткен болатын. Олар: дұрыс қатынастар және теріс қатынастар. Әрине, қазіргі таңда ғылыми ой ақиқатты апологетикалы қайталаудан кетті, бірақ бұл ақиқаттың жалғандығын ешкім тапқан жоқ. Демек, «болмыс сананы айқындайды» деген формула К.Маркске дейін жүзеге асқан. Болмысты экономикалық қатынастарға қарағанда кең көлемде тануға болады, бірақ оның рөлін анықтайтын ойдан, оның біріншілігінен бас тартып теріске шығару қиын. Ол кезде құбылыстардың басқаша қатынастары пайда болар еді.
Экономикалық қатынастар алуан түрлі. Олардың сипаты да көп жағдайда объективті. Мысалы, нарықтық қатынастардың өзіндік заңдылықтары бар, ал жоспарлы экономиканың өзіндік заңдылықтары бар.
Сондықтан кез келген экономикалық қатынастардан, олардың қарама-қайшылығынан қылмыс туындайды. Ал нарықтық қатынасқа бұрыннан қылмыстылық тән. Бұл былайша түсіндіріледі, олар бәсекелестікке негізделеді, ал бұл – бәсекелеске үстемдік етумен көрініс табады. Дәлірек айтсақ, мырзалық тәсілдермен емес, жұмысшы күшінің артық болып жоспарлануымен, түсімнің мүмкіндігінше көп көлемде болуымен, адамдардың әлеуметтік және тұрмыстық деңгейі бойынша жоспарлануымен ерекшеленуі арқылы бәсекеге түседі. Экономикалық тұрғыдан нарықтық экономика өзінің өміршең екендігін дәлелдеді, әрине ол үшін жүздеген жылдар кететіні жасырылмайды. Дегенмен оның көптеген бұрыс (негативті) жақтары, яғни жоғары дәрежелі қылмыстықтың етек алуы, соған қарамастан елде жақсы экономикалық жағдай орнауы - шындық ақиқат. Ал ақша артынан жүгіру адамзат қоғамының рухани әлеуетін бәсеңдетті. Сондықтан біздің елімізде қазіргі таңда нарық барлық кедейліктен құтқаратын панацея деп түсінетіндер шатасады (барлық жағдайда да криминологиялық) . Біздің қоғамымызда қалыптасқан әкімшілік-топтық экономикалық жүйе де қылмысты тудырды және бұл жүйе болған жерде қылмыс та бола береді. Онда оның белгілі бір салаларында қылмыстық әрекеттер тудыратын жағдайлар бар. Мысалы, қатаң жоспарлау мен жоғарыдан билік ету. Егер нарықтық қатынастар «Байыңдар!» деген ұраннан қол үзбесе, онда әкімшілік-топтық жүйеде бұл көзден таса болды. Сонымен қатар, бұрынғы жүйе қызметі (баю) барысында да қылмыстың бірнеше түрі көрініс тауып жүрген болатын, мысалы, алып сатарлық, жеке кәсіпшілік қызметтері, коммерциялық делдалдық, тағы да басқалар, ал нарықтық жүйеде бұндай әрекеттер болмайды, бола алмайды.
Біздің ойымызша, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу әрекеттерін тудыратын басты себептерді кешенді түрде қарастырған тиімді.
Қоғам мен қылмыстылықтың қарама-қайшылығы бір ғана мыңжылдықта ғана көрініс тапқан жоқ. Осы кезеңдер ішінде қоғам қылмысты болдырмаудың жалпы әлеуметтік заңдылықтарын , оларды тоқтатудың шараларын іздестірді.
Екі ғасырдан астам уақыт ішінде қылмыстық әрекеттер мен онымен күрес шаралары туралы көзқарастар жеткілікті дәрежеде өзгеріске ұшырап отырды. Әртүрлі бағыттарда (антропология, социология, биология, психология бағытында) дамыған криминология өз алдына біртұтас оқу пәні ретінде танылмайды, тек мектептер мен бірнеше елдердегі ғылыми орталықтарда ғана танылады.
Гуманитарлық ғылым себептілікті бір немесе бірнеше құбылыстар (себептер) екінші құбылысты (салдарды) тудыратын құбылыстар арасындағы объективті байланыс ретінде түсіндіреді. Жалпылама осы тұжырымға сүйенсек, қылмыстың себебі деп қылмысты тудыратын және өршітетін теріс (негативті) әлеуметтік құбылыстар танылады. Мұндағы қылмыстың өзіндік заңды салдары болады.
Егер әлеуметтік құбылыстар қоғамның жағдайын әртүрлі даму кезеңдерінде бейнелей алса, даму экономикасы қылмыстың төмендеуіне кепілдік бере алмаса бұл пікірді дұрыс деп тани аламыз. Демек, қылмыс себептерінің ерекше шарттары бар, әсіресе экономикалық салада.
Қылмыс себептерінің әлеуметтік-психологиялық мәні болады. Олар әрқашан субъективті және әлеуметтік және жеке психология саласына жатады. «Қатыссыз себептер мен қылмыскердің айыпталу себебінің негізі қылмыс жасаған адамның тұлғалық мінезінде жатыр» .
Басқаша айтсақ, бірде бір сыртқы жағдайлар құқықққа қарсы әрекеттердің себебі бола алмайды, егер олар адам қызметінің ішкі детерминанты болмаса. Тек адам ғана өзінің ішкі әлемі, тәрбиеленген ортасы, дағдысы, іскерлігі, білімі, сыртқы ортаны қабылдау қабілеті бола тұрса да қылмыскер ретінде таныла алады.
Қылмыстың себептерін анықтайтын барлық концепциялардың ішінен тиімді деп танылатыны – социологиялық теория, ондағы ерекшеліктер оның маңызды бағыты – қарама-қайшылық теориясы. Марксизм-ленинизм классиктері қоғамдағы антагонистік қарама-қайшылық теориясының негізін жасады. Ондағы басты міндет қарама-қайшылық нәтижесі әлеуметтік төңкеріске, бүкіл формацияның өзгеруіне, адамның өмірі мен қызметінің өзгеруіне әкеп соқтыру керек.
Дегенмен, социализм қағидасы жүргізілген қоғамда басқа да, яғни антагонистікт емес қарама-қарсылықтар болды, және олар қылмыстың нақты себептері болып саналды.
Бұл теорияның тарихы осындай қылмыс тудыратын қарама-қарсылықтарға негізделген бірқатар тәсілдерді басынан өткерді.
А.А.Пионтковский қылмыс себебінің негізгі мәні (социалистік қоғамда) қоғам мүшелерінің қажеттіліктері мен оларды қамтамасыз ететін материалдық құралдардың арасындағы үздіксіз өсіп отыратын қарама-қарсылықтың қоғамдық болып табылады деп көрсетеді. С.П.Домахин керісінше, социализм кезеңінде қоғамдық қатынастар өздігінше жүзеге аса алмайды және қоғамға қарсы көзқрастар мен қылмыстардың себебі, шығу көзі бола алмайды деп танытады.
В.Н. Кудрявцев: «Құқыққа қарсы әрекеттер үздіксіз туындап отыратын және одан әрі өсіп отыратын субъект әрекеті мен заң талаптары арасындағы ашық шиеленістердің әртүрлі формалары негізінде қалыптасады, дамиды».
Осындай қарама-қайшылықтардың В.Н. Кудрявцевтің пікірінше, психологиялық, әлеуметтік немесе аралас табиғаты болады. Социализм кезеңінде В.Н. Кудрявцев атап кеткендей, қарама-қарсылықтың негізі - «құқықбұзушының психологиясын танытатын индивидуализм мен біздің қоғамымыздың болмысын бейнелейтін ұжым қағидасы арасындағы шиеленіс».
Теріс, қоғамға қарсы құбылыстар жаңа мен ескінің үздіксіз күресі тұрғысында қарастырылған болатын, бұған қоғам дамуындағы барлық антагонистік және антагонистік емес қарама-қарсылықтар талдау жасау үшін алынды.
Одан әрі В.Н.Кудрявцев бойында қарама-қарсылық көрінетін барлық шынайы ақиқат құбылыстары мен әрекеттерін объективті және субъективті бөліктерге жіктеуді ұсынды.
«Қылмыстың объективтік себептері – бұл қоғамдық тұрмыста, адамдар арасындағы экономикалық және әлеуметтік қатынастарда кездесетін нақты қарама-қайшылықтар, қоғамға қарсы уәжділікті (мотивация) тудыратын қиындықтар мен жетіспеушілік. Объективтік шарт – бұл құқықбұзушылықтың субъективтік және объективтік себептерін жандандырып, күшейтетін ұйымдық, құқықтық, техникалық тәртіптің жетіспеушілігі», - деп көрсетеді.
Оның ойынша, қылмыстың субъективтік себептері – бұл тұтынушылығы, мүддесі, мақсаты, уәжі бұрмаланған әлеуметтік психология элементтері, ал субъективтік шарт – бұл халықтың демографиялық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (мінез-құлық сипаты, темпераменті, жынысы, жасы,т.б.).
Бірақ В.Н.Кудрявцев айтқандай, бұдан да басқа, едәуір тиімді қылмысқа қатысты құбылыстарды топтастырудың тәсілдері бар. Бұл – тұлға, кіші әлеуметтік топ, ұжым және бүтін қоғам. Бұндай тәсіл барысында қылмыстың себептері «мынадай жүйенің: (қоғам, класс, еңбек ұжымы, кіші әлеуметтік топ, тұлға) ішіндегі элементтердің өзара келіспеушілігі, сондай-ақ осы жүйе мен жүйеішілік арасындағы қарама-қайшылық» ретінде көрініс табады. Көріп отырғанымыздай, автор оларды қылмыс себептерінің бірі деп есептей отырып, қарама-қарсылықтан тым жоғары түсінуге тырысады.
Сөз жоқ, қылмыс – бұл қоғам дамуының негізгі заңдылықтары мен сол қоғамдық қатынастарға қарама-қарсы тұратын құбылыс. Бірақ оның пайда болуы мен жүзеге асуы белгілі бір объективті қарама-қарсылықтарға, болмаса қоғамның дамуына тән антагонистік емес қарама-қарсылықтарға тікелей қатысты болады.
Философия ғылымының өкілдері қоғамдық қатынастар мен жеке қатынастар арасындағы қарама-қарсылық түрлерін бекерге ажыратпаған:
«күрес қиындықтары кейбір тұлғалардың қажеттіліктерін уақытша шектеу немесе кейінге қалдыруға мәжбүр етуден туындаған қарама-қарсылықтар;
Қоғамдық өмір, еңбек, т.б. қалыптастыруда кездесетін жетіспеушіліктен туындаған қарама-қарсылықтар;
Адамның жеке талпыныстары мен бүтін қоғамның қажеттілігі арасындағы қарама-қарсылықтар».
Жеке тұлға мен қоғам арасындағы күрт шиеленісті танытатын қылмыс қоғамда кездесетін әлеуметтік қарама-қайшылықтармен тікелей қатысты және кейінгі байланыстарын орнатады. Соңғысы қоғамда әртүрлі көрініс береді.
Алайда қарама-қайшылық теориясы біздің ойымызша, соңғы қорытынды жасауда, субъектінің нақты қылмыстық әрекетін талдауда қолданылуы қажет. Осыған орай қарама-қайшылық теориясын бас мүддесінің қарама-қайшылығы теориясы деп ауыстыру керек сияқты.
Біріншіден, бұл қарама-қайшылықтың (объективті сипатта) адамзат қоғамымен байланысын көрсетеді.
Екіншіден, бұл қылмыстық әрекеттер мен қарама-қайшылық байланысын әлеуметтік құбылыс ретінде көрсетеді.
Үшіншіден, бұл қарама-қайшылықтың шынайы адаммен, қылмыскердің тұлғалық субъектісімен, оның жеке мүдделерімен (қылмыстық әрекеттердің негізі) байланысын көрсетеді.
Себебі адам болмаған жерде қылмыс та болмайды.
Қоғамның, мемлекеттің идеалды мақсаты – жеке тұлғалардың, адамдардың, қоғамның, мемлекеттің қолайлы, едәуір тиімді , оптималды мүдделерінің үйлесуін қалыптастыру. Дегенмен бұл жолда кездесетін қайшылықтар мен келіспеушіліктер аз емес. Осындай көріністердің бірі – қылмыс.
Мүдделердің үйлесімі адамзат қоғамы мен адамзаттың арманы болып саналады. Ал мүдделер үшін күрес – бүтіндей қылмыстық әрекеттер мен қылмыстың қайнар көзі .
«Кең мағынада қылмыстың себептері деп барлық жағдайларды айта аламыз. Бұл жағдайлар болмаса ол пайда болып, қылмыс деп аталмас еді. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы бірдей рөл атқармайды. Олардың бірі қылмыстық мотивтердің ақиқат мүмкіндіктерін ғана тудырады, ал басқалары осы мүмкіндікті шынайы әрекетке ұластырады. Сондықтан біріншісін қылмыстың шарты (салдары) деп екіншісін қылмыстың себебі деп қарастыру керек».
Осылайша, қылмыс себептерінің қатарында қылмыс жасауға мүмкіндік беретін шарттар (салдар) енеді. Оны шынайы әрекеттердегі өздігінше қылмыс жасай алмайтын құбылыстардың болуы деп түсінуге болады. Бірақ олардың адам санасында болуы оны қылмыс жасауға итермелейді. Қылмыс шарттары қылмысқа итермелейтін себептерді тудыратын мүмкіндіктер түрінде көрініс табады. Олар себептің тууына жағдай жасайды. «Шарт» категориясы «мүмкіндік» категориясымен және оның «ықтималдық» деген сандық мазмұнымен тығыз байланысты
Егер қылмыс себептері – бұл қылмыстық ой тудыратын негативті (теріс) құбылыс болса, онда қылмыс шарттары – бұл оны әрекетке итермелейтін құбылыс.
Қылмыстың жүзеге асуына негіз болатын шарт деп, - қылмыс тудырмайтын, бірақ адам ойында қылмыс жасау ниетін тудыратын шынай әрекеттер фактілерін атауға болады.
Егер шарт болса, онда бухгалтерлік құжаттарды бұрмалау мүмкіндіктері туындайды, ондай жағдайда қылмыс болуы ықтимал. Әрине бұдан қылмыстық тізбек бар деп айта алмаймыз, бірақ есепті басқару қызметіне селқос қарау шарттары қылмыс себептерін тудырады.
Қылмыс шарттары әдетте бірнеше топтарға бөлінеді. Классификацияның негізделуіне қарай кейбір авторлар негізгі үш топты ажыратып көрсетеді: ілеспелі (олар құбылыс оқиғасының жалпы бейнесін, оқиғаның орны мен уақытын бейнелейді), қажетті (бұндай шарттарсыз оқиға басталмас еді), жеткілікті (қажетті шарттардың жиынтығы) .
Қылмысы жағынан бір біріне жақын шарттарды тікелей және жанама жақын және алшақ, қалыптастыратын және жүзеге асыратын шарттар деп бөледі.
Өзара түйісетін шарттар әлсіз заңдылықтар мен бақылаушы органдар тарапынан бақылау түрінде көрініс табады. Бухгалтерлік есеп саласындағы қылмыстың болуына мынадай себептер негіз болады: тұрақсыз заңдар, сыбайластық, мемлекеттік органдар тарапынан әлсіз бақылау. Есепті бұзудың көптеген түріне кіріс сомасының төмендеуі, дәлірек айтсақ, пайдалы түсімді ұрлау себептері тән. Бұндай қылмысқа бұрынғы кезде ірі мөлшердегі ақшаны ұрлау деген айып тағылып, 15 жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасын қолданған.
Белгілі бір негативті (теріс) қылықтарды жүзеге асыруды бейнелейтін себептер мен шарттарды білу – оларға алдын ала сақтандыру , болдырмау мақсатында бағытталған шарттарды қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі криминологиялық әдебиеттерде қылмыстың себептері мен шарттарымен қатар қылмыстың себептік-тергеу комплексінің мазмұнын айқындайтын әртүрлі ұғымдар орын ала бастады. Олар: факторлар, детерминанттар, құбылыстар, жағдаяттар, т.б.
Кейбір криминологтар қылмыстың себептік комплексін қылмыс пен оның жағдайын анықтауға негіз болатын құбылыстар мен шарттар атауды ұсынады.
Жеке шетел зерттеушілері мынаны ескереді: экономикалық қылмыс жасау мүмкіндіктері мен мотивациясын айқындайтын элементтер деп мыналарды таниды:
А) сыртқы жағдайлардың қыспағы; б) құқық бұзу мүмкіндіктерін жасау және оны белгілі бір уақытқа дейін жасыру; в) осы ісін ақтауға тырысу.
Адамды алаяқтыққа итермелейтін қысым, қыспақ түрін бұл зерттеушілер төрт топқа жіктеп көрсетеді:
А) қаржылық қысым, б) апатты әуестік қысымы, в) жұмысқа байланысты қысым, г) сыртқы жағдайларға байланысты басқа да қысым түрлері.
Н.Ф. Кузнецова себеп пен шарт ұғымдарын туыстық «криминогендік детерминант» ұғымымен біріктіреді.
Детерминация – бұл «детерминант», «детерминдеу» сөздерінен туындаған ұғым. Детерминдеу сәйкесінше анықтау, белгілеу дегенді білдіреді, ал «детерминация» - бұл анықтау, белгілеу процесі. Детерминизм туралы айтылса, онда жалпы ортақ қарым-қатынасты, барлық заттар мен объектілердің, құбылыстар мен процестердің өзара қатынасын мойындау түрінде түсініледі.
Қылмысты себептер мен шарттарға бөлу шартты түрдегі нәрсе, себебі себептілік категориясы ешқашан таза күйінде көрінбейді. Осы тұрғыдан профессор Н.А. Стручков былай деп жазады: «қылмыс тек басы ғана, ал негізінен нәтижесінде ол белгілі бір себептермен анықталады. Осыған орай осы себептің әрекеттері сан алуан жағдаяттардан туындайды».
Сондықтан бірқатар авторлар себеп пен шарт өзара орындарын ауыстыры отырады дегенді айтады. Осыдан кейін қылмыс жасауға негіз болатын жағдаяттар туралы немесе қылмыстық нәтижеге жеткізетін жағдаяттар туралы мәселені қозғау керектігі туындайды. «Жағдаят» сөзі себеп пен шарт ұғымдарын біріктіретін термин ретінде қолданылатын сияқты.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу кезіндегі жағдайлар қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруға негізделген істерді тудырады. Қылмыс себептерінің негізгі тұжырымдамаларын көптеген елдерде заңгерлер, сонымен қатар экономистер қарастырған болатын. Мысалы, олардың бірқатары АҚШ-тағы қылмыстың өсу себептерінің теориясын анықтады.
Р.Туранни мен М.Фридменнің пікірінше, «Қылмыстың өсуі – соңғы жылдары американдық қоғамды едәуір мазасыздандырған, толғандырған мәселелерінің бірі болды. Үкімет өз билігіне көптеген міндеттерді алған сайын, ол өзінің негізгі қызметін төменгі деңгейде орындайтын болды». 1958-1980 жылдар аралығында АҚШ-та 100 мың адамға шаққанда қылмыс өсуінің саны мынадай көрсеткіш берді: тұлғаға қарсы қылмыс – 5 есе (117-ден 581-ге дейін), жеке меншікке қарсы – 7 есе (719-дан 5319-ға дейін). Осы уақыт аралығында құқыққорғау қызметіндегі қоғамдық шығындар 10 есеге дейін өсті – 2,7-ден 25,9 млрд долларға дейін. Осылайша, азаматтардың қауіпсіздігін төмендету ауыр күйге түсті, себебі, ол уақытта елдің байлығын өсіру және қылмысқа қарсы күрес шығындарын өсіру бой алып тұрған болатын.
Қылмыстың танымал болған анықтамасы – кедейлік пен теңсіздік. Адамдар ұрлайды, тонайды және өлтіреді, себебі, олардың аштықтан, бас бостандығын айырудан құтылатын басқа амал түрі жоқ. Немесе байлық пен кедейлік контрасының сәулесінен, әділетсіздік пен көре алмаушылық сезімдерінен осындай қылмыстық әрекеттерге баратын болған. «қалай болған жағдайда да неге адамдар қылмыс жасауға барады дегенге жауап беретін бұл анықтама соңғы он жыл көлеміндегі АҚШ-та күрт өскен қылмыстың себебін анықтап бере алмайды, өйткені, бұл кезеңде тек ел байлығының өсуі бақыланған жоқ, сондай-ақ оның тең дәрежеде таралуы да бақылауға алынған болатын. Оған қоса, басқа елдерге қараған (мысалы Индия) АҚШ-та кедейлік пен теңсіздік әлқайда аз көрінетін. Бірақ Бомбей мен Кулькутта қалаларымен салыстырған Нью-Йорк немесе Чикаго қалаларымен кешке көшеде жүрсең ақшасыз қалуың әлдеқайда көп кездеседі .
Басқа да ұқсас мәліметтерге сүйену нәтижесі кедейлік пен теңсіздіктің фактілі деңгейі маңызды емес, керісінше, әлеуетті қылмыскерлерді субъективті түрде қабылдау маңыздырақ екенін көрсетті. Америкадағы қуатты БАҚ (әсіресе теледидар) кедей адам таза еңбегімен жетістіктерге жетуге үміт ете алмаса да барлығына құқылы екенін, яғни осындай өмір стилін жалпыға жариялауды өз мойнына алған. «Бұндай қабылдаулар қылмысқа апаратыны сөзсіз. Оған қоса, адам қабылдауын, ойын өзгерту оңай болмайтынына сену өте қиын, осы себептер соңғы он жыл көлемінде қылмыстың күрт өсуіне негіз болды».
Екі фактор біздің ойымызша, маңызды деп танылды, бұл факторларды біз алдағы тарауларда берілген үкіметтің билікті күшейту әрекетімен байланыстырылды. Біріншісі – тұлға рөлі мен үкімет рөлі туралы қоғамдық пікірдің өзгеруі. Бұл өзгеріс индивидуальді міндеттің әлеуметтік міндетке ауысуына септігін тигізді. Адамдар әлеуметтік ортаны қалыптастырушы, сондықтан да олар өз әрекетіне жауап бермейді деген пікір бой ала бастады. Кейбіреулері «қылмысты» жазалаудан бұрын тез арада емдеуді талап етіп тұрған «ауру» ретінде тануды тудырды. Егер кедей адамдар кедейлік олардың жеке басына жазылған тағдыры емес, қоғам тағдыры екеніне келіссе, түсінікті жағдай, онда олар қоғамға қарсы әрекет ету құқығын бойына сіңіріп, не алғысы келгенін алып, тонай бастайды. Егер байлар жеке еңбегі арқылы емес, «қоғамдық лотерея билетін ұтып алу» арқылы ауқатты дәрежеге жетсе, онда бөтеннің меншігін тартып ала отырып, осы лотереяның нәтижелерін санап шығуына болады.
Қылмыстың өсуіне едәуір ықпал еткен келесі фактор – заңдар мен ережелерді, нормаларды көбейту. Қылмыс деп саналатын әрекеттердің саны көбейді. Негізінен, барлық заңдарға тәуелді бола беру мүмкін емес, себебі, ешбір адам өзінің алдында қандай оқиға күтіп тұрғанын біле бермейді. Осы себептерге орай ресми биліктегілер де барлық заңды барлық адамдар өміріне тең дәрежеде және дискриминациясыз деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндігі болмай отыр.
Бұндай тұжырымға келісу өте қиын, дегенмен, қылмыстың субъективтік себептері осындай, әсіресе біздің еліміздегі экономика саласына қатысты. Біз бұларды субъективтік себептерге жатқызамыз, өйткені, бір адамның тұрмыс жағдайының өсуі екінші адам ойлауына ықпал етеді, соның негізінде экономика саласындағы қылмыстардың өсуі туындайды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ежелерін бұзушылыққа қатысты қазір мынадай субъективтік фактор орын алған, себебі бұл бұзушылықтар кәсіпкерліктер мен мемлекеттік кәсіпорындар, ірі компаниялардың бірлесіп жасалуымен көрініс тауып отыр. (АҚШ-тағы ірі корпорацияның бухгалтериясындағы ереже бұзушылыққа байланысты дау-жанжал).
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуды тудыратын себептер мен шарттардың объетивтік факторы ретінде нарыққа көшу барысындағы күрделі экономикалық шарттар болып саналады. Ол кезде ескі әкімшілік машина жаңа мобильдік шарттарға бейімделе алмады. Осы күнге дейін экономиканың көптеген секторына бақылау және есеп жүргізудің нақты жүйесі орныға алмай келеді. Бұл жүйе арқылы есеп басқару нормалары сақталар еді.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу әрекеттерінің болуы кадрлық факторларға да байланысты. Бұл жағдайдың кері әсері орасан зор, себебі, ол бухгалтердің кадрлық потенциалының нашар болуымен қатар, негізгі заң ережелері туралы білімінің болмауы, нарықтық ортаға өзгерістер тудыруға, кемшілік жасауға септігін тигізуі мүмкін.
Ұйымда техникалық және ұйымдастырушылық жағдай қалыптастырмау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін сақтау жағдайларын ретке келтірмеу, олардың заң талаптарына сәйкес келмеуі ереже бұзуға апарып соқтырады. Бұндай әрекеттер бухгалтерлік қызмет саласындағы техникалық жағдайдың барынша әлсіз, бос болу салдарынан деп түсініледі. Мәселен, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңында әрбір кәсіпорында есеп жүргізу нормативі бар, бухгалтердің негізгі талаптары мен бас бухгалтердің, бухгалтерлік қызметтің талап ету негіздемелері бар арнайы жеке есеп беру саясаты болуы тиіс деп көрсетілген. Осындай есеп беру саясаты арқылы есеп жүргізудің ддұрыстылығын ғана емес, сонымен қатар, есеп беруші қызметкерлердің қызметін кеңейтуге, олардың қызметке деген белсенділігін арттыруға, олардың ісіндегі әрбір жұмыс таза, айқын, нақты болуына септігін тигізіп, соны қамтамасыз етуге болады. Осы жүйенің әлсіз болуы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу жағдайларын тудырады.
«Ойланбай жасалған іс пен жаңа шаруашыылық әдістерді жүргізуге қолдан келмейтінін біле тұрса да кірісу жағдайлары, оларды тек көрсеткіш формасында ғана жүзеге асыру жағдайлары теріс экономикалық нәтижелер беретіні айқын. Бухгалтерлік аппараттар мен экономикалық, бақылау-ревизиялық қызметтердің осындай әлсіз жұмысы барысында аграрлық сектордың экономикалық механизміне жаңаша ақпараттар енгізуде қылмыстық мақсаттарға жол беру жағдайлары кездесіп қалады, мәселен, еңбекке жатпайтын кірістерді тудыру, тіпті белгілі бір дәрежеде қоғамға шығын келтіретін қаржыны жымқыру қылмыстары орын алып жатады».
Осыған орай, біздің ойымызша, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліе\к ережелерін бұзудың ең күрделі түрі – қасақана жасалған қылмыс. Ал бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуға итермелейтін негізгі себептер мынадай жағдайларға байланысты:
бухгалтер қызметкерлерін таңдауда және тағайындауда кадрлардың жетіспеушілігі;
Бухгалтер қызметкерлерінің жеке тұлғалық кемшіліктерінен (объективті сипаты: қызметкердің жеткіліксіз және толық кәсібиленбеген білім мен мамандық деңгейі; субъективті сипаты: , яғни қасақана бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу мен толтыруда кемшіліктер жіберу ) ;
Бухгалтер қызметкерлері мен қаржы қызметі саласындағы қызметкерлерді кәсіпорын, ұйым немесе мекеме басшылары тарапынан толық бақылау жасамауы;
Жоғары тұратын ұйымдар мен ведомстволардың толыққанды түрде, өз деңгейінде бақылау жасамауы;
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында заңды-нормативті базаның сәйкес келмеуі;
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу әрекетіне құқық қорғау органдарының толыққанды нәтижелі қарсы күрес жүргізе алмауы (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзу фактілерін дұрыс топтастырмау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуды алдын ала ескерту шаралары бойынша талдау жүргізілмеуі);
Бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу талаптарының төмен деңгейде болуы;
Жүргізілетін тәсілдердің бухгалтерлік құжаттарының болмауы;
Ревизия мен инвентаризация жүргізу мерзімінің бұзылуы немесе олардың үстірт өткізілуі;
Бір мекемеде, кәсіпорында, ұйымдағы заңсыз қызметтің аралас жүруі (мысалы, бухгалтер қызметі мен кассир);
Заң шығару әрекеттеріне сәйкес келмеуі;
Негізгі, іріктелген, ақшалай және басқа да іс есептерін бойынша құжаттарды рәсімдеуде кемшіліктер болуы;
Жерге, мүлікке, көлікке төленетін салықтың және заңды тұлғалардан алынатын әлеуметтік, корпоративтік салықтың дұрыс аударылмауы және мерзімінде төленбеуі;
Әртүрлі зейнетақы қорларына зейнетақы салымдарының дұрыс аударылмауы және мерзімінде төленбеуі;
Жұмысты бақылау тұрғысынан бақылаушы органдардың жетіспеушілігі (қаржылық, салық инспекциялары, т.б.);
Салық органдарының кәсіби түрде бақылау жасай алмауы және үстірт бақылап қана шығуы;
Осы айтылған белгілер – тәжірибеде кездесетін, қылмыстың орын алуына септігін тигізетін шарттар болып табылады.
Ереже бұзу мәселесінің нормативті-құқықтық аспектісі мынаны көрсетеді: заңды тұрғыдан әлсіз бос база өзі қамтамасыз етіп орындайтын міндеттерді толық түрде жүзеге асыруға қабілетті емес. Заңдар мен заң тарапындағы актілерге ие бола тұрса да бухгалтерлік есеп жүргізу ортасы мен ауқымын түгел қамти алмайды. Сондықтан барлық кәсіпорындардың негізгі ақпараттық мәліметтері мен оның қозғалысы туралы ағымын дәл бақылап отыра алатын арнайы орган құру қажет. Ал мұншама жекешеліктің әр алуан формаларын бақылау өте қиын. Әсіресе бұл бюджеттік саладағы, яғни ірі көлемде бюджеттік мүліктердің ретсіз көп таралуынан, материалдық ресурстарды тонау жағдайлары көптеп кездесетін салада қолдануына қатысты айтылып отыр. Жақында ғана бухгалтер шаруашылық ісін бақылау ретінде де танылады деп келді, ал енді бухгалтер үшін бақылаушы қызмет басты қызмет болып саналмайды. Осындай факторлар бухгалтерлік есеп жүргізу ісін бұзуға апаратын басты шарттар тудырады. Сондықтан криминологиялық талдау жасағанда қылмыскердің жеке тұлғасын, сипатын анықтау, яғни оның шаруашылық қатынастардағы жаңа қылмыстық әрекет ету жақтарын, соған барудағы тәсілдерін жаңаша криминологиялық қырынан тануға негіз болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Толеубекова Б.Х. Проблемы совершенствования борьбы с преступлениями, совершенными с использованием компьютерной техники Дисс. Доктора юрид.наук.- Алматы, 1998.
2. Криминология : Учебник / Под ред. Акад. В.Н. Кудрявцева , проф. В.Е.Эминова .- М.. ЮРИСТ , 1995 .
3.Криминология. Приглашение к дискуссии. Монография / А.В. Баляба, Э.В.Виленская, Э.А.Дидоренко, Б.Г.Розовский.- Луганск. РНО ЛИВД, 1992.
4.Карпец И.И. Преступность иллюзии и реальность.- М. Рос.право, 1992.
5.Грешников П.Я. Судебная бухгалтерия. Учеб. Пособ.- Алматы. ВШП «Әділет» , 1998.
6. Пионтковский А.А. Пути укрепления социалистического правопорядка // Советское государство и право, 1967.
7.Курс советского уголовного права. Часть общая, т.1, ЛГУ, 1969.
8.Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. М., Наука, Институт государства и права, 1976.
9.Каиржанов Е. Причинность в криминологии.- Алматы,2002.
10.Шаргородский М.Д. Преступность и ее предупреждение.- Л., Лениздат, 1966.
11.Кузнецова Н.Ф. Проблемы криминологической детерминации / Под ред.В.Н.Кузнецова.- М., Изд-во Моск.ун-та, 1984.
12.Стручков Н.А. Изучение обстоятельств, обусловливающих преступность в СССР // Советское гос. И право, 1971.№ 12.
13.Friedman. And Tyranny R. Of the status quo. Dieqo, N.Y.ets, 1984.p.
14.Джакишев Е.Г., Нурмаганбетов К.Т. Криминалистика в борьбе с хищениями.- Алматы.Казахстан, 1990.
4-дәріс. Қылмыскердің тұлғалық мінездемесі
Орыс тілінде «тұлға» сөзі «белгілі бір қабілеттері мен ерекшеліктері бар адам» ретінде немесе «адамды индивидуальды түрде танытатын қасиеттері мен қабілеттерінің жиынтығы» ретінде, «қоғамдағы жеке адам, индивидуум» ретінде анықталады.
Қылмыскердің тұлғасын адамның жасаған қылмысына қатысты оның индивидауалды күйін көрсете алатын қабілеттері мен қасиеттерінің жиынтығы ретінде танытуға болады.
Криминологтар бұл қабілеттер жиынтығын нақты қылмыстың детерминантын анықтау үшін арнайы зерттейді. Ол тергеу барысында, қылмыстық іс жүргізу баарысында, жеке-дара алдын алудың негізі мен әдістерін құруда қолданылады. Алайда нақты қылмыскер тұлғасын зерттеу негізінде жасалған қылмыс себептерін түгелдей емес, тіпті оның бір бөлшегін де анықтау мүмкін емес. Мәселен, үйді тонау қылмысының жасалу себебі. Осыған орай криминологтар ғылыми зерттеу жүргізу барысында және заңды қолдану тәжірибесінің жалпы нәтижесін қорытындылауда қылмыскер тұлғасын топтық деңгейде меңгереді, сонымен қатар, бүтін «қылмыс субъектілерінің» жиынтығы ретінде қарастырып, оның типологиясын қалыптастырады.
Жасаған қылмысының ұқсастығы мен субъективті ісіне қатысты анықталған тұлғалық қасиеттерінің ұқсастығына қарай қылмыскерлердің типі мен категориясын осындай тәсілдермен ажыратуға болады.
Сонымен, криминологияда қылмыскер тұлғасы үш деңгейде: индивидуальді, топтық, жалпы деңгейде анықталады.
Егер қылмыскер тұлғасының үш түрлі деңгейін кеңінен қарастыратын болсақ, онда осы негізде криминологиялық ұғымдағы қылмыскер тұлғасын кең мағынасында түсіндіруге болады. Біздің ойымызша, «қылмыскер тұлғасы» (кең мағынада) – бұл қылмыс жасаған адамның тұлғасын зерттеу үшін және қылмыстың болу себебін анықтау үшін қолданылатын сипаттамалар мен мінездемелер жүйесі деп танытатын криминологиялық ұғым дұрыс берілген анықтама.
Отандық криминология саласында қылмыскер тұлғасын қарастырудағы жалпы постулаттар деп мыналарды танытады:
1.Басқа адамдармен әртүрлі және жүйелі қарым –қатынас жасау барысында туындаған, әлеуметті- маңызды қасиеттерінің бір біріне сіңіскен жиынтығы. Тұлғаның бұл аспектісі қылмыскер тұлғасын былай қарауға негіз болады:
- қоғам мүшесі ретінде;
-әлеуметтік топ немесе басқа қоғам (мысалы, әскери қызметші )мүшесі ретінде;
- әлеуметтік-типтік қасиеттері бар адам ретінде;
2. Адам қылмыскер болып тумайды, қылмыскер болу келе-келе болатын құбылыс. Демек, әрбір индивид, тұлға ретінде – ол тек өмір сүру қатынасының объектісі ғана емес, сонымен қатар, өзінің жеке дамуы мен өзіндік таным-түсінігі бар субъект ретінде де танылады. Бірақ қоғам талаптары өзінің объективті белгілерімен әр адамда әртүрлі қабылданып, ол әр тұлға санасында өз дәрежесінде бағаланып, әр алуан әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Адамның әртүрлі әлеуметтік құндылықтарға, ақиқаттың әр түрлі қырына, нормалар мен институттарға, өз-өзіне, өзінің міндеттеріне, әр алуан әлеуметке, топтарға, т.б. деген қатынас жүйесі сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да тұлғаның жай-күйіне, мінез-құлқына, туа бітті табиғи қасиеттеріне тікелей байланысты. Бұл жерде әлеуметтік және психологиялық параметрлерді әрдайым өзара тығыз байланыста әрі тең дәрежеде қарастыру қажет. Олардың бірін не төмендетіп, не асыра көтермелеп отыруға мүлде болмайды.
3. Міндетті түрде өзгеше қылмыс түрін жасаған, оған қоса байқаусыз жасаған субъектілерді мұқият зерттеу қажет.
4. Қоғамға қарсы тұрақты көзқарастар мен бағыттар және айқын көрініс тапқан индивидуалистік бағыттар барлық қылмыс жасаған тұлғаларға тән емес.
5. Қылмыскердің тұлғасы қоғамға қауіп келтіру қасиеттерімен өз қоғамының заңын сақтаушы тұлғада ерекшеленіп болады. Бірақ, азаматтың қоғамға қауіпті қасиеттері болса, қылмыстық әрекеттерге барады дегенді көрсетпейді. Бұл қасиет оның әрекеттерінен не көрініс табады, немесе мүлде көрініс таппауы мүмкін. Ол жеке тұлғаның өзіне байланысты, себебі, тек сыртқы болмысы ғана қылмыс жасауға баратын тұлға ретінде танылып тұр.
6. Қылмыскер тұлғасын зерттеу нақты тұрақты құқықтық негізде құрылуы қажет, яғни заң жүзінде қылмыс субъектісі болып танылған тұлғалар ғана зерттелуі қажет. Сондықтан қарастырылатын категория уақытша шектеу аясында ғана зерттеледі: сот шешіміне сәйкес қылмыс жасалған сәттен бастап, қылмыстық жазасын өтегенге дейінгі уақыт көлемінде зерттеледі. Мысалы, «қылмыскер, күдікті, айыпталушы, сотталған тұлғалар » қылмыстық-процессуалдық заң нормаларына сәйкес анықталады, дегенмен, әңгіме бір ғана тұлға жөнінде болады.
Ғылыми әдебиеттерде бізді қызықтыратын осы ұғымдарды таныта алатын бірнеше атаулар берілген және оларды орыс тілі тұрғысында қарастыру керек немесе құқық нормалары тұрғысынан қарастыру керек. Олардың бірнешеуін мысалға келтіруге болады – «криминоген алдындағы тұлға» (бұнда тұлғаның криминализациялау кезеңіндегі бейнесі туралы айтылады); «әкімшілікті әлеуметке қарсы тұлға» ; «қоғамға қауіпті сипаты бар тұлға» ; девиантты тұлға, ақау әрекеттері бар тұлға ; «тәуекелшіл» мінезі бар топтарға енетін тұлға , т.б.
7. Қылмыскер тұлғасының әртүрлі аспектілерін криминологиямен қатар басқа да заң ғылымдарында қарастырылады: криминалистика, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, қылмыстық-орындаушылық құқық, т.б., сонымен қатар екіжақты танылатын ғылымдарда қарастырылады: заң психологиясы, еңбекпен түзеу психологиясы, сот психиатриясы, сот статистикасы, т.б.
Қылмыскер тұлғасының басты белгісі – оның табиғаты мен болмысы, бастау көзі мен жолдары, формасы және оның қоғамға қарсы қасиеттерінің қалыптасу механизмдері, яғни ортамен қарым қатынас барысында немесе қылмыс алдындағы жағдаяттардың салдарынан қылмысқа итермелеу ерекшеліктері. Басқаша айтқанда, қылмыс жасаған қылмыскердің бойындағы барлық қасиеттер. Осындай зерттеулердің нәтижесі криминологияда қылмыс профилактикасы мәселелерін шешуді ретке келтіретін басты негіз болып табылады.
«Қылмыскер тұлғасы» туралы жалпы ұғым берілгеннен кейін, оның «қасиеттеріне», яғни ол неден тұратынына назар аудару қажет.
Қылмыскер тұлғасының құрылымын анықтау барысында ең алдымен ол өзге адамдармен қарым-қатынас жасау тұрғысында, субъект ретінде танытатын танымы мен қатынас жасау қабілеттері тұрғысында көрініс табатын өзіндік жеке әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығынан құралатынын ескеру қажет. Тұлғаның осы аспектісі криминология үшін маңызды, себебі, ол тұлғаны қоғам мүшесі ретінде, әлеуметтік топ мүшесі ретінде, әлеуметтік типтік мінезге ие тұлға ретінде таныта алады.
Тұлғаға криминологиялық талдау нәтижесі жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің максимальді есебі мен адамзаттық әрекет механизмінде, қылмыста көрінетін биологиялық шартты қасиеттерін танытады. Олардың қылмыскер тұлғасы құрылымында көрінуі қылмыс жасаудың биологиялық немесе психологиялық себептерінен деп танылмайды, себебі, көптеген психологиялық ерекшеліктер мен биологиялық шартты қасиеттері әлеуметтік фактордың әсер етуінде анықталады. Қылмыс жасау себептері тек тұлғаның әлеумет арасында жағымсыз сипатқа ие болуынан байқалады. Белгілі бір жеке психикалық процесстердің жағымсыз қасиеттері және биологиялық шартты қасиеттері осындай себептердің жүзеге асуына негіз болады.
Көрсетілген қылмыскер тұлғасының құрылымын ескере отырып, оны төмендегідей ішкі құрылымдарға жіктеуге болады:
олардың бірі мынадай әлеуметтік-демографиялық белгілерден құралады: әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік жағдайы, жанұялық және қызметтік жағдайы, ұлттық және кәсіби деңгейі. Материалдық қамсыздандырылу деңгейі;
екіншісі, ақыл-ойының даму деңгейін, мәдени-біліми деңгейін, білімін, іскерлігін, қабілеттілігін танытатын белгілерден құралады;
үшіншісі, өнегелі-адамгершілік қасиеттерін, құндылыққа талпыну, тұлғалық талпынысын танытатын, оның әлеуметтік позициясы мен қызығушылығын, мұқтаждылығы мен бір нәрсеге икемділігін, әдеттерін танытатын белгілерінен құралады;
төртіншісі, психикалық процесс кезінде танылатын мынадай белгілерден құралады: тұлғаның қабілеттері мен жай-күйі;
бесіншісі, биофизиологиялық белгілерінен құралады: жынысы, жасы, бойы, денсаулық жағдайы, физиологиялық конституциясындағы ерекшеліктер, т.б.
Ішкі құрылымның біреуі анықталмай қалса, бүкіл құрылым бұзылады. Себебі, олардың бірде біреуі жеке тұрып тұлғаны таныта алмайды. Олардың барлығы өзара тығыз қарым-қатынаста, осыған орай біз қылмыскер тұлғасын қарапайым анықтай аламыз.
Тұлғаның бағыты сол адамды сипаттайтын оның белгілерін танытады және оның қызметіне ықпал ететін ақиқатқа, өмірге деген қатынасын таңдаудағы өзіндік сезімдерін білдіреді. Бағыттылық – бұл тұлғаның психологиялық құрылымындағы жетекші элемент. Ол басқа элементтерге – білім дәрежесіне, биологиялық шартты қасиеттерінен көрінетін мінез-құлқына (темперамент) едәуір ықпал жасайды. Бағыттылық тұлғаның әлеуметтік типін анықтау үшін шешуі әрі маңызды рөл атқарады. Қылмыстық әрекеттерді таңдау барысындағы тұлғаның жеке ойынан туындаған жағдайлар бірқатар криминологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бұл бағыттылық қылмыстық әрекет вариантына сәйкес тұлғаның таңдауын анықтайды.
Алдын ала ескерту жұмысында аталған көптеген қылмыскер тұлғасының мінездері қылмыс тудыру объектісі бола алады. Көп жағдайда бұл мінездің өнегелі сипатының дәрежесіне қатысты болып келеді. Егер жаңа мамандықтарға ие болу, материалдық қамтамасыздықты нығайту, соматикалық ауруларды және психикалық ауытқуларды емдеу сияқты кәсіби деңгейін көтеруге арнайы шаралар қолданбаса, адам мінезін өзгерту қиындық келтіретін жайттар жиі кездеседі.
Қылмыскер тұлғасын зерттеудің түпкі мәселелерінің бірі әлеуметтік және биологиялық сәйкестік мәселелері болып табылады. Ол принципиалды тәжірибелі құқықтық мағынаға ие. Оның шешімінен көп жағдайда қылмыс себептерінің мәні анықталады және оларға қарсы күрестің басты бағыттары ашылады. Биологиялық факторлар бағасының рөлі көптеген криминологиялыық теорияларда ажыратылып жүрген шектеулерді танытады.
Отандық криминологтар қылмыс нақты қылмыс ретінде әрбір қоғамда әлеуметтік сипатқа ие болатынын, әлеуметтік түрде шарттасқан екенін зерттеген болатын, әлі де зерттеу үстінде. Дегенмен, бұл биологиялық факторды тыс қалдыру деп түсінілмейді, бірақ олар қылмыстық әрекеттің себебін емес, оның тудыруға ықпал еткен шарттылық сипатқа ғана ие болады.
Тұлғаның криминологиялық ерекшеліктерін есепке алу және меңгеру қылмыскерлерді қылмыскер емес адамдардан ажыратуға мүмкіндік береді, қылмыс жасауға ықпал еткен факторларды анықтауға септігін тигізеді. Бұндай талдауды міндетті түрде тек республика не облыс көлемінде ғана емес, қала және аудан, жеке учаскелерде жүргізу керек. Оның нәтижелері алдын ала сақтандыру жұмыстарының маңызды бағыттарын анықтауға көмектеседі.
1998 жылдан 2005 жылға дейінгі соңғы 8 жыл аралығындағы, таңдалған криминологиялық зерттеулер, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Құқықтық статистика және арнайы есеп беру жөніндегі Комитеті жүргізген статистикалық мәліметтер мынадай көрсеткіш береді:
1. Тұлғаның криминологиялық сипаттамасының маңызды сәті қылмыс жасағандар арасындағы еркектер мен әйелдердің өзара сәйкестілігін анықтау болып табылады. Біздің зерттеуіміз бойынша, 58,1% жағдайында еркектер кінәлі деп, 41,9 % қылмысты әйелдер жасаған деп танылды.
Осыған орай әлеуметтік-бюджет саласының әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сияқты бөлімдерінде әйелдердің қылмысы 50 %-ға дейін жетеді, яғни барлық қылмыстардың орта статистикалық көрсеткішінен екі есе асып түседі. Бұл сандар, сөзсіз, әйелдердің басқару міндетін атқаратын салада жұмыс жасауымен тығыз байланысты.
2. Ең көңіл бөлетін қылмыс түрін, яғни бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылыққа байланысты қылмыстың екі есе (69%) көп түрін 21 мен 49 жас аралығындағы тұлғалар жасайды екен. Бұл кінәлілердің қызметтік өкілеттігіне қатысты екені объективті түрде көрініс тауып отыр. Осы жаста адам белгілі бір өмірлік тұғырға жетуге талпынады (білім алу, қызметтік және материалдық жағдайы, тұрақты, жеткілікті, іскери, отбасылық қатынастар). Осыған орай біздің зерттеуіміздегі 21 жасқа дейінгі қылмыстық істер 2,4 % көлемінде ғана, ал 50 жастан жоғары адамдардың қылмыстық істері 19,6 %-ды құрады.
3. Кінәлілердің отбасылық жағдайы қылмыскер-еркектер арасында салыстырғанда көп бөлігін бойдақ (ажырасқан) еркектер құрайтын көрсеткішті береді. Таңдамалы зерттеулер нәтижесінде еркектер арасындағы некелескендері 65-70 %-ды көрсетеді, ал некелі әйелдердің қылмысы 50 % -дан аспайды.
4. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзған қылмыскерлер жоғары білім дәрежесімен ерекшеленеді. 8 жыл ішінде жоғары білімді жауапқа тартылған қылмыскерлер саны – 130 адам., орта-арнаулы білімі бар қылмыскерлер – 154 адам, орта білімді қылмыскер – 52 адамды құрайды. (1.4 кестесі). Бұдан құқық бұзушылардың жоғары интеллектуалдық дәрежесін көруге болады.
5. Бұған қарап отырып, осындай қылмыс жасаған адамдардың заңды дұрыс білмейді деп айта алмайсыз. Керісінше, олардың көпшілігі заңды құрметтейтін қарапайын азаматтардың қатарында құқықтық білімі бар адамдар. Бірақ олардың құқықты сыйлауға деген қатынасы жоқ, талаптар мен нұсқауларды орындауға деген қажеттілік қалыптастаған.
6. Зерттелген қылмыстық істердің айрықша ерекшелігін мынадай көріністен байқауға болады: бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылыққа қатысты жасалған қылмыс үшін жауаптылыққа тартылғандардың екіден үш бөлігін (69,6%) орган бастықтары мен мемлекеттік, қоғамдық, сондай-ақ мемлекеттік емес мекемелер мен кәсіпорындар бөлімшелерінің бастықтары, қаржылық құжаттарға қол қоюға құқылы және қаржылық және материалдық құралдарды тарату қызметін атқаратын, жоғары дәрежелі әлеуметтік мәртебесі, жақсы материалдық деңгейі, білімі бар тұлғалар құрайды.
7. Біз талдау жасаған нәтижелер мынаны көрсетеді: құқықбұзушылар қатарына жұмыссыздар бөлігінің өсуі тенденциясы мен 15,2 % құрайтын тұрақты кіріс көзі бар тұлғалар жатады. Бұл азаматтар категориясына әлеуметтік саладағы, әсіресе зейнетақымен қамсыздандыру, басқа да әлеуметтік төлемдер, көші-қон қызметіне қатысты бюджеттік құралдарға қол сұғушылық сипаты тән немесе жұмыссыздық бойынша заңсыз жәрдемақы алу.
Қызмет өкілеттігі бойынша бөтеннің мүлкін иемденген тұлғалардың әдеті мен қоғамға қарсы көзқарасының қалыптасуы кісі өлтіру, ұрлау, тонау, бұзақылық, сияқты қылмыс жолдарымен емес, басқа жолдармен жасалады. Бұл жағдайда Маскүнемдік, отбасын тәрбиелеудегі қылмыстық орта, аморальді жағдайлар сияқты қоғамға қарсы көзқарастар мен әдеттердің теріс шарттары болмайды және шешуші мәнге ие болмайды.
Біз жүргізген зерттеулердің нәтижелері бухгалтерілк есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуға қатысты қылмысы үшін сотталғандардың көпшілігі бұрын соңды қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған болып шықты. Бұл бас бухгалтер және қаржылық қызметке белгілі бір қылмысы үшін бұрын сотталған тұлғалар алынбайтынын көрсетеді.
Қылмыстық іс материалдарына талдау жасау нәтижесі көрсеткендей, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуға қатысты қылмыстардың басым бөлігін негізінен әйелдер жасайды. Бұл халыққа білім беру, мәдениет жүйесіндегі, түрлі қызмет көрсету және денсаулық сақтау салаларындағы әйелдердің салмағы едәуір көп екенін көрсетеді. Сондай-ақ «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша білім алатындар көбінесе әйелдер болып келеді, олардың қазақстан Республикасындағы бөлігі 85 пайызды құрайды. Егер әйелдер әртүрлі күштердің себептерінен «жалпықылмыстық» тұрғыдан алғанда қылмыстық әрекеттерді еркектерге қарағанда едәуір аз жасаса, онда қызметтік өкілеттігін пайдалану арқылы қылмыстық мақсаттарды жүзеге асыру әрекеттері тұрғысынан алғанда бұл көрсеткіш өзгереді. Бұл ерекшелік басқа қылмыстық топтардан бухгалтерлік есеп ережелерін бұзуға қатысты қылмысты ажыратып көрсетеді.
Біздің ойымызша, осыған ұқсас қылмыстарға қарсы күресті өз дәрежесінде сәтті жүргізу үшін ең алдымен, алдын ала сақтандыру шараларына, қызметке кадр дайындау және тәрбиелеу, таңдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керек.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзуға қатысты көптеген қылмыстар бір уақытта мынадай аралас қылмыс құрамымен қатар жасалады: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК 176 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182 бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (ҚР ҚК 193 бабы), несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚР ҚК 195 бабы), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚР ҚК 222 бабы), өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 228 бабы), т.б. Осыған орай сот пен тергеу органының атқарушы құжаттарындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзуға қатысты қылмыстардың жиынтық қылмысынан дұрыс ажыратылуы, сондай-ақ олардың басқа қылмыс құрамымен жинақталу квалификациясына жатқызылуы үлкен мәнге ие болады.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушы тұлғаның мінезіне ең алдымен, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер енеді. (1.5 кесте).
Қылмыскердің осы категорияға қатысты әлеуметтік-психологиялық мінез көрсеткіші амбициозды болып танылады, себебі, олар қоғамда белгілі бір орынға иеленуді мақсат етіп талпынады.
Әлеуметтік-құлықтық көрсеткіші бойынша олар жалпы моральдық нормаларды сақтайды, бірақ қоғамдағы материалдық құндылықтарға деген әлеуметтік бағыты басқаша болады.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушы тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық мінезі бойынша олар өз жұмысына қатысты заңдар мен нормативтік актілерді біледі, бірақ заң нормаларынан гөрі жеке мұқтажын өтеп, қажетті көздегенін иемденуге талпынысы басым болады.
Олардың психологиялық ерекшеліктері мынадай сипаттарды көрсетеді: жалпы материалдық құндылықтарға талпыну, өзінің жұмыс істеу қабілетіне берілген төмен бағаны мойындамай, сезімі үшін жеке бағасымен теңестіру үшін қылмысқа бару, осыған орай бай достар табу, салық деңгейінің жоғары болуына байланысты қажетті табыс көзін жалған жасау.
Биологиялық тұрғыдан бұндай типті тұлғалар, яғни бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ережелерін бұзушылар аса байқала бермейді, олар әдетте жақсы өмір сүруге, жеткілікті дәрежеде өмір сүруді мақсат ететін, билікке жақын тұлғалар бойынан көрінетін қасиеттер.
1.4 кесте.
8 жыл ішінде (1998-2005ж.ж) білімі, жасы, кәсібі бойынша ҚР ҚК 218 бабына сәйкес қылмыс жасаған тұлғалар жөнінде Құқықтық статистика Комитеті мен ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік есебінен
Достарыңызбен бөлісу: |